400 000+ дайын материалды
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар және авторлық материалдар
4 990₸/ 1 жыл
🔥Арнайы баға ·10.12.2026 дейін
Одан кейін - 29 990 ₸
Бір рет төлейсіз · Автотөлем жоқ
Тақырып бойынша 31 материал табылды

Ертеңгілік. Армысың- әз Наурыз!

Материал туралы қысқаша түсінік
Балабақша тәрбиешілеріне
Материалдың қысқаша нұсқасы

Тексерілді:

Ховрина. С.А. __________


«Қош келдің, төрлет Наурызым!»

«Балақай»топ

Балалар залға музыкамен кіреді

Жүргізуші: Наурыз айы жүректерге нұр сепкен,

Мандайымнан сүйіп жатыр нұр көктем,

Жарығымен шуағымен Күн -Ана

Алып келдің жер бетіне нұр көктем!

Музыка ойналады залға Көктем кіреді

Көктем: Күн сәулесі мол күнмен.

Жұлдызы мол түнмен.

Ұзақтығы бірдей болып,

Теңеледі бұл күні.

Мен- көптен күткен көктемің

Құшақ ашып сіздерге келдім

Айналамыз құлпырып

Сәлем беремың сіздерге!

Мерекелеріңіз мерекеге ұлассын!

Жүрг: Көктем ,көктем, көктемде

Құстар келіп жеткенде

Біз қуанып қаламыз

Әнмен қарсы аламыз

Ән «Көктем»

Жүрг: уа, халайық халайық

Мұнда назар салайық

Биші қыздар билесін

Кәне, қарсы алайық!

Би «Нурлы көктем»

Қыздардың биі

Жүрг:Келе жатыр жылымыз,

Мейрамдаймыз мұны біз

Халқы сүйген мейрамды

Қарсы алайық Наурызды!

Музыка ойналады Наурыз залға билеп кіреді

Наурыз: Жайнатамын бар гүлді,

Сайратамын бұлбұлды.

Төгілтіп ән-күй жырды,

Мейрамдайық бұл күнді.

Тіршіліктің бастауы

Наурыз айы-мен болам!

Жүрг: Кош келдің Наурыз!

Наурыз келді тамаша

Ән айтамыз таласа

Апам,атам той тойлап

Қуансын бүгін тамаша.

Ән «Наурыз»

Жүргізуші: «Қызғалдақтай құлпырып, балаларымыз жайнасын» - деген тілекпен балаларды биін тамашалайық.

Балалардың биі

Жүрг: рахмет балалар. Енді біздің балалар ұлттық ойын ойнап береді.

Ойындар «Қыз куу» «Арқан тарту» «Тенге алу»

Жүрг: Балалар бізге қадырле қонақ кележатыр, Қыдыр ата.

Қыдыр ата: Армысыздар халайық! Ұлыстың ұлы күні құтты болсын!

Жүрг: Қош келдіңіз, ұлыс күні қазан толса

Ол жылы ақ мол болар

Ұлы кісіден бата алсаң

Сонда олжалы жол болар, деп өзіңізден бата сұраймыз.

Қыдыр ата бата береді: Сұрасаң бата берейін,

Үстем болсын мерейін

Ықыласпен қол жайсан,

Ақ тілекті төгейін.

Ұлыс оң болсын

Ақ мол болсын

Қайда барсан жол болсын!

Ұлыс бақты болсын

Төрт түлік ақты болсын! Әумин!

Жүрг:Айтқаныныз келсін, Кыдыр ата

Ал келіндер қонақтар

Досқа құшақ ашайық

Өлең жырға басайық

Қазақтың бір салты деп

Тойға шашу шашайық!

Шашу шашады


















Бекітемін

Ақтөбе облыстық білім алуға ерекше

қажеттіліктері бар балаларға арнаған

арнайы түзетім балабақшасының

меңгерушісі:

________________ А.О.Сеитова

«___»________________2020 ж










«Қош келдің, төрлет Наурызым!»

« Балақай» тіл мүкістігі бар ересек тобының мерекелік ертеңгілігі











Тәрбиешілер: Мысина Д.Ж

Махамбетова А.М

Логопед: Тасимова Л.Ж

Музыка Жетекшісі: Амандыкова Г.А













Ақтөбе 2019-2020 оқу жылы





Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
0 ұстаз жүктеп алған
2 маусым
836
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі