400 000+ дайын материалды шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар, көрнекіліктер және авторлық материалдар - 690 тг-ден бастап
Тақырып бойынша 26 материал табылды

Ертеңгілік: «Аялайық ананы»

Материал туралы қысқаша түсінік
Ертеңгілік: «Аялайық ананы»
Материалдың қысқаша нұсқасы

8 «Сказка» бөбекжайы

Тәрбиеші Айша Боранбаевна Тургаева



«Аялайық ананы»

Мақсаты: Балаларды мейірімділкке, аналардың еңбегін бағалай білуге үйрету. Анасын сүю арқылы еліне, жеріне деген сүйіспеншілігін арттыру. Дүниедегі жақсылық атаулының бәрі күннің нұрынан, ананың мейірімдігінен тарайтынын ұғындыру.

Жүргізуші: Сәлеметсіздер ме құрметті қонақтар, аналар, әжелер! Келе жатқан көктемнің алғашқы мерекесі 8-наурыз Халықаралық «Аналар мерекесімен» құттықтаймыз. Бүгінгі «Жазира» тобының «Аялайық ананы» ертеңгілігімізге қош келдіңіздер!

Ендеше ортаға тәрбиеленуші бүлдіршіндеріміздерді ортаға шақырайық.

Екі қатарға бөлініп балалар залға келеді.

Жүргізуші:

Бала бала деп,

Түн ұйқысын төрт бөліп,

Тал бесікті таянған.

Түнде шошып оянған.

Бұл кім балалар?

Балалар : Аналар .

Жүргізуші: Дұрыс айтасыңдар балалар, біз осы әсем безендірілген залға аналардың мерекесін тойлауға келдік. Ендеше аналарымызға арналған әнге кезек берейік.

Ән: «Анашым менің»

Жүргізуші:

Сенен өскен балаалар,

Батырлар мен даналар.

Құттықтаймыз мейрамыңмен,

Құрметті аналар –деп балалардың аналарына арналған биін қабыл алыңыздар.

Би : «Теңізшілер» (Темірлан, Ахметжан, Мансур, Нұрзат, Дияс, Алихан, Қайсар,Исатай, Нұржігіт)

Тақпақ қа кезек берейік.

1.Темірлан.

Мамин праздник наступает

Симбол счастья весны

Самая красивая

В мире, мама ты.

2. Ахметжан.

Май диа , диа мазэ

Ай лав ю ту би хэппи

Ай уонт ю ту би хэппи

Он зе ейтс оф матч

3.Мансур.

Еркелесем, күнім дейтін,

Ұрысқаны білінбейтін.

Мағдайымнан иіскеп менің

Құлыншағым күнім дейтін.

4.Нұрзат.

Достықты біз ойлаймыз,

Бірге күліп ойнаймыз

Қыздарды да құттықтап,

Мерекесін тойлаймыз.

5. Дияс.

Жарқын жүзді жан анам,

Сендей болсын бар адам.

Сендей болса бар адам

Шаттық кетпес баладан.

6.Алихан.

Мені жақсы көреді,

Күндей келіп келеді.

Көп ертегі біледі

Маған айтып береді

7.Қайсар.

Бал бөбегін баптаған,

Мамам үшін мақтанам

Аялайтын біздерді

Көп жасасын жақсы адам.

8.Исатай.

Құшағыңа кіргенде,

Жылынамын бір демде

Не жетеді көзіңе

Мейірімді күннен де.

9.Нұржігіт

Бүгін наурыздың сегізі,

Сұлулықтың негізі

Әдемі сөз адамның

Анаға айтар лебізі

Жүргізуші:

Ақ қар еріп, су көбейіп,

Сай салаға толады.

Ағаш басы бүршік атып,

Гүл бәйшешек басады.

Балаларым айтыңдаршы

Бұл қай мезгіл болады?

-Балалар : Көктем мезгілі.

Залға музыка әуенімен көктем аруы келеді.

Көктем аруы:

Сағынышпен жеткен,

Келді міне көктем.

Жайнап нұрлы гүлі,

Мерекеніз бүгін

Құтты болсын аналар!

Жүргізуші:Сәлеметсіз бе Көктем аруы! Біз сенің келгеніңізге қуаныштымыз. Біздің бүлдіршіндер

күннің шұғыласын, судың сылдырын сағынды.Балалар сізге ән айтып, би билеп, тақпақ айтып

береді.

Ән: «Зеңгір көктем»әнін қабыл алыңыздар

Көктем аруы:Мен сіздерге көктемнің әдемі жауқазындай құлпырған әдемі гүлдерін ала келдім.

Би : «Гүлдер» (Айкөркем, Нави, М.Каусар,Ш. Каусар, Е.Айлин, Б.Айзере,Б.Анеля, Қ.Айзере.)

Жүргізуші:Тамаша әдемі гүлдей құлпырған қыздарымыздың тақпақтарына кезек берейік.

Тақпақ:(Айкөркем, Нави, М.Каусар,Ш. Каусар, Е.Айлин, Б.Айзере,Б.Анеля, Қ.Айзере.)

1.Айкөркем.

Айтсаң болды тіл алам.

Әйбат мамам, әй мамам

Сені көрсем қуанам.

Сен керексің әрқашан

2.Нави

С праздником весенним

В светлый этот час

Мамочки родные,

Поздравляем Вас!

3.М.Каусар.

Ана дейміз бәрімізде аңқылдап,

Ана дейді жас сәбиде жарқылдап,

Ана деген -бәйтерегі өмірдің

Ана деген- алтын қазық алтын бақ.

4.Ш.Каусар.

Мама-лучший в мире друг,

Дарит мне подарки.

Я спешу ее поздравить,

Громко С 8 марта!

5.Ернұрқызы Айлин.

Кір түсірмей жағама,

Шашымды да тарайсың

Балабақшаға барарда,

Мейірлене қарайсың.

6.Б.Айзере.

Менің анам ардақты,

Алтыннан да салмақты

Жақсы көріп баласын,

Мәпейлейді анашым.

7.Қ.Айзере

Анамды мен жақсы көрем,

Айтқан тілін алып жүрем.

Қасымда анам жүргенде

Шаттанып, ойнап күлем.

Жүргізуші: Ендеше ата-аналарымызбен бір ойын ойнайық.

«Сезіп тап» 5 ата –ана қатысады.

Ортаға 1 ата-ана шығады. 5 бала .Шыққан ата- ананың көзін байлап ортаға шыққан 5 баланың ішінен өзінің баласын сипап сезу арқылы баласын табу керек.

Жүргізуші:

Бәрімізге анамыз,

Біз үшін күн болып жанасың

Құтты болсын мерекем,

Құттықтаймын анашым

Ән : «Апам үшін»

Залға музыка әуенімен қуыршақ кіреді.

Би: «Қуыршақтар» (К.Айлин, Аягөз, Ж.Айару, Р.Айару,Дарина, Назерке, Еркежан)

Тақпақ : (К.Айлин, Аягөз, Ж.Айару, Р.Айару,Дарина, Назерке, Еркежан)

1. Кажиева Айлин.

Әлпештеген баласын,

Ана бақыт, ана күн.

Әркім сүйіп өзінің

Мақтан етер анасын.

2Аягөз.

Ақ жүректі сақтаған,

Жарқын күлкің –бақ маған

Ақ бетіңнен сүйейін,

Келші, келші ақ мамам.

3.Ж.Айару.

Әр сөзіңді жаттаған,

Жүрегімде сақтаған

Анашым деп мақтанам

Айналайын ақ мамам.

4.Р.Айару.

Ақ қабақты анашым,

Күн сәулелі анашым.

Әлпештеген баласын.

Айналайын анашым!

5.Дарина

С 8 марта поздравляю

Я мамулечку свою

Сильно-сильно обнимаю

Мама, я тебя люблю

6.Назерке.

Әжем мені өйткені

Өте жақсы көреді.

Өскенде мен ал, енді,

Аралаймын әлемді.

Сыйлық әкеп әжеме,

Таңғалдырам бар елді.

Өте жақсы көремін.

Өйткені мен әжемді.

7.Еркежан.

Мәпейлейсің мені анам,

Қолыңдағы құсыңдай

Құлпыра өсіп дем алам.

Құшағында қысылмай.

Жүргізуші:Әжелерімізбен бір ойын ойнайық.

Ортаға әжелерімізді шақырайық, немерелеріңізді қалай еркелетесіз. Гүл күлтешелерін басу арқылы айту керек.

Әже келеді.

Би: «Бабушки» (Бекзат, Ислам, Әли, Ернұр, Нұржігіт, Бейбарыс.)

Тақпақ : Бекзат, Ислам, Әли, Ернұр, Расул, Нұржігіт, Бейбарыс,Исатай.)

1.Бекзат.

Ай лайк зе уай ю лук

Ай лайк зе уей ю кук.

Ноу ай уант ту сэй

Хэппи мазэс дей

2.Ислам

Үн қатасың бал тілмен,

Еркелеймін әр күн мен.

Құттықтаймын анашым

Сегізінші наурызбен

3.Әли

Ананың біз гүліміз,

Ана-біздің күніміз.

Ұландарды қуантып,

Ұзақ өмір сүріңіз

4. Ернұр

Жамандықтан сақтандырып,

Жақсы ісімді мақтан қылып.

Ақ анамды мен әрқашан,

Жүрсем деймін шаттандырып.

5.Бейбарыс

Баланың да тірегі

Дананың да тірегі

Шаншымасын ешқашан

Аналардың жүрегі.

Жүргізуші:

Құтты болсын осы шаттық күніңіз,

Бақытты да ұзақ өмір сүріңіз.

Қуанышты жүзіңізбен әрдайым.

Бұл өмірде күліп қана жүріңіз.

Ән: «Сегодня мамин праздик»

Ата-аналар балаларының артына келіп тұрады.Балалар аналарына сыйлықтарын береді.

Жүргізуші:

Өмірге ана бұлақ ана пана,

Өмірді өркендетер ана ғана

Өсірген талай көсем, талай шешен.

Талай ер, талай ақын, талай дана.

Ана! Ол біздің елде ардақты адам

Кіші де, үлкен де оны ардақтаған.

Өзінің аяулысы –Отанына

«Ана» деп біздің халық текке айтпаған.

------

Асыл анам , абзал анам жан анам.

Нұрға толы жырға толы жан анам

Сен деп соғар алпыс екі тамырым,

Алыс кетсем сағынатын мен болам.

Жүргізуші: Құрметті аналар, әжелер, осымен өздеріңізге арналған «Аялайық ананы» атты

мерекелік ертеңгілігіміз аяқталды.Әрдайым көктем гүліндей құлпырып жайнап жүреберіңіздер. Көріп

тамашалағандарыңызға көп рахмет. Сау болыңыздар!






Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
0 ұстаз жүктеп алған
01.04.2019
699
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі