400 000+ дайын материалды
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар және авторлық материалдар
4 990₸/ 1 жыл
🔥Арнайы баға ·10.12.2026 дейін
Одан кейін - 29 990 ₸
Бір рет төлейсіз · Автотөлем жоқ
Тақырып бойынша 11 материал табылды

Ертеңгілік "Ардақтайық ,қасиетті ананы" 3-сынып

Материал туралы қысқаша түсінік
Ана жайлы тамаша сөздер, өлеңдер, әндер арқылы аналарды мерекелерімен құттықтау. Ананың мейірімін, махаббатын, жақсылығын түсініп, оған балалық сүйіспеншілікпен жауап бере білуге баулу.
Материалдың қысқаша нұсқасы

Тақырыбы:«Ардақтайық қасиетті ананы!»

Мақсаты: Ана жайлы тамаша сөздер, өлеңдер, әндер арқылы аналарды мерекелерімен құттықтау. Ананың мейірімін, махаббатын, жақсылығын түсініп, оған балалық сүйіспеншілікпен жауап бере білуге баулу.

Жоспар: І Кіріспе сөз.

Қайырлы күн, құрметті абзал жанды аналар !

Наурыз күні – Ана күні, әлем күні

Әлемді тебірендірер ана үні

Анасыз жан туған жоқ жер бетінде

Ұғып ал, бөбектерім, сендер мұны.

Адам баласы үшін – ана. Бала дүниеге келген күннен бастап өзінің жұмсақ алақаны, жылы жүзі, ыстық ықыласы арқылы барлық сүйіспеншілік, мейірімділік, махаббатын бере білген аналар үшін жер дүниені мекендеген адамзат қауымы бір күнді мейрам етіп белгілеген.

Ол – 8 – Наурыз мерекесі.

Бүгін біз де аналарымызды мейрамымен құттықтау үшін «Ардақтайық қасиетті ананы!» атты ертеңгілігімізді ашық деп жариялаймыз.

8 – Наурыз Халықаралық әйелдер мерекесі құтты болсын! Аяулы, қымбатты, абзал аналарға ұзақ ғұмыр, бақытты өмір, отбасыларына амандық пен қуаныш тілейміз

ІІ. Адам бойындағы асыл қасиеттің бәрі ананың ақ сүтінен жаралып, күннің нұр шапағынан нәр алып, бүр жаратынын атам қазақ атамзаманда -ақ білген. Алаш баласының ананы айрықша ардақтап, есімін асқақ ұстайтыны да сонан болса керек. Шынында да, ел бастаған көсем де, топты жарған шешен де, азуын айға білеген ақын да, семсерін қанға суарған батыр да, ой кенін қазған ғалым да, әлемді аузына қаратқан дарын да анадан туған ғой. Туған халқының атақ – даңқын дәуірлетіп, дүйім дүниеге танытатын да сол аналар. Демек, бұл дүниеде анадан асқақ жан иесі жоқ.

Ата – бабаларымыздан бізге жеткен көптеген ғибрат аларлықтай өсиет сөздері бар. Осыған байланысты көріністі тамашалайық

Көрініс: «Қарт пен жас жігіт»

- Үйдің алтын қазығы кім? – депті қарт.

- Ата, үйдегі алтын қазық бала, - депті жігіт.

- Жоқ, балам, үйдегі алтын қазық – ана. Ана ақылды болса, бала дана болады. Ана тәрбиесі – қызға үлгі, әке тәрбиесі – ұлға үлгі. Ана ақылшың, әке қамқоршың, ағаң қорғаушың, інің сүйенішің, қарындасың қанатың екенін ұмытпа. Ананы сыйламағанның ақылы кем, әкені сыйламағанның жақыны кем. Ананың мейірімі – көзінде, ықыласы – көңілінде, ақылы – сөзінде, қарағым.

- Жоқты бар, ашты тоқ ететін кім?

- Ата, жоқты бар, ашты тоқ ететін мейірімді әке, - депті жігіт.

- Жоқ, балам, әке қанша мейірімді болса да ананың жөні бөлек. Жоқты бар, ашты тоқ ететін – ол – ана. Анасыз бала ұйқтамайды, қатықсыз айран ұйымайды.

- Өмір сүру үшін не қажет? – депті қарт.

- Ата, өмір сүру үшін алтын, ақша, мал қажет, - депті жігіт.

- Жоқ балам, адамның өмір сүруі үшін су, от, тұз, қыз, ақыл қажет. Су тіршіліктің нәрін береді, От өмірдің сәнін береді, Тұз астың дәмін келтіреді, Қыз көңілдің сәнін келтіреді, Ақыл өмірдің мәнін келтіреді.

ІІІ. Ана – деген адамзаттың данасы,

Ана – деген сәбилердің панасы.

