А.Орманбетов
атындағы шағын жинақты негізгі орта
мектебі.
Бекітілді: мектеп директоры С.
Ж. Хамитов.
Ертеңгілік
Тақырыбы: Біз
мектепке барамыз.
Тексерілді: Бастауыш сынып
бірлестігінің жетекшісі: Г. М. Барысова.
Тәрбиеші: К. К.
Шаяхметова.
2017-2018 оқу
жылы.
Тақырыбы: Біз мектепке
барамыз.
Мақсаты:Жыл бойы алған білім деңгейін байқау,
нәтижесін көрсету.Балалардың тілін, сөздік қорын, ойлау қабілетін,
сөйлеу мәнерін қалыптастыра отырып, әр баланың іс-әрекеттері арқылы
икемділігін, қабілеттері мен шығармашылық мүмкіндіктерін ашу.
Балалардың елін, отбасын, мектебін, Отанын сүюге, әдепті, өнерлі
болуға тәрбиелеу. Ата-аналарға балаларының қандай білім игергенін
іс жүзінде көрсету.
Көрнекілігі:
Тапсырмалар бойынша суреттер
және слайдттар,шарлар, интерактивті тақта,поезд, гулдер,
саңырауқұлақтар, қояндар, көбелектер, алтын
балықтар.
Білім беру
саласы:Таным,қатынас,
әлеумет,шығармашылық, денсаулық.
Бөлімі: сөйлеуді дамыту,
математика,сауат ашу, қауіпсіз мінез –құлық негіздері , орыс тілі,
ағылшын тілі, музыка, би өнері.
Билинивизм:
Нан – хлеб - a bread , шырын –
сок – a juice, жұмыртқа – яйцо – an egg, айран – кефир – a kefir,
печенье – печенье – a biscuit. Рахмет!Спасибо!Thank you!
Сауболыңыз!Досвидания! Goobye!
Әдіс-тәсілдері:Түсіндіру,тапсырманы
орындау,сұраққа жауап
беру,үйрету,мадақтау.
|
Іс-әрекет
кезеңдері
|
Тәрбиешінің
іс-әрекеті
|
Балалардың іс –
әрекеті
|
|
Мотивациялық
қозғаушы
|
-
Сәлеметсіңдер ме,
балалар! Бүгін бізге қонақтар
келіпті.Қашанда қонағын сыйлайтын халықпыз.Сондықтан бірінші
қонақтарымызбен жақсылап амандасып алайық. Жылулық шеңбері Қуан,
шаттан, алақай! Қуанатын күн келді. Қайырлы таң, Қайырлы күн,
Сәлеметсіздер ме, қонақтар! Здравствуй
день! Здравствуй друг!
Здравствуй мир! Здравствуй век!
Здравствуй, добрый человек! Hello,
day! Hello,Friend!
Hello,world! Hello, the
century! Hello,good
man!
|
Балалар шеңберге тұрып, өлең
жолдарын үш тілде қайталап, бір-біріне жылы сөздер
айтады
|
|
Ұйымдастырушы
ізденуші
«Сиқырлы дүкен»
ойыны.
|
- Жарайсыңдар, балалар.
Ендеше, жыл бойына алған білімдерімізді тексеру мақсатында біз
«Сиқырлы орманға саяхат»
жасайық.
Саяхатымызды бастамас бұрын
мына «Сиқырлы дүкенге» кіріп жолымызға қажетті азық - түліктерді
алайық. Егер біз керек заттарды үш тілде атасақ сатушы бізге тегін
береді екен.
Сатушы: Сәлем, балақайлар! Мен сендердің бүгінгі мерекелеріңде
қандай зат алсаңдар да тегін беремін. Тек бір шартым бар, алған
заттарыңды үш тілде атауларың
керек.
- Жарайсыңдар,
балалар! Өте білімді, зерек екенсіңдер. Сау болыңдар,
балақайлар!
|
Балалар саяхатқа
дайындалады.
Балалар керек заттарын үш
тілде атап алады.
Нан – хлеб - a bread
Шырын – сок – a juice
Жұмыртқа – яйцо – an egg
Айран – кефир – a kefir
Печенье – печенье – a biscuit
Рахмет!Спасибо!Thank you! Сауболыңыз!Досвидания!
Goobye!
|
|
«Сиқырлы орманға
саяхат»
Сиқырлы саңырауқұлақтар
тапсырмасы.
|
-Балалар, біз енді «Сиқырлы
орманға» саяхат жасайық. Бірақ орман өте алыста екен. Сондықтан
орманға поездбен жетіп алайық. Қатар-қатар тұрайық, Саяхатқа
шығайық. Алыста тұрған орманға, Поезбенен
барайық.
- Балалар, біз қай жерге
келдік? Нені көріп тұрмыз? -Дұрыс айтасыңдар, балалар, мына жерде
көп саңырауқұлақ өсіп тұр . Бұл саңырауқұлақтар да сиқырлы екен. Әр
саңырауқұлақта тапсырмалар бар . Кәнекей, сол тапсырмаларды
орындайық.
|

-Біз орманға келдік. Анау
жерде көп саңырауқұлақ өсіп тұр екен,
апай.
Балалар саңырауқұлақтардағы
математика пәнінен берілген тапсырмаларды
орындайды. 
|
|
Қояндардың
тапсырмасы.
|
-Балалар, анау жерде сендерді
қояндар күтіп тұр екен. Олардың да сендерге дайындаған тапсырмалары
бар . Кәнекей, қояндардың тапсырмаларын
орындайық
|
Балалар қояндардағы сауат ашу
пәнінен берілген тапсырмаларды
орындайды.

|
|
Сиқырлы гүлдер
тапсырмасы.
|
-Балалар, шынымен де орман
табиғаты қандай ғажап! Ана жерге қараңдаршы, қандай әдемі гүлдер
өсіп тұр. Бұл гүлдер де сиқырлы екен , балалар. Кәнекей, сол
гүлдердің сендерге арнаған тапсырмаларын
орындайық.
|
Балалар сиқырлы гүлдердегі
қоршаған орта пәнінен берілген тапсырмаларды
орындайды
|
|
«Көңілді көбелектер»
тапсырмасы.
|
-Балалар, мына әдемі гүлдерге
қарай ұшып көбелектер келе жатыр. Ол көбелектер де сендерге
тапсырма әкеле жатыр. Кәнекей, балалар, сол тапсырмаларды
орындайық.
|
Балалар көбелектердегі
қауіпсіз мінез -құлық пәнінен берілген тапсырмаларды
орындайды. 
|
|
Орманшы атайдың
тапсырмасы.
|
- Балалар, мына үйде кім
тұрады екен? Орманшы атай:-
Амансыңдар ма, қарақтарым! Мен орманшы аталарыңмын. Сендер қайдан
жүрген балаларсыңдар?
- Балақайлар, өздерің сүйкімді
екенсіңдер. Қандай тақпақ білесіңдер? -Сендердей сүйкімді
балалардың дауысын естімегелі көп болды. Музыка пәнінен ән үйренген
шығарсыңдар. Аталарыңа бір-екі ән айтып бере аласыңдар
ма?
-Әнді жақсы айтады екенсіңдер,
қарақтарым. Мен енді сендердің билеріңді тамашалағым келіп
тұр.
- Ой, рахмет балапандарым.
Өнерлі әрі ақылды балалар екенсіңдер. Жолдарың болсын!Сау
болыңдар! Алдарыңда үлкен көпір
бар, абайлап өтіңдер.
Тәрбиеші:- Балалар, көпірден
абайлап өтейік.
Алтын балық былай деп
сөйлейді:
-Балалар, сендер, қандай
мейірімдісіңдер! Мені босатыңдаршы, мен сендердің қалаған
тілектеріңді орындаймын..
- Тілектерің орындалады. Мына жолмен
сендер
мектепке әрі тез, әрі оңай жетесіңдер.
(жол әкелініп салынады)
- Мынау сендерге сыйлығым, мұны тек
мектепке барған соң ашыңдар! Рахмет
сендерге жүрегі таза балғындар! Сау
болыңдар!
Айналайын гүлдерім, Нұр шуақты
күндерім. Ерекше қызық тілдерің, Естен кетпес үндерің! Озат болып
оқыңдар, Ойға білім тоқыңдар!
- Осымен
біздің «Сиқырлы орманға» жасаған
саяхатымыз аяқталды. Балалар, бізді тағы да поезд
күтіп тұр. Біз енді бүгіннен бастап ғылым әлемінің алғашқы
баспалдағы «Бастауыш» атты ұзақ жолға аттанғалы тұрмыз. Қадамдарыңа
нұр жаусын! Қонақтармен қоштасайық,
балалар!
Құттықтаулар.
|
- Амансыз ба,
ата! Біз А. Орманбетов мектебінің
бөбектеріміз. Сиқырлы орманға
саяхатқа шығып едік сізге
жолықтық.

Балалар тақпақ
айтады.
Балалар «Жақсы көрем»,
«Тәрбиеші апайым» , «Анажаным» әндерін орындап
береді.
Балалар «Ана-жүрек» , «Гүлдер»
биін билейді.
Сауболыңыз!Досвидания!
Goobye!
- Қандай үлкен әдемі өзен!
Апай, біз адасқан сияқтымыз.
Біздің
мектепке қайтқымыз
келеді.
Балалар өзеннен алтын балық ұстап
алады
- Біздің бір ғана
тілегіміз бар. Біз
мектепке оралғымыз
келеді.
-
Рахмет саған алтын балық.Сау бол!
Балалар мектепке оралады.
- Енді алтын
балық сыйлаған қорапшаны
ашайық.(қорапшадан тілек жазылған алтын балықтар
шығады).
-
Сау болыңыздар!
- Досвидания!
- Good Bye!
|