Материалдар / ертеңгілік «Ата заңым-ардақты»
МИНИСТРЛІКПЕН КЕЛІСІЛГЕН КУРСҚА ҚАТЫСЫП, АТТЕСТАЦИЯҒА ЖАРАМДЫ СЕРТИФИКАТ АЛЫҢЫЗ!
Сертификат Аттестацияға 100% жарамды
ТОЛЫҚ АҚПАРАТ АЛУ

ертеңгілік «Ата заңым-ардақты»

Материал туралы қысқаша түсінік
ертеңгілік «Ата заңым-ардақты»
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады. Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
22 Қырқүйек 2023
450
0 рет жүктелген
450 ₸
Бүгін алсаңыз
+23 бонус
беріледі
Бұл не?
Бүгін алсаңыз +23 бонус беріледі Бұл не?
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады

«Ата заңым-ардақты»

Тәрбиешісі: Искендерова Разия Рсалиевна

Тақырыбы: «Ата заңым – ардақты»

Мақсаты: Ата заң туралы тәрбиеленушілердің түсініктерін кеңейту.
Заңның өмірмен байланысын түсіндіру. Отанын қорғауға,

сүюге еліміздің рәміздерін қастерлеп, халқымыздың әдет-ғұрпы, салт- дәстүрін сақтап, Ата заңымызды құрметтеп,ұлтжандылыққа, достыққа тәрбиелеу. Сұрақ беру арқылы балалардың   сөйлеу мәдениетін жетілдіру.

Көрнекіліктер: Қазақстан Мемлекетінің рәміздер, Отан туралы, заң туралы видеороликтер. т.б.


Жүргізуші:   

Ата заңым,
Ата заңым — ардағым.
Аялаған адамзаттың арманын,
Жол бастайды
Болашаққа жасампаз.
Әрбір бабың, тарауларың, тармағың.
Алтын заңда — Парасатым, пайымым,
Алтын заңда – күш қуатым, жалыным,
Сен қорғайсың,
Бостандық пен құқықты,
Анамдайсың елжіреген жаны күн.

 

Құрметті, бүлдіршіндер және қонақтар! Конституция күніне арналған «Ата Заңым — ардақты» атты ертеңгілігімізге қош келдіңіздер.

Ел тәуелсіздік кепілі – ҚР Конституциясы қоғамның негізгі міндеттеріне сай келетіндігін бүкіл әлем жұртшылығына мәлім.

Конституция 1995жылы 30 тамызда бүкіл халықтық дауыс беру арқылы қабылданды. Қазақстан халқы мемлекеттік биліктің қайнар көзі — өзінің егемендік құқығын баян етті.
Содан бері 30тамыз елімізде Конституция күні болып мерекеленіп келеді. Қазақстан мемлекетін қорғау бүкіл қазақ азаматының міндеті.
Олар заңды сыйлап, құрметтеп жүруі тиіс.

ҚР Ата Заңымызбен елдігіміздің белгісі — көк байрағымыз көкте желбіреп тұр, әнұранымыз әлемге шырқалып жүр,ал,  елтаңбамыз елдігіміздің белгісі ретінде танылып жүр.

Жүргізуші:   «ҚР Мемлекеттік әнұраны» шырқалсын.

«Әнұран»

Жүргізуші: Ел тәуелсіздігімнің кепілі – Конституция күніне орай құттықтау сөз кезегі балабақша меңгерушісі Жадыра Серікқызына беріледі.

( Меңгеруші сөз сөйлейді)

Жүргізуші :

Еркін елдің Ата Заңы ардақты,
Әрбір сөзі, әрбір бабы салмақты.
Адам құқы, бостандығы, теңдігі,
Барлығында қарастырған жан – жақты.

Ендігі кезекті балалардың «Ата заңымызға» арнап айтар тақпақтарына береміз.

 

1-бала:       Ата Заңым! Арман әнім.
Сенен асқан бар ма бағым.
Жалғыз саған байланысты
Елінде еркін самғаған.


2-бала:       Ата Заңым! Бар мұратым,
Жалғыз кие жанды ұғатын.
Жансақ бассақ жолға салып
Тәубаңды еске алдыратын.


3-бала:    Сарқылмайтын қуатым
Тірегімсің сен Отан.
Мәңгі соғып тұратын
Жүрегімсің сен Отан.

4-бала:       Туған елім гүл елім
Қасиетіңді білемін.
Өзіңе деп жүремін
Лүпілдеген жүрегім.

5- бала: Бақытты болып жүргенім,
Сенің арқаң Ұлы Отан.
Елім менің тірегім
Құшағында гүл атам.


(Есік қағылып, қонақ келеді — Кітапханашы)
Қолында бірнеше кітабы бар.

 

Жүргізуші: Сәлеметсізбе, сіз кімсіз?

Кітапханашы: Сәлеметсіз, мен аудандық кітапханадан келдім. Осы балабақшада «Ата заңымызға» арналған мерекелік ертеңгілік болып жатқанын естіп, менде балаларға мәлімет айтып, сұрақ қойып, сұрағыма мардымды жауап алсам, сыйлықтар үлестірмекші ниетім бар.Егер сіздерден рұқсат болса?

Жүргізуш: Әрине рұқсат. Біз қуана – қуана тыңдауға әзірміз.Солай ма балалар?

Балалар: Ия тыңдауға дайынбыз.

 Кітапханашы: Жақсы. Балалар! Конституция — Қазақстан республикасының негізгі заңы Республиканың президенті Н.Ә.Назарбаевтың тікелей басшылығымен тәуелсіз Қазақстанның жаңа Конституциясы қысқа мерзім ішінде әзірленді. Ол халық талқылауынан өтіп, референдум арқылы өз күшіне енді. Жаңа Конституцияның өмірге келуі, жан-жақты сараптамадан өтуі Н.Назарбаевтың атымен тікелей байланысты. Конституцияның бас авторы – Назарбаев Н.Ә деп толық сеніммен айтуға болады.

Ата заңымыз бойынша мемлекет басқарушысы –президент.

— Біз қай Республикада тұрамыз?   

-Қазақстан Республикасында.
Ал, біздің Президентіміз кім?
Қасым -Жомарт Кемелұлы Тоқаев
— Бәйтерек мұнарасы қай қалада орналасқан?  

Астана қаласында

Біздің ұлтымыз кім?

Қазақ
— 
Дұрыс айтасыңдар. Біз үлкен де, күшті мемлекет Қазақстанда тұрамыз. 130 –дан астам әр ұлт өкілдері бар. Әрбір халықтың салт –дәстүрі мен тілі бар. Ең бастысы біз, Қазақстан деген ортақ үйімізде әнімізде, сәнімізде жарасып, ынтымақ пен бірліктің нәтижесінде тату –тәтті өмір сүріп жатырмыз.

 

Кітапханашы: Сендердің жауаптарың менің көңілімнен шықты.Сендерге арналған сыйлығымды ертеңгілік аяқталған соң таратып беремін.Келістік пе?

Балалар:Ия келістік

Жүргізуші: Сізге көп рахмет. Көптеген мәліметтен құлағдар болдық. Ендеше бізбен бірге біздің балаларымыздың өнерін тамашалаңыз. Ендігі кезекті  «Біз өнерпаз баламыз» деп аталатын керемет  әнге береміз.

Ән:  «Біз өнерпаз баламыз» 

 

Тәрбиеші:  Біздің балаларымыз тек ән айтып қана қоймай, ойынды да жақсы ойнайды.

Қазақтың ұлттық ойыны: «Тақия тастамақ»

 

Жүргізуші: Балалар айтыңдаршы, Қазақстан Республикасының қандай рәміздерін білесіңдер?
— Әнұран, елтаңба, туымыз бар.
— 
Иә, балалар дұрыс айтасыңдар. Ашық аспандай көгілдір туымыз бар. Айбынды елтаңбамыз бар, мағыналы әнұранымыз бар.

(слайд арқылы түсіндірілім)

-Қане балалар, қонақтарымызға рәміздер туралы тақпақтарымызды  айтып берейікші. 

1-бала:   Айнымайды аспаннан
Біздің тудың бояуы
Оны халық қашанда
Биікке іліп қояды

2-бала: Отан –деген атамекен
Отан –деген туған жер
Отан ана, Отан пана
Қазақстан туған ел!

3-бала:        Көк аспанда жас қыран
Көк аспанда қызыл қыран
Естілгендей біздің үн
Сол ғарыштың астынан

4-бала:    

 Елтаңбасы елімнің,

Неткен әйбат әдемі. Тұнығындай көңілдің, Ортада аспан әлемі.              Жүргізуші: Жарайсыңдар, балалар еліміздің рәміздерін өте жақсы білетіндеріңді байқаттыңдар.

Жүргізуші: Өте жақсы балалар, ендеше бір сәт экранға назар аударайықшы.

(рәміздер)

Қане — қонақтарға, бір –бірімізге, Отанымызға арнап бізде жылы тілектерімізді айтайық.

Аспанымыз ашық болсын!
Жеріміз гүлге толсын!
Елбасымыз аман болсын!
Заманымыз тыныш болсын!
Балабақша гүлдене берсін!
Біз сіздерге сәттілік тілейміз!


Тәрбиеші: Құрметті балапандар, қонақтар! Сіздерді тағы да ата заңымыз қабылданған «Конституция күнімен» шын жүректен құттықтаймыз. Еліміз аман, жұртымыз тыныш болсын! Осымен бүгінгі мерекелік ертеңгілігімізді аяқтаймыз. Қош сау болыңыздар!

 





Бостандық ауданы, КМҚК «№80 бөбекжай-балабақшасы»

Бостандыкский район, КГКП «Ясли-сад № 80»













«Ата заңым - ардақты»

Picture 1



















Тәрбиеші: Искендерова Р.Р.

Музыка жетекшісі: Сапарова Б.С.







Алматы 2023

Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!