400 000+ дайын материалды
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар және авторлық материалдар
4 990₸/ 1 жыл
🔥Арнайы баға ·10.12.2026 дейін
Одан кейін - 29 990 ₸
Бір рет төлейсіз · Автотөлем жоқ
Тақырып бойынша 31 материал табылды

Ертеңгілік "Арайлы алтын күз!"

Материал туралы қысқаша түсінік
Әріптестеріме,жас мамандарға көмек
Материалдың қысқаша нұсқасы

«Арайлы алтын күз!»

Жүргізуші:Күз адам баласына молшылық,береке әкелетін мезгіл.Сондықтан да адамдар күзгеберекелі де,мерекелі алтын күз деп баға береді.Алтын дейтін себебі,айналаның бәрі сары түске боялады.

Құрметті ата-аналар,қонақтар,балалар!Сіздерді Алтын күз мерекесімен құттықтаймыз!

Армысыздар,бүгінгі кеш куәсі,

Алтын күзім тойланатын күн осы.

Табиғатым сары көйлек киінді,

Алтын күзді тойлауға жұрт жиылды

Рұқсат болса бастайық осы кешті.

Балалар,мерекеміздің қонағы көрінбейді ғой,күз ханшайымын ортаға шақырайық.

Балалар хормен:Келші,келші Алтын күз,

Келші,келші жарық күз!(мерекелік көңіл-күймен залға күз ханшайымы жеміс-жидектер мен көкеніс толы себетін көтерекеледі)

Күз ханшайымы:Армысыздар балдырғандар,күзгі бақтағы қонақтар!Өздеріңе әкелдім күздің сиын көз тартар.

Балалар:Рахмет сізге.

Жүргізуші:Алтын күз,мына сыйды балаларға таратып берсем бола ма?

Күз ханшайымы:Жоқ,бұл сыйды балалар еңбек етіп,тер төгіп,жеңіп алулары керек.Өйткені,күздің сыйы жемістерде,көкеністерде,оның бәрә тек адам еңбегінің арқасында болады.

Жүргізуші:Әрине,ханшайым,біздің балалардың өнерлері дайын.»Еңбекпен тапқан нан тәтті»демекші,біз еңбекқор балалармыз.

Күз ханшайымы:Олай болса,білімдеріңді тексеріп көрейін. Сұрақтар:Қызыл,сары жапырақтар қай мезгілде болады?

Қазір қай жыл мезгілі?

Мен сендерді оймен сынағым келіп отыр.

Ойын:»Ағашты безендір»

Күз туралы қандай тақпақтар,өлендер білесіңдер?

Жүргізуші:Қанекей,балалар,Алтын күз мерекесіне арналған тақпақтарымызды айтайық.

Тақпақтар:Әрсен,Дамир,Аделя,Әдемі,Фатима,Тамерлан,Алдияр.

Әрсен:Алтын сары,қызыл,көк,

Алуан-алуан жапырақ

Күзгі бақта күлімдеп,

Көз тартады атырап.

Фатима:Ой,алақай,тамаша,

Шашу шашты жапырақ

Бақтың іші алаша

Аунарма еді жатып ап

Дамир:Күн шуаққа маужырап,

Жатыр еді атырап

Ағаштардан жамырап,

Ұшты кенет жапырақ

Аделья:Қыстың жақын қалғанын,

Жапырақтар білгендей

Желмен ұшып барады,

Жерге қонып үлгермей

Әдемі:Сарғайып атырап,

Бар жеміс піседі.

Сары алтын жапырақ,

Саудырап түседі.

Ән»Бұл алтын күз»хор.

Жүргізуші:Ханшайым,енді сенің құрметіңе балалар жапырақтар биін билейді.

Би:»Листопад»

Жүргізуші: Көктен көзін бір алмай,

Қызғылт тартты сары күз.

Жер қазығын қия алмай,

Маужырап тұр сары күз, - дей келе, тағы да тақпақтарға кезек берейік.

Тақпақтар: Ербол, Дарья, Е.Санжар, Адина, Сырым, Диас.

Ербол: Толықсыған тасқындай,

Көк жиекпен ұштасып,

Күн астында ақ бидай,

Билейді қол ұстасып.

Дарья: Өрік, шие, балы бар,

Қауын, қарбыз көбейді.

Жегің келсе бәрін ал,

Неге аласың демейді.

Е.Санжар: Қандай өзі береген,

Алмасын-ай, алмасын

Жемісі көп не деген,

Жеп тауыса алмайсың.

Сырым: Ерте тұрып ақ таңнан,

Қара жерге нәр құйған

Айналайын диқаннан

Егін егіп, нан жиған.

Жүргізуші: Балалар, күзде тек жапырақтар сарғайып, сары алтынға боялып әдемі ғана емес, күз – жомарт, бай екен.

Күз неге жомарт?Несімен бай?

Ойын: «Кім жылдам?»

Ән: «Болайықшы осындай» (хор)

Би: «Жеміс-жидектер полкасы»

Су патшасы: Е-е-е-е-е-ей. Бұл жерде не болып жатыр өзі? Қайтыңдар үйлеріңе, қазір жержаханды суға айналдырып жіберемін. Тез-тез қайтыңдар.

Жүргізуші: Амансыз ба, Су патшасы? Қайдан келе жатырсыз? Бізде алтын күз мерекесі өтіп жатыр. Ашулаңбаңыз, бізбен бірге мереке тамашалаңыз.

Су патшасы: Е-е-е-е қайдағы мереке, бірақ сендер жауыннан, судан қорқасыңдарғой.

Бастаушы: Ж-о-о-о-о-қ, су патшасы, біз судан да, жаңбырдан да қорықпаймыз. Балалар, су патшасының көңілін көтерейік. Ол үшін бәріңді ойынға шақырамын.

Ойын: «Күн және жаңбыр»

Жаңбыр жауса қолымызға қолшатыр ұстаймыз, солай ма, балалар? Иә. Онда кезекті қолшатырмен кезекке берсек.

Би: «Қолшатыр»

Су патшасы: Не деген батыл, білгір, ақылды балаларсыңдар. Сендер жауыннан қорықпайды екенсіңдер. Менің әлі жаңбыр жаудырар жерлерім көп. Сау болыңдар!

Жүргізуші: Бәрекелді күз келді,

Мерекелі күз келді.

Кел, жемісті алтын күз,

Кемелденсін халқымыз!

Би: «Балалар полкасы»

Ойын: ата-анамен

Жүргізуші: Апортқа алма жетпейді,

Күллі әлем сүйсінген.

Дәмі аузыңнан кетпейді,

Хош иісі үйіңнен.

Ән: «Апорт деген тәтті алма»

Күз ханшайымы: Рахмет балалар, бүгінгі күн ерекше көңілді, мерекелі де берекелі болды. Сендер мені қалай жақсы көретіндеріңді керемет ән, тақпақтарыңмен, тамаша билеріңмен, көңілді ойындарыңмен сезіндірдіңдер. Алғысым шексіз, ризамын сендерге. Сендердің еңбектеріне менің сыйым бар. Бұл – баға жетпес сый балалар. Дендерің сау, бойларың күш-қуатқа толы болсын. Рұқсат болса, менің әлі барар жерім, басар тауым көп, келер жылға дейін қош сау болыңыздар!

Жүргізуші: Құрметті ата-аналар! «Арайлы алтын күз» атты ертеңгілігіміз осымен аяқталды. Әрбір күніміз мерекелі де, берекелі бола берсін. Келгендеріңізге рахмет. Алтын күз сыйлығының дәмін татайық.







Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
0 ұстаз жүктеп алған
18 қаңтар
546
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі