«Балдырған»
балабақшасы
«Берекелі күз
келді»
(ертеңгілік
мереке)
«Балапан» ересектер
тобы
Тәрбиешілер: Ақбаева
Ә.
Оңғарбаева
Г.
2012-2013
жж.
Балалар көңілді әуенмен залға
кіреді. Қолдарында сары жапырақтарымен тербеле шеңбер бойымен жеңіл
жүреді, жапырақтарды ортаға лақтырады.
Жүргізуші:
Берекелі күз
келді,
Мерекелі күз
келді!
Кел, жемісті алтын
күз,
Кемелденсін
халқымыз!
Қонақтарға, балаларға
салтанатты мерекенің ашық екенін жариялап, көріп тамашалауға
шақырады.
Күз туралы балалардың
тақпақтары.
-
Берекесін
сыйлауға,
Өлкемізге күз
келді.
Жемістерін
жинауға,
Шақырады
біздерді.
-
Көк майсалы
көрікті,
Алқаптағы кқп
егін,
Бұл күндерде
киініп,
Сары жібек
көйлекті.
-
Сұр бұлт түсі суық қаптайды
аспан,
Күз болып дымқыл тұман жерді
басқан.
Білмеймін тоңғаныма
тойғаныма,
Жылқы ойнап, бие қашқан, тай
жарысқан.
Ән:
«Күз
келгенде»
Шар ұшып залға кірді.
Балалардың назары шарға аударылды. Шардың ұшында жапырақ байланған
жазу болады. Онда күз айларың атаңдар деп
тұрады.
Есіктен 3 қыз кіріп
келеді.
Қыздар, біздің атымызды кімдер
атап шақыртып жатыр? Біз өзі қайда келдік? – деп
таңданады.
Жүргізуші: Сәлеметсіңдер ме, ару қыздар,
сіздер кім боласыздар?
Қыркүйек:
Күн ғой бір ең
тәуір,
Бірінші
қыркүйек.
Қоңырау
соғылды,
Күміс күй
төгілді.
Білуге
талпынған,
Балалар
жиылды.
Қазан: Менің атым
– Қазан, жиын-терімнің соңғы айымын.
Еңбекқор елді той-думанға кеңелтемін.
Қараша: Күздің соңғы айы
– Қараша мен боламын. Күннің суытып,
қыстың жақын қалғанын еске саламын.
Жүргізуші: Жарайсыңдар, бізге қонақ
болыңыздар, күздің мерекелік күндерін бірге тамашалап
қайтыңыздар.
Балаларға жұмбақ
жасырылды.
-
Ағайынды
барлығы,
Шықса – көк, түссе – сары?
(жапырақ)
Балалардың
тақпақтары
Би:
«Жапырақтар» (қыздар
биі)
Ойын:
3 бала шығып, жерден тез
жапырақтарды жинап, гүл шоғын жинап,
қыркүйек, қазан,
қарашаға сыйлайды.
«Алтын
күз» залға
кіреді.
Жүргізуші: Қош
келдің, Алтын
күз! Өзіңмен бірге береке-байлық,
молшылық, тоқшылық ала келдің дейді.
Алтын
күз:
Амансыңдар ма,
балалар?
Ерінбестен еңбек етіп
келетін,
Еңбекшіге бар жемісін
беретін,
Мен мырза күз жемісін
беретін,
Берекелі ырыс болып
енетін.
Күз туралы
тақпақтар.
Ән:
«Қанша бала, қанша
қыз»
Би:
«Полечка» (ұлдар,
қыздар)
Ойын:
«Жемістер мен
көкөністер»
Алтын
күз:
Балаларға жұмбақ
жасырады.
-
Жер астында
басы,
Жер бетінде шашы.
(сәбіз)
-
Қабат-қабат тоны бар,
шешіндірсең жылатар. (пияз)
Би:
«Құстар»
Ән:
«Апорт деген тәтті
алма»
Жүргізуші: Балалар, күз несімен
көрікті?
Балалардан жауап
алу.
Би:
«Қолшатыр»
Ойын:
«Дәміне қарай
ата»
Би:
«Антошка»
Алтын
күз: Балаларға ризылығын айтып,
өзімен бірге алып келген себеттегі жемістерін балаларға
сыйлайды.
Алтын
күз: Қыркүйек, қазан,
қараша айларын ертіп балалармен
қоштасады.