Қош
келдің, Әз Наурыз!
Мақсаты:
Наурыз айының шығыс халықтарында жыл
басы саналатындығын сәбилер санасына
жеткізу. Наурыздың 22 - сінде күн мен
түннің теңелетіндігін, одан кейінгі
күндері күннің ұзарып, түннің
қысқаратындығын айтып түсіндіру.
Балаларға Наурыз мерекесін қалай айтып
түсіндіру. Балаларға Наурыз мерекесін
қалай атап өтетіндігін таныстыру. Ұлттық
салт - дәстүрлерді құрметтеп, оларды
мақтан етуге тәрбиелеу.
Тәрбиеші:
Наурыз
айы жүректерге нұр сепкен,
Мандайымнан
сүйіп жатыр нұр көктем
Жарығымен,
шуағымен Күн - Ана
Алып келдің жер
бетіне нұр көктем!
Наурыз - қазақ
халқының шын мағынасындағы ұлттық
мейрамы. Бұл күн мен түн теңелетін
мереке. Сондықтанда халқымыз Наурызды
«Жыл басы»,
«Ұлыстың ұлы күні» деп
атайды.
Олай болса, «Қош
келдің, Әз Наурыз!» деп айтайық.
Балалар
хормен: «Қош келдің, Әз Наурыз!»
Тәрбиеші:
Ұлыстың ұлы күнін, яғни төл мейрамымызды
қазақ халқының ұлттық биімен ашқымыз
келіп отыр
Би:
«Боз
жорға биі»
Т:-
Балалар біздер қандай мерекені тойлап
жатырмыз?
Б:
-
Наурыз мерекесін тойлап жатырмыз.
-
Балалар бізге Наурызда келіп қалыпты.
Көктем:-
Мен Көктеммін өзіммен бірге аналар
мерекесін және ұлыстың ұлы күні наурыз
мерекелерін ала келдім. Мерекелеріңіз
мерекеге ұлассын.
Тәрбиеші:
Келесі кезекті осынау қасиетті мерекеге
арналған тақпақтарға береміз.
Тәрбиеші:
Ой балалар жарайсыңдар, бәрекелді. Енді
бүлдіршіндеріміздің орындауында «Наурыз
көктем»әнін
тамашалайық.
Ән:
«Наурыз
көктем» қабыл
алыңыздар!
Тәрбиеші:
Жарайсыңдар!!! Қанекей балалар ұлттық
ойынымызды ойнайық.
Ойын:
«Арқан тарту» «Күш сыңасу»
Тәрбиеші:
Ал, құрметті халайық, «Тұсау кесу
»рәсіміне кезек берейік.
Тәрбиеші:
Балалар, қонақтар сүйінші Қыдыр ата
келе жатыр.
Қыдыр
ата:
Армысыздар халайық. Ұлыстың ұлы күні
құтты болсын!
Тәрбиеші:
Қош
келдіңіз
Ұлыс күні қазан толса
Ол
жылы ақ мол болар
Ұлы кісіден бата
алсаң
Сонда олжалы жол болар, деп
өзіңізден бата сұраймыз.
Қыдыр
ата бата береді.
Әумин!-
бата берейін
Жақсылықты
терейік
Жаңа
жылда жараңдар
Үстем
болсын мерейің
Жақсылыққа
бас болып
Аулымызда
ас болып
Келген
Наурыз құт болсын!!
Тәрбиеші:
Айтқаныңыз
келсін, Қыдыр ата!
Ал
келіңдер қонақтар
Досқа құшақ
ашайық
Тойға шашу шашайық!
Тәрбиеші:
Қош
болыңыз, Наурызым ардақты
Халқым
саған бар үмітін жалғапты!
Жылда
осылай келе берсін жарасып!
Ұлыстың
ұлы күні құтты болсын!
Наурыз
береке – бірлік әкелсін!
Сау
болыңыздар!