Тақырыбы: «Ақ мамам»
Мақсаты: Аналар мерекесімен бірге күннің
нұрын төгіп келген көктем мерекесінің ерекшеліктерін атай отырып,
табиғаттың жаңаруын, құлпыруын балаларға жеткізу.Ешқашан аналарын
ренжетпеуге, қолғанат болуға, құрметтей білуге
тәрбиелеу.
Балалар
«Вальс» әуенімен залға кіреді.
1
Жүргізуші: Қымбатты аналар, қонақтар «Раушан» І кіші
тобының
«Аяулы -
анашым» атты ертеңгілігіне қош
келдіңіздер!
Бүгін наурыздың 8 –
і
Сұлулықтың негізі
Әдемі
сөз адамның
Анаға
айтар лебізі
Сіздерді
көктем айының алғашқы мерекесі 8 наурыз – аналар күнімен
құттықтаймыз! Әрқашан дендеріңіз сау, көңілдеріңіз жайдарлы бола
берсін! Кішкентай бүлдіршіндеріміздің өнерлерін тамашалауға рұқсат
етіңіздер! Балалар қараңдаршы айнала қандай әдемі , қазір жылдың
қай мезгілі?
1
жүргізуші: Дұрыс балалар, көктем мезгілінде күн жылынып, қар еріп,
жылы жақтан құстар ұшып келеді, ағаштар бүршік жарады, табиғат
сұлулана түседі.Көктем мезгілінің алғашқы мерекесі қалай Аналар
күні!Қәне, балалар бәріміз бірге аналарымызға арнап ән айтып
берейік.
1
жүргізуші: Жарайсыңдар! Тыңдаңдаршы балалар ана жақта «Мама, мама»
деген дауыс естіледі. Бұл не дыбыс? Кім екен мамасын
жоғалтқан?
Залға қоян
кіреді.
Қоян: Мама, мама!
Мамамның артынан секіріп келе жатыр едім. Адасып қалдым. Енді
қайдан табамын? /жылайды/
1
жүргізуші: Қоянжан неге
жылайсың ,жылама.Біз саған мамаңды тауып береміз. Балалар
қоянжанның мамасын тапқанша сендер қоянның көңілін көтеру үшін ән
айтып берейік.
Ән:
«Мамамыз»
1 жүргізуші: Қоянжанның көңіл күйі әлі жоқ.Ендеше көбелектеріміз би
билеп берсін.
Би:
«Көбелектер»
Түлкі
кіреді: Мен ешкімнен қорықпаймын.
Мен бәрін де алдаймын. Қоянның қасына келіп: Қоян, сен неге
жылайсың?
Қоян: Мен мамамды
жоғалтып алдым.
Түлкі: Мамаң
қандай?
Қоян: Менің мамам
бәрінен де сұлу, әдемі.
Түлкі: Өтірік айтпа,
менің мамам бәрінен әдемі.Ең әдемі менің мамам. (артына қарайды.
Мамасы жоқ) Ой, менің мамам қайда? (Басын ұстайды). Мен мамамды
жоғалттым.(Екеуі жылайды.)
1
жүргізуші: екеуіндн жыламаңдар сендердің мамаларын әдемі
,сұлу.Мамаларыңды тапқанша біздің балалар көңілдерінді көтеріп ойын
ойнап алыдар.
Ойын: «Кім тез гүл
тереді»
Ұлдар гүлдерді бір – бірлеп
себетке салады,қыздар өқмыраға салып екі топ болып жарысады.Қай топ
көп жинаса сол топ жеңімпаз атанады.
Аю
келеді: Бұл не шу, ұйқымнан
ояттыңдар ғой.
2
жүргізуші: аюжан ренжемеші мында
қоян мен түлкі мамаларынан адасып қалыпты.олар жылай береді. Біздің
балалар көңілдерін көтеру үшін би билеп берген
болатын.
Аю: Ааааа.Ал,
мамаларың қандай еді?
Екеуі: Сұп – сұлу, әп
- әдемі!
Аю: Жоқ,
жоқ,жоқ, менің мамам әдемі.
«Жоқ, менің мамам әдемі.»,
- деп үшеуі дауласады.
1
жүргізуші: Қәне дауласпаймыз.
Бәріңнінде мамаларың әдемі , сұлу.Қараңдаршы сендердің
жылағандарыңды көріп біздің ұлдардың сендерге арнап би билеп,тақпақ
айтып бермекші.
Ару
коктем:Саламатсыздар ма,
балалар! Менімен бірге
күн жылынып, айнала сұлуланып нұрланып тұр. Сендер неге шулап
жатырсыңдар.
1 жүргізуші: Тоқтаңыз
көктем , біздің балалар 8 наурыз Аналар мерекесін тойлап
жатырмыз.Біздің балалардың сізге арнаған тақпағы да бар,
тамашалаңыз.
1
жүргізуші : Барлығымыз бірге
бойымызды сергітіп алайық.
Ән: «Бір оңға, бір
солға»
Ару
көктем: Рахмет балалар
,көңілімді көтердіңдер.Мен сендерге өзімнің сыйлығымды ала
келдім.Енді мен достарымды Түлкіжан,Аюжан,Қоянжанды мамаларына
апарайынСау болыңдар , балалар!
1 жүргізуші: Кейде
осындай айтқанды тыңдамай, мамасынан адасып кететін балалар
кездеседі. Бірақ, біздің арамызда ондай бала жоқ. Біздің балалар
мамаларының айтқанын тыңдайды,сыйлап, құрметтеп
жүреді.
1
жүргізуші: Дұрыс айтасын, біздің
балалар тәртіпті.! Міне бүгінгі ертеңгілігіміз де аяқталып қалды.
Аналарыңа, әжелеріңе өз қолымен жасаған сыйлықтарыңды беретін сәтте
келді. Балалар аналарына сыйлықтарын ұсынады.Сау
болыңыздар!
Дайындаған тәрбиеші:
Хамзина Арайлым Муратовна