Назар аударыңыз. Бұл материалды сайт қолданушысы жариялаған. Егер материал сіздің авторлық құқығыңызды бұзса, осында жазыңыз. Біз ең жылдам уақытта материалды сайттан өшіреміз
Жақын арада сайт әкімшілігі сізбен хабарласады
Бонусты жинап картаңызға (kaspi Gold, Halyk bank) шығарып аласыз
Ертеңгілік "Бастауышым балбұлағым, Алдым сенен балдың дәмін"
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады
Тақырыбы: «Бастауышым - балбұлағым, Алдым сенен балдың дәмін»
Мақсаты:
1.Болашақтың бүгіннен де нұрлы болатынына ықпал етіп, адамзат қоғамын алға апаратын тек білім екеніне көз жеткізу.
2. Бастауыш сыныбымен, алғаш қолына қалам ұстатқан алғашқы ұстазымен қоштаса отырып, білім берер ордасы – мектепті, ұстаздарын құрметтеп, білімге деген құштарлығын арттыру.
3.Келешекте қай елде болмасын, кез келген жерде, өзінің саналы білімін көрсете алатын, Отанының адал ұлы мен қызы болуға тәрбиелеу.
Түрі: Ертеңгілік.
Кіріспе.
Мұғалімнің сөзі: Армандасаң да, қиялдасаң да балалық шағың көз алдыңа келеді. Өйткені, биік асуға беттеген аяулы ғұмыр, ғажайып өмір осынау бал күлкілі балалық шақтан басталады. Міне бүгін біздің бүлдіршіндер өміріне өшпес із қалдырған бастауыш сыныбымен қоштасып бір жылға тағы да есейгелі отыр. Ендеше қызықты да, ғаламат өзгерістер сыйлаған, білім нәрімен сусындатқан, өмірде өз жолдарын табуға жол сілтеген ұстаздарына, ата-аналарына өз өнерлерін көрсетуге дайын. Олай болса 4 «Б» сыныбының «Бастауышым - балбұлағым, Алдым сенен балдың дәмін» атты бастауышпен қоштасу салтанатына қош келдіңіздер.
Бұл салтанат қуаныш баршамызға,
Мұндай күй болған сірә қаншаңызда.
Қол соғып, қошеметтеп шақырайық,
4 «Б» сыныбын ортамызға. (Оқушылар ортаға шығады)
Мен үшін бәрің бірдей қарақтарым,
Орындалсын арман тілек талаптарың.
Ақ парақтай келдіңдер сәби болып,
Ұғындым, әрбіріңді парақтадым.
Өткіздік талай күнді, талай айды,
Уақыт сырғып артқа қарамайды.
4 жыл бойы сендермен бірге болдым,
Өткіздік талай қызық, талай жайды.
Ірге тасын қаладым, білім бердім,
Саналы ұл-қыздарым бүгін менің.
Ортада тұрған осы шәкірттердің,
Көрейік тамашалап өнерлерін.
Қанаттарың қатайды
Биікке енді самғаңдар.
Білім жолы – сара жол
Ізденіңдер, талмаңдар.
І жүргізуші: Қош келіпсіздер, құрметті, ата – аналар, қадірлі ұстаздар, қонақтар! Бүгін 4 сынып оқушылары үшін ерекше ұмытылмас күн. Өйткені, олар бастауыш сыныптың түлектері. Міне, бойлары да, ойлары да өсіп,бастауыш сыныпта білім алып, аяқтап, орта буынға өткелі отыр.
ІІ жүргізуші: Ортақ мекен жер шары,
Төбемізде бір аспан.
Барлық ұлттың баласы,
Достығымыз жарасқан.
Ортақ бізге бір Отан,
Еңбек ортақ, жыр ортақ.
Ортақ бізге барлығы,
Байлықтың ең үлкені – халықтар достығы.
Ән: «Әрқашан күн сөнбесін!»
І жүргізуші: Армысыздар, мұғалімдер, әз жандар,
Білім іздеп, инемен құдық қазғандар.
Құшақ жая қарсы аламыз сіздерді,
Би билеп, ән де бүгін шырқалар.
ІІ жүргізуші: Бастауыш бала үшін өмір мәні,
Бастауыш бала үшін өмір сәні
4 жыл оқып, бастауышты тәмамдап
Бүгін міне қоштасады барлығы,
Хормен: Мектеп – кеме, Білім-теңіз,
Барар жолға тез жетеміз.
Адаспаймыз ұлы жолда
Ұстаз берген білім қолда.
І жүргізуші: Иә, мектебімізге қандай жыр арнасаң да жарасады. Ендеше оқушыларымыздың мектепке арнаған жырларын тыңдайық.
Сүндет: Бала шаққа болашақты жырлатып,
Шәкірттерге ой түзеткен сымбатты .
Күн нұрындай сәуле құйған көңілге,
Армысыздар , ұстаздарым қымбатты!
Армысыздар, әжелер мен аналар,
Ұрпағыңыз күнде өзіңнен бата алар.
Ел дәстүрін мәңгі сыйлап оқы деп,
Үйреткен ғой Абай, Ыбырай бабалар
Мерей: Армысыздар өр тұлғалы әкелер!
Қыран құстай балапанын мәпелер.
Бүгін міне бастауышпен қоштасады
Азамат боп , кешегі сәби- еркелер!
Ұлылықты аруақ тұтар үнемі
Алтын ұя ақ босаға киелі
Қанат қаққан білім алып өзіңнен,
Күллі шәкірт саған басын иеді.
Ислам: Иә осыдан 4 жыл бұрын , біз 6 жастағы сәби -балалар сөмкемізді зорға көтеріп,мектеп табалдырығын жасқана аттаған едік. Енді міне сауатымызды ашып, білім негізін қалаған бастауыш мектеппен қоштасып, орта буын қатарына қосылғалы тұрмыз.Міне сағымдай өте шыққан 4жыл ішінде біздің ұстаз анамыз сауатты, тәрбиелі, өнегелі азамат етіп шығарды.Ендеше бастауыш сыныбымыз туралы неге айтпасқа ?
Аяулым: Жасқана кіріп жарық сыныпқа біз.
Әр бетін Әліппенің күле ашқанбыз.
Мұғалім сабақ өтіп жатқан кезде,
Қайталап атымызды сұрасқанбыз.
Әр үйдің ерке өскен тентегі едік,
Ақылға келе алмадық ерте көніп.
Бойымыз бірте- бірте үйренісіп.
Мектептің ережесін үйрендік
кеп.
Тасполат: Бастауышта шырқалмаған жыр бар ма?
Бастауышта айтылмаған сыр бар ма?
Бастауышта алған білім, жырларым,
Азық болар , мәңгі талай жылдарға.
Бастауышым- бал бұлағым ,
Алдым сеннен балдың дәмін.
Әріп танып, білім алып
Рахметімді жаудырамын.
Ұлтөре: Қоссаңдар бірді екіге үш болады,
Деуші едік біліммен күш толады.
Алғыр бол, әдепті бол, сабырлы бол,
Ақылмен іс істесең, оң болады.
Беруші ең бізге айтып өлең, тақпақ,
Таласып алушы едік біздер жаттап.
Өзіңіз баға қойған күнделікті,
Жоғалтпай өмір бойы жүрем
сақтап.
Нұрсұлтан: Есімде ұстаздың алғаш қарсы алғаны
Айқара есік ашып тастағаны.
Бір мереке, думан болып осы маңда,
Жетелеп бір сыныпқа ап барғаны,
Енді міне, сағымдай өте шықты,
4 жыл уақыт аз ба екен кім біліпті.
Ұстаз ана жасады мына бізден,
Ел танитын азамат, бір-бір мықты.
Ш. Аружан: Мектеп – үйім, ұстаз – менің ата – анам,
Сенен өсіп, сенен ғана нәр алам
Саяң ыстық, сен мәуелі бәйтерек,
Тамырланып сан тарапқа таралған.
Армысың сен , алтын ұя мектебім
Саған айтар жыр- алғысым көп менің
Жүректерге жаққан білім шырағын ,
Мектебіме арналады бұл әнім!
Хор: «Жарқын жүзді ұстазым»
Ән: «Ұстазым» Қалдыбаева Аяулым. Сарсенбаева Әлия
Би: «Ұлытау» қыздар тобы.
ІІ жүргізуші: Біздің қуанышымыз бен жеңісімізге ортақ болған, бізбен бірге уайымдаған — ата - ана. Олар бізге дүниедегі ең жақын қадірлі адамдар. Құрметті ата - аналар, біз сіздерге алғысымызды білдіре отырып келесі өлең шумақтарын жолдаймыз.
Ақниет-: Ыстық - ау кім - кімге де әке
деген,
Суыққа шалындырмай, мәпелеген.
Өмірдің соқпағымен өрге тартып,
Алдымен адам бол деп жетелеген - дегендей әкенің орны бөлек
ау.
Аспендияр: Дүниеге әкелген, ол да сенің
анашың,
Ақ сүт беріп өсірген, ол да сенің анашың.
Тіл алмасаң кешірген, ол да сенің анашың,
Мәпелеген баласын, аман болсын анашым!
А.
Аружан: Әкешім тілеуімді тілеп
жүрген,
Аумайсың жарығы мол ашық күннен.
Шаршайсың жұмыс істеп біздер үшін.
Ақылды балаларың оны білген.
Нұрбек: Кеудемнен сезім селі
ақтарылсын,
Болармын күні ертең - ақ мақтанышың.
Білім алып, тер төгем, еңбек етем,
Өзіңнің сеніміңді ақтау үшін!
Ақерке: Ардақты ана, аяулы ана,
қымбаттым
Сәбиді әлдилеумен түн қаттың.
Ақ сүтіңмен тал бойыма нәр бердің
Кең құшағың, аясындай гүл бақтың.
Бекнұр: Аман болсын, аяулы
анамыз,
Асқар таудай әкеміз!
Ата - анаға мың да бір рахмет!
Ән: « Ардақты ұстазым».
І жүргізуші: Әр елдің болашақ тағдырын айқындайтын тарихи кезеңдері болады. Сондай кезеңдердің бірі – астанамыздың Сарыарқа төсіне қоныстануы болды.Тәуелсіздігіміздің тұғырлы болуы үшін Елбасымыз Нұрсұлтан Назарбаев үлкен мақсаттарды алға қойды. Осы тұста Елбасымыздың көкірегінде қайнап піскен, Елорданы Ақмолаға көшіру туралы идеясы ешбір кедергіге, кейбіреулердің күдіктеріне қарамастан іске асып, бүгінде ел мақтанышына айналып, тарих беттерінде алтын әріптермен жазылды.
ІІ жүргізуші: Қазақстанның жаңа тарихының шынайы бейнесі – Астана. «Астана – халқымыз үшін тәуелсіздік пен өсіп - өркендеудің алтын тұғыры. Уақыттан оза шапқан бүгінгі Астана - тұтас еліміздің ертеңге деген үкілі үміті мен сенімінің көрінісі, арманы мен тілегінің кепілі».
Флешмоб: «Астанаға 20 жыл».
Ән: «Әсем ән» Қалмахан Сүндет. Шарафова Аружан.
І
жүргізуші: Өзбекстан мен Қазақстан
арасындағы тұрақтылықты нығайту үшін достық маңыздың зор екенін
атап өтпеуге болмайды. Қазақстанда Өзбекстан жылы деп 2018 жыл
жарияланды. Тиісті мәлімдемені өткен жылдың 16-шы қыркүйегінде
Өзбекстанға ресми сапармен барған Нұрсұлтан Назарбаев әріптесі
Шавкат Мирзиёевпен кездесуінде айтқан еді. Екі ел арасындағы
дипломатиялық қарым-қатынастың орнағанына биыл - 25
жыл.
Осыған орай өзбек еліне құрмет
көрсете отырып, өзбектің танымал биі
«Андижан полькасын» тамашалаңыздар.
Жігіттер биі
ІІ жүргізуші: Адам баласының есінде ерекше сақталып, үлкен өмірге дайындайтын білім ордасы – мектеп. Қызығы мен шыжығы мол күндер осы мектеп қабырғасында өтеді. Және білім нәрімен сусындатып, алғаш қолға қалам ұстатып, үлкен өмірге дайындаған ұстаз мәңгілік есте қалады.
І жүргізуші: «Өмір деген қызық қой, Қызық жерін сызып қой» - дегендей, біздің балалық шағымыздың бастауыш сыныбымыздағы біз үшін, есте қаларлық қызық сәттерінен дайындалған видеороликті тамашалаңыздар.
Үнді биі
Сарбаздар биі
Аруа: Ұстазым! Ұстазым өзің едің асқақ әнім,
Басталған ақ батаңның жас талабын
Ұғындым ұлылықтың, даналықтың,
Ұстаздың ұлағатынан басталарын.
Мұғалім ұстазысың балалардың,
Болашақ ғалымдардың, даналардың,
Өмірде сенің алар орныңа
Бәрі де жеткізе алмас бағаларын.
Ән: «Мектебім» Ағабек Аружан
Би: «Дэспосито»
І жүргізуші: «Ұстаздық еткен жалықпас, үйретуден балаға» деп Абай атамыз айтқандай , алғаш қолымызға қалам ұстатып, оңымыз бен солымызды танытқан, бізбен бірге қуанып, 42 әріпті танытып, білім нәрімен сусындатқан, мектептегі анамыз - ұстаз екені бәрімізге мәлім.
ІІ жүргізуші: Әр шәкіртін өз баласынан кем көрмей, оқуға жазуға үйреткен мұғалім еңбегі шексіз дер едім. Олай болса, келесі өлең жолдарын ұстаздарымызға арнайық.
Сүндет:
Анамдай мейірімді құшақ ашып,
Тұрасыз Баян апай амандасып.
Әр уақыт жылы сөзіңіз шабыт беріп,
Барамыз болашаққа қадам басып.
Еркебұлан:
Кемшілікті кезінде
Кесіп айтар өзіңе.
Өнеге мол өзінде,
Өсиет көп сөзінде.
Көңіліңнің хошын - ай,
Көп шәкірттің досындай,
Ақ ниетті кең пейіл
Біздің Жұлдыз апай мен Роза апай
осындай.
А.Аружан: Читать
и писать на руском
Нас научила она
Это наша царица
Тойдык Айдархановна и
Сауле
Жандос: Әдемі ғой ән сабағы мектептің,
Жүректерге әсемдікті сепкен кім?
Бейімбет ағайға, бас иеміз сізге де,
Ән мен сазды талмай бізге үйреткен.
Әлия:
Адамға деген мейірімнің өзінен
Бойыңыздан толған жылылық лебін сезінем.
Ақ көңілді, абзал жан Гүлнар апай,
Біліміңмен сусындаймыз, өсеміз
Нұрдаулет:
Білімнің байыбына барып терең,
Жәмила апай бастап еді дайындық тобынан.
Жаны асыл ұстазымызға мың бір алғыс,
Бастаған тәрбиесін алып
келеміз
Дидар: Әтіркүл апай бізге білім беріп өсірген
Қатемізді әрқашанда кешірген
«Өмір жолы-қиын жол» деп әрдайым
Тәрбиелеп, ақылды ғып өсірген.
І
жүргізуші: «Шөлдеген адамға бір жұтым су берген адам жұмаққа барады»
деген сөз бар. Мұғалім жеткіншек ұрпаққа берген мол білімі,
тәлім-тәрбиесі, үлкен жүрегі, мейірімі, уыстап жұтқызған өмір
шербеті - тіршілік зәмзәмі.
ІІ жүргізуші: Құрметті
ұстаздар! Біздің бойымызға сіңірген ерен еңбектеріңізге оқушылар
атынан мың бір алғысымызды
білдіреміз.
Би: «Вальс»
Ән: «Армандастар» Сугирова Аруа
Хормен:
Ұмытпаймын жаныма,
Білім нәрін еккенің.
Қош бол, балғын балалық,
Қош бол, сүйікті бастауышым!
Қош қымбатты ұстазым,
Мұғалім:
Бүгінгі кеш әр үйдің той басы деп
саналар,
Балалардың есімі әулеттерге таралар
Ырым етіп сондықтан ертеңгілік соңында,
Ақ тілекпен баршаға тілек айтар қонақтар- деп , келесі сөзді
қонақтарымызға берейік.
Осымен
« Бастауышым - балбұлағым, Алдым сенен балдың дәмін» атты
ертеңгілігіміз аяқталды. Зейін қойып тыңдағандарыңыз үшін шексіз
алғысымызды білдіреміз.