Ертеңгілік балабақша

Тақырып бойынша 11 материал табылды

Ертеңгілік балабақша

Материал туралы қысқаша түсінік
22 наурыз- Жаңа жыл басы Наурыз мейрамын балаларға түсіндіру. Жаңа жылда- жаңа жаңалықтар күтіп, үмітпен қарайды.
Материалдың қысқаша нұсқасы

«Еркам-ай» бөбекжай бақшасы









«Қош келдің, Наурыз»
Тақырыптық оқу қызметі

1 «Тәй-Тәй» ерте жас тобы



Тәрбиешілер: Күмісова Айымгүл Болатқызы
Төлеген Алтынгүл Ерсайынқызы







Құлсары қаласы 2020-2021 оқу жылы

«Қош келдің,Наурыз»
Тақырыптық оқу қызметі.

Жүргізуші: Наурыз мейрам жүректерге нұр сепкен,

Маңдайымнан сүйіп жатыр күн көктем.

Жарығыңмен, шуағыңмен Күн-Ана,

Алып келдің жер бетіне гүл көктем.


Құрметті қонақтар, балалар, Наурыз мейрамы құтты болсын! Сіздерге денсаулық, бақыт тілейміз, ақ мол болсын! Олай болса бүгінгі наурыз мерекесіне арналған «Қош келдің, Наурыз» тақырыптық оқу қызметін бастаймыз. Бүгінгі «Қош келдің, әз Наурыз!» атты мерекелік думанымызды ашып беру үшін сөз кезегі «Еркем-ай» бөбекжай бақшасының меңгерушісі Дәрібаева Айсулу Жұмабайқызына беріледі.


Ән: «КӨКТЕМ КЕЛДІ»


Жүргізуші: Наурыз - Ұлыстың Ұлы күні. Наурыз жыл басы. Бұл күн, күн мен түн теңесіп, табиғат ананың оянып, жер көгеріп, төрт түлік төлдеп, ақ құйылып, дүние әлемінің жаңарып, жайнаған кезі.

-Балалар бізде Ұлыстың Ұлы күні ақ бата алып, шашу шашатын кім екенін білесіңдер ме?


Балалар:Қыдыр Ата!Наурыз Әже!


Жүргізуші: Ендіше ортаға ақ батасын беруге Қыдыр атамызды шашуын шашуға Наурыз әжемізді шақырайық!


ҚЫДЫР АТА:

Сұрасаң бата берейін,

Үстем болсын мерейің

Ықыласпен қол жайсаң,

Ақ тілекті төгейін

Ұлыс оң болсын

Ақ мол болсын

Қайда барсаң жол болсын!

Ұлыс бақты болсын,

Төрт түлік ақты болсын!Әумин!


НАУРЫЗ ӘЖЕ:

«Наурыз келсе,құт келгені,халайық!»

Есік ашып,шашу шашып,

Ел боп қарсы алайық (отырған қонақтарға шашу шашу)


Жүргізуші: Қыдыр ата! Наурыз Әже! Ортаға жайғасындар бүгін біздің «Еркем-ай»

Бөбекжай бақшасында үлкен той болғалы жатыр бізбен бірге тойлатыңыздар!


Қыдыр ата: Жарайды құрметтеп бізді төрге шақырсаңдар ешқандай қарсылығымыз жоқ.(Ортаға барып отырады)


Жүргізуші: Қыдыр ата, Наурыз әже біздің балалар сіздерге арналған жаттаулары бар. Соны тамашалаңыздар.


Жаттау


Наурыз келді сан құрып Сафия
Жасарып жаңғырып


Наурыз – бұл мереке
Құтты болсын береке Файзулла


Наурыз келді алақай,
Кел билейік балақай. Мунира


Қыдыр ата: Жәрайсыңдар балалар. Қандай өнерлі балалар едіңдер!


Жүргізуші: Бауырласқа тәнтіміз,

Бұзылмаған салтымыз.

Кен даламыздың ежелгі,

Қазақ деген халқымыз

Өзге ұлттай бізде де,

Бар дәстүр мен салтымыз


Кішкентай бала қолында қамшы бар “Сүйінші, сүйінші” сәби дүниеге келді.


Қыдыр Ата: Сәбилерің құтты болсын! Баланың бауы берік болсын! Кішкентай сәбиді әкеліңдер азан шақырып атын қояйық.


Әже: Құндақталған сәбиді алып келеді!


Қыдыр Ата: Сен наурыз мерекесі күні дүниеге келгесін  сенің атыңды Наурызбай қоямыз деп Сенің атың “Наурызбай” Сенің атың “Наурызбай” Сенің атың “Наурызбай” үш рет құлағына айқайлайды.


Наурыз Әже: Енді дүниеге келген сәбиді бесікке салайық! Балалар, бесікке салу үшін Бесік, қолбау, аяқбау, шүмек, көрпе, көпшік . Бесік - қасиетті мүлік. Бесікті аластап, тыштырма жасап, баланы бесікке бөлейді. Бәле-жаладан сақтасын деп, ырымдап, оған тұмар тағып қояды.


Әже: Баланы туылғанына қырық күн толғанда қырқынан шығарады. Қырық қасық суға түсіріп, ит көйлегіне тәттіні түйіп, оны иттің мойынына байлап жібереді. Балалар итті қуып жетіп, тәттіні бөліп жейді. Ит көйлек – нәрестенің алғашқы көйлегі.


Халқымыз «Астыңдағы атыңнан құласаң да, ұлтыңның салтынан құлама» деген, ұлттық салт - дәстүрлерімізге кезек берсек.

Наурыз мерекесінде салт - дәстүрлер жаңғыратынын жақсы білесіз. Сондықтан да біздің мерекеге келіп отырған қонақтармыз «БЕСІККЕ САЛУ» дәстүрін көрсетпекші. Соны тамашалайық.


Жүргізуші: Дәстүрімізге айналған Ұлыстың Ұлы күні - Наурыз құтты болсын!

Күлімдеген шуақты көктеммен бірге қазақ даласына жер әлемді жайнатып, әнші құстарды сайратып, Наурыз тойын тойлатып Жаңа Жыл келді.(Ендіше,балалардың наурызға арналған тақпақтарын тыңдаңыздар.)


Жаттау

Наурыз келдi елiме, Ақторғын
Наурыз келдi жерiме.


Наурыз тойым, Наурыз тойым. Думан
Құтты болсың халайық!


Наурыз тойы — тамаша,
Наурыз тойы — жаңаша. Аяла


Наурыз әже: Бәрекелді балалар! Өнерлі балалар екенсіңдер.


Жүргізуші: Таң шапағын қарсы алып Наурызда

Құт-береке тілейміз баршаңызға

Ұлыстың ұлы күнін қарсы алайық

Шат көңілмен бәріміз ән салайық.


Қыдыр ата: Балалар сендердің өнерлеріңді тамашалап, көзайым болдым. Осындай мейрам сыйлағандарыңа рахмет балапандарым. Ұлдарым мен қыздарым біздердің кететін уақытымыз болды. Сендер сияқты басқа да балабақшадағы балалардың өнерлерін тамашалаумыз керек. Бірақ келесі жылы тағы да сендермен қауышамыз. Сау болыңдар немерелерім!


Жүргізуші: Құрметті қонақтар, балалар! Осымен бүгінгі тақырыпты оқу қызметі аяқталды,келгендеріңізге көп рахмет.Сау болыңыздар!




Жүктеу
bolisu
Бөлісу
ЖИ арқылы жасау
Файл форматы:
docx
17.12.2021
493
Жүктеу
ЖИ арқылы жасау
Бұл материалды қолданушы жариялаған. Ustaz Tilegi ақпаратты жеткізуші ғана болып табылады. Жарияланған материалдың мазмұны мен авторлық құқық толықтай автордың жауапкершілігінде. Егер материал авторлық құқықты бұзады немесе сайттан алынуы тиіс деп есептесеңіз,
шағым қалдыра аласыз
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Министірлікпен келісілген курстар тізімі