400 000+ дайын материалды
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар және авторлық материалдар
4 990₸/ 1 жыл
🔥Арнайы баға ·10.12.2026 дейін
Одан кейін - 29 990 ₸
Бір рет төлейсіз · Автотөлем жоқ
Тақырып бойынша 11 материал табылды

Ертеңгілік "Әр бала бір жұлдыз" мектепалды даярлық сыныбымен қоштасу

Материал туралы қысқаша түсінік
Сценарии тәрбиешілерге көмек құралы бола алады
Материалдың қысқаша нұсқасы

Алматы облысы Алакөл ауданы Жыланды ауылы «Дарынды балаларға арналған Жыланды мамандандырылған лицей –интернаты КММ»

Мектепалды даярлық сынып мұғалімі :Нургалиева Ардак Сауыткалиевна

Әр бала бір жұлдыз !

(Мектепалды даярлықпен қоштасу)

Сабақтың мақсаты: Оқушылардың жыл бойы алған білімдерін бекіте отырып,тіл байлығын,танымын арттыру.Шығармашылық жұмыстарының нәтижесін көрсету.Бала бойындағы өнер,дарындылық қасиеттерін аша түсу.

Сабақтың көрнекілігі:сахна,шарлар,гүлдер,мақал-мәтелдер,жұмбақтар.

Сабақтың барысы:Музыка әуенімен балалар залға кіреді.

Мұғалім: Өтті қызық көп күндер,

Алты жасқа жеттіңдер.

Барасыңдар 1-сыныпқа

Бір белестен өттіңдер.

Өсті ақыл, ойларың,

Өсті міне бойларың.

Қуанышқа ортақпыз,

Құтты болсын тойларың!

-Құрметті ұстаздар,ата-аналар!Мектепалды даярлық тобының «Әр бала бір жұлдыз!» атты ертеңгілігіне қош келдіңіздер!

Нұр жүзінен күн күлгендей арайлы,

Балаң тілмен қызықтырар талайды,

Парасатпен ұштастырып ақылын

Ертеңіне нық сезіммен қарайды!

1-бала Қуаныш: Қайырлы күн құрметті қонақтар!

2-бала Мейіржан:Добрый день уважаемые гости!

3-бала Айым:Гуд афтенум онорид гестес!

4-бала Айзере:Мерекемізге қош келдіңіздер!

5-бала Мерейлім: Добро пожаловать на наш праздник!

6-бала Айшуақ: Юа уелкам ту ауа холидей!

7-бала Айзере:Шоу бағдарламамызды бастауға рұқсат етіңіздер!

8-бала Нұрбек :Разрешите начать наш шоу программу!

9-бала Мейрамбек:Лет старт ауа шоу програм!

2018-2019 оқу жылының мектепалды даярлық сыныбын бітіруші түлектерді қарсы алыңыздар!

1 Сейлхан Айым –Тоқтасын Қуаныш

2.Маратова Айзере – Жанаш Мейіржан

3.Төлеу Ерден – Болат Мерейлім

4.Шакен Жансая – Миролиев Мейржан

5.Ермекқызы Айзере – Асқарұлы Нұрбек

6.Нұржанқызы Айым – Нұрболатұлы Бекзат

7.Молдахмет Аянұр – Айтқазы Нұрасыл

8.Бағдатқызы Айшуақ – Бекет Мейрамбек

9.Серікұлы Нұрсұлтан – Қайратұлы Мейіржан

10.Ақтымбай Нұр – Хайдар Ерасыл

11.Жәнәбіл Ерболат – Болатхан Қуандық

12.Садықан Нұрсұлтан – Самет Санжар

1.Әнұранды орындау

2.«Қоштасу» вальсі

Бүлдіршіндеріміздің жыр жолдарын қарсы алыңыздар:

1.Бала бақша қош енді,

Әр кез аман бол!-деймін

Әкем менен шешемді

Ертіп енді келмеймін Мейрамбек

2.Балдай тәтті баламыз

Ақылдымыз данамыз

Ойын менен өседі,

Ойымыз да санамыз

Жақсы болсын әр кезде

Арайлап атқан таңымыз. Қуандық

3.Міне менде

Үлкен болдым

Жасым толды алтыға

Кітаптағы ертектерді

Енді оқимын шетінен. Нұрсұлтан Серікұлы

4.Мен кішкентай баламын

Әлі-ақ өсіп толамын

Елін ,жерін қорғайтын

Ер азамат боламын Бекзат

5.Мектеп – қамқор анамыз

Оқып білім аламыз

Өнерпаз боп өсеміз Аянұр

Біріншіге барамыз

6.Біз бүлдіршін баламыз

Өсіп оймен санамыз

Өмірге жол саламыз

Біріншіге барамыз Нұр

7.Әріптерді үйреткен

Жамандықтан жиренткен

Ұстаз біздің анамыз

Жарқыраймыз жанамыз Ерден

8.Ана тілін ардақтап

Ана тілді біз сүйдік

Сурет салып ,ән жаттап,

Оқып жазып үйрендік. Е.Айзере

9.Қуантуға елімді

Қуантуға жерімді Ерасыл

Жалғастырып білімді

Біріншіге барамын.

10.Біріншіге барамын

Кілең бестік аламын

Жақсы баға алғанда

Қуанып бір қаламын. Санжар

11.Биыл алты жастамын

Қолға кітап жаңа алдым

Әріп тани бастадым

Жазу да жаза аламын. Айым .Н

12.Өсті міне бойымыз,

Өсті ақыл ойымыз,

Жиналған бүгін бар қауым,

Құтты болсын тойымыз. Нұрсұлтан .С

13.А – дегенім ана ғой,

Ана деген дана ғой,

Б – дегенім бала ғой,

Жұмсаса анаң бара ғой. Жансая

14.Алып келді жетелеп,

Мына нұрлы сарайға

Білім құйған бұл мектеп,

Білім берген талайға. Ерболат

15.Алты жасқа толған біздей баланы,

Мектеп ана құшағына алады.

Ата –ана қуаныңыз шаттанып,

Шәкірт болды ,міне биыл балаңыз. Мейіржан .Ж

16.Атағым Алатаудай болып биік,

Тұрса да төбем өсіп,көкке тиіп

Алдыңда әрқашанда тағзым етіп,

Тұрамыз «Ұстазым» деп басын иіп. Мерейлім

17.Вот он пришёл

Наш первый выпускной!

И май – волшебник,

Полюбуйтесь сами,

А в какой идём мы класс,

Дагадайтесь сами. Айшуақ

18. Ән салайық бас қоса,

Даярлықпен қоштаса

Қалам,дәптер,өшіргіш,

Кітаптармен достаса. Нұрасыл

19. Биыл күзде мектепке,

Біріншіге барамын

Мақтанбаймын мен текке,

Дайын дәптер, қаламым. Мейіржан .Қ

20. Біз мектепке барамыз,

Біз оқушы боламыз.

Жақсы оқып сабақты, Мейржан .М

Кілең бестік аламыз.

21. Будем в школу мы ходить,

Станем с азбукой дружить

Скажут скоро:этот класс-

Самый грамотный у нас Қуаныш

22. «Спасибо» - нежно говарим

Мы учителям свойм.

Ёщё признаемся мы вам:

Пахожи вы на наших мам.

Спасибо вам сто тысяч раз,

Всю жизнь мы будем помнить вас! Айзере .М

23. Мектеп деген білім кені,жыр кені,

Мектеп деген даналардың мекені

Мектеп деген тәрбиеші адамға

Мектеп деген білімнің ең үлкені. Нұрбек

24. Кел,балалар ,келіңдер!

Тамашаны көріңдер!

Бізде қызық ойын бар, Айым .С

Барлығың ден қойыңдар,

Бізде қызық жұмбақ бар,

Бәрің,қане,тыңдап қал!

Жұмбақты да ойлаңдар,

Таппай оны қоймаңдар!

«Мен табиғатты сүйемін !» тақырыбына газет шығарамыз

Ал,балалар мен сендермен газет шығарғым келіп тұр.Біз мына магнитті тақтаға әр түрлі суреттерді жапсыру арқылы газет шығарамыз.Бірақ ол үшін сендер сұрақтарға жауап беру керексіңдер.Мен сұрақтар қоямын сендер жауап берген сайын қолдарыңдағы суреттерді тақтаға жапсырасыңдар.Қанекей өздеріңнің қаншалықты зерек,алғыр,тапқыр екендеріңді көрсетіңдер.

1.Гербтің авторы кім?

2.Гиміннің авторы ?

3.Тудың авторы кім?

4.Біз ауырсақ кімге барамыз?(дәрігер)

5.Ал білім алу үшін кімге барамыз?(ұстаз)

6.Біздің мемлекетіміз қалай аталады?

7.Мемлекеттік рәміздерді ата,нешеу?

8.Қанша жыл мезгілі бар?ата

9.Аптада неше күн бар,қалай аталады? орысша

10.Біздің президентіміз кім?

11.Кемпірқосақтың неше түсі болады?

12Бағдаршам не үшін қажет?

13Салт-дәстүр дегеніміз не,қазақтың қандай салт –дәстүрлерін білесіңдер?

14.Қандай геометриялық пішіндерді білесіңдер?

15.Үш бұрыштың неше бұрышы болады,төртбұрыштың ше?

16.Шеңберде неше бұрыш бар?

17. Дауыссыз дыбыстар нешеге бөлінеді?

18.Үш қоянда неше құлақ бар?

19.Бір жұдырықта неше саусақ бар?

20.Дыбыстар нешеге бөлінеді?

21.Дауысты дыбыстар нешеге бөлінеді?

22.Бұтақта 3торғай отыр еді,біраздан соң тағы 2 торғай ұшып келіп қонды барлығы неше торғай болды?

23.Екі аюдың неше табан болады?

24.Бүгін 18 кеше, ертең нешесі ,қай ай?

- Жарайсыңдар балалар!Сендер өз Отандарыңды,табиғатты жақсы көреді екнсіңдер! Сендер өз білімдерің арқылы оны дәлелдедіңдер,жарайсыңдар,балалар.Газетіміз әдемі болдыма?Сапарларың сәтті болсын!

Ән: «Әліппе»

Алфавитті жатқа айту (балалар)

Би: «Флешмоб» ұлдардың орындауында.

Ән: «Анашым анажаным.»

Мұғалім: Балалар ,біз сендермен бірнеше санамақ жаттадық иә соны айтып берейік.

1 санамақ Айым Сейілхан

2 санамақ Асқарұлы Нұрбек

Енді орыс тілдегі санамақты айтайық, Мерейлім ортаға келеғой.

Мұғалім: Балалар бізде мынадай сандықша бар,ішінде не бар екен «Асық» бар екен қане енді қанша асық екенін санайық . кері санату:

1 бала тура санайды асықты таратады.

2 бала Орысша,ағылшынша санай отырып асық жинау.Енді тағы бір сынақ ауызша есеп шығарамыз.

Ән: «Оқуда озат боламын»

Би: «Көбелектер»

Осы жерде сіздермен ойын ойнағым келіп тұр

Ойын : «Менің анам биші» .

Ән: « Мен тәтті»

Рахмет құрметті аналар.Ал енді балалар шаттық шеңберіне тұрыңдаршы.

Мойытпасын қиындықтар сендерді

Батылдықпен асыңдар сан белдерді,

Білімдеріңмен қуантыңдар мектепті

Жақсы іспен қуантыңдар біздерді.

Міне бүгін кешегі сәби бүлдіршіндеріміз мектеп табалдырығын аттап ,оқушы атанып отыр.Мен үшін әр бала бір жұлдыз сол себепті де бүгінгі ертеңгілігімізді осылай атадық.Мен қолымнан келгенше әр баланың бойындағы қабілетін ашуға тырыстым ,болашақта осы бүлдіршіндердің жұлдызын,шам шырағын жаға білсек ,ұстаз үшін ең үлкен бақыт сол деп ойлаймын.

Ал енді балалар,сендерге зор денсаулық,талмас талап,мол бақыт сәт сапар тілей отырып, сөз кезегін 1 сыныпқа қабылдайтын бастауыш сынып мұғалімі Б.Алдабергенова ,Оқу тәрбие- ісі жөніндегі орынбасары :Мұқанов Ардақ Ғазизұлына сөз береміз.Мадақтама қағазымен марапаттау.Құрметті ұстаздар,ата-аналар жыл бойына балаларыңызға көмек берген және мектеп ауласын көгалдандыруға ат салысып жатқандарыңызға мың алғыс «Артыңда мал қалғанша – тал қалсын» деп алма ағашын еккелі отырсыздар көп көп рахмет сіздерге,дендеріңізге саулық ,балаларыңыздың қызығына тоймай аман –есен жүре беріңіздер.Рахмет!.Біздің дайындаған слайдымызды тамашалаңыздар. Ертеңгілігіміздің келесі бөлімі «ағаш егу» мектеп ауласында жалғасады.



Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
0 ұстаз жүктеп алған
28 сәуір
928
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі