Тақырыбы: Берекелі-Алтын күз!
Мерекеге сай безендірілген бөлме.Әдемі сазды әуен ойналып тұрады.Бүлдіршіндер тәрбиешімен бірге кіріп,орындықтарға жайғасады.Балалардың қолдарында жапырақтар.
Тәрбиеші: Құрметті қонақтар,ұстаздар! Бүгінгі "Балдәурен" тобының дайындаған "Берекелі-Алтын күз" атты ертеңгілігіне қош келдіңіздер!
Армысыздар,халайық,
Бармысыздар халайық.
Күзгі тойды жұп жазбай,
Келіңдер қарсы алайық!
"Балдәурен" тобының бүлдіршіндерін қарсы алайық.Ду қол шапалақ.
Тәрбиеші: Балалардың орындауында хор
-Балалар,қараңдаршы бүгін біздің бөлмеміз қандай әдемі болып кеткен.
-Тыңдаңдаршы,бұл не шу. (Осы кезде әдемі әуенмен Күз ханшайымы келеді)
Күз ханшайымы: Сәлеметсіңдер ме балалар!
-Сәлеметсізбе күз ханшайымы!
Тәрбиеші: Қош келдің Күз ханшайымы.
Балалар мен сендерге бір жұмбақ жасырайын:
Ағайынды бәрі,
Шықса жасыл.
Түссе сары
Бұл не?
Балалар: Жапырақ
Ендеше келесі кезекті тақпақтарға береміз.
Аслан
Ән салыңдар күліңдер,
Жайнап гүлдей жүріңдер.
Күздің тойын тойлайық,
Би билейік ойнайық.
Нұрасыл
Күздің қазан айында
Алма алмұрт піседі
Жапырақтар сарғайып
Сыбдыр-сыбдыр етеді.
Айзере
Жеміс мол теретін
Күз дос екен бізбенен
Бәрін тауып беретін
Жомарт екен күз деген
Мейіржан
Қуандырып біздерді
Кел жемісті алтын күз
Өлкемізге күз келді
Кемелденсін халқымыз
Әлия
Пісіп тұрған алмамын
Тамсандырар бал дәмім
Жерге сілкіп түсірме
Ісіп кетер маңдайым
Айсұлтан
Көбейді құт-береке,
Астық толы қамбамыз.
Құтты болсын мереке,
Алтын күзді тойлаймыз.
Ұлдана
Мен моншақты шиемін,
Құмарсыңдар білемін
Кетіп қалып жүрмесін,
Тамағыңа сүйегім.
Ернұр
Қамба толды астыққа
Алғыс саған алтын күз
Бір уыс дән шаштық та
Қап-қап қауын алдық біз.
Мадина
Нан анасы бидаймын
Нанды елге сыйлаймын
Піскенімде мен қырда
Қауызыма сыймаймын.
Заңғар
Қызыл мұртты арпамын
Ырыс құтты арпамын
Машинаға мініп ап
Малды ауылға тартамын
Айару
Жетті желмен алтын күз
Жеміс жинау салтымыз
Жиып теріп болған соң
Той жасайды халқымыз
Бақдәулет
Күнге ғашық күрішпін
Күллі жұртқа ырыспын
Аңқам кеуіп тұрған соң
Ала жаздай су іштім
Дианора
Астық жеміс жиылды
Қамбамызға құйылды
Ардақты күз мың алғыс
Алдық өнім сыйыңды.
Дастан
Думан толы асқарлы
Күз мезгілі басталды
Күз әуені кеп жетті
Әнге бөлеп жастарды.
Әли
Нұрға бөлеп өмірді
Жырға бөлеп көңілді
Жарқыраған сәулелі
Күз әуені төгілді
Рахат
Әуенге еріп сиқырлы
Айтылды ән сыр қырлы
Күзгі әуен жастырдың
Жүрегіне нұр құйды.
Інжу Тұрсынбек
Тал шыбығым бұралып,
Бақшаларда қызарып
Тұрған ол мен қызанақ
Күнге қарап ұялып.
Абдул-Азиз
Картоп біздің атымыз
Жер астында жатырмыз
Бір тамырдан тараған
Ағайынбыз бәріміз
Аймереке
Жапырақты тасалап
Өсетін жері бақша бақ
Қызыл күрең шіркін ай
Менің атым құлпынай
Тәрбиеші: Жарайсыңдар,балалар!
Ән: "Жау-жау жаңбыр"
Би: Ұлдардың орындауында "Ұлдар" биі
Ата-аналарға тапырмалар: Жұмбақ шешу.
1. Жазда інге тығылып,
Жатқан қызыл түлкіні.
Құйрығынан суырып
Әкелді әжем бір күні
Бұл не? (сәбіз)
2. Жайлы,жұмсақ төсегім,
Домаланып өсемін.
Қабат-қабат тоным бар,
Қалай оны шешемін.
Бұл не? (орамжапырақ)
3 Қалың киім ұнатады,
Шешіндірсең жылатады
Бұл не? (пияз)
4. Аспай піскен
Қайнамай түскен. (жеміс)
Ән: Амангелді Ұлдана "Балабақша" әні
Би: Саңырауқұлақ биі
Ендеше балаларымыз дайын болғанша ата-аналарымызды тағы бір сынап көрейік.
"Ұйқасын тап" ойыны
1. Пісетін кезі дәл күзде
Мезгілсіз оны үзбе
Аузыңнан кетпес бал дәмі.
Оның аты.......................... (шабдалы)
2. Кіп-кішкене болса да,
Ағаштың басын иеді
Жемістерін айырып
Танисың ба ................... (шиені)
3. Жапырақты тасалып,
Өсетін жері бақша бақ
Күрең қызыл шіркін ай
Оның аты-............................. (таңқурай)
Ән: Ходжаназар Заңғар: "Күзгі вальс"
Би:"Чунга чанга"
Берекесін сыйлауға
Өлкемізге күз келді
Жемістерін жинауға
Шақырады біздерді,дей отырып келес кезекті Серік Ерұрдың орындауында " Топ-топ балақан" әніне береміз.
Би: "Күзгі вальс"
Тәрбиеші:Күздің кереметі,байлығы өте көп.Міне,осымен "Берекелі-Алтын күз" атты ертеңгілігіміз өз мәресіне жетті.Сіздерді күз мерекесімен шын жүректен құттықтаймын.Отбасыларыңызға бақыт,береке тілеймін. Балабақшамыздың басшысы Жәпенова Манат апайдың бүлдіршіндерге деген құттықтау сөзі.
жүктеу мүмкіндігіне ие боласыз
Бұл материал сайт қолданушысы жариялаған. Материалдың ішінде жазылған барлық ақпаратқа жауапкершілікті жариялаған қолданушы жауап береді. Ұстаз тілегі тек ақпаратты таратуға қолдау көрсетеді. Егер материал сіздің авторлық құқығыңызды бұзған болса немесе басқа да себептермен сайттан өшіру керек деп ойласаңыз осында жазыңыз
Ертеңгілік: Берекелі-Алтын күз
Ертеңгілік: Берекелі-Алтын күз
Тақырыбы: Берекелі-Алтын күз!
Мерекеге сай безендірілген бөлме.Әдемі сазды әуен ойналып тұрады.Бүлдіршіндер тәрбиешімен бірге кіріп,орындықтарға жайғасады.Балалардың қолдарында жапырақтар.
Тәрбиеші: Құрметті қонақтар,ұстаздар! Бүгінгі "Балдәурен" тобының дайындаған "Берекелі-Алтын күз" атты ертеңгілігіне қош келдіңіздер!
Армысыздар,халайық,
Бармысыздар халайық.
Күзгі тойды жұп жазбай,
Келіңдер қарсы алайық!
"Балдәурен" тобының бүлдіршіндерін қарсы алайық.Ду қол шапалақ.
Тәрбиеші: Балалардың орындауында хор
-Балалар,қараңдаршы бүгін біздің бөлмеміз қандай әдемі болып кеткен.
-Тыңдаңдаршы,бұл не шу. (Осы кезде әдемі әуенмен Күз ханшайымы келеді)
Күз ханшайымы: Сәлеметсіңдер ме балалар!
-Сәлеметсізбе күз ханшайымы!
Тәрбиеші: Қош келдің Күз ханшайымы.
Балалар мен сендерге бір жұмбақ жасырайын:
Ағайынды бәрі,
Шықса жасыл.
Түссе сары
Бұл не?
Балалар: Жапырақ
Ендеше келесі кезекті тақпақтарға береміз.
Аслан
Ән салыңдар күліңдер,
Жайнап гүлдей жүріңдер.
Күздің тойын тойлайық,
Би билейік ойнайық.
Нұрасыл
Күздің қазан айында
Алма алмұрт піседі
Жапырақтар сарғайып
Сыбдыр-сыбдыр етеді.
Айзере
Жеміс мол теретін
Күз дос екен бізбенен
Бәрін тауып беретін
Жомарт екен күз деген
Мейіржан
Қуандырып біздерді
Кел жемісті алтын күз
Өлкемізге күз келді
Кемелденсін халқымыз
Әлия
Пісіп тұрған алмамын
Тамсандырар бал дәмім
Жерге сілкіп түсірме
Ісіп кетер маңдайым
Айсұлтан
Көбейді құт-береке,
Астық толы қамбамыз.
Құтты болсын мереке,
Алтын күзді тойлаймыз.
Ұлдана
Мен моншақты шиемін,
Құмарсыңдар білемін
Кетіп қалып жүрмесін,
Тамағыңа сүйегім.
Ернұр
Қамба толды астыққа
Алғыс саған алтын күз
Бір уыс дән шаштық та
Қап-қап қауын алдық біз.
Мадина
Нан анасы бидаймын
Нанды елге сыйлаймын
Піскенімде мен қырда
Қауызыма сыймаймын.
Заңғар
Қызыл мұртты арпамын
Ырыс құтты арпамын
Машинаға мініп ап
Малды ауылға тартамын
Айару
Жетті желмен алтын күз
Жеміс жинау салтымыз
Жиып теріп болған соң
Той жасайды халқымыз
Бақдәулет
Күнге ғашық күрішпін
Күллі жұртқа ырыспын
Аңқам кеуіп тұрған соң
Ала жаздай су іштім
Дианора
Астық жеміс жиылды
Қамбамызға құйылды
Ардақты күз мың алғыс
Алдық өнім сыйыңды.
Дастан
Думан толы асқарлы
Күз мезгілі басталды
Күз әуені кеп жетті
Әнге бөлеп жастарды.
Әли
Нұрға бөлеп өмірді
Жырға бөлеп көңілді
Жарқыраған сәулелі
Күз әуені төгілді
Рахат
Әуенге еріп сиқырлы
Айтылды ән сыр қырлы
Күзгі әуен жастырдың
Жүрегіне нұр құйды.
Інжу Тұрсынбек
Тал шыбығым бұралып,
Бақшаларда қызарып
Тұрған ол мен қызанақ
Күнге қарап ұялып.
Абдул-Азиз
Картоп біздің атымыз
Жер астында жатырмыз
Бір тамырдан тараған
Ағайынбыз бәріміз
Аймереке
Жапырақты тасалап
Өсетін жері бақша бақ
Қызыл күрең шіркін ай
Менің атым құлпынай
Тәрбиеші: Жарайсыңдар,балалар!
Ән: "Жау-жау жаңбыр"
Би: Ұлдардың орындауында "Ұлдар" биі
Ата-аналарға тапырмалар: Жұмбақ шешу.
1. Жазда інге тығылып,
Жатқан қызыл түлкіні.
Құйрығынан суырып
Әкелді әжем бір күні
Бұл не? (сәбіз)
2. Жайлы,жұмсақ төсегім,
Домаланып өсемін.
Қабат-қабат тоным бар,
Қалай оны шешемін.
Бұл не? (орамжапырақ)
3 Қалың киім ұнатады,
Шешіндірсең жылатады
Бұл не? (пияз)
4. Аспай піскен
Қайнамай түскен. (жеміс)
Ән: Амангелді Ұлдана "Балабақша" әні
Би: Саңырауқұлақ биі
Ендеше балаларымыз дайын болғанша ата-аналарымызды тағы бір сынап көрейік.
"Ұйқасын тап" ойыны
1. Пісетін кезі дәл күзде
Мезгілсіз оны үзбе
Аузыңнан кетпес бал дәмі.
Оның аты.......................... (шабдалы)
2. Кіп-кішкене болса да,
Ағаштың басын иеді
Жемістерін айырып
Танисың ба ................... (шиені)
3. Жапырақты тасалып,
Өсетін жері бақша бақ
Күрең қызыл шіркін ай
Оның аты-............................. (таңқурай)
Ән: Ходжаназар Заңғар: "Күзгі вальс"
Би:"Чунга чанга"
Берекесін сыйлауға
Өлкемізге күз келді
Жемістерін жинауға
Шақырады біздерді,дей отырып келес кезекті Серік Ерұрдың орындауында " Топ-топ балақан" әніне береміз.
Би: "Күзгі вальс"
Тәрбиеші:Күздің кереметі,байлығы өте көп.Міне,осымен "Берекелі-Алтын күз" атты ертеңгілігіміз өз мәресіне жетті.Сіздерді күз мерекесімен шын жүректен құттықтаймын.Отбасыларыңызға бақыт,береке тілеймін. Балабақшамыздың басшысы Жәпенова Манат апайдың бүлдіршіндерге деген құттықтау сөзі.
шағым қалдыра аласыз













