жүктеу мүмкіндігіне ие боласыз
Бұл материал сайт қолданушысы жариялаған. Материалдың ішінде жазылған барлық ақпаратқа жауапкершілікті жариялаған қолданушы жауап береді. Ұстаз тілегі тек ақпаратты таратуға қолдау көрсетеді. Егер материал сіздің авторлық құқығыңызды бұзған болса немесе басқа да себептермен сайттан өшіру керек деп ойласаңыз осында жазыңыз
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
Ертеңгілік "Даярлық топпен қоштасып, біз мектепке барамыз!"
Тақырыбы: Даярлық топпен қоштасып,
Біз мектепке барамыз!
Мақсаты Балаларды мектеп алды даярлық тобынан шығарып сала отырып, оқу-білімге деген қызығушылықтарын оятып, Отанын, елін, жерін, құрметтеуге баулып, адамгершілікке,сыйластыққа тәрбиелеу.
Әдісі:Ертеңгілік.
Барысы: І Ұйымдастырукезеңі.
ІІ Кіріспесөз.
Тәрбиеші:
- Құрметті ата-аналар, ұстаздар, қонақтар! Бір жыл бойы мектеп алды даярлық тобында тәрбиеленіп, білім нәрімен сусындап, оң, солын танып, білім жолына қадам басқалы отырған бүлдіршіндеріміздің даярлық топпен қоштасу ертеңгілігіне қош келдіңіздер. Бүлдіршіндерімізге сәт-сапар тілей отырып, «Даярлық топпен қоштасып, біз мектепке барамыз !»атты ертеңгілігімізді бастауға рұқсат етіңіздер.
Өтті қызық көп күндер,
Алты жасқа жеттіңдер.
Барасыңдар мектепке,
Бір белестен өттіңдер.
Олай болса, даярлық топпен қоштасқалы отырған бүлдіршіндерімізді ортаға шақырайық. (Музыка қосылады, оқушылар ортаға шығып орындарына отырады.)
Тәрбиеші:
Өсті міне бойларың
Өсті ақыл-ойларың
Қуанышқа ортақпын,
Құтты болсын тойларың!
Ән: «Көңілді күн»- бәрі
Тәрбиеші:
Айналайын, балалар,
Алдамектеп-ана бар.
Өздеріңненөседі,
Өнерпаздар, даналар
ТАҚПАҚТАР
Тыныштық:
Қуан, шаттаналақай,
Қуанатынкүнбүгін.
Бұлқуанышсебебін,
Бізгеқарапұғарсың,
Ер жеттідепбөбегім,
Ата-анамызқуансын.
Айдос:
Нағыз білім ырыс бақ,
Дүниені тұр ұстап,
Енді біздер сабаққа,
Кірісеміз дұрыстап.
Арай:
Құшағыңда жарқылдап,
Өтті сәби күндерім.
Мектепке барам мен енді,
Даярлық топ қош енді.
Ақжүніс:
Тәрбие берген ұямыз,
Тәптіпті бала боламыз.
Қоштасып даярлық топпенен
Біріншіге барамыз.
Думан:
Әліппеден әріп танып,
Алғаш рет оқимыз.
Тәрбиеден тәлім алып,
Санамызға тоқимыз.
Айдана:
Ән салайық бас қоса
Даярлықпен қоштаса.
Қалам, дәптер, өшіргіш,
Кітаптармен қоштаса.
Бек:
5 болсын алар бағамыз,
Білімнен бақыт табамыз.
Өнер білім көп тоқып,
Өсе берсін санамыз.
Перизат:
Қуанбаймыз неге біз,
Күліп күн де тұр асқақ.
Оқығалы келгенбіз,
Біз бірінші сыныпқа.
Ринат:
Мектеп қамқор анамыз,
Оқып, білім аламыз.
Өнерпаз боп өсетін,
Біз оқушы боламыз.
Тәрбиеші:
Мерекеге арналады бүгін
билер.
Көтерілсін, қанекей, көңіл-күйлер.
Алдарыңызда қазіргі қыздар биі,
Таңқалдырып қанекей би билеңдер, – демекші, ендігі кезекте
қыздардың «Қуыршақ»биін
қабыл
алыңыздар!
(Есікқағылып , «5»-тік бағакіреді.)
- Сәлеметсіңдерме,балалар! Мені сендерге «Білім ханшайымы» балалардың мектепке барардағы білімдерін тексер,- деп жіберді. Менің қолымда «Білім ханшайымының» беріп жіберген, бірнеше тапсырмалары бар. Осы тапсырмаларды оқып, орындауларыңды талап етемін. Мен сендердің берген жауаптарыңа қарап, мектепке даярлықтарыңды тексеремім.
І тапсырма Сұрақтарға жауап беру.
ІІ тапсырма Математика сабағынан
ІІІ тапсырма Сауат ашу сабағынан.
І тапсырма
- Біз қай елде тұрамыз?
«Біздің Қазақстан».
- Біздің тұратын жеріміз қалай аталады?
- Мектебіміз қалай аталады?
- ҚР рәміздерін кімдер атап береді?
«Елтаңбасы елімнің» ,«Қазақстанның байрағы»
- Неше жыл мезгілі бар?
- Табиғат нешеге бөлінеді?
- Тірі табиғатқа нелер жатады?
Ж а р а й с ы ң д а р б а л а л а р !
Тәрбиеші:
Шалқып, тасып әніміз
Жадырасын жанымыз,
Көңіл күйді көтеріп,
Әндетеміз бәріміз. - дей отыра ортамызға
Айдосты «Мектебім »
әнімен шақырамыз. Қарсы
алыңыздар!
Тәрбиеші:
Ретімен тізбелі,
Әрбір санды даралап.
Қайсың барсың бізге енді
Айтып берер санамақ.
5 саны: 2 тапсырма
Ал енді математика сабағынан тапсырма кім маған санамақ санап береді?
1 – саны Аянұр
Мені келсе білгің
Мен таяқша бірмін
Барлық санға жол бастап
Еңбасында тұрамын
2 саны-Нұршат
Бірден кейін тұрағым
Бірден кейін тұрамын
Бірді-бірге қосқанда
Мен шығамын шырағым
3саны-Арман
Екіден соң арқашан
Үш санымен тұрамын
Орныма барамын
Екі айшық саламын
4саны-Анель
Үш сызықтан аяғым
Оқушылар қояды
Төрт дегенің баяғы
Төрт түліктің аяғы
5саны-Саят
Төрттен кейін бесті
Білу оңай десті
Санашы бір қолымның саусағын
6саны-Серік
Мен өзімді қатарға
Бестен кейін тұрамын
Басым бестен басталып
Нөлмен бітер аяғым
7саны-Аяулым
Қарамын ақызықты
Көсеуді ұмытты
Жазылғанда қос дөңгелек
Бел ортамнан сызықты
8саны - Нұрсұлтан
Менің атым сегіз
Жетіден соң десеңіз
Жеті болам бір тартсаң
Мен боламын сегіз
9саны-Бахтияр
Сегізден кейін тоғыз
Алтыны төбесінен тұрғыз
Сонда боламыз тоғыз
Жарайсыңдар балалар!
Тәрбиеші:
Үкілі кәмшат, бүрмелі
көйлек.
Тұрғандай өзі, қимылсыз билеп,
Иықтан шашып, төгіліп жерге,
Күмісті шашбау, жарасып белге деп ақын ағаларымыз жырлағандай
келесі кезекті мың бұралған биші Тыныштық
қызымызды ортаға шақырамыз
Тәрбиеші:
Ұстаз болу жүректің батырлығы
Ұстаз болу сезімнің ақылдығы
Ұстаз болу мінездің күн шуағы
Ұстаз болу адамның асылдығы
ТАҚПАҚТАР
Тәрбиеші:
Құлақтан кіріп, бойды
алар,
Әсем ән мен тәтті күй.
Көңілге түрлі ой салар,
Әнді сүйсең, менше сүй, – деп, Абай атамыз айтқандай ...Ақжүніс пен
Назеркенің
орындауындағы «Ұстазым»
әнін қабыл
алыңыздар.
5 саны:
3 тапсырма
Дыбыстар нешеге бөлінеді?
Дауысты дыбыстарды қандай текшемен белгілейміз?
Дауыссыз дыбыстарды ше?
Сөздерді буынға бөліп оқып бер. (Бо-та, қа-ла, да-ла)
Жаңылтпаштаркімайтады?
(Әдептілік-әдемілік)
Тура жәнекерісанапбер.
Жарайсыңдар балалар!
Тәрбиеші:
Талай қызық той өткіздік,
Бірақ орны ерекше.
Даярлықпен қоштасатын,
Бүгінгі той ерекше дей отыра, ортаға оқушыларымызды валсь биімен тамашалаймыз.
Тәрбиеші:
Сүйікті балғын бала шақ.
Сендердікі болашақ.
Озат болы поқыңдар,
Ойға білім тоқыңдар
ТАҚПАҚТАР
Тәрбиеші:
Еткен еңбек жемісі,
Ақталды деп санаңыз.
Білім, әлем көгіне,
Қанат қағып ұшамыз – дей отырып, ортаға «Ертегілер әнін» қарсы алыңыздар.
5 саны: «Иә, жоқ» ойыны
Ойын: «ия, жоқ» балалармен
1. Мектепке біз барамыз ба?
2. Кілең бестік аламыз ба?
3. Айтқан тілді аламыз ба?
4. Ақылды бала боламыз ба?
5. Нан жеймін деп жылаймыз ба?
6. Танартен ерте тұрамыз ба?
7. Сабақта отырып ұйықтаймыз ба?
8. Ойыншықтармен ойнаймыз ба?
9. Екі алғанда жылаймыз ба?
10. Оқушы біз боламыз ба?
Ата аналармен ойнау:
1. Балаңызға әрқашан тірексіз бе?
2. Сабақ оқып, есепке сіз жүйріксіз бе?
3. Тамағын уақытылы бересіз бе?
4. Төзімділікке сіз әр уақытта төзесіз бе?
5. Сериал көріп жатасыз ба?
6. Ұрып, нұқып үйретуге барасыз ба?
7. Оқыту мұғалімнің жұмысы деген кері тартпа сөзді айтасыз ба?
8. Сен оқыт, мен оқып шаршадым деп ұрысуға дайынсыз ба?
9. Балаңыз үшін балаларды ұрасыз ба?
10. Бала үшін асулардан асасыз ба?
Тәрбиеші:
Ән салайық бас қоса
Даярлықпен қоштаса.
Қалам, дәптер, өшіргіш,
Кітаптармен қоштаса.
ТАҚПАҚТАР
Тәрбиеші:
Бишілер бар бізде қыздар мен
ұлдар тобы,
Мерекеге өнерімен келген бүгін.
Таң қалдырып, қанекей би билеші,
Қол соғып, демеу берсе көрермендер! - деп
кезекті ұлдарға береміз.
(флешмоб)
(Хормен барлық бала айтады.)
Құшағыңда жарқылдап,
Өтті сәби күндерім.
Мектепке барам мен енді,
Даярлық топ қош енді.
Балаларға куәліктер тапсыру.
Келесі сөз кезегі: Оқу ісінің меңгерушісі : Заитова Дәметкен Қалибекқызына беріледі.
Қорытынды
- Құрметті осы мерекеге жиналған ұстаздар! Бала біздіңболашшағымыз, еліміздіңертеңі. Солертеңгі ел тізгінінұстайтынұрпағымыздытәрбиелеп, бойынаізгілікнұрынсебумынаотырғансіздер мен біздердіңміндетіміз.
Міне, бүгінбіздер осы бүлдіршіндерімізімектепкедаярлап, шығарыпсалғалыотырмыз. Осымен біздің ертеңгілігіміз аяқталды! Сау болыңыздар!
(Далаға шығып шар ұшыру)

Бұл курс Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігімен келісілген