жүктеу мүмкіндігіне ие боласыз
Бұл материал сайт қолданушысы жариялаған. Материалдың ішінде жазылған барлық ақпаратқа жауапкершілікті жариялаған қолданушы жауап береді. Ұстаз тілегі тек ақпаратты таратуға қолдау көрсетеді. Егер материал сіздің авторлық құқығыңызды бұзған болса немесе басқа да себептермен сайттан өшіру керек деп ойласаңыз осында жазыңыз
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
Ертеңгілік балабақшада Алтын күз
«Алтын күз»
Мақсаты:
Күз мезгілінің ерекшеліктері туралы, білімдерін бекіту. Табиғат әсемділігін эстетикалық түрде сезіну.
Күз көрінісін ән, би, ойын арқылы сипаттау. Жұмбақ, өлең арқылы байланыстыра сөйлеу дағдыларын дамыту.
Табиғатқа сүйіспеншілігін тәрбиелеу, қорғау, аялау сезімдерін қалыптастыру.
Залды безендіру: сахнаның ортасында жапырақтар тігілген түрлі түсті маталар, шарлар, залға ілінген күзгі жапырақтар.
Көрнекіліктер: жемістер, көкөністер муляжы
Кейіпкерлер: Күз аруы, Сәбіз бөбегі, Алмұрт ата
Балалар музыка әуенімен залға кіреді.
Жүргізуші: Сары жібек көйлегін желбіретіп,
жапырағын ағаштың селдіретіп
Тойға бөлеп елімді күзім келді.
Нұр тамшысын аспанның мөлдіретіп.
Құрметті ата-аналар,әріптестер табиғатымыздың бізге берер байлығы мен берекесін сыйлайтын сары алтын күзіміз келді.Алтын күз мерекесі құтты болсын демекпіз, жылдың қай мезгілін алсақта табиғатты сүйіп, оны аялап күту әрбір адамның міндеті, өйткені бізді қоршаған табиғат аман болса, біз де әрқашан көңілдіміз.
Ән: «Алтын күз»
Музыка әуенімен Күз аруы кіреді.
Күз аруы: Ой, балалар, балалар,
Қоңырқай күз болыпты.
Қурап жапырақ солыпты.
Ел егінін орыпты.
Алма, өрік, шиелер,
Себеттерге толыпты.
Сәлеметсіңдер ме, балалар! Сіздердің бала бақшаларыңызға да күз келіпті. Менің көйлегімнен ұшқан қызыл, сары жапырақтар сіздердің залдарыңызға қоныпты.
Жүргізуші: Иә, Күз Аруы, сіз біздің «Алтын күз» мерекемізге қош келдіңіз!
Күз аруы: Балалар, сендер айтып беріңдерші біздің жақсы көретін күз мезгілінде қандай ерекшеліктері бар?
Балалардың жауаптары:
Күз аруы: Балалар, менің сүйікті мезгілім туралы білімдеріңіз өте жақсы екен.
Қайың, терек басынан,
Қызыл, сары жапырақ.
Жерге түсіп шашылған,
Жел үрлесе қалықтап.
Күз Аруы: Біздің балалар, күзгі өлкемізді әсемдейтін менің жапырақтарым сіздерге би билесін.
Би: «Қолшатыр биі»
Жүргізуші: Күз аруы, сіздің құрметіңізге балалар басқа да өнерлерін алып келді, тамашалаңыз.
Тақпақтар:
З.Айбатыр : М.Исламбек
Думан толы асқарлы
Күз мезгілі басталды
Күз әуені кеп жетті
Әнге бөлеп жастарды
Нұрға бөлеп өмірді
Жырға бөлеп көңілді
Жарқыраған сәулелі
Күз әуені төгілді
И.Нұрәлі: Е.Жанарыс
Жұлдыз туып таң алды Жеміс мол теретін
Әнге орап ғаламды Күз дос екен бізбенен
Сазды әуен шаттыққа Бәрін тауып беретін
Бөледі бар адамды Жомарт екен күз деген
Б.Айзере: Р.Нұрмұхаммед
Әуенге еріп сиқырлы Таталады табанға
Айтылды ән боп сыр қилы Судыр-судыр жапырақ
Күзгі әуен жастардың Өрттей сары бояуға
Жүрегіне Нұр құйды Малынғандай атырап
Нұрға бөлеп өмірді
Жырға бөлеп көңілді
Жарқыраған сәулелі
Күз әуені төгілді
С.Нұртас:
Шөп сарағйып
Ағаш қурап
Гүлдер де солады
Жаңбыр жауып жел соғады
Бұзылады табиғат
Нариман:
Сап-сары маңай
Сап-сары тоғай
Соңғы әнән айтып
Құс кетті қайтып
Ән: «Урожай собирай»
Музыка әуенімен Алмұрт ата мен Сәбіз бөбегі бір-бірімен дауласып музыка залына кіреді.
Сәбіз: Мен тәттімін!
Алмұрт: Жоқ, мен тәттімін дедім ғой!
Ару Күз: Сендерге не болған, достар! Бір-бірлеріңмен таласа бермей, балалардан сұрап көріңдер.
Алмұрт: Балалар, сәбізге айтыңдаршы мен тәттімін ғой!
Сәбіз: Сен тәттілеу болсаң, менің дәрумендерім көбірек!
Күз аруы: Онда балалардан сұрайық. Сәбіз бен Алмұрттың қандай пайдасы бар?
Балалардың жауаптары:
Жүргізуші: Сендер енді келісесіңдер ғой балалардың жауаптарымен? Екеулеріңіз де пайдалы, тәтті екенсіздер!
Алмұрт Тіл үйірген алмұртпын
Таңсығымын бар жұрттың
Жақсы өсіре алмайды.
Қараса егер салғырт кім
Сәбіз Көкөніс бұл қалаулы,
Жасамас менсіз палауды.
Күз аруы: Балалар, мен сендерге қызықты ойын даярладым. Алмұрттың достары кім? (балалар жемістерді атайды) Сәбіздің достары кім? (балалар көкөністерді атайды)
Ойын: «Көкөніс пен жеміс»
Жүргізуіші: Жемісі мол теретін
Күз дос екен бізбенен,
Бәрін тауып беретін
Жомарт екен күз деген
Ән: «Алтын күз»
Тақпақтар:
Ж.Нұрәли:
Қарашы күз келді күз келді
Жапырақ жауыпты іздерді
Құс біткен керуен тізеді
Қара бұлт қабағын түйеді
Е.Бекарыс:
Алтын,сары,қызы,көк
Алуан алуан жапырақ
Күзгі бақта күлімдеп
Көз тартады атырап
О.Анель:
Мен шиемін, шиемін,
Күннің көзін сүйемін.
Қышқыл шырын менде бар,
Төмен басты иемін.
Әдемі:
Күзде жауын бұлт тұман
Сары жапырақ жауады?
Сары құйын ұиытқан
Сапырады ауаны
Би: «Күзгі қиял»
Ару Күз :Ой керемет биледіңдер балалар.
Алмұрт, Сәбіз: Балалар, сендер көкөніс пен жемістерді талғамай көп жеңдер, сонда қыс мезгілінде ауырмайсыңдар. Бірақ, барлығын жуып жеңдер. Ал енді сендердің өнерлеріңе көп рахмет! Біз басқа балабақшалардың балаларының өнерлерін көріп келейік. Сау болыңдар.
Жүргізуші: Сау болыңдар, достар!
Жүргізуші: Балалар, «Алтын күз» мерекесі осымен аяқталып келеді,осындай тәтті балаларымызға тәтті қызымыз Каусар керемет ән арнасын.
Келесі кезекте сұлу қыздарымыздың күзгі сән үлгісін қарсы алайық.
Ән: «Тәтті қыз»
Жомарт күз бізге тобымызға сыйлық тастап кетіпті, соны алайық. Өнерлеріңе рахмет!

Бұл курс Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігімен келісілген