«Приозерск қаласы «Балақай»
бөбекжайы» КМҚК
Тақырыбы:
«Біз мектепке барамыз»
Ертеңгілік.
Тәрбиешілер:
Г.И.Исиркова
Ж.У.Досмуратова
2018
жыл
Тақырыбы: «Біз мектепке
барамыз»
Күні:
24.05.2018 ж
Өткізілу
түрі: Ертеңгілік
Өткізілу
орны: Музыка залы.
Ұйымдастырушылар:Досмуратова Ж.У, Исиркова
Г.И.
Жүргізушісі: Исиркова
Г.И.
Қатысатын бала
саны: 20
Қатысатын
кейіпкерлер:
Жүргізуші, Дымбілмес,Түлкі
Алиса,Стефани,Минни
Маус.
Көрнекілігі: ойынға қажетті
заттар.
Мақсаты:
Балаларға театрландырылған қызмет арқылы
ән айтуды үйрету.
Балалардың жыл бойы
алған біліктерінің, ой-өрістерінің жемісін, өнерлерін
ортаға сала отырып, балаларды үлкен
өмірге қадам басуға
даярлау.
Адамгершілікке,достыққа, бауырмалдыққа,
отансүйгіштікке тәрбиелеу.
Жүргізуші: Құрметті ата-аналар, қонақтар, ұстаздар. Бүгін
біздің бірнеше жыл мәпелеп,күтіп, тәрбиелеп
өсірген бүлдіршіндерімізді мектеп
табалдырығына шығарып салғалы отырмыз.
Балаларымыз осыдан 4 жыл бұрын кішкентай
бүлдіршін еді, енді міне, бойлары да, ойлары
да өсіп, мектепке қадам басқалы тұр.
Әрине, бұл да үлкен той, тойларыңыз
құтты болсын!
Бала-біздің болашағымыз. Ал әр бала
ол-болашақ жарық жұлдыз. Бүгін біздің балабақшамыздан ұшқалы
отырған бүлдіршіндер де болашақта еліміздің мақтанышына
айналатын жарқын жұлдыздар болатынына сенеміз. Олай болса, болашақ
жұлдыздарымызды қарсы алыңыздар!
Музыка ойнайды, балалар ортаға шығады.
Мансур:
Ақ тілекті ағытып біз
тастайық,
Қоштасатын кешімізді
бастайық.
Жүздеріңнен көрем шаттық
арайын,
Болсын солай әрбір күнің, әр
айың.
Аяжан:
Бала бақша
бесігін,
Тағы бір той
жасайық.
Ашып мектеп
есігін
Өзіңімен
қоштасайық.
Айзере
Ботақаным бөбек деп
Еркелеткен ұл қызын
Анамызды ерекше
Қуантатын күн бүгін
Өсті міне бойымыз
Қуанышқа ортақпыз
Құтты болсын тойымыз.
Оғлан:
Талай қызық той
өткіздік,
Бірақ орны
бөлекше.
Бақшамызбен
қоштасатын
Бүгінгі той
ерекше.
Ән:
«Балабақшамен қоштасу»
Балалар орындыққа
отырады.
Жүргізуші:
Өтті қызық көп
күндер, Алты жасқа жеттіңдер. Барасыңдар мектепке, Бір белестен өттіңдер . Өсті міне бойларың, Өсті ақыл-ойларың . Қуанышқа ортақпыз, Құтты болсын тойларың.
Балалар тақпақтарын
айтады.
Мейірбек:
Бақша біздің
панамыз,
Мектеп біздің
анамыз.
Ұлағатты
ұстаздан
Оқып білім
аламыз.
Диас:
Ойыншықтарды
жинаймыз,
Бөбектерге
сыйлаймыз.
Өнер білім
үйреніп
Бақшамызды
қимаймыз
Ерасыл
Балабақша
күндерін,
Есімізге
сақтаймыз.
Тәрбиеші
сіңірген
Еңбегіңді
ақтаймыз.
Заңғар:
Балабақшам базарлы
үй,
Қаладағы ажарлы
үй.
Күлкісі бар
шуақты,
Өз үйіміз
сияқты.
Залдың ортасында портфель
жатыр, жүргізуші балалардың назарын осы портфельге
аударады.
Жүргізуші: Қараңдаршы: біреудің портфелі
жатыр! Қызық,
оның ішінде не бар екен? (Портфельді ашады.)
Портфель (аудиожазба).
Бүгін, міне, сәтті күн!
Көптен бері жатырмын.
Мектепте мен қажетпін
Әрқайсыңа, достарым!
Жүргізуші:
Сені мұнда кім қалдырды
екен?
Портфель:
Егер әріпті құрастырсаңдар,
Сендер оны табасыңдар.
Жүргізуші:
Ендеше ол ұқыпсызды
табайық.
Түлкі Алиса кіреді.
Түлкі
Алиса: Сәлеметсіздерме! Қандай
сүйкімді, тәп-тәтті!Сендер кімсіңдер? Және мұнда не
істеп
жүрсіңдер?
Жүргізуші: Біздің балалар балабақшамен
қоштасып, мектепке жиналуда.
Түлкі Алиса:
Мектепке? Онда не
істейсіңдер? Онда тек уақыт жоғалтасыңдар… Мен оқып-оқып, сол
кітаптар мен дәптерлердің арқасында науқастанып қалдым!
Менің
көзім мүлдем көрмей қалды!
Жүргізуші: Түлкі неге сен олай дейсің,
біздің балалар ақылды, әдепті, үш тілде тақпақ айтып
біледі.
Тақпақтар:
Асылхан:
Бес жасқа біз
толамыз
Әдепті бала
боламыз
Қуантып ата -
ананы
Мектепке кетіп
барамыз
Бақдәулет:
Оқимыз білім аламыз
Болашақ жолын саламыз
Бақшаменен қоштасып
Мектепке біз барамыз.
Анна:
Детский садик,
до свиданья
Школа нам теперь
нужна
Здраствуй школа замок
знаньй
Ты волшебная
страна.
Тамирлан:
В сентябре я
ученик
Мама купит мне
дневник
А ещё портофель и
книжки
Мы ведь не малышкее.
Батырхан:
Я люблю свой детский
сад
Внем полным - полно
ребят
Раз, два, три, чётыри,
пять
Жаль что всех не
сосчитать.
Жанболат:
Улетаем мы
сегодня
Словно птицы из
гнезда
Жаль приходится
прощаться
С детским садам
навсегда.
Арнур:
С детским садом
расстаёмся,
Школе
каждый очень рад!
На
прощанье улыбнёмся,
Не
грусти, наш детский
сад.
Заңғар:
Ейппс биг,
Ейппс
стол.
Гуес от?
Ай лайк зем
ол!
Түлкі
Алиса: Тақпақты жақсы айтады
екенсіңдер.Бірақ сендерге оқудың не қажеті бар, мен сендерге
санауды үйретемін! Қазір мен қанша ақшам бар екенін
есептеймін. Мынау маған, мынау саған, мынау маған және маған,
сосын саған, содан кейін саған.
Жүргізуші: Балалар, Түлкі Алиса ақшаны тепе-тең бөлді
ме?
Балалар. Жоқ! Ол сені алдады!
Осы кезде залға Стефани
кіреді.
Стефани:
Сәлеметсіздерме!! Балалар сендер қандай әдемі болып
кеткенсіндер.
Жүргізуші: Сәлеметсіңбе Стефани, кел
төрлет, біздің балалар балабақшамен қоштасып мектепке барғалы
жатыр. Балаларымыздың өнерін тамашала.
Стефани: Өтірікші, әрі ұрлықшы түлкі
да мұнда жүр екенғой.
Түлкі
Алиса. Не? Ол не дегенің? Мен
мейірімді, білімді, білгірмін...
Стефани: Қазір біз сені тексереміз,
менің жұмбағымды шешіп көр?
Оқу-білім аспабы,
Қоймасының бас қабы.
Бөлмесі де бірнешеу,
Тиегі бар ашпалы. (Портфель)
Түлкі Алиса ойланып қалады.
Жүргізуші: Балалар
мүмкін
жұмбақтың жауабын сендер табарсыңдар.
Балалар: Портфель.
Жүргізуші: Түлкі Алиса сен одан да
біздің балалардың өнерін тамашала.
Стефани:
Балалар,
мен бүгін көп әріптерді тауып алдым…
Жүргізуші:
Бізге
көрсетіңізші,
олар бізге портфельдің иесін табуға көмектеседі. Стефани: «Д», «Ы», «М», әріптерді береді. Бұл әріптер
қандай әріптер екен, балалар сендер білесіңдерме?
Балалар:
«Д», «Ы»,
«М» деп айтып оқиды.
Стефани: Жарайсыңдар балалар, сендер
әріптерді жақсы біледі екенсіңдер. Ал, сендер балабақшада би билеп
үйрендіңдерме? Қане көрейікші.
Би:
«Флешмоб»
Жүргізуші: Ал, біздің портфелін жоғалтқан
адамды іздеуіміз керек. Мүмкін, портфель көмектесер?
Портфель (аудиожазба).
Көгілдір көлге барыңдар,
Әріптерді сол жерден табыңдар!
Жүргізуші: Балалар, сендер дайынсыңдар
ма? Көздеріңді
жұмып, менің белгім бойынша теңіз жағалауына
бірге барайық: бір, екі, үш!
Теңіз шуы естіледі. Музыканың
сүйемелдеуімен Минни
Маус кіреді.
Минни
Маус: Ой!
Сендер кімсіңдер? Мұнда қалай келдіңдер?
Жүргізуші:
Алаңдама, Минни,
біз – балабақша балаларымыз, әріптерді тауып, портфельді кім
жоғалтқанын білу үшін теңіз жағалауына
келдік.
Минни
Маус:
Қане, мен, сендерге көмектесейін!
Тек… сендер де көмектесіңдер, ол үшін сендер менімен
бірге би билеп, ойын ойнауларың керек.
Би:
«Минни Маус»
Минни
Маус:
Ал, балалар, жарадыңдар!
Өте өнерлі екенсіңдер,
Ал ойынға қалай қарайсыңдар?
Ойын: «Цифрды тап та қатарға
тұр»
Минни
Маус:
Осы әріпті іздедіңдер ме?
Олар мұнда қайдан келген?
Оны тезірек қолдарыңа алып,
Ұмытшақты тауып алыңдар! «М», «Е», «С», «Б», «І», «Л»
әріптерін
береді.)
Жүргізуші:
Рақмет саған Минни Маус,
Біз тездетейік,сенде бізбен бірге балабақшаға
жүр.
Жүргізуші: Міне, бақшамызға
да
келдік! Ендеше, балалар,
барлық әріптерді құрастырып, мұның кім екенін оқып
көрейік.
Балалар әріптерді құрастырып,
«Д Ы М Б І Л М Е С» сөзі
шығады.
Дымбілмес шығады.
Дымбілмес:
Мен бәрін білемін,
Айға ұшу арманым.
Сурет салып, ойнаймын,
Поэмалар шығарамын.
Мені Білгір деп кім айтты?
Менің атым кім өзі?
Балалар (хормен). Дымбілмес!
Жүргізуші: Бұл сен екен ғой, Дымбілмес, портфельді
тастап, әріптерді жоғалтып алған.
Дымбілмес:
Иә, иә, ол мен едім,
Бәрін шашып кеткен едім.
Оқығым да келмеп еді,
Алайда, кешірім сұрауға келген едім.
Енді портфелімді тастамаймын.
Жүргізуші:
Жарайды, бір жолға кешірейік,
Бәріміз бірге ойын ойнайық! Бір, екі, үш, төрт, бес,
Ойынды біз бастаймыз.
Бәріміз бірге, бауырлар,
Жаттығуды бастаймыз,
Қыркүйектің алғашқы күні
Мектепке біз жиналамыз!
Анам таңғы ас дайындайды,
Әкем шар әкеледі.
Сендер артта қалмаңдар,
Портфельді тез жинаңдар!
Ойын: «Портфельді жина»
Жүргізуші: Қуаныштан
шаттанып
Той тойлайық алақай.
Көңілденіп шаттанып Би билейік
балақай!
Би: «Жігіттер»
Дымбілмес: Мен балалардың биін тамашалап, риза болып отырмын. Бәрі
шетінен өнерлі екен.
Жүргізуші: Бұл балалардың өнерлі боп өсуіне көп көмек берген осы
балабақшаның апайлары. Ендеше, балдай тәтті
балаларымыздың осы балабақша қызметкерлеріне арнаған
жыр шумақтарын тыңдайық.
Жақсылыққа құмармыз,
Жақсы адам боп шығамыз.
Таза сәби жүректен,
Қабылдаңыз мың алғыс!
Тақпақтар:
Мансур Орын берген бақшадан Меңгеруші жақсы адам Сондықтан да біз үшін Артық өзі басқадан Бұл бақшаның жүрегі Бөбектердің тірегі Ол Гулнара апай ғой Оны бәрі біледі.
Аяжан: Әдіскер бар бақшада Талапты, әрі әдемі Әсем, Жамилиа апайларды байқасақ,
Әрбір сөзі
мәнерлі.
Оғлан Бөбектерге үлгі боп Ашты білім есігін Әсем,
Жаннұр,Марина,Гүлжанат апайлар
Жүректе қалар
есімің.
Бексұлтан Ақ халатты киеді Аппақ болып жүреді Мариям,Гулнара апай тілейді
Балалар ауырмай жүрсін
деп, Денсаулығы мықты
боп Ұзақ өмір сүрсін
деп.
Мерей Ас әзірлеп бақшада Көңіл бөлер бақшаға Дәмді тағам дайындау Еңбек қой бұл қаншама Қолы алтын аспазшылар Назира, Ұлжан апайлар ешқашан да шаршама!!
Ибрагим Перизат апай, Тал шыбықтай иілген Ұл-қыздарды билетеді
Сіздерге шексіз алғысты Айтып жүреміз
үнемі.
Мейіржан Балабақша-бесігім Қайсысын айтып бітейін, Ағылшынша
үйреткен Феруза апайға, Алғыс айтып
кетейін.
Бекарыс: Біздер үшін еңбек еткен шаршамай Баршаңызға рақмет
апайлар Көмекші апай Жақсыгүл,Бота,Алтынгүл,Айтұрсын апай сіздерді
де Еске аламыз ешқашан да ұмытпай.
Жүргізуші: Иә. Бұл бақшадағы әрбір апайдың есімі балалардың жүрегінде
мәңгі жатталып қалатыны сөзсіз. Әсіресе, тәрбиешілердің ерен еңбегі
ешқашан да ұмытылмас. Олай болса, келесі әнімізді тәрбиеші
апайларға арнаймыз.
Ән: «Тәрбиеші»
Жүргізуші: Дымбілмес, сен біздің
балапандарымыз өскенде кім болғысы келетінін білгің келеме? Олай
болса өздерінен сұрап білген едік, бәріміз бірге
көрейік.
Экранға назар
аудару.
Жүргізуші: Дымбілмес саған біздің
балаларымыздың өнері қызық болса, сен де бізбен бірге мектепке
бар.
Дымбілмес: Бірге? Керемет ой!
Балаларым, балапан, балғындарым,
Кілең беске оқыңдар жарқындарым.
Күлерсіңдер әрқашан шаттаныңдар,
Барлығыңда болашаққа аттаныңдар.
Дымбілмеспен бірге Түлкі, Стефани шығып
кетеді.
Жүргізуші: Осындай тәтті
балапандарымыздың ата-аналарына шексіз алғысымызды білдіре отыра,
балаларымыз өз ата-аналары жайлы қандай ойда екенін сұхбаттасу
арқылы білген едік. Олай болса, экранға назар
аударсақ.
Экранға назар
аудару.
Келесі құттықтау сөз кезегін бөбекжайымыздың меңгерушісі
Г.Т.Узалина апайға береміз.
Ата-аналарды
марапаттау.
Жүргізуші:
Үлкен сенім жүктеп алып,
Мектепке кетіп барады.
Тәрбиеші өзіңмен,
Қоштасу әнін салады.
Ән:
«Қошбол балабақша»
Жүргізуші: Қарашы, бүгінгі күн қандай,
Қалайша қаласың нұрланбай? Вальс билесе түлектер Жер шары айналып
тұрғандай!
Би:
«Вальс»
Жүргізуші: Құрметті ата-аналар! Бүгін бақшамыздан ұшып бара
жатқан түлектерімізге тек қана ақ жол тілеп, білім көгінде
қанаттары талмай самғай берсін деген тілек айтамыз. Келесі
балаларымызға бітіруші түлек суреттерді тапсыруға сөз кезегін
бөбекжайымыздың меңгерушісі апайға
береміз.
Марапаттау
сәті
Жүргізуші: Осымен балабақшамен қоштасу кешіне
арналған «Біз мектепке
барамыз» атты ертеңгілігіміз
аяқталды. Келгендеріңізге көп рахмет! Сау
болыңыздар!