Ана – деген жарық жұлдыз шырағың,

Ана – деген қайнар ыстық бұлағың.

Ана – деген өмірдегі қамқорың,

Ана – деген сүйенерің, жан құрбың.




Атамыз қазақ мейірімділікті анадан үйрен, әдептілікті данадан үйрен деген екен, олай болса отбасындағы бар жақсылықты, әдептілікті, мәдениетті сөйлеуді, барлық жақсы қасиеттерді сіздерден алады.

Ол – ана, адамзатқа қанық үні,

Әр жүрек, әр көңілдің жарық күні.

Ол деген – алыбы ғой алыптардың,

Ананың тілі емес пе, халық тілі?!

Ананың өмірдегі рөлі: Ана – бала үшін өмірдегі ең қымбатты жан. Қандай ана болмасын балаға деген мейірімі, махаббаты, түн ұйқысын төрт бөліп, ақ сүтін беріп асырайды. Әр ана баласының дені сау, жақсы азамат болса екен деп арман етеді. Ананың мейірімділігі сонша, жанұяда қанша бала болса да, солардың бас – басына өзінің жақсы қасиеттерін үйрете отырып, тәрбиелейді.

ІV.Аналарға жұмбақ жасыру және сұрақтар қою:

Табаққа түспес,

Қазанға піспес.

Оны ішпей адам өспес. (Ана сүті)

2. Дегенімді жасайтын

Қалған тамағымды асайтын

Ертіп алып жетектеп

«Немерем» -деп атайтын. Ол кім? (әже)

3. Үйдегі алтын адам кім?

4. Балдан тәтті не?

5. Мына өлең жолдарын әндетіп, бақырып айт.

Алаулап гүл тұрады,

Туған жер құлпырады,

Бейбітшілік болса!

Түрленіп бақша , бағы,

Тірлік те жақсарады,

Бейбітшілік болса!



Әлемде өзгермейтін үш-ақ зат бар. Ол – ананың сүті, күннің нұры, сәбидің күлкісі.

Жан ана, жарық күн – жанарың,

Бір сенде кеңдігі даланың.

Балаңды құшақтап сүйгенде,

Сеземін көктемнің самалын.

Әлемге тыныштық тілеген,

Жан ана, жаныңа гүл егем.

Балалық жүрекпен айтылған,

Махаббат белгісі бұл өлең.



V.Ендігі кезекте оқушыларының мерекелік өлең шумақтары мен әндерін қабыл алыңыздар.

Данияр

Шуақты көктем келді гүлін алып,

Көктемнің мерекесі бүгін анық.

Өмірдің көктемі де, гүлі – аналар,

Ана деп бас иеді күллі халық.

Еркежан

Біз ғана емес ,

Қадыр тұтқан бабалар

Аналардан туған небір даналар.

Ана деген тіршіліктің тірегі.

Армысыздар, қасиетті аналар!

Ән: Ана туралы жыр.

Артем

Дүниедегі әр адамзат баласы,

Болсын мейлі ол бір елдің данасы,

Мәңгілікке қарыздар боп біреуге

Өтеді екен, ол- өзінің анасы.

Наргиз

Бауырсақ шайнап жегізген,

Жая десем, жал беріп,

Шекер десем, бал беріп

Аялап мама емізген,

Аяулы анам аман бол!

Жанмир

Сендерден өскен балалар,

Батырлар мен даналар.

Құттықтаймыз мейраммен

Құрметті абзал аналар!

Ақжол

Қанаттанса балапан

Қалайынша ұшпайды.

Әрбір қыз, әрбір балақан

Апасына ұқсайды.

Ойлы қызы халқының,

Отаным деп туады.

Бос жібермей әр күнін,

Ана жолын қуады.

Данияр

Айналайын ақ мамам,

Туған күніңмен!

Сыйлайыншы саған

Дала гүлін мен.

Артем

Мамам менің ақ мамам

Балын маған сақтаған,

Әнін маған сақтаған,

Бәрін маған сақтаған.

Наргиз

Мамам менің ақ мамам,

Менсіз таңы атпаған,

Менсіз күні батпаған,

Мен ұйықтамай жатпаған.

Жанмир

Мамам менің ақ мамам,

Гүлді маған баптаған,

Жырды маған жаттаған

Жұрттың бәрі мақтаған.





Ән «Айналайын ақ мамам» балалардың орындауында

1.Анамның үніменен таң атады,

Анамның әлдиімен күн батады.

Жетелеп ертегілер әлеміне,

Әлдилеп балапанын жұбатады.

Қ-сы: Айналайын ақ мамам

Өзіңменен мақтанам

Дәл өзіңдей анаға

Бала болу бақ маған.

2.Ананың аялаған алақаны,

Мен оның еркелеген балақаны.

Мейірім, шапағаты толып тұрған,

Қанатын саялаған балапаны

Қ-сы :

1.Әлпештеген, аялаған,

Ақ сүт берген апатайым.

Сәлем жазып бүгін саған,

Мейрамыңмен құттықтаймын.


2. Бәрімізге анасың,

Біз үшін күн боп жанасың.

Құтты болсын мейрамың,

Аяулы менің анашым.


3. Аялаған, саялаған,

Бар бақытым, берекем.

Апатайм, құттықтаймын.

Бүгін сенің мерекең.


4.Бәрімізге анасың,

Біз үшін күн боп жанасың.

Құтты болсын мейрамың,

Құттықтаймын анашым.


5. Өлең айтып беремін,

Нан да алып келемін.

Өйткені мен анамды,

Өте жақсы көремін.


6. Ақ сүтінен жаралған,

Ақ сүтінен нәр алған,

Анаға бас иеміз.

Туған елдің тілі деп,

Туған жердің үні деп,

Анаға бас иеміз.


7. Аналарды сүйеміз.

Сөзін ойға түйеміз.

Әжені де ардақтап,

Әдеппен бас иеміз.


Менің әжем, ақ әжем-

Ұл мен қыздың бағы әжем.

Ертегі айтып бер десең,

Менің әжем, жыр әжем-

Шуағы мол нұр әжем,

Ақ таяққа сүйеніп

Аман-есен жүр әжем.



Қыздардың орындауында «Әже» әні


8. Мамам, мамам, ақ мамам,

Мен де өзіңнің ақ балаң.

Айтқан тілді аламын,

Жұмсағанға барамын.

Ақ төсекке жатқызса

Көзімді жұма қаламын.


9.Күнім, жаным» дегенді,

«Құлыншағым» дегенді,

«Қошақаным» дегенді,

«Айналайын» дегенді,

Ойлап тапқан кім екен?


10. Біз доспыз гүлдермен,

Текке оны жұлмаймыз.

Той күні бір-бірден,

Анаға сыйлаймыз.


Балалар гүлдері мен сыйлықтарын аналарына ұсынады


11. Өнерлі боп өсеміз,

Өмір сырын шешеміз.

Өсіріп, ой-сананы

Қуантамыз ананы.


12. Алақаны ақ самал,

Мәпелеген , жан ана.

Көкте күнім батса да,

Өзің күнсің балаға.

Ән «Анажаным»

1.Анашым- анажаным, аялы алақаның,

Есейіп кетсем дағы, мен сенің балақаның.

Анашым-анажаным, мейірбан балажаның,

Бақытым емес пе еді, өмірді сыйлағаның.

Қ-сы: Көңілің күндей, өмірің гүлдей

Жадырап гүлдей жан –анашым.

Осы әнді сізгей арнаймыз біз –дей

Келіңіз жүзгей жан анашым.


2. Бойыңда мен сүйетін көп сенің қасиетің,

Аяулы перзентіңмін алдыңда бас иетін.

Балаймыз бағымызға, арайлы таңымызға,

Аман боп жүребергін анашым жанымызда.

Қ-сы.

13.Сен жалықпай жетектеп,

Мен жалықпай жетермін.

Айтқаныңды екіетпей

Ақ сүтіңді өтермін.


14. Ана-біздің күніміз,

Ана-біздің гүліміз.

Ұландарды қуантып,

Ұзақ өмір сүріңіз.


15.Бал-бөбегін баптаған,

Мамам үшін мақтанам.

Айналатын біздерді,

Көп жасасын жақсы адам.


16.Қадірлі аналар көңілі,

Көктемдей жайнап, гүл ашсын

Бақытқа толы өмірі-

Шаттыққа шаттық ұлассың.


Ән «Ақ дидарлы анашым»

1.Еркелетіп өсірген,

Тентек болсам кешірген

Айналайын көңілден

Мерейімді өсірген

Қ-сы: Ақ дидарлы анашым,

Ақыл айтар данасың.

«Аман болшы әрқашан»

Деп тілейтін балашың.

Тең көрмейтін ешкімге

Орның бөлек дарасың.

2. Жүрегімде бар ізің,

Өзіңе мол қарызым.

Мәңгі бақи алдыңнан

Өтей алмайм парызын.

Қ-сы сол:



Балалар тобы би орындайды

VI. Қорытынды:



Сіздерге айтарымыз

Аналар қуат күшің талмасын,

Бақыт гүлің солмасын,

Асқарына арманның

Ұрпақтарың самғасын.

Сен – анасың, сен – данасың, асыл жан

Бар ақылдан артық тұрған басың бар.

Өзің де жас, көңіл де жас қартайма.

Бір байлығың мына тұрған балалар.



Бәрі хормен: Бағымызға аман болып жүз жаса

Мол бақытқа бөлене бер, жан ана.







Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
0 ұстаз жүктеп алған
19 мамыр
907
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі