400 000+ дайын материалды
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар және авторлық материалдар
4 990₸/ 1 жыл
🔥Арнайы баға ·10.12.2026 дейін
Одан кейін - 29 990 ₸
Бір рет төлейсіз · Автотөлем жоқ
Тақырып бойынша 27 материал табылды

Ертеңгілік "Біріншіге барамын"

Материал туралы қысқаша түсінік
мектеп, ата-ана, бала, оқушы
Материалдың қысқаша нұсқасы



Біріншіге барамын... (сценарий)

Қымбатты ата-аналар, апайлар және қонақтар!

Мұғалім: Бүгін біз даярлық сыныбымен қоштасып, бүлдіршіндерімізді бірінші сыныпқа шығарып салғалы отырмыз. Әрине бұл да үлкен той, олай болса тойларыңыз құтты болсын!

Өтті қызық көп күндер,

Жеті жасқа жеткендер.

Даярлықпен қоштасып

Бір белестен өттіңдер.


Өсті міне ойларың

Өсті міне бойларың

Қуанышқа ортақпыз

Құтты болсын тойларың!

***

Ерболат:

Ақ тілекті ағытып бір тастайық

Қоштасатын кешімізді бастайық

Жүздеріңнен көрем шаттық арайың

Болсын солай әр бір күнің, әр айың.

***

Алдарыңызда Вальс биі.

Мұғалім:

Даярлықтан балалар

Біріншіге барады

Тақпақ айтып бір-бірден

Қимай кетіп барады.

Мансұр:

Қуанамыз сыйлаймыз

Қуаныштың мың гүлін

Даярлықты қимай біз

Қоштасатын күн бүгін

Дулат:

Даярлықтың есігін

Беске тола ашқанбыз

Едік аппақ нәресте

Көп-көп бала көргенде

Жұбанғаным есімде

Ән: Хор «Қоңырау»

Қуанар:

Ботақаным бөбек деп

Еркелеткен ұл-қызын

Анамызды ерекше

Қуантатын күн бүгін

Өсті міне бойымыз

Қуанышқа ортақпыз

Құтты болсын тойымыз!

Нұрай:

Үлкендердей тап-таза

Жазамыз бормен тақтаға

Үлгілі бала боламыз

Жүретіндей мақтана

Нұрерке

Мектепке ертең барамыз

Оқимыз сауық құрамыз

Қашық емес арамыз

Сыныпқа келіп тұрамыз!

ДарынТ:

Оқимыз білім аламыз

Болашақ жолын саламыз

Даярлықпен қоштасып

Біріншіге барамыз

***

«Тосын сый»

Осы кезде есік қағылып сыныпқа қоян кіреді.

-Саламатсыңдарма балалар! Мен сендерді іздеп сонау орманнан келе жатырмын, Мені өздеріңнің тойларыңа қатыстырасыңдар ма?

Олай болса сендерге жұмбақтар жасырайын, кім тапқыр екен?


Ән. «Менің әнім тамаша»

***

Нұрсұлтан:

Бұл қуаныш себебін

Бізге қарап ұғарсың

Ер жетті деп бөбегің

Туған отан қуансын

Данияр

Сыныбымыз базарлы үй

Мектептегі ажарлы үй

Шаттығы бар шуақта

Өз үйіміз сияқты.

Құралай:

Алфавиттің «А» тұрады басында

Әрқашанда «Ә» тұрады қасында

Байқадыңба «Б» тұрады үшінші

Осылардың сырынеде түсінші?

Ерболат:

«А»- деген ол-аналар ғой ардақты

«Ә»-әкелер ғой салмақты

«Б»-балалар ғой әдемі

Біздің елде үшеуіде кәделі

***

ӘН «Айналайын ақ мамам» Нұрай, Дильназ, Аяулым

***






Мұғалім:

Мың бұралып би билеп

Шығамын мен де ортаға

Бүгінгі той тамаша

Қуанамыз балаша

Келесі кезекті биге берелік. «Үнді биі» Күнсұлу

Мұғалім.

Ал енді біздің балаларымыз болашақта кім болғылары келетінін айтып берсін.

***

Ұлан:

Айға әнін тыңдатқан

Ақын жырын жырласа

Таң шолпанын қуантқан

Ұшқыш болғым келеді

Ұшқыш болмай немене

Қуат бітті денеме

Қанатым бар қайыспас

Ұшқыш болғым келеді.

Н.Нұрай:

Мен дәрігер боламын

Ақ халатты киемін

Аппақ болып жүремін

Өзім жақсы сүйемін

Дәрігермін мен деймін

Кәрі әжемді емдеймін

Көп көп ішіп дәріні

Кәрілікті жең деймін

Саят:

Бірде қырға шабамын

Бірде тауға барамын

Қашан демін аламын

Түн демейді түнде де

Күн демейді күндіз де

Шаршадым деп айтпаймын

Өскенде шофер боламын

Арман:

Аспан аспан арайлым

Саған жиі қараймын

Сені көзбен шоламын

Мен ғарышкер боламын

Боламын десем боламын

Ерхан:

Ғажайып қой сырлы сөйлеген

Қазақтың қара өлеңі

Атамды тыңдап кейде мен

Ақын болғым келеді

Мұғалім.Жарайсыңдар балалар , өте тамаша!

Бірге болсын тойымыз

Құтты болсын тойымыз

Балаларымыз шаттана

Би билейді шаттана-дей келе келесі кезекті «Чунга -чанга» биі жалғастырады

Мұғалім:

Бүгінгі той бәрімізге құтты болсын

Дендеріңіз сау, аман-есен мықты болсын

Мектеп есігі әрқашан ашық болсын

Біріншіге барған қадамдарың құтты болсын

Ән. Орындайтындар:

Келесі кезекте балалар өздерінің алғыстарын айтсын.

Дильназ:

Гүлдендірген мектепті

Басшы ағай жақсы адам

Сондықтан да біз үшін

Артықсыз сіз басқадан

Мұрсал ағайға мың алғыс!

Дильназ М.

Жайдары жүз , ай қабақ

Жүреді бізді аймалап

Тобымызға жиі кеп

Білгеніңді сұрайтын

Ақыл айтып тұратын

Тұрсынай апайға көп рахмет!

Аяулым:

Бізді баптап қараған

Күлімдеген жақсы адам

Тәрбиелеп бізді өсірген

Басымыздан сипаған

Жанат апайға көп рахмет!

Күнсұлу:

Денсаулыққа болаттай

Ауруларды жолатпай

Күнде болған әбігер

Қамқоршымыз дәрігер

Гүлнәр апайға мың алғыс!

Айболат.

Үйренгеміз өнер біз

Шетімізден шеберміз

Бал татыған әндерді

Үйреткен Толқын апайға көп рахмет!

Дарын Н.

Жазу жазып үйреткен

Әріптерді оқытқан

Санамақты жаттатып

Санауды бізге үйреткен

Жақсы болсақ қуанған

Қате болсақ кешірген

Айтамыз Гаухар апайға мың алғыс!

Ән. Хормен Соңында ата-аналарға сөз кезегі беріледі




















Shape1





(ЕРТЕҢГІЛІК)






Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
63 ұстаз жүктеп алған
28 желтоқсан
1723
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі