400 000+ дайын материалды
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар және авторлық материалдар
4 990₸/ 1 жыл
🔥Арнайы баға ·10.12.2026 дейін
Одан кейін - 29 990 ₸
Бір рет төлейсіз · Автотөлем жоқ
Тақырып бойынша 11 материал табылды

Ертеңгілік бағдарлама "Берекелі алтын күз" мектепалды даярлық сынып

Материал туралы қысқаша түсінік
Мектепалды даярлық сынып мұғалімдері осы жариялап отырған материалымның бір әдісін болсада пайдалана алады.Ертеңгілік бағдарламасының жақсы өтуіне аз болсада септігін тигізеді деген ойдамын.
Материалдың қысқаша нұсқасы

«Берекелі алтын күз» ертеңгілік 27.10.2016ж Мақсаты: 1)Алтын күз мерекесін өткізу 2)Күз туралы түсініктерін кеңейту. 3)Табиғатты қорғауға тәрбиелеу. Көрнекілігі: Алтын күз жазуы бар қағаз,жапырақтар,әртүрлі суреттер,үнтаспа,слайд т.б.  Мұғалім: Армысыздар ағайын! Сәлеметсіздерме,қадірлі қонақтар және бүлдіршіндер! Бүгін біздің жыл мезгіліндегі ең тамаша - «Берекелі алтын күз» атты ертеңгілігімізге қош келдіңіздер! 
Мұғалім: Қарсы алайық бәріміз, 
Жасымыз бен кәріміз. 
Қырдан кепті қыдырып, 
Алтын күз бізге нұр төгіп. 
Тілегім-аман болсын ел іргесі, 
Алтын күз қайта келді берекесі. 
Молшылықтың жаршысы бола білді, 
Алтын күз -ырыс,береке,бірлік ала келді. 
Мұғалім: Ал, балалар,балалар, 
Енді бері қараңдар 
Бізге қонақ келмекші 
Сендерді бір көрмекші 
Әуелі жұмбақ жасырам 
Қулығымды асырам. 
Таба алсаңдар шешімін 
Қонағымды ортаға шақырамын. 
«Көк майсалы көрікті, алқаптағы көп егін 
Бұл күндері киіпті, сары жібек көйлегін»-Бұл не ,балақайлар? (Күз) 
Енді ортаға қонағымызды шақырамын Күз ханшайымы.
II.Күз ханшайымы: Сәлем менің достарым, 
Өмірге көп қосқаным, Күз сыйлығын алыңдар 
Сыйлығына қаныңдар. 
Молшылыққа кенеліп, Шаттық әнге салыңдар.
Күз ханшайымы: - Рахмет, балалар. Бүгінгі мерекеге өзімнің Қыркүйек, Қазан, Қараша атты ұлдарымды ертіп алып келдім. Ендігі кезекті ұлдарыма берейік.  1. Бірінші қыркүйек,білімге бастады Мал мен аң жүр билеп,құс шарлап аспанды. Бейбарыс Қыркүйек 2.Қазан айы болыпты,қамбаға астық толыпты Сары даланы сәндетіп,думандатып әндетіп. Мұхамедқанапия Қазан 3. Күн суытып барады,малдар қолға қарады Қараша ауыл даламыз,қысқа дайын боламыз. Әділет Қараша III.Мұғалім: Мен қазақ қыздарына қайран қалам, Дауыстары бұлбұлдай сайраңдаған. Кезегімізді әнге берейік Ұбайділла Жансаяның орындауында «Мен қазақтың қызымын» әнін қабыл алыңыздар! IV.Мұғалім:Әсем әуен салдырған Сәбилерде алғыр жан Бал дәуреннің қызығын Есте қалар балдырған. Кезегімізді өлең шумақтарға берейік. : Күзде өздері пісетін, тамаққа кеп түсетін, 
Мақтанбақшы сіздерге, жемістер, көкөністер сан түрлі. 
Ортаға жемістер мен көкөністер, өздері туралы тақпақтар оқиды. 
4. Кім бар сәбіз шырынын Шахизат Жастайынан ішпеген? Мені жеген адамдар, Кем болмайды күшке де! 5.Мен жүзіммін,жүзіммін Бақберген Моншақ болып тізілдім. 6.Мен өрікпін,өрікпін Айбын Бау-бақшаға көрікпін. 7.Мен шиемін,шиемін, Дінмұхаммед Күннің көзін сүйемін. Қышқыл шырын менде бар. Төмен басты иемін. 8.Теңбіл-теңбіл қарбызды, Нұртас Тентек Серік жарғызды. 9.Піскен кезде қызанақ, Дәулет Көз тартар қызыл түсімен. Барма адам сүйсінбей, Томат шырынын ішпеген . 10.Мен алмұртпын алмұртпын Аяулым Аузындамын бар жұрттың.
11.Мен алмамын,алмамын. Нұржан Таңдай жұлар бар дәмім. 12.Кім білмейді шалқанды, Сұңғат Талайлар маған таң қалды. 13.Боламын мен дәмдеуіш Амина Барлық, барлық тағамға Көкөністер ішінен, Мен пайдалы адамға. 14.Бұршақ!.Кішкене түймедеймін мен, Гүлсезім Ұнаймын мен бәріне! Дәмді тағамдарыммен Сый жасаймын бәріңе!
15 Қияр!.Дәмім тілді үйірген, Б.Каусар Менің тұздалған күйімде Жаңа піскен кезімде Жейді бәрі сүйсіне. 16. Сәбіз!.Жер бетінде шашы бар, Ақзиада Жер астында басы бар 17. Картоп біздің атымыз 
Жер астында жатырмыз  Сезім
Бір тамырдан тараған, 
Ағайынбыз бәріміз.  18.Жапырақты тасалап  Елдар
Өсетін жері бақша-бақ 
Күрең қызыл шіркін-ай
Менің атым құлпынай. 
Бәрекелді Рахмет балалар!Біз қандай жемістер мен көкөністердің бар екенін және олардың дәмінің қандай болатынын біліп алдық. Енді біз шатаспайтын боламыз.
V.Көрме.Күз мезгілінде пісетін жеміс-жидектерден жасалған көрмемізді тамашалаңыздар VI. « Күзгі вальс» биі 0 «Е» тобының оқушыларын қарсы алыңыздар! VII .Мұғалім:Сыңғырлаған даусыменен ерітеді жаныңды, Біздің топта күміс көмей бір әнші қыз табылды! алдарыңызда Төлеген Кәусардың орындауында «Жалқаубек» әнін қабыл алыңыздар! 

VIII.Менің мектептегі алғашқы қызықты сәттерімнен естелік! Слайдқа назар аударыңыздар!
IX.Мұғалім:Жемісі мол теретін жомарт екен күз деген, Бәрін тауып беретін күз дос екен бізбенен!Балалардың күз кереметіне арнаған тақпақтарын ұсынады.

19.Алтын нұрдай тамшылап, жапырақтар төгілді. 
Біздің өмір таң шуақ, біздің өмір көңілді Айым
20. Күздің қазан айында, алма,алмұрт піседі 
Жапырақтар сарғайып, сыбдыр- сыбдыр етеді, Көркем 
21. Сарғайды тоғай, сап-сары маңай 
Соңғы әнін айтып, құс кетті қайтып Ж.Жансая 22. Күн суытып келеді, жапырақтар түседі. 
Астық-жеміс жиылды,қамбамызға құйылды. Іңкар 23. Жаздай күткен бәріміз, Сары алтын,сары күз,  Ғизат
Алтын ұя мектепте, сабақ бастар шағымыз.

IX.Екіге бір ойыны.Ойын шарты:Ойынды ата-аналар ойнауы керек.Екі адамға бір шар беріледі бір-біріне теріс қарап тұрып жару керек.

X.Би.Алдарыңызда сондай ақылды,сондай биші балалардан құралған «Күзгі бейне» биін тамашалаңыздар.

XI.Мұғалім: Балалар, қонақтар біздің күз мерекесіне арналған «Берекелі алтын күз»атты ертеңгілігіміз аяқталды.Келесі мерекеге дейін сау болыңыздар!









.








Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
0 ұстаз жүктеп алған
18 желтоқсан
1071
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі