Аяз атаның қызықты оқиғалары
Көңілді әуенмен музыка залына балалар кіріп, стул қасына тұрады.
Жүргізуші: Армысыздар, ардақты қонақтар және балалар! Барлығынызды келіп жатқан жаңа жыл мерекесімен шын жүректен құттықтаймыз!
ӘН:
Анель: Қызықтаңдар, сайраңдар,
Келді, міне сағындырып далама
Келді міне, Жаңа жыл аппақ болып
Ән салып, жұмбақ болып, тақпақ болып.
Назерке: Ақ сақалды таяқты
Қалың қырау қабақты
Аяз ата аямай
Бізге сыйлық таратты
Ойыншығы шекері
Орасан зор сияқты
Асылхан: Әдемілеп біз ілген
Ойыншықтар тізілген
Қандай жақсы шыршамыз
Ән салайық баршамыз
Гүлмерей:Ақшақарға малынып
Аппақ тонға жамылып
Сақалы мен мұртына
Күміс моншақ тағынып
Аяз ата келеді
Балаларды сағынып
Жүргізуші: Балалар шыршамызға қарайықшы, шыршамыздың шамы жанбай тұр, кәнекей барлығымыз шыршамызға жақсы сөздер айтайықшы.
Барлығы: Қандай жақсы шыршамыз!
(шырша жанбайды)
Барлығы: 1, 2, 3,! Шыршамыз жана түс!
(шыршаның шамдары жанады, бәрі шапалақтайды)
Жүргізуші: Өте жақсы балалар енді барлығымыз әдемі ән орындайық
Ән :«Жасыл шырша»
Жүргізуші: жаңа жылың құтты болсын
Мейірімді ата-анам
Шалқып шығып келе жатыр
Жаңа бір күн жотадан!
Шыршаның жанында бүгін
Ғажайыптар болып жатыр
Тыңдаңыздар балалар:
Біреу ән салып жатыр!
(залға Қаламас кіріп, әндетеді)
Қаламас:
Мен-Қаламаспын, мен-Қаламаспын,
Ештеңені де қаламаспын
Мені шақырудың қажеті жоқ
Себебі мен еш жерден қалмаспын!
Мен сиқырлаймын, мен бәрін бұзамын
Мейрам мүлдем болмайды
Ал кім қалайды, кім екен
Аяз атасыз Жаңа жылды!
Ой, мыналарға қараңдаршы, отырып алып, тойлап жатыр! Аяз атаны күтіп тұрсыздар ма? Ой, күлкім келіп барады! Ал, күтіндер, күтіндер!
Жүргізуші: Кешіріңіз, ал сіз кімсіз?
Қаламас:Түсінбейтіндерге қайталаймын, мен-ұлы да қасиетті сиқыршы Қаламаспын! Менің ойнағым, ән салғым және билегім келмейді! Мен Аяз атаны мүлдем сиқырлап тастадым! Оны Африкаға жібердім еріп кеткен шығар. Ал маған ешқандай мереке, хоровод та керек емес!
Жүргізуші: Иә, мұндайды қайдан көрдіңіздер, Аяз атаны сиқырлап тастапты дегенді естімеппін? Сіз сиқыршыға да ұқсамайсыз!
Қаламас: Ұқсамайды?! Мен бе!.. Мен!.. Тілектеріңізді тілеңіздер!
Жүргізуші: Қазір осы жерде көңілді бишілердің жиналғанын қалаймын!
Қаламас: Ешқандай қиындық жоқ?(алақанын уқалап қолын созып, шалбарын тартады)
Чорики-морики, Шыршам айнал! Көңілді бишілер осы жерге келе қал!
(Жүгіріп аборегендер шығады)
Қаламас: Ой, бишілеріміз де келді!
Жүргізуші: Бәрібір сенбейміз, сен Аяз атаны өзің сиқырладың ба?
Қаламас: Сенбесендер қойындар! Өздерінің Аязаталарыңды күтіндер ал мен сендердің мейрамдарында қала алмаймын. (мұрнын шүйіріп кетіп қалады)
Жүргізуші: Балалар еш уайымдамаңдар, кешті жалғастыра берейік біздің аяз атамыз келеді, сендерді алдамайды.Аяз атамыз келгенше тақпаққа кезек берейік:
Айару: Қарсы алып аяз атаны
Ән салайық балалар
Тыныш болсын бұл заман
Тату болсын адамдар
Исламбек: Жаңа жылды қарсы алдың
Мініп алып күймеге
Менде бүгін ән салдым
Араластым биге де
Нұржан: Кел достар бастайық
Бастайық жыл басын
Қызықтан бос қалып
Кей бала қалмасын
Аяна: Жасыл желек жамылған
Асыл моншақ тағынған
Міне сұлу шыршамыз
Көптен күтіп сағынған
Кел балалар келіңдер
Тамашаны көріңдер
«Ямайка» би музыкасы ойнайды, шолақ шалбар, футболка киіп, көзілдірік тағып алған басына жасанды шаш сақал киіп алған аяз ата кіреді. Банан жеп қолында қобдишасы бар, оның артынан жағажай креслосы мен ұшаққа алған билеті бар Қаламас кіреді.
Жүргізуші: Сәлем Аяз ата! Ал сенің сиқырлы таяқшанмен ішіне толған сыйлықтарың салынған қабың қайда? Ал пимасыз сенің аяғын тонбай ма? Біз сені көп күттік, Жаңа жылда келіп қалды емес пе...
Аяз ата1: Жаңа жыл туралы ештеңе білмеймін! Ешқандай сыйлық та, мереке де керек емес. Маған тәтем Африкаға билет сыйлады. Ақыры адам секілді демалатын болдым. (креслоға отырып көзін жұмып қиалдайды). Ах, Африка! Бұл қандай керемет: күн, теніз, жемістер, қызықты аборигендер... Сіздер олардың қалай ойнайтынын білмейсіздер. Барлық туристер осындай ойынды үйреніп алды... Ойынды балалар мен ата-аналармен, сендердің аналарыңмен ойнайын
Ойын:Әліппе
Шарты:Бәріміз сауаттымыз, дегенмен әліппені білемізбе?- дейді. Ойыншы «А» әрпінен бастап, әліппе бойынша ары қарай қысқа құттықтау тілектер айтады. Мысалы, А-Ақшақардай сұлу болайық. Ә- Әрбір үйге жаңа жыл қуаныш әкелсін
Б-Бақыт тілеймін. Ең күлкілі тіркес айтқан ойыншы жеңімпаз атанады
Жүргізуші: Ойын ойнап шаршап қалған болармыз, ендеше демалып ән орындайық.
Ән:
Жүргізуші: Не істесек екен, қалайша? Зұлымдықты қалай жеңеміз? Балалар, Аяз атаның түрін қалпына келтірейік! Аяз ата, тез есіңді жи! ( Аяз атаны сілкілейді)
Ол үшін балалар «Аяз атаны құрастыру» ойынын ойнайық мүмкін есін жияр және тақпақ айтып берейік!
Маржан: Жаңа жылда жаңаша
Тақпақтар айтамыз
Болсын риза балаша
Аяз ата оралып
Нұрдулат: Ақ қырауға малынған
Сақалы да мұрты да
Аяз ата сағынған
Сәлем берер жұртына
Айзере Айтөбел: әне, кәне келіңіздер
Бір би салып беріңіздер
Жаңа жылым басталды
Би билеңдер ән салып
Бейбарыс Аққанат: Жаңа жылмен, жаңа жылмен
Құттықтаймыз әрине
Папамызды, мамамызды
Қонақтардың бәрінде
Аяз ата1: Маған ешқандай қар мен шырша керек емес! (сағатына қарайды) Мен африкаға кешігемін, ұшағым екі сағаттан кейін ұшады, ал менің күн сәулесінен қорғайтын жақпа май сатып алуым керек.(жүгіріп кетеді)
Қаламас: Ал енді, менің нағыз сиқыршы екендігіме көздерің жетті ме! Ал менің сиқырым күшін жоюы үшін, мен бірнеше рет «Қалаймын» деп айтуым керек. Бірақ мен олай демеймін!
Жүргізуші: Ал біз сені мәжбүрлемейміз, егер бізбен ән айтқың келсе –өзің тұрасың.
Қаламас: Қаламаймын!
Жүргізуші: Қажеті де жоқ! Сенсіз көңіл көтереміз!
Ән:Шырша жыры
Қаламас: Эй, эй, Тоқтаңдар! Сендер қалай ән айтасыңдар? Менің үйренгім келеді! (тәрелкелер дыбысы шығады)
Жүргізуші: Ага! Міне , сен бірінші рет қалаймын дедің.
Қаламас: Мен байқамай қалдым? Енді мені алдай алмайсындар.
Жүргізуші: Қажеті де жоқ, жай біздің балаларымыз қармен ойнағанды ұнатады, егер қаласаң көре ғой...
Қаламас: Қаламаймын!
Ойын :«Тез жина»
Шарты:Ұлпақарларды аяқ ізімен тез жинау
Жүргізуші:Қаламас біз сені қазір тағы да таң қалдырамыз? Біздің балалар ағылшын, орыс, қазақ тілінде де Жаңа жыл туралы тақпақтар айта алады
Қаламас: Мені таң қалдырудың қажеті жоқ, менің ештене де тыңдағым келмейді! (құлағын жауып алады) балалар тақпақ айтып жатқан да, құлағын ашады.
Т.Назерке: Соңынан біз ерейік
Әнде салып берейік
Аяз ата қапшығын
Көтеріп келейік
Амина: Жаңа жыл, жаңа жыл
Жадырап бар бала жүр
Қызықтап жеткізер
Тамаша ғой жаңа жыл.
Н. Інжу: Дидарына нұр балқып
Өзі қандай сері еді
Домбырада күй тартып
Ән салыпта береді
Қаламас:Міне, қандай ғажап! Мен де осылай айтқанды қалаймын! (тәрелкелер дауысы шығады)
Жүргізуші: Міне, сен екінші рет Қалаймын дедің! Ал үйрету түк те қиын емес. Қаласан, біз саған тағыда тақпақ орындап берейік?
Қаламас: ҚА-ЛА-МАЙ-МЫН!
Тақпақ:
Дильнара: Қалып едік сағынып
Күтіп алдық жабылып
Жолын қойдық жарық қып
Шыршаларға шам іліп
Томирис: Вокруг елки хоровод
Огоньки на ветках
Славный праздник Новый год
Жаль бывает редко
Дастан: Шыршамызға расында
Таң қаламыз тұра қап
Ақшақардың қасында
Би билеу де рахат
Айзере Аққанат:Төгілген қар ұлпасы
Аппақ мамық қарашы
Қаңтар айы жыл басы
Он екі айдың ағасы
Мерей: Жылдың әнін бастайын
Аяз ата кеп қалды
Майысады жас қайың
Көтере алмай көп қарды
Қаламас: Тоқтандар, мен ойланып қалдым маған сендердің тақпақтарың ұнады
Жүргізуші: Міне, сен үшінші рет қалаймын дедің! Яғни, сенің сиқырыңның күші жойылды. Барлығы алақанды шапалақтайды. Ал олай болса қазір Аяз ата келуі тиіс. Балалар, енді оның келуін тездетейік: оны тату және көңілді түрде шақырайық.
Барлығы: Аяз атаны шақырады.
Аяз ата кіреді қолына билет ұстап, арқасына қап арқалап алған.
Аяз Ата2:Сәлеметсіңдер ме, балалар! Сәлеметсіңдер ме құрметті қонақтар! Сіздерді Жаңа жылдарынызбен құттықтаймын! Мен қалай Африкаға баратын ұшаққа кіргенімді білмеймін? Ол жақта күн ыстық қой, мен еріп кетер едім.
Жүргізуші:Аяз ата! Бұл сені қаламас сиқырлап тастады.
Аяз ата2: Қане, бері келші сұлуым! Африкаға менің орныма сен бара ғой! Крибле-крабле –бумс! Таяқпен тоқылдатады.
(қаламас түстік және дыбыстық эффектілермен фонында айналады да, қаппен бірге залдан ғайып болады)
Шеңберге бізді музыка шақырады, хороводқа тұрындар. Әнмен, бимен жаңа жылды бірге қарсы алайық!
Музыкалық ойын: Бим Бам Бом
Аяз ата2: Сендерге жасырамын балалар, өте қиын жұмбақты: Құлағымды, мұрнымды шымшиды, кім осылай әзілдейді?
Балалар: Аяз ата!
Аяз ата2:Балалар мен Африкада болғанда күн сондай ыстықтан еріп кете жаздадым. Қайта сіздердің қастарыңа келіп суынып келе жатырмын.
Жұргізуші:Олай болса қарды боратып Солтүстіктен келген бишілер бері келіңдер, көңілді би билеңдер, аяз аталарың суынуы керек.
Би: «Солтүстіктің ырғағы»
Ән:
Аяз ата2: Маған сендердің мерекелерің қатты ұнады. Балалар, мені құтқарғандарыңа көп рахмет. Сендерге алғысымды қалай білдіремін? Сендерге сыйлық берсем қайтеді? Бәріңді таң қылдырып, қолдарына сыйлық табыстағым келеді! Менің қабым қайда қалды екен?
Жүргізуші: Қызыл ма? Ұлпа қарларымен бе?
Аяз ата: Иә, иә. Барлықтарының сыйлықтарын сонын ішінде.
Жүргізуші : Ал оны қаламас өзімен бірге африкаға алып кетті ғой...
Музыка ойнайды қапты өзімен бірге сүйреп келе жатқан қаламас шығады, терлеп кеткен.
Қаламас: Уф, менің африкаға барғым келмейді! Ол жақ ыстық! Аяз ата мені ол жаққа енді жібермеші, мен саған іші сыйлыққа толы қапты да алып келдім! Мен енді бәрін қалаймын! Қапты ашады, іші толған банан. Ой! Мен тағы бәрін құрттым! Ішіне сыйлық салынған Жаңа жылдық қап Африкада қалып қойыпты. Мен тағы бәрін құрттым! Қазір әуежайға хабарласамын! Алло, әуежай? Маған Африкадағы қапты дереу әкеліп беріңіздерші. Қызыл қардың суреті бар! Ой, яғни іші сыйлыққа толы! Қайда алып келуі керек? Балалар өздеріңіздің мекен жайын айтып беріңдерші?
Балалар: Ақтөбе «Әлем» бөбекжай-балабақшасы
Қаламас: Болды! Сыйлықтар жақында келеді!
Қаламас кетіп қалады.
Ішіне толған сыйлықтар салынған Қапшықтың ішінен жылан шыға келеді.
Жүргізуші: Биылғы жыл балалар жылан жылы Қош келдіңіз жаңа жыл! Төрлетіңіз!
(Жылан сөйлейді)
Ойын «Жылан мен балалар»
Балалар енді бізге келіп жатырған жаңа жылымызға тақпақ айтып берейік:
Шаттық: Сақалы аппақ күмістей
Тістері аппақ күріштей
Қызыл ала шапаны
Сағындым Аяз атаны
Аят: Үй шатыры жатады
Мұздан сырға тағынып
Күттік Аяз атаны
Ақшақарды сағынып
Ағнұр: Жасыл желек жамылған
Асыл моншақ тағынған
Міне сұлу шыршамыз
Көптен күтіп сағынған
Алишер: Аппақ тонға оранып
Базарлықты мол алып
Келді алыс сапардан
Аяз ата оралып
Аяз ата2:Жыланға алғысын білдіреді, олар іші сыйлыққа толған қапшықты ашады. Балалар сендер өте өнерлі екенсіңдер, мен сендердің өнерлеріңе қатты қуандым. Сендердің қапшық толы сыйлықтарыңды тәрбиешілеріңе табыстаймын, сіздіерге бөліп береді.Рахмет балаларым, қош болыңдар!
Жүргізуші: Сау болыңыздар. Құрметті балалар мен ата-аналар Жаңа жыл барлығыңызға қуаныш әкелсін! Қош сау болыңыздар!
жүктеу мүмкіндігіне ие боласыз
Бұл материал сайт қолданушысы жариялаған. Материалдың ішінде жазылған барлық ақпаратқа жауапкершілікті жариялаған қолданушы жауап береді. Ұстаз тілегі тек ақпаратты таратуға қолдау көрсетеді. Егер материал сіздің авторлық құқығыңызды бұзған болса немесе басқа да себептермен сайттан өшіру керек деп ойласаңыз осында жазыңыз
Ертеңгілік "Аяз атаның қызықты оқиғалары" МАД тобы

шағым қалдыра аласыз