Материалдар / Ертеңгілік: Анашым, мерекеңмен!

Ертеңгілік: Анашым, мерекеңмен!

Материал туралы қысқаша түсінік
Сәлеметсіздер ме, құрметті , ақ жаулықты әжелер, асыл Аналар, қызғалдақтай, қадірлі ұстаздар, құлпырған қыздар!Қар астынан қылтиып бәйшешек бой көтергенде көктемнің алғашқы хабаршысындай болып Аналар мерекесі келді.
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады. Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
26 Қараша 2021
559
0 рет жүктелген
770 ₸
Бүгін алсаңыз
+39 бонус
беріледі
Бұл не?
Бүгін алсаңыз +39 бонус беріледі Бұл не?
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады

Анашым, мерекеңмен!


Вальс: Көктемгі вальс

Сәлеметсіздер ме, құрметті , ақ жаулықты әжелер, асыл Аналар, қызғалдақтай, қадірлі ұстаздар, құлпырған қыздар!Қар астынан қылтиып бәйшешек бой көтергенде көктемнің алғашқы хабаршысындай болып Аналар мерекесі келді. Бәйшешек нәзіктігіне қарамастан, қалың қардың астынан бүршік жарса,ал біздің асыл аналарымыз да, соншалықты нәзіктігіне қарамастан барлық қиындық атаулыға төзімді. Аналар, көктемгі күндей жарқырап, гүлдей құлпырған гүл мерекелеріңіз, күн мерекелеріңіз құтты болсын!

Ән: Ай дидарлы анашым!

Жүргізуші:

Ардақты әжелерім, аяулы аналарым,
Мейірбан аппақ көңіл даналарым.
Гүл көктемнің алғашқы мейрамымен,
Құттықтайды сіздерді балаларың, 


Әмір:

Аналар – ау менің шалқар көлдерім
Көлдерім мен асқар - асқар белдерім
Мына өмірде қуанышты жүргенім
Сенің арқаң мына өмірге келгенім.


Інкар:

Мерекеңіз құтты болсын анажаным,
Өзіңменен атып келеді әрбір таңым.
Өмірде сенен асқан жан бар ма екен,
Алтын анам, аяулы менің, ақ мамам.

Исмайл:

Бал бөбегін баптаған,
Анам үшін мақтанам.
Аялайтын біздерді,
Көп жасасын жақсы адам.

Аделя:

Мына өмірде бақыт жоқ қой мен білсем,
Анашымның еркелеткен сөзінен.
Еркем, күнім деп қана күліп жүрсең,
Бұдан өзге бақыт жоқ қой мен білсем.

Нұрхан:

Анам менің – өмірдегі тірегім,
Анам менің – кеудемдегі жүрегім.
Егер менің қасымда сен болмасаң,
Бұл өмірде қалай ғана жүремін.


Жүргізуші:

Дүниенің жарық күні – анамыз,
Дана болсақ анаменен данамыз.
Тыңдаңыздар көңіл қойып, ағайын,
Анаға арнап тағы бір ән саламыз.

Ән: Анажаным!


Жүргізуші:

Бұл күнді тойлап жатыр барша халық.
Әйелдер күні бүгін халықаралық
Жарыққа бізді әкелген аналарды.
Бүгінгі мерекемен құттықтайық.


Айлан:

Сеніміңді ақтайды,
Еркелеткен баламын.
Аман жүріп әрқашан,
Мұңаймашы анашым.


Айару:

Бізді өсіріп баптаған,

Жақсы болсаң шаттанған.

«Алтыным» деп мақтаған,

Айналайын ақ мамам.


Назым:

Біз ананың гүліміз,

Ана біздің күніміз.

Ұландарды қуантып,

Ұзақ өмір сүреміз.


М.Нұрхан:

Ана деген - асқақ ән,
Орындайтын әрқашан.
Анадай қымбат сыйлықты
Таба алмайсың ешқашан.


Алимжан:

Жамандықтан сақтандырып,
Жақсы ісімді мақтан қылып
Мәпелеген ақ мамамды
Жүрсем деймін шаттандырып.


Дарын:

Айналайын анашым,
Асқар таудай панасың.
Күн көзіндей күлімдеп,
Құшағыңа аласың.


Жүргізуші:

Мың бұралып би билеп,
Ән де салып береміз.
Осылайша шаттықпен,
Біздер өсіп келеміз,

Би:Гүлдер! 

Жүргізуші:Көктемнің шуақты күндеріндей, сан - алуан гүлдеріндей құлпырып, жайнап жүре беріңіздер! Жүздеріңізден шаттық, көңілдеріңізден қуаныш арылмасын!

Ән: Көктем!

Жүргізуші: Ана барлық өмірдің бастауы.Ол адамды өмірге әкеледі, оны тәрбиелейді, өсіреді.Адам бойындағы барлық асыл қасиет күннің нұрынан,ананың ақ сүтінен дариды.Ана - ұлы адам,ана құдіретті жан, ендеше бүгінгі мерекелеріңіз құтты болсын аяулы АНАЛАР!

Диас:

Ерлік еткен біз үшін
Еңбек еткен біз үшін
Еркелеткен біздерді
Анамызға мың алғыс.

Азалия:

Ер жеткізіп елге берген баласын,

Ақылдысың, ардақтысың, данасың.

Қарайтыным қас-қабағың бір сенің,

Қайратыңнан қайта көрме, анашым. .

Дина:

Аяулы да алтын нұрлы анашым,
Жүрегіммен мәңгі бірге боласың.
Сен – асқарсың, сен - аспансың, биіксің,
Сен - дарқансың, сен – жомартсың, данасың.

Толғанай:

Ұрпаққа бақыт сыйлаған
Тілейтұғын сырттай жүріп бақ саған,
Тіршіліктің тынысы мен ажары
Ақ анашым әрқашан да бол аман! .

Ислам:

 Ана деген - ақылшың,
Анаң барда батырсың.
Қасыңда кім болса да,
Тек анаңа жақынсың!

Жүргізуші:

Әрқашан аналарымыз аман болсын,

Жүргізуші:

Ана деген – асыл жандар болаттай
Ана деген – мөлдір жандар бұлақтай.
О, адамдар қадірлей біл ананы
Жат қылыққа ақыл ойды тоналтпай.

Ән: Мама!

Би: Ленти биі

Арлан:

Шырылдап дүние есігін мен ашқанда
Қасымда болдың алғаш сен анашым.
Ақ сүтіңнен мен алғаш дәм татқанда
Мейіріммен жақсы көрген баласын.(шығып кетеді)


Бекзат:

Жамандықтан сақтандырып,

Жақсы ісімді мақтан қылып.

Мәпелеген ақ мамамды,

Жүрсем деймін шаттандырып. (шығып кетеді Рахман)


Еркенұр:


Жан көрмедім мейірімді сенен асқан,
Күлімдесе жүзінен арай шашқан.
Баласына бар қамқорлық жасайды ана,
Мен ананың сонысына мақтанам.

Кәусар:

Адам бар ма ана сүтін татпаған,

Алуан – алуан ауыр сынды атанған.

Адалдықты, ар-намысты сақтаған,

Мен анамның сонысына мақтанам!

Нұрболат:

Анаң болса қасыңда,
Басқа бақыт не керек.
Аналардың жүрегі,
Мейірімді ғой керемет.


Ән: Әжелер әні

Ата-анамен ойын: Айтса айта берсін.

1.8-наурыз мерекесіне қандай сыйлық алғыңыз келеді?

2.Жарыңыздың осы мерекеге сыйлаған ең алғаш сыйлығы есіңізде ме?

3.8-наурыз мерекесі қайдан шықты?

4.8-наурыз мерекесі біздің елімізде қай жылдан бастап өтіліп келе жатыр?

5.8-наурыз мерекеде өз анаңызға қандай сыйлық жасар едіңіз?


Жүргізуші: Аналарға ыстық сезім, алғыс пен құрмет ешқашан сөнбек емес. Олар - өмірдің гүлі, көңілдің жыры, әр отбасының алтын діңгегі.





                       


Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!
Осы аптаның ең үздік материалдары
Педагогтардың біліктілігін арттыру курстары
Аттестацияда (ПББ) 100% келетін
тақырыптармен дайындаймыз
Аттестацияда (ПББ) келетін тақырыптар бойынша жасалған тесттермен дайындалып, бізбен бірге тестілеуден оңай өтесіз
Өткен жылы бізбен дайындалған ұстаздар 50/50 жинап рекорд жасады
Толығырақ