Аяулы күз,алтын
күз
Топ
іші мерекеге сай безендірілген.
Шарлар,жалаушалар ілінген. Балалар қол
ұстасып музыка әуенімен залға кіреді.
Жүргізуші:
Сәлеметсіздер ме, құрметті балалар,
ата-аналар, қонақтар және балабақша
ұжымы. Міне көптен күткен күз мезгілі
де келіп жетті. Бүгін ересек тобының
«Аяулы күз, алтын күз» атты ертеңгілігімізге
хош келдіңіздер!
Ән:
«Күзгі жапырақтар».
Жүргізуші:
Балалар қазір жылдың қай мезгілі?
Балалар:
Қазір жылдың күз мезгілі.
Жүргізуші:
Күз мезгілінде қанша ай бар?
Балалар:Күз
мезгілінде үш ай бар: қыркүйек,қазан,қараша.
Жүргізуші:
Күздің ерекшеліктерін айтып беріңдерші?
Балалар:
Күзде жаңбыр көп жауады,жапырақтар
сарғаяды. Құстар жылы жаққа ұшып кетеді.
Жеміс-жидектер,көкеністер піседі.Күн
суық болады.
Жүргізуші:
Енді балалар, ортамызға мерекеміздің
сәнін келтіретін Күз ханшайымын
шақырайық.
Ән:
Күз
Музыкамен
залға күз ханшайымы кіреді.
Күз
ханшайымы:
Армысыңдар
балалар,
Күзгі
бақтағы қонақтар.
Өздеріңізге
әкелдім
Күздің
сиын күз тартар.
Жүргізуші:
Күз ханшайымы,мына қолыңыздағы сыйлықтарды
балаларға берсек болама?
Күз
ханшайымы: Бұл сыйлығымды балалар еңбек
етіп алуы керек.
Жүргізуші:
Олай болса балалар, Күз ханшайымына
тақпақтарымызды айтып берейік.
Меруерт:
Ой,балалар,балалар,
Қоңырқай
күз болыпты,
Қурап
жапырақ солыпты,
Ел
егінін орыпты.
Ой,балалар
,балалар,
Ойналық
та күлелік,
Енді
оқуға кірелік.
Аруна:
Жайдары
күз,жарқын күз,
Аяулы
күз,алтын күз.
Дәнге
толы ен далам
Дариядай
шалқып жүр.
Мейірлі
күз,мырза күз,
Сыйлағаныңа
ырзамыз.
Аппақ
арай таңында
Шомыламыз
нұрза біз.
Күнді
көрсе,толғанар,
Бұллты
көрсе,шамданар,
Қыста
қазір жолатпа,
Тола
түссін қамбалар.
Көк
аспаның мөлдіреп,
Алтын
күзің елжіреп,
Асыр
салып жүре бер,
Сары
көйлегің желбіреп.
Қ.
Айша:
Алма
пісіп,алмұрт түсіп,
Күзде
бақтар жайнайды.
Құстар
қайтып, қош айтысып,
Қимас
үнмен сайрайды.
Кәусар:
Көктемде
егін егетін,
Күзде
жиып беретін
Біздің
дала-бай дала,
Алтын
астық айнала.
Ел
егінді жинайды,
Қырманға
дән сыймайды.
Біздің
дала бай дала,
Алтын
астық айнала.
Астық-дала
сәулеті,
Астық
–Отан дәулеті.
Біздің
дала бай дала,
Алтын
астық айнала.
Күз
ханшайымы: Ал енді балалар, менің сендерге
алып келген ойындарым бар.
Ойын:
Көкеністер мен жемістерді жинау.
Нұрсая:
Алтын
сары,қызыл көк
Алуан
алуан жапырақ.
Күзгі
бақта күлімдеп,
Көз
тартады жапырлап.
Ернұр:
Күннуаққа
маужырап,
Жатыр
еді атырап.
Ағаштардан
жамырап
Ұшты
кенет жапырақ.
І.Айша:
Әй
алақай, тамаша,
Шашу
шашты жапырақ.
Бақтың
іші алаша,
Аунар
ма еді жатып ап!...
Ертөлес:
Берекелі
мерекелі,
Келді
жомарт алтын күз.
Қалада
да, далада да,
Жанның
бәрі жарқын жүз.
Ән
: Домбыра
Ақбота:
Шаттық
жыры,
Астық
жыры,
Қырман
басы думанды.
Қарқынды
еңбек,
Әр
күн өрлеп,
ел
есіне сүйсінді.
Балақайлар,алақайлап,
Бақтық
іші нұрланды.
М
Тоғжан:
Жапырақтар
сарғайып,
Күн
бұлтты болады.
Жиі-жиі
жаңбыр жауып,
Құстар
қайтып барады
Айтыңдаршы
балалар
Бұл
қай кезде болады?
Мирас:
Берекесін
сыйлауға,
Өлкемізге
күз келді
Жемістерін
жинауға,
Шақырады
біздерді.
Ислам:
Жетті
желмен алтын күз,
Жеміс
жинау салтымыз.
Жиып
теріп болған соң,
Той
жасайды халқымыз.
Мол
өнімді жинаймыз,
Елдің
бәрін сыйлаймыз.
Нұрислам:
Ұшты
талдан жапырақ
Сары
көбелек секілді.
Аспанда
жай шатырлап,
Тамшы
жерге секірді.
Барын
беріп халыққа,
Жұмыстан
соң қалжырап,
Дала
ұқсайды алыпқа,
Дамыл
алған маужырап.
Жүргізуші:
Ой бәрекелді жарайсыңдар, балалар!
Би:Жапырақтар
Раяна:
Қайтқан
құсты көрдің бе,
Қаптай
ұшқан әуелеп.
Күткен
кұзім келдің бе,
Сыңсып
бағың мәуелеп.
Айару:
Қамба
толды астыққа
Алғыс
саған алтын күз!
Бір
уыс дән шаштық та,
Қап-қап
қауын алдық біз.
Әли:
Дәмі
аузыңнан кетпейді,
Қызыл
алма шырын бал.
Көктей
тісің өтпейді,
Піскен
кезде үзіп ал.
Жарқын.
Мен
маржандай шиемін,
Күн
сәулесін сүйемін.
Жемістерім
піскенде,
Жерге
басымды иемін.
Аянұр:
Дәнін
егіп қиярдың
Тыным
таппай суардым
Түйнектерін
көргенде
Бес
алғандай қуандым.
Т.Кәусар:
Жинап
досты бауырды
Ортаға
алып қауынды.
Жарып
ішіп қауынның,
Қарық
қылдық ауылды.
Айбар:
Қауыннан
да басқарақ,
Қарбыздан
да басқарақ,
Семіріпті
бақшада,
Қандай
болып асқабақ.
Азамат:
Қас
батырдай түйілген,
Тоғыз
сауыт киінген.
Аршимын
деп пиязды,
Жылап
шықтым үйімнен.
Еркеназ:
Аршығанда
бұрышты,
Абай
болған дұрысты.
Ашытады
көзіңді,
Жылатады
өзіңді.
Н.Тоғжан:
Түсті
алтын жапырақ,
Ағаштардан
үзіліп.
Ұшты
ұзақ сапарға,
тырналар
тізіліп.
Таңшолпан:
Көрінеді
шалғайдан,
Бел-белестер
сарғайған
Сары
жапырақ төгілген,
Тоғайдыда
көрдім мен.
Ән
: Ойыншықтар
Би:
Алма жинау
Ойын:
«Кім жылдам»
«Шалқан»
ертегісі
Шарты:
2 ата-ана,2 бала шығады. Бір шетте ағаштың
қаңқасы тұрады,ал оған ортада тұрған
себеттен балалар жапырақтарды
ата-аналарына апарып береді, ал ата-аналары
жапырақтарды ағашқа тізіп ілулері
керек. 1 минут ішінде, кім көп жапырақ
жинаса сол жеңіске жетеді.
Күз
ханшайымы: Ал, балалар, ата-аналар мен
сіздермен қоштасар сәтім келді.Менің
сіздерге деген сыйымды қабыл
алыңыздар.сендерге көп-көп рахмет
балалар, өте өнерлі екенсіңдер. Сау
болыңдар. (Үлкен себеттен балаларға
жемістерді сыйлайды).
Жүргізуші:
Міне, құрметті қонақтар,балалар «Аяулы
күз,алтын күз
мерекесіне
арналған ертеңгілігіміз аяқталды. Көріп
тамашалағандарыңызға рахмет.