жүктеу мүмкіндігіне ие боласыз
Бұл материал сайт қолданушысы жариялаған. Материалдың ішінде жазылған барлық ақпаратқа жауапкершілікті жариялаған қолданушы жауап береді. Ұстаз тілегі тек ақпаратты таратуға қолдау көрсетеді. Егер материал сіздің авторлық құқығыңызды бұзған болса немесе басқа да себептермен сайттан өшіру керек деп ойласаңыз осында жазыңыз
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
Ертеңгілік "Бар мейіріміміз балаларға" Мектепке дейінгі
Авторы: Сейдахметова Эльмира Нағашбекқызы
Қызылорда облысы, Шиелі ауданы «№4 Шұғыла санаторлық бөбекжай-бақша» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің тәрбиешісі.
Тақырыбы: «Бар мейіріміміз балаларға»
Мақсаты: Балалардың жеке қасиеттерін дамыту, тақпақ, өлең, әндерді нақышына келтіре айтуды үйрету. Бір - бірін сыйлауға, достыққа тәрбиелеу.
Зал цирк алаңына жан-жануарлармен безендірілген
Ортада Сайқымазақ циркке дайындық үстінде.
Күтпеген сәт (Дауыс естіледі)
«Құрметті көрермендер, цирк басталуға бірер минут қалды.Орындарыңызға жайғасыңыздар!»
Сайқымазақ:
Қап енді қайттім цирктің басталуына аз -ақ қалды.Енді не істедім?!
Мерекеге сай безендірілген залға балалар әуенмен кіреді
Жүргізуші: Сайқымазақ, сәлеметсің бе? Неге көңілсіз тұрсың?
Сайқымазақ: Менің бірінші нөмердегі күшігім адасып кетіпті.Енді немен бастасам екен?
Күшігін ұстап бала кіреді: Мен күшікті жолдан тауып алдым.
Сайқымазақ: Ой менің күшігім сені көріп қуанып қалдым!
Бүгін қызық,бүгін той
Біздер үшін біліп қой
Әнге салып би билеп,
Жалғастырсын ойды ой!
Би жалпы.
Сайқымазақ: Балалар сендер бүгін циркке не үшін келдіңдер!
Жүргізуші сөзі: Бүгін балаларды қорғау күні.Балалар біз сайқымазаққа айтып берейікші бүгін қандай мереке екенін.
Балалар: Балаларды қорғау күні!
Сайқымазақ: Ендеше мен сендерді қалай да болса көңілдеріңді көтеруге тырысамын.
Жүргізуші:
Бірінші маусым балалар,
Қорғайтын күн сендерді,
Нұр кіреді далаға,
Гүл көмкеріп белдерді, –деп балалардың «Балаларды қорғау күні» әнін қабыл алыңыздар.
Балалар қане сайқымазаққа әнімізді айтып берейік.
Ән: Балаларды қорғау күні
Сайқымазақ шариктермен ойын көрсетеді.
Жүргізуші:
Жан-жағыңа қарашы!
Бәрі қандай тамаша!
Көңіл көтер жараса!
Балалар қандай тамаша!
Тақпақтар
Әлина
Балабақшам сүйікті
Ән салдыртты билетті
Шынықтырып денемді
Шымыр болуға үйретті
Айдана
Бала, бала, баламыз
Бақшамызға барамыз
Күні бойы қызыққа
Батамыз да қаламыз.
Мейіржан
Біздің топта ұл-қыздар
Тату –тәтті боламыз
Әлемдегі бар адамға
Тек жақсылық ойлайды.
Мансұр
Балабақшам алтын ұям
Құшағымда шаттанам
Баспалдағы білімнің
Бір өзіңнен басталар
Айсана
Шуақ сәуле шашады
Аппақ күнін аялап
Кең құшағын ашады
Туған өлке сая бақ
Мен өмірдің гүлімін
Мен жерімнің гүлімін
Болашаққа аттаған
Жаңа ғасыр үнімін
Кел құстарым, келіңдер
Шәйдай ашық аспаным
Қуанатын менің де
Жайдары көп достарым.
Әлихан
Бізбен бірге бар әлем
Қуанады балаша
Қуанышқа бөленген
Өмір қандай тамаша!
Жүргізуші: Біз өнерсіз баламыз ба?
Көрсін аға-апалар
Көрсін ата-анамызда
Риза болсын балалар!
Би: Хоровод «Жұлдызша»
Жүргізуші:
Ән көмейден құйылды
Қайғы бұлты шегінді
Балалармен дүние
Көрікті де, көңілді,-дей келе «Балапан» әніне кезек береміз.
Ән: Балапан
Жүргізуші: Сайқымазақ біздің балаларымыздың өнері саған ұнап жатыр ма?
Сайқымазақ: Әрине өте тамаша ұнады.
Әуенмен Карлсон ұшып келеді қолында қуыршағы бар.
Карлсон: Сәлеметсіңдер ме балалар! Мен сендердің дауыстарыңды шатыр төбесінен естіп келдім.Келе жатып мына қуыршақты тауып алдым.Үсті басы лас,өзі көңілсіз.
Жүргізуші: Қап балалар, енді не істеуге болады.Қуыршақты бұлай ұстауға бола ма? Ойыншықтарды ұқыпсыз ұстауға бола ма? Қуыршақтың көңілін көтеру үшін ән айтып берейік.
Ән: Кір қуыршақ
Сайқымазақ: Ой, балалар мына қуыршақтың көңіл, күйі әлі де көтерілетін емес ендеше мен мұны сиқырмен әдемі қуыршаққа айналдырып берейін. –Кәнікей қуыршақ менің сиқырлы қапшығыма кіре ғой.
«Абрака, дабрака фук»
(әдемі қуыршақ жадырап шығады)
Жүргізуші: Ой, балалар мына қуыршақтың көңілі көтеріліп шықты ғой. Олай болса қәне қуыршаққа арнап би билеп берейік!
Би: Микки маус «Жұлдызша»
Қуыршақ: Ой рахмет балалар,менің көңілім көтеріліп қалды.Менде мерекені сендермен бірге тойласам бола ма?
Жүргізуші: Әрине болады.Балалар қуыршақпен бірге ойын ойнаймыз ба?
Ойын: «Кім епті?»
Сайқымазақ жүргізеді.
Жүргізуші:
Көрсін біздей балғынды,
Көңілденсін ол енді
Шырқатайық ән жырды
Шырқатайық өлеңді.
Ән: Балабақша бағында
Жүргізуші:
Мың бұралған ақ қайындай
Балалар шықсын ортаға.
Ал, ендеше қол соғайық
Қошеметпен балдарға!
Би: Папае
Жүргізуші:
Гүлмен
келсін келер күн
Бала-бағы бар
елдің
Балалардың күлкісі
Көркі,
сәні әлемнің,-дей келе балалардың
тақпақтарына кезек берейік.
Тақпақтар
Мадияр
Біз өнерлі баламыз
Көрсін апа ағалар.
Көрсін әке, аналар
Риза болсын апайлар.
Қайыржан
Күндей болып күлеміз
Гүлдей болып, өсеміз
Үлкендерді қуантып
Жылдам өсіп келеміз!
Санжар
Күлімде күн күлімде
Күлсін барлық бала шат
Берекелі бүгіндей
Бейбіт болсын болашақ.
Айзере
Жарық болсын күніміз
Жарқын шығар үніміз
Елін сүйіп ер жетіп
Біз болашақ гүліміз
Аяна
Алақай ау алақай
Қуанды балақай
Анасын қуантып
Өседі балақай
Асылан
Бала бақша есігін
Бірге тола ашқанбыз
Балапандай өсіріп,
Мәпелейді бақшамыз.
Жүргізуші:
Баршамызды бал тілімен баурайтын,
Бала деген бір бақыт қой самғайтын.
Ата-ананың арманы мен тілегін
Бала емес пе, бал бұлақтан жалғайтын.
Ән: «Бөбектер»
Жүргізуші:
Өнері де өрілген,
Биіктерден көрінген
Бишілерді шақырсақ
Круто биін билеген.
Би
Жүргізуші: Енді, біз балаларға еңбегін сіңірген балабақша қызметкерлеріне әдемі жыр шумақтарымызды тарту етейік.
Ясмина
Орын
берген бақшадан
Меңгеруші
жақсы адам
Сондықтан
да біз үшін
Артық
өзі басқадан.
Ж.Кәусар
Жайдары жүз, ай қабақ,
Жүреді бізді аймалап.
Тобымызға жиі кеп,
Білгеніңді сұрайтын.
Ақыл айтып тұратын,
Әдіскер апайға көп рахмет!
М.Кәусар
Үйренгенбіз өнер біз,
Шетімізден шеберміз.
Бал татыған әндерді,
Мың бұралған билерді,
Үйреткен әнші апайға мың алғыс!
Расул
Тәтті
тамақ пісіретін,
Айран
сүтін ішкізетін,
Аспазшылар
сіздерге
Айтамыз
біздер мың алғыс!
Найля
Төсек
орын тап-таза
Аппақ
жуған сүлгісі
Айгүл
апай сізге де,
Балалардан
мың алғыс!
Ясмина
Ойыншық
та, кесе де,
Шанышқы
мен тәрелке
Орындық,
шкаф, төсекте
Бәрі
өзі келе ме?
Соның
бәрін табатын
Шаршамайтын
күлетін
Зыр
жүгіріп жүретін,
Завхоз
апайға мың алғыс!
Әділет
Есеп-
қисап жүргізетін
Бақшаға
кіріс кіргізетін.
Нүрзия
апайға
Бас
иіп алғыс айтамыз!
Мирас
Витамин жеп қолынан,
Өскен сәби баламыз.
Дәрігер апайлар сіздерге,
Алғыс айтып барамыз.
Әбибулла
Ән салғызып, билетіп,
Ылғи бізбен жүреді.
Тақпақты да үйретіп,
Ойнатады, күледі.
Қызық, қызық ертектер,
Біздерге оқып береді.
Жылауық та, тентек те.
Сол апайларға көнеді.
Тәрбиеші апайларға мың алғыс!
Жасұлан
Бізді баптап қараған,
Күлімдеген жақсы адам.
Ақ төсекке жатқызған,
Басымыздан сипаған.
Күтуші апайларға көп рахмет!
Диас
Балабақшам
сүйікті,
Ән
салдыртты, билетті,
Шынықтырып
денеңді
Шымыр
болуға үйретті.
Ән: «Бақшада»
Жүргізуші: -Құрметті қонақтар, кішкентай бүлдіршіндер бүгінгі «Бар мейіріміміз балаларға» атты 1 Маусым Балалаларды қорғау күніне арналған ертеңгілігімізді әдемі әнмен аяқтағымыз келеді.
Ән: «Біз бақытты баламыз»
Баршамызды
бала тілмен баурайтын,
Бала
деген бір бақыт қой самғайтын.
Ата-ананың
арманы мен тілегін,
Бала
емес пе бал бұлақтан жалғайтын!
Мерекелерің құтты болсын!
Дендерің сау мықты болсын!
Жүздеріңнен күлкі кетпесін!
Бақытты балалық шақтың аспанында армандарың орындалып, ата-ананың көз қуанышы болғайсыңдар!
Осымен бүгінгі «Бар мейіріміміз балаларға» атты ертеңгілігіміз аяқталды.
Көріп тамашалағандарыңыз үшін сіздерге көп рахмет!

Бұл курс Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігімен келісілген