«Қош
келдің, Жаңа жыл!»
Мақсаты:
балалардың жаңа жыл мерекесі туралы
түсініктерін қалыптастыру. Мерекелік
көңіл-күй ортасын ұйымдастыру. Хормен
және жеке ән айту шеберліктерін арттыру.
Би қимылдарын қызығушылықпен, ырғақты
сақтай отыруға төселдіру.
Жүргізуші:
Армысыздар, құрметті ата-аналар,
әріптестер және балалар! Сіздерді келе
жатқан Жаңа жыл мерекесімен шын жүректен
құттықтаймыз!
Жаңа
жылға арналған «Қош келдің жаңа жыл!»
атты ертеңгілігімізді қабыл алыңыздар!
Тәрбиеші:
Қәне, қәне балалар, бәрің бермен қараңдар
шырша қандай әдемі.
Балалар,
Жаңа жылды қарсы алуға бәрің дайынсыңдар
ма?
Тәрбиеші:
Ой, балалар қараңдаршы бізге қонаққа
кімдер келген?
Көрініс:
«Аю мен Маша»
Үйдің
ішінде аю ұқтап жатады. Маша аюға жаңа
жыл келіп қалғанын айтып, ұйқысынан
оята алмай жүреді. Балалардан көмек
сұрайды.
Кәне
балалар бәрәміз қоянға көмектесіп осы
жаңа жыл мерекесіне арналған әнімізді
шырқайық. Мүмкін біздің көңілді
даусымыздан аю оянатын шығар.
Хоровод
Ән:
«Шырша
жыры»
Орманда
шырша туыпты,
Орманда
ол өсті.
Қыста
да, жазда да жасыл болып,
Жайқалып
құлпырды.
Жаңа
жыл мерекесіне,
Сәнденіп
ол келді.
Қуаныш,
бақыт шаттықты,
Бізге
ала келді.
Аю
ұйқысынан оянады.
Маша:
Алақай,
қоян досым жаңа жыл келді.
Қоян:
Маша қарашы балалар мерекеге өте сұлу
болып келіпті мен олармен қызықты
би-билегім келіп тұр.
Маша:
Балалар, сендер қоян мен бірге көңілді
би-билегелерің келе ме?
Би:
«Көжектер»
Аю:
Енді шырша тойын тойлауға кімдер келеді?
Маша
мен қоян: Аяз ата мен Ақшақар келеді.
Тәрбиеші:
Кәне, барлығымыз бірге Аяз ата мен
Ақшақарды шақырайық.
Бәрі
бірге, Аяз ата, Ақшақар деп дауыстап
шақырады.
Залға
әуенмен Аяз ата мен Ақшақар кіреді.
Аяз
ата:
Жаңа жылдарыңмен,
Жаңа
жылдарыңмен!
Балаларым,
балғындарым,
Өміргүлім,
шалғыным.
Тілегенім
жыл бойы,
Сендердің
денсаулығың,
Амансың
ба ұлдарым,
Аппақ
ару қыздарым.
Мен
сендерге әкелген,
Құтты
болсын жылдарың!
Балалар:
Сәлеметсіз бе, Аяз ата, Ақшақар.
Ақшақар:
Сәлеметсің дер ме, Өздеріңде аман-есенсіңдер
ме, менің балғын достарым.
Аяз
ата:
балаларым мын сендердің әсем шыршаларыңның
шамдары неге жанбай тұр.
Ақшақар:
Қәне бәріміз бірге шырша шамдарын
жандырайық
Бір,
екі, үш-жарқырап, жана түс –деп шырша
шамдарын жандырады.
Бізге
әзірлеген өнерлерің болса, көрсетіп,
әсем ән айтып, би-билеп беріңдер,
таңдайларың тақылдап тақпақ айтып
беріңдер. Аяз атаның сендерге сыйлықтар
бар.
Жүргізуші:
Кел
балалар, тақпақты,
Тақылдатып
айтайық.
Аяз
ата таң қалсын,
Сыйлық
алып қайтайық.
Н.
Жанель: Сәлем
бізден баршаға,
Құттықтаймыз
жар сала.
Бүгін
бізде жаңа жыл,
Қош
келіпсіз шыршаға.
Б.
Дамина:
Жасыл желек жамылған,
Асыл
моншақ тағылған.
Міне,
сұлу шыршамыз,
Көптен
күткен сағынған.
Б.
Амирхан:
Шыршаға бардық,
Әсем
ән салдық.
Аяз
атадан,
Сыйлықтар
алдық.
Л.
Артем:
Ах, какой хороший,
Добрый
Дед Мороз!
Елку
нам на праздник,
Из
лесу пинес.
Б.
Аяулым:
Келді міне, жаңа жыл!
Қарсы
алайық бәріміз.
Күліп
ойна, би-билеп,
Ән
салайық бәріміз.
Ақшақар:
Жарайсыңдар балалар
өнерлерің
өрге жүзсін.
Балалар,
мен сендерге бір қызықты ойын ала келдім.
Ойын ойнағыларың келеме?
Балалар:
әрине ойнағымыз келеді.
Ойын:
«Кім жылдам»
Жүргізуші:
Аяз ата сіз сонау алыс орманнан шаршап
келген боларсыз, сізге арнап біздің
кішкентай бүлдіршіндер би-билеп береді.
Келесі кезекте гномдар биі .
Би:
«Гномдар»
Аяз
ата:
Мен сендермен қызықты ойын ойнадым,
әуелетіп ән айттым,би-биледім.
Сендермен
уақыт өте қызықты тамаша өтті. Жарайсыңдар
балаларым, барлықтарың өнерлі екенсіңдер,
киген киімдерің қандай әдемі. Біздің
көңілімізді көтердіңдер. Ал енді
Ақшақар қызым маған көмектес. (Балаларға
сыйлық таратады). Енді біз жолға
шығайық. Қош сау болыңдар.
Жүргізуші:
Құрметті
қонақтар, жаңа жыл құтты болсын!
Отбасыларыңызға бақыт пен қуаныш
әкелсін дей отырып бүгінгі «Аулада
Жаңа Жыл» атты ертеңгілігімізді
аяқтаймыз. Қош сау болыңдар.