Анашым
Зал іші ертеңгілікке сәйкес безендіріледі.
Көңілді әуен ырғағымен шөжелер және марғаулар атрибуттарын киген
балалар , тауық- тәрбиеші мен мысық-тәрбиеші кіріп, жарты шеңберге
тұрады.
Тауық: Күннің көзі
ашылды
Алтын нұры шашылды.
Мерекемен көктемгі,
Шөжелерім қуантты.
Мысық: Таң атты, алтын сәуле
таратты,
Марғауларым сүйкімді,
Сүйікті анасын ,
Құттықтауға жарапты.
Тауық: Балаларымыздың мерекелік
құттықтауларын тыңдайық.
Ән.»Анашым-анажаным»
Тақпақтар.
Каусар.
Жарқын жүзді жан анам,
Сендей болсын бар адам,
Сендей болса бар адам,
Шаттық кетпес бар баладан.
Эмир.
Мен гүлдерді жұлмаймын,
Торғайларды қумаймын,
Айтқан сөзін тыңдаймын,
Анашымды сыйлаймын.
Димаш.
Мамам, мамам ақ мамам
Мен де өзіңдей ақ балаң,
Айтқан тілді аламын,
Жұмсағанда барамын.
Амирхан.
Ақыл құйған санама,
Күннен артық расында,
Күн-алыста, ал анам,
Ылғи менің қасымда.
Ғалия.
Бәрімізге анасың,
Біз үшін күн боп жанасың,
Құтты болсын мейрамың,
Құтты болсын анашым.
Мысық: Шөжелер мен
марғаулар
Көңілді би билейді.
Қошеметпен қараңдар,
Қол соғыңдар, жарандар.
Би:
Тауық: Шеп-шеп
шөжелерім,
Мамық жүнді
шөжелерім,
Нәзік үнді шөжелерім,
Мұнда келіңдер... сип-сип.(Шөжелер анасы-тауыққа
жүгіріп келеді.)
Мысық: Мияу-мияу... марғауларым,
қайдасыңдар... Аналарың сендерді сағынды, мияу-мияу..мұнда
келіңдер.(Марғаулар анасы –мысыққа жүгіріп
келеді.)
Тауық: Қо-қо-қо...ала мысық
марғауларың қандай сүйкімді.
Мысық: Менің марғауларым ақылды,
әдемі, тәртіпті.(мақтанып)
Тікірейіп құлағы,
Менен бұрын тұрады.
Бойын жазып, керіліп,
Бетін, қолын жуады.
Мияу-мияу...(Марғаулар қимылмен
көрсетеді.)
Тауық: Шөжелерім менің
де,
Таңмен бірге тұрады,
Шуағын төккен күнді жырлап,
Қуанып сәлем салады.Қо-қо-қо...
Мысық: Күн нұрына
шомылып,
Марғауларым маужырап.
Ұйықтағанды ұнатады,
Бәрі бірге мияулап
Ән салғанды ұнатады.
Мияу-мияу...
Тауық: Шөжелерім,
марғауларым,
Аналарға сәлем жолдап,
Көңілді ән шырқайық.
Ән: «Әже туралы
ән.»
Тақпақтар.
Тауық: Қо-қо-қо ...Ұйықтамаңдар ,
тұрыңдар
Әлдеқашан таң атты.
(Мысық керіліп , ұйқыдан оянған
болады,)
Марғауларым , тұрыңдар,
Беттеріңді жуыңдар.(беттерін сипалап
жуады)
Тауық: Арайлап таң
атты
Алтын сәуле таратты,
Шөжелерім сип-сип-сип
Көк шалғында жайылым бар,
Тез келіңдер, жайылыңдар.
Би:»Шөжелер»
Мысық: Менің де марғауларым, көңілді
би билейді.
Құр босқа мияулап қана
жүрмейді.
Би: «Көңілді мысықтар»
биі
Тақпақтар.
Шөжелер: -Келіңдер марғаулар, асыр
салып ойнайық.
Көңілді әуенге марғаулар мен шөжелер асыр
салып ойнай бастайды.
Мысық: Тыныш, тыныш,
марғауларым,
Секірмеңдер, болмайды.
Тентек болған марғаулар,
Ақылды мысық болмайды. (Басын ұстап , шаршаған
болады)
Енді не істедім? Көрші тауықтан ақыл
сұрайын.
Екеуі ортада кездеседі.
Мысық:Мияу-мияу, тауықжан
көмектесші маған
Марғауларым тынымсыз, тәңдайды
анасын
Ақыл сұрай келдім саған,
мияу-мияу(жабырқап(
Тауық: Шөжелерім менің де тәртіпке
бағынбайды
Аналарын тыңдамай,
сағынбайды...(мұңайып(
Екеуі:Қыбатты қонақтар,
сіздерде бар ма
Осындай бұзақы балалар?
Мысық: мияу... Еркелетіп шектен
тыс, біз қателік жасадық-ау шамасы.
Тауық: Қо-қо-қо.. Анасыз өмір сүре
алса, айға ұшып кетейік.
Екеуі
қолтықтасып: Шөжелер мен марғаулар, біз
шаршадық.
Айға ұшып барамыз.
Марғаулар мен
шөжелер: Енді бұзық
болмаймыз
Кешір бізді анашым.
Тауық,
мысық: Біз кешірім
берейік
Балаларға сенейік.
Тауық: Қымбатты аналар, сіздерде
сенесіздер ме.
Балалар, көңіліміз көтерілсін, ән шырқап
беріңдерші.
Ән: «Құттықтаймын,
мама.»
Тақпақтар.
Мысық: Ең жақсы
сөз-«Ана»
Ең жақсы сөз «Бала»
Тауық: Бақытты болсын
бала
Бәрі: Аман болсын, ана!!!
Көңілді әуенге балалар билейді.