400 000+ дайын материалды
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар және авторлық материалдар
4 990₸/ 1 жыл
🔥Арнайы баға ·10.12.2026 дейін
Одан кейін - 29 990 ₸
Бір рет төлейсіз · Автотөлем жоқ
Тақырып бойынша 31 материал табылды

Ертеңгілік "Аяулы күз, алтын күз"

Материал туралы қысқаша түсінік
Мерекелік көңіл – күй орнату. Балаларға күз мезгілінің ерекшелігі туралы түсінік беру. Балаларды ән салуға, би билеуге, түрлі іс - әрекеттерге тарту, бейімділіктерін арттыру.
Материалдың қысқаша нұсқасы

Тақырыбы: « Аяулы күз,алтын күз»

Мақсаты: Мерекелік көңіл – күй орнату. Балаларға күз мезгілінің ерекшелігі туралы түсінік беру. Балаларды ән салуға, би билеуге, түрлі іс - әрекеттерге тарту, бейімділіктерін арттыру. Шығармашылық, ой - қиялдарының дамуына ықпал ету. Балаларды табиғатты қорғауға сүюге, аялауға қажырлы еңбек етуге тәрбиелеу

Көрнекіліктер: Зал іші Алтын күз мерекесіне байланысты әсемделген, жемістер толы себет, жапырақтар.

Кейіпкерлер:

Күз ханшайымы: Асқарова Іңкәр

Саңырауқұлақ: Сағатбекова Алуа

Сиқыршы: Тоқпаева Айтолқын.

Тәрбиеші: Ортаға «Ақбота» тобының бүлдіршіндерін қарсы алайық! Балалар әуен залына музыка әуенімен кіреді,балалардың қолдарында жапырақтар болады. Балалар қолдарындағы жапырақтармен ырғалып, орындарына отырады.

Тәрбиеші: Армысыздар құрметті ата-аналар, ұстаздар,кішкентай бүлдіршіндер! Бүгінгі «Ақбота» тобының дайындаған «Аяулы күз,алтын күз » ертеңгілігіне қош келдіңіздер! Ел байлығын арттырған берекелі де, мерекелі күз мерекесі құтты болсын! Сіздерге әрқашан осы күз мезгіліндегідей молшылық тілейміз! Олай болса, берекелі де ырысты алтын күз құрметіне арналған мерекемізді бастаймыз...

Тәрбиеші:

Келді міне алтын күз,

Сары шашты жарқын күз.

Мол өнімді ісімен,

Таңдандырып халқын күз.

Тәрбиеші:

Жиылған қауым, армысыздар бәріңіз, 

Келіп жетті алтын дәнді сары күз. 

Бірге болып қуанышта бәріңіз, 

Бізбен бірге шаттық әнін салыңыз. 

Тәрбиеші: Балалар бүгін біз қандай мерекені тойлап жатырмыз?

Балалар: Алтын күз мерекесі

Тәрбиеші: Олай болса балалар ,бүгінгі мерекеміздің басты қонағы күз ханшайымын қарсы алайық.

(Осы кезде музыка әуенімен күз ханшайымының орнына сиқыршы келеді.)

Сиқыршы: Сәлеметсіңдер ме балалар! Сендер алтын күз мерекесін тойлап жатырсыңдар ма? Сендердің күз ханшайымдарыңды мен сиқырлап тастадым. Ол сендердің мерекелеріңе келе алмайды. Сендер менің тапсырмаларымды орындасаңдар, мен сендерге күз ханшайымын қайтарам.

Тәрбиеші: Балалар біз күз ханшайымын қайтару үшін сиқыршының тапсырмасын орындауымыз керек. Сиқыршының тапсырмаларын орындауға көмектесесіңдер ме?

Балалар: Иә орындаймыз

Тәрбиеші: Сиқыршы,сенің бірінші тапсырман қандай?

1-тапсырма: Күз мерекесі туралы тақпақтар айтып беріндер!

Тәрбиеші: Сиқыршы, біздің балалар күз туралы тақпақтар біледі. Қанеки, Айназ, Айлин, Жібек, Нұрайым, Айзере ортаға келе қойыңдар.

Айназ

Қуандырып біздерді

Өлкемізге күз келді

Кел жемісті алтын күз

Кемелденсін халқымыз.


Айлин

Жайдарлы күз жарқын күз

Аяулы күз, алтын күз

Дәнге толы ен дала

Дариядай шалқар күз.

Жібек

Алтын сары,қызыл,көк

Алуан-алуан жапырақ

Күзгі бақта клімдеп

Көз тартады атырап

Нұрайым

Жапырақ ұшты

Суық та түсті

Сонда да бізге

Қызық көп күзде

Айзере

Дала сары секілді

Самал соқты салқындау

Қырмандарға үйілді

Алтын астық, алтын дән.

Тәрбиеші: Жарайсыңдар қыздар! Сиқыршы біз бірінші тапсырмаңды орындадық. Енді екінші тапсырмаңыз қандай?

Сиқыршы: Балалар сендер менің бірінші тапсырмамды оп-оңай орындап шықтыңдар ғой. Енді екінші тапсырмам қиын. Орындап көріңдерші.

2-тапсырма: Маған күз туралы ән айтып беріңдер!

Тәрбиеші: Сүйкімді бүлдіршіндеріміздің орындауында «Күз» әнін қабыл алыңыздар!

Күн суытты далада,

Бұлт жабады аспанда,

Жапырақтар сыбдырлап,

Жерге түсіп қалады

Сыбдыр-сыбдыр,сыбдыр-сыбдыр.

Күн суытты далада,

Бұлт жабады аспанда,

Жылы жақа қайтадан ,

Құстар ұшып барады

Қиқу-қиқу,қиқу-қиқу

Күн суытты далада,

Бұлт жабады аспанда,

Найзағайлар ойнақтап,

Сарт-сұрт етіп соғады

Сарт-сұрт ,сарт-сұрт ,сарт-сұрт

Күн суытты далада,

Бұлт жабады аспанда,

Бұлттар кеді тағыда,

Жаңбыр енді жауады.

Тәрбиеші: Жарайсыңдар балалар. Балалар сендер сиқыршының екінші тапсырмасында сүрінбей орындап шықтыңдар.

Сиқыршы: бәрекелді балалар, сендер әнді тамаша айтады екенсіңдер! Енді менің келесі тапсырмам сендермен ойын ойнау болсын. Ойынның аты «Тосап жабу».

Тәрбиеші: балалар сиқыршымен ойын ойнаймызба?

Балалар: Иа.

3-тапсырма: Ойын: «Жапырақ жинау»

Мақсаты: қызығушылықтарын арттырып,жылдамдылыққа,ұқыптылыққа үйрету.

Ойын шарты: екі бала шығады, музыка әуені қосылғанда, жерде жатқан жапырақтарды өз себеттеріне жинау керек

Тәрбиеші: Жарайсыңдар балалар, ойын ұнадыма сендерге! Олай болса Расул, Ақжан, Нұрислам, Айзара атты бүлдіршіндеріміздің де күз туралы тақпақтарын тыңдаңыздар.

Расул

Күзгі бақтар күлімдеп

Көз тартады жалтырап

Ақжан

Күн шуаққа маужырап,

Жатыр еді атырап,

Ағаштардан жапырақ

Ұшты кенет жапырақ

Нұрислам

Жер берді жемісті

Күз келді келісті

Айзара

Алтын күз, әсем айналам,

 Еліне береке сыйлаған

Сиқыршы: Бәрекелді балалар! Сендер менің тапсырмаларымды өте жақсы орындап келесіңдер. Сендерге соңғы тапсырмамды айтайын.

4тапсырма: Маған би билеп беріңдер!

Тәрбиеші: Ақбота тобының сүйкімді бүлдіршіндерінің орындауында «Күзгі вальс» биін қабыл алыңыздар!

Ортаға Айназ-Бекнұр, Нұрғиса-Ақжан, Зере-Нұрислам, Айзере-Айқын, Әдемі-Алинұр кел қойыңдар.

1.Шеңбемен жүру.

2.Жапырақты екі қолға ұстап шеңберге тұру.

3.Ұлдар ырғалып тұрады.

4.Қыздар орында тұрып айналады.

5.Қолтықтан ұстап айналады.

6.Ұлдар шеңберге кіреді. Тізерлеп отырып, қыздарға қарап отырып, саусақтарынан ұстап айналады.

7.Шеңбермен айналып, қатарға тұрып, ырғалады, жапырақты ұстап отырып иіледі.

Тәрбиеші: Сиқыршы, балаларымыз сіздің тапсырмаларынызды түгел орындады. Енді «Алтын күз» ханшайымымызды босатыңыз!

Сиқыршы: Жарайсыңдар балалар! Берген уәдемде тұрайын, «Күз ханшайымын» босатайын.

Сиқыршы: сендер менің тапсырмамды өте керемет орындадыңдар. Енді мен басқа балабақшаларды аралап көрейін. Сау болыңдар балалар!

Балалар: Сау болыңыз!

Тәрбиеші: (Осы кезде әдемі әуенмен күз ханшаймы келеді).Қолында жеміске толы себет, үсті толы сары жапырақ.

Күз ханшайымы: Армысыздар құрметті қонақтар,балалар. Мені сиқыршыдан құтқарғандарына рахмет!

Балалар: Сәлеметсіз бе,күз ханшайымы

Күз ханшайымы: Уа,халайық,дархан далам армысың.

Табиғатым,жаны жайсаң тал мүсін.

Ханшайымы күздің бүгін келіп тұр,

Алмақшы боп бар халқымның алғысын.

Тәрбиеші: Күз ханшайымы,сіз бізге қонақ болып, балаларымыздың өнерін тамашалаңыз. Балаларымыздың сізге арнап жаттаған өлең жолдарын қабыл алыңыз. Ортаға Іңкәр, Кәусар, Санжар, Айнара, Зере, Ануар шыға қойыңдар.

Іңкар

Ұшты талдан жапырақ

Сары көбелек секілді

Аспанда жай шатырлап

Тамшы жерде секірді

Кәусар

Жемісі мол теретін

Күз дос екен бізбенен

Бәрін тауып беретін

Жомарт екен күз деген

Санжар

Берекесін сыйлауға

Өлкемізге күз келді

Жемістерін жинауға

Шақырады біздерді

Айнара

Бұтағындай емініп

Күзде жеміс піседі

Сабағынан жел үзіп

Жерге топ-топ түседі.

Зере

Кездескен соң күзіммен

Бұтағынан үзілген

Ай жапырақ сары алтын

Айналанын бәрі алтын

Ануар

Қуандырып біздерді

Өлкемізге күз келді

Тәрбиеші: Күзде жиі жаңбыр жауады. Бірақ, біздің қыздар жаңбырдан қорқпайды.Өйткені оларда қолшатыр бар..

Тәрбиеші: сұлу қыздарымыздың «Қолшатыр» биін тамашалаңыздар.

Іңкәр, Кәусар, Айзара, Айлин, З.Дина, Айару, Дильяра ортаға келе қойыңдар.

Күз ханшайымы: Балалар сендердің тақпақтарын, билерің өте әдемі екен. Енді сендермен бір ойын ойнағым келіп тұр.

Ойын: «Кім жылдам»

Мақсаты:жылдамдыққа,шапшаңдыққа үйрету.

Шарты: Ұлдар бір себетке көкөністерді, қыздар екінші себетке жемістерді жинайды.

Күз ханшайымы: Жарайсыңдар балалар! Сендер өте жылдам екенсіңдер!

Осы кезде әуенмен саңырауқұлақ кіреді.

Саңырауқұлақ: Балалар, сәлеметсіздерме мен сендерге қонаққа келдім. Сендерге Күз ханшайымы келіпті ғой, қандай тамаша.

Балалар: Сәлеметсіз бе!

Тәрбиеші: Саңырауқұлақ қош келдіңіз мерекемізге. Сен мұнда не істеп жүрсің?

Саңырауқұлақ: Мен өзімнің кішкентай достарымды іздеп жүрмін.

Тәрбиеші: олай болса сен дәл келдің. Сенің достарың осында.

Саңырауқұлақ: О, алақай достарым! Сендерді көргеніме өте қуаныштымын. Олай болса барлығымыз бір би билеп алайықшы.

Тәрбиеші:Қабыл алыңыздар балаларымыздың «Саңырауқұлақтар» биі.

Ортаға: Нұрасыл, Асылхан, Ануар, Расул, Санжар, Нұртөре, Айнара, Б.Дина, Жібек.

1.Шеңбермен айналу

2.Шапкамен ұстап жатып , шапкамен басын қозғалту

3.Отырып шапкаларын ұстау

4.Орнында тұрып айналу. Шеңбермен жүру.

5.Екбетімен жатып басын қойып қайта тұру. Басын қозғалтып шығып кету.

Саңырауқұлақ: Балалар мен билеп шаршап кеттім, енді тақпақтарыңды тыңдасам болама?

Тәрбиеші: олай болса саңырауқұлақ балаларымыз саған тақпақтарын айтып берсін. Ортаға Диляра, Б.Дина, Айару, Нұрғиса, Әдемі, З.Дина, Төре шығады.

Диля

Біреу бидай ұшырып

Жатқан мезгіл күз екен

Алдым соны түсініп

Дина Б

Ой алақай тамаша

Шашу шашты жапырақ

Айару

Алтын сары кызыл, көк

Алуан-алуан жапырақ

Нұрғиса

Сарғайды тоғай

Сап сары маңай

Соңғы әнін айтып

Құс кетті қайтып

Әдемі

Берекесін сыйлауға

Өлкемізге күз келді

Жемістерін жинауға

Шақырады біздерді

Дина З

Келді міне күз,

Айнала сары түс.

Керемет, тамаша,

Қандай әсем күз.

Төре

Күз- байлық береке

Алтын күз мереке

Саңырауқұлақ: Бәрекелді балалар!

Күз ханшайымы: Балалар сендердің тағы қандай өнерлерің бар?

Тәрбиеші: Біздің балаларымыздың әдемі бір әні бар.Соны тыңдайық

Балаларымыздың орындауында «Жаңбыр» әні

Жаңбыр жауды тук-тук,

Тамшылайды көп-көп,

Серуендейік топ-топ,

Аспанымыз көк-көк.

Қолымда қолшатыр,

Қызыл, сары,көк ,жасыл.

Қорықпаймыз жаңбырдан,

Сен батыл да мен батыл.

Жаңбыр жауды тук-тук,

Тамшылайды көп-көп,

Өссін жерге шөп-шөп,

Жаушы жаңбыр төк-төк.

Саңырауқұлақ: Мен балалардың тақпақтарын тыңдадым, кишкентай достарыммен би де биледім, әндерін де тыңдадым. Барлығы керемет. Енди осында отырған ата-аналарға өзіммен бірге ойын алып келдім. Қане ойын ойнауға ортаға шықсаңыздар?

Ойынның аты:«Қолшатыр кімге тиеді» ойыны

Ойын шарты: қолшатырды шеңбер қылып жерге орналастыру, қолшатыр санынан артық адам ойынға шығады. Қолшатырды айналып билейді. Музыка тоқтағанда қолшатырды алып тұра қалады. Кімге қолшатыр тимейді сол ойынннан шығады. Қолшатыр саны да қысқартылады.

Саңырауқұлақ: Жарайсыздар,сіздер өте епті, жылдам, ойынды керемет ойнадыңыздар. Көп рахмет.

Тәрбиеші: осындай әдемі көңіл күймен балаларымыздың тақпақтарын қабыл алыңыздар. Ортаға Бекнұр, Айқын, Асылхан, Әлинұр, Ислам, Нұрасыл келе қойыңдар.

Бекнұр

Жетті желмен алтын күз

Жеміс жинау салтымыз

Жиіп,терііп болған соң

Той жасайды халқымыз

Айқын

Ой балалар, балалар

Қоғырқай күз болыпты

Қурап жапырақ солыпты

Ел егінін орыпты.

Асылхан

Алма пісіп, алмұрт түсіп,

Күзде бақтар жайнайды.

Құстар қайтып, қош айтысып

Қимас үнмен сайрайды.
Әлинұр

Көбейді құт береке

Астық толы қамбамыз

Құтты болсын мереке

Алтын күзге мың алғыс

Ислам С

Ақтарады мырза күз

Уылжыған жемісін

Күзге бізде ризамыз

Аянбаған ел үшін.

Нұрасыл

Сара ала тон жамылған

Күз атамыз секілді

Тәрбиеші: Күз ханшайымы,саңырауқұлақ біздің балаларымыздың өнері таусылар емес?

Біздің әдемі де сүйкімді,қылықты да еркетай қыздарымыздың сән үлгісін тамашалаңыздар!

(Қыздар ортаға шығып сән үлгісін көрсетеді)

Тәрбиеші: Күз ханшайымы,саңырауқұлақ біздің тәтті балақайларымыздың өнері ұнады ма?

Күз ханшайымы: Керемет! Қандай әдемі өлең,тақпақтар айтылды,билеріңде тамаша! Балалар, өкінішке орай менің басқа балабақша бүлдіршіндеріне баратын уақытым болыпты. Мына себеттегі алмалар сендерге балалар. Тәрбиеші апайларыңа беріп кетемін.Мен енді кетейін, келесі кездескенше сау болыңдар!

Саңырауқұлақ: Балалар менде күз ханшайымнан қалмай, кішкентай саңырауқұлақтарыма барайын. Сау болыңдар!

Балалар: Сау болыңыз!

Тәрбиеші:

Жайдары күз, жарқын күз,
Аяулы күз,алтын күз,
Дәнге толы кең далам
Дариядай шалқар күз

Дегендей «Ақбота» тобымыздың дайындалған мерекелік ертеңгілігіміз аяқталды.Бүгіңгі күз мерекесін жақсы тойладық.Әр отбасына бақ,береке әкелсің!

Осымен «Аяулы күз,алтын күз» атты ертеңгілігіміз аяқталды!Көріп тамашалағандарыңызға рахмет!

Құттықтау сөзімізді балабақшамыздың меңгерушісі Айнур Муратқызына беріледі.












































Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
0 ұстаз жүктеп алған
24 желтоқсан
402
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі