Тақырыбы:
Армысың, алтын күз!
Мақсаты:
Білімділік: Күз
мезгілінің қыр-сырын жете меңгере білу;
Тәрбиелік:
Күзгі енбек және табиғатты сүю, қорғау;
Дамытушылық:
Эстетикалық, экологиялық білім беру
Көрнекілігі: Суреттер,
жеміс-жидектер, плакаттар, нақыл сөздер,
Барысы:
І.
Ұйымдастыру кезеңі: 1.
Оқушылармен сәлемдесу.
2.
Залды мерекелік шараға безендіру.
3.
Қонақтарды күтіп алу, мерекені өткізу.
ІІ.
Күй «Ата толғауы» ойнап тұрады.
Оқушылар
сыныппен келіп, залға орналасады.
1.
Бастаушы:
Армысыздар
құрметті ұстаздар мен оқушылар және
осы кешке келген қонақтар! Бүгін «Армысың,
алтын күз» атты мерекелік кешімізге
қош келдіңіздер.
2.
Бастаушы:
Өрік,
алма, шие, алша,
Жидек,
жүзім піседі.
Қауын,
қарбыз, қияр сәбіз
Қоймаларға
түседі
Айтындаршы
балалар
Бұл
қай кезде болады? /Күзде/
1
оқушы:
Қуандырып
біздерді
Берекелі
күз келді
Мерекелі
күз келді
Көбейді
құт-береке
Астық
толы қоймамыз
Құтты
болсын мереке
Алтын
күзді тойлаймыз!
2
оқушы
Кездескен
соң күзімен
Бұтағынан
үзілген
Ай
жапырақ сары алтын,
Айналанын
бәрі алтын
Қуандырып
біздерді
Мерекелі
күз келді.
Кел
жемісті-алтын күз
Кемелденсін
халқымыз!
3
оқушы.
Дамылдап
жатқан балғындай
Тоқтатты
сулар тасуын
Ағаштар
алтын жамбыдай
Шашады
жерге шуағын.
4
оқушы
Жүрексіз
қоян безеді
Жөңкіле
қаңбақ күздегі
Қиқулап
көкте жүзеді
Құстардың
керуен тізбегі
5
оқушы
Күйекте
күйлі мал қанша
Қырманда
толы дән қанша,
Алтын
күз әсем айналам
Қараймын
көзім талғанша!
6
оқушы
Күн
шуақта маужырап,
Жатыр
еді атырап
Ағаштардан
жамырап
Ұшып
кенет жапырақ
7
оқушы
Ой,
алақай, тамаша!
Шашу
шашып, жапырақ,
Бақтың
іші алаша,
Аунар
ма еді жатып ап.
8
оқушы
Дала
сары киінді,
Самал
соқты салқындау
Қырмандарға
үйілді,
Алтын
астық- алтын тау
9
оқушы
Тамсандырып
тандайды,
Жеміс-жидек
піседі.
Жапырақтар
сарғайып,
Жер
ббетіне түседі.
10
оқушы Күз
Мен
күзбін. Өте еркемін. Сәл нәрсеге ренжіп
бұртиып қабағымды түйе қаламын. Кейде
болмашыға өкпелеп көз жасымды аямай
төгіп-төгіп жіберемін. Әйтседе, менін
жомарттығыммен ақ көңілділігімді бәріде
ұнатады.
Күз:
— Рахмет! Ал балалар білеме, неге мені
«алтын күз» деп атайды?
13
оқушы
Алтын,
сары, қызыл, көк,
Алуан-алуан
жапырақ.
Күзгі
бақта күлімдеп,
Көз
тартады атырап
Мұны
көріп, қалай күзді
Тенемейміз
сары алтынга?
14
оқушы
Қауын-қарбыз
жемістермен
Толтырамыз
қол себетті
Алтын
күз деп аталады
Күз
айы да сол себепті
15
оқушы
Күздің
сыйын алайық
Қызығына
қанайық
Күзге
арнап бәріміз
Әнімізді
салайық
1
сынып оқушыларынан «Алтын күз» әні
орындалады.
Қыздардың
«Қолшатыр биі» тамашаланады.
Күз:
балалар, кім күз айларын атай алады?
Күз
айларына:
Қыркүйек,
Қазан, Қараша айлары жатады.
Күз:
Ендеше балалар! Ортаға осы кештің
куәгерлерін, яғни күз айларын шакырамыз.
Қыркүйек:
Алтын
күз! Сізбен бізге шуак шашсын,
Көңілдің
серіппелі күйін ашсын,
Бақпен
шаттық бізге қатар қонып,
Береке
бірлікпенен ортақтассын!
Қазан:
Қазан
айы басталды
Құстар
қайта бастады
Туыстық
адал достықпен
Жалғасып
күндер барады!
Қараша
Күздің
қараша айында,
Алма,
алмұрт піседі.
Жапырақтар
сарғайған,
Сыбдыр-сыбдыр
түседі!
2
«а» сынып өнерлері: «Күзгі орман» биі
Күз:
Жапырақтың жауып алтын жанбыры,
Таусылмайды
қоңыр күздің ән –жыры
Алатаудың
шындарынан шашырап
Далама
құйылады таң нұры!
2
«ә» сынып өнерлері: «Жаңбыр» биі
ІІ.
Бөлім
Күз
жұмбақтарын шешеміз
Күз:
күз себетінің сиқыры.
Ал,
балалар, балалар!
Күзді
енді тындандар
Қандай
жұмбақ болсада
Шешпей
оны қоймаңдар
1
жұмбақ:
Іші
жұмсақ, сырты қатты
Еті
қызыл, сүті тәтті
/Қарбыз/
2
жұмбақ
Дөп-дөнгелек
доптай
Іші
қызыл шоқтай
Дәмін
татып корсем
Одан
дәмді жоқтай.
(алма)
3
жұмбақ
Тәңертең
де,түсте де
Күнге
бетін бұрады
Тостағанын
кішкене
Тосадыда
тұрады, (күнбағыс)
4
жұмбақ
Көктемде
көктеп масағы ,
Шілдеде
жайнап шашағы
Тамызда
толық толықсып
Қауызын
күзде ашады (бидай)
5
жұмбақ
Тамырдан
нәр тарады
Жазда
жайқалады,
Күзде
сап-сары боп
Жерден
жай табады (жапырақ)
6
жұмбақ
Беті
де қызыл
Еті
де қызыл
Дәмдері
жақсы
Дәндері
тапшы
(қызанақ)
7
жұмбақ
Жерге
қазық қақтым
Басына
айдар тақтым (сәбіз)
8
жұмбақ
Асы
көп,
Халық
оны айтады,
Дәм
басы деп (нан)
3
сынып өнері: «Бақтағы бала» оқушылардың
көрінісі.
3
сынып
биі: «Қырмандағы еңбек».
Күз:
Ән
салыңдар күліңдер
Жайнап
гүлдей жүріңдер.
Күздің
тойын тойлайық
Би
билейік, ойнайық.
4
сынып өнері: «Жыл мезгілдері» оқушылардың
ертегісі.
III
бөлім. Ата-аналар бәйгесі «Күз береке-күз
мереке», «Күз байлығы».
1
сынып ата-аналар нан қадірін көрсете
отырып, «Бауырсақ» ертегісін көрініс
ретінде ұсынады.
2
сынып ата-аналар «Жапырақтар» биін
ұсынып, орман байлығын көрсетті.
3
сынып
ата-аналары
жемістерден «Күз байлығы» композициясын
көрсетті.
Күз:
Менің қадырымды барлықтарың да білесіңдер
екен және бағалай білгендерің үшін
рахмет. Қош сау болыңыздар!
Қорытындылау.