400 000+ дайын материалды
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар және авторлық материалдар
4 990₸/ 1 жыл
🔥Арнайы баға ·10.12.2026 дейін
Одан кейін - 29 990 ₸
Бір рет төлейсіз · Автотөлем жоқ
Тақырып бойынша 31 материал табылды

Ертеңгілік. Бақытты балалық шақ

Материал туралы қысқаша түсінік
Бұл материал тәрбиешілер балалар күніне орай ертеңгілік өткізген кезде пайдалануға болады
Материалдың қысқаша нұсқасы

Бақытты балалық шақ.

Гүлмен келсін келер күн

Бала бағы бар елдің

Балалардың күлкісі

Көркі сәні әлемнің

Сәлеметсіздер ме ата аналар, әріптестер және кішкентай балақайлар.Халықаралық балаларды қорғау күні құтты болсын.Періштедей пәк көңілді балаларымыз аман есен,дені сау,білімдіде білгір саналы болашақ еліміздің жоғары мәртебелі,дәулетті де сәулетті азаматтары болсын дей отырып сөз кезегін балабақша әдіскері Исмайлова Ғазиза Әбдіразаққызына береміз.ызды т

Күлімде,күн күлімде

Жер жасарып,көгерсін

Жаз келді деп қуанып

Шаттанады бүлдіршін

Балалар жаз мезгілінің үш айы бізге қонаққа келіпті.Саламатсың ба жайдарлы жаз айы.

Шуақтарыңызды шашып,нұрларыңызды төге беріңіздер.

Аяулым. Туды мамырдан соң маусым айы,

Жаз шығып жайланады малшы жайы.

Аспанның ашылғанда қас қабағы,

Жер жерде қауырт жұмыс басталады.

Сабина. Шыжғырған ыстығынын шілдедегі,

Дүние сән базары түрге енді.

Әр үйдің бақшасы бар басыбайлы

Көз қуантып,көңілді өсіреді.

Нұриддин.Табаның тіреледі тамырға кеп

Өткенге таңырқайсың аңыз ба деп.

Бұл айда жомарт жаздың соңы дейсің.

Не ексең соны орасың,соны жейсің.

Рахмет жаз айлары бізбен бірге отырып өнерімізді тамашалаңыздар.

Балалар жаз айларында табиғат қандай құбылысқа енеді.

Балалар:к үн ысиды,гүлдер өседі,көбелектер ұшады.Ағаштар жемісін береді.

Дұрыс айтасыңдар,балалар.Көбелектердің түсі қандай?

Балалар:Қызыл,сары,көк,жасыл,ақ

Олай болса «Балдырған»тобының көбелектерін шақырайық.Бізге би билеп берсін.

Көбелектерді қуалап қоян келеді.

Қоян ау көбелектерді неге қуалап жүрсін?

Қоян:олар өте әдемі,ұстап алып үйіме іліп қоямын.

Балалар, айтыңдаршы көбелектерді ренжітуге бола ма?

Балалар:жоқ болмайды.

Қоян: ендеше,гүлдерді жұлып алып ,иіскейнші.

Гүлдердіде жұлуға болмайды.Қоянжан сен отырып балалардың әнің тыңда.

«Балдырған»тобының орындауында .Ән «Жау жау жаңбыр»

Қоян:жарайды ,жарайды мен гүлдерді жұлмауға,көбелектерді қумауға уәде беремін.Бірақ бір шартым бар,жақсылап бір билейікші балалармен. «Балауса» тобының қыздары Гүлдер биі.

Рахмет сендерге гүлдер ,қоянның көңілін көтеріп тастадыңдар.

Түлкі:Жиналған барша жамағат

Етейік барға қанағат

Әлемге ортақ танымал

Алыңдар мені ұлағат

Сәлеметсіздер ме,балалар?Бұл жерде не болып жатыр.

Түлкіжан бізде үлкен мереке.Біз«Балаларды қорғау күнің»атап отырмыз.

Түлкі: Олай болса мен балаларға қамшы сыйға тартайын.

Рахмет саған Түлкіжан төрге шық.Балалар біздің бүгінгі мерекемізге келген түлкіге арнап би билейікші.Би «Балдырған» тобының жігіттері.«Қамшы» биі.

Жарайсыңдар,өнерлерің өрге жүзсін.Бізге қонаққа келген жаз айларына,қоян мен түлкіге арнап тақпақтарымызды айтып берейікші.

Әбілқайыр.Біз кішкентай баламыз

Өсіп өніп толамыз

Күнге қарай талпынып

Көкке қанат қағамыз

Жабырқауды білмейміз

Жалқаулықты сүймейміз

Біз талантты жас ұлан

Үлгі аламыз жақсыдан.

Айзере. Біз балдырған тең басқан

Дос құшағын кең ашқан

Тілегіміз бейбіт күн

Ашық болсын кең аспан.

Еңлік. Балабақша базарлы үй

Ауылдағы ажарлы үй

Шаттығы бар шуақты

Өз үйіміз сияқты.

Жанель.Бейбітшілік әніміз

Өнерліміз бәріміз

Қазақстан даласында

Жарасады сәніміз

Балабақша аясында

Жадырайды жанымыз.

Мариям. Гүлмен келсін келер күн

Бала бағы бар елдің

Балалардың күлкісі

Көркі сәні әлемнің.

Жансерік.Бізбен бірге бар әлем

Қуанады балаша

Қуанышқа бөлеген

Өмір қандай тамаша.

Құлақтан кіріп бойды алар

Әсем әнмен тәтті күй

Жүрекке түрлі ой салар

Әнді сүйсең менше сүй дей отырып балалардың орындауында Отан әнің қабыл алыңыздар

Ойын:Сәбіз жинау.

Қоян:неткен өнерлі,батыл балалар менің көңілім көтеріп қалды.

Түлкі:меніңде

Қане балалар бәріміз қосылып ән салайықшы.

Ән:Зенгір көктем.

Рахмет сендерге қоян мен түлкі.Сау болыңдар.

Балалар,өнер қуып білімді болыңдар.Бүгін біздің мерекемізді тамашалауға келген қонақтарымызға мың алғысымызды білдіремін.Сау болыңыздар





Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
1 ұстаз жүктеп алған
15 қараша
1029
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі