400 000+ дайын материалды
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар және авторлық материалдар
4 990₸/ 1 жыл
🔥Арнайы баға ·10.12.2026 дейін
Одан кейін - 29 990 ₸
Бір рет төлейсіз · Автотөлем жоқ
Тақырып бойынша 11 материал табылды

Ертеңгілік ІІ кіші топтарға арналған «Жарқыра шырша» жаңа жылдық сценарий

Материал туралы қысқаша түсінік
Балабақша тәрбиешілеріне керек деп ойлаймын.
Материалдың қысқаша нұсқасы

ІІ кіші топтарға арналған «Жарқыра шырша» жаңа жылдық сценарий

Кейіпкерлер: Қыс, Аққала, Ақ қоян, Ақшақар, Аяз ата.

Музыка залына балаларды ерітіп тәрбиеші кіреді.

Тәрбиеші: 

Қане, қане балалар

Бәрің бермен қараңдар

Шырша қандай әдемі

Шыршаға ән шырқаңдар.

Тәрбиеші: Балалар шырша туралы қандай тақпақ білесіңдер.

Ән: «Шырша»

Інжу

Жаңа жыл Жаңа жыл

Жаңа жылға жаңа жыр

Жасыл шырша жанында

Билеп барлық бала жүр

Бізге сәлем беріп тұр

Алан

Жаңа жылым мол болсын

Баскан қадам оң болсын

Төрле Төрле Жаңа жыл

Бізге Құтты жыл болсын

Мейірлан

Тамаша, тамаша!

Шыршамыз тұр жараса

Басында әсем жұлдызы

Көз тоймайды қараса

К. Ерасыл

Шыршаға бардық

Ән салдық

Аяз атадан ,

Сыйлық алдық

Рахман

Жылдың әнін бастайын,

Аяз- Ата кеп қалды.

Майысады жас қайың,

Көтере алмай көп қарды

(балаларды орындарына отырғызу)

Тәрбиеші: балалар бізге қонақ келе жатқан сияқты құлақ түрелік кім екен.

Әуен ырғағымен қоян келеді

Қоян:

 Ау, жарандар, ал жарандар

Жауып тұр қар себелеп,

Көкке толды, жерге қонды

Сансыз аппақ көбелек.

Сәлеметсіздерме балалар?

Балалар: сәлеметсізбе қоян

Қоян: Баршаңызды жаңа жыл мерекесімен құттықтаймын.

Тәрбиеші: Қош келдің қоян. Бізбен бірге шырша шамын жағуға шақырамын.

Ал, балалар бәріміз бірге Моншақтары тізілген

Шырша шамы жан, жан 3 рет қайталау.

Қоян: Ал енді менің көжектерім би билеп берсін!

Би: «Көжектер»

Тәрбиеші: бұл не шыршамызға не болды? Неге шырша шамдары сөнеді екен. Балалар сиқырлы сөздерді айтып көрейік.

Ал, балалар бәріміз бірге Моншақтары тізілген

Шырша шамы жан, жан 2 рет қайталау.

Енді шырша шамдарын жағу үшін кімді көмекке шақырсақ екен балалар?

(Қоян Аққаланы ша0ырады)

Ақ қала, ақ қала!

(осы кезде залға әуел ырғағымен аққала шанасын сүйрете келеді)

Ақ қала:

Уа, халайық жарандар

Айналаға қараңдар

Жаңа жылдың бұл тойын

Салтанатқа санаңдар

Қызық көріп, шап болып

Шаттық күліп тараңдар.

Сәлематсіздерме балалар мені шақырдыңыздарма?

Тәрбиеші: Сәлеметсіңбе ақ қала ия біз сені шырша шамын жағуға көмекке шақырдық.

Ақ қала: Жарайды. Ал онда көрейік. Бір, екі, үш шырша шамы жан, жан. (шырша шамы жанбайды)

Ақ қала: Шыршамыз жанбады, енді не істейміз,. Шыршаның шамын жағу үшін, мүмкін би билеп береміз.

Би: «Ақ қалалар»

Тәрбиеші:  ақ қала біздің балалармыздың сізге арналған тақпақтарын тыңдаңыздар?

Дилара

Ақша қар, ақша қар,

Аппақ болып қонасың.

Тоса қалсам қолымды

Алақанда толасың.

Хасан

Әдемілеп біз ілген

Ойыншықтар тізілген.

Міне сұлу шыршамыз,

Көптен күтіп сағынған.

Жансая:

О алақай

Аяз а та келеді.

Құтты болсын, құтты болсын!

Жаңа жыл

Ясмина

Аяз ата келіп тұр.

Бізге сәлем беріп тұр.

Сақалының ұзын - ай

Кесіп алсам шіркін – ай!

Аққала: тамаша рахмет балалар. Балалар мен өзіммен бірге ойын ала келдім. Ойнағыларың келеме?

Ойын: «Қар мен сәбіздерді жинау» деп аталады. Кім ойнағасы келеді келіңдер ортаға шығыңдар.

Тәрбиеші: Міне ғажап біздің балалар қар мен сәбіздерді де жинады.

Аққала: Шыршаның шамдары жанбай тұр, аяз атаны шақырайық.

Тәрбиеші: Ия арине,  балалар бәріміз бірге а- яз а-ат деп дауыстап шақырайық. 3рет

Тәрбиеші: А-яз а- ата ( 3 рет )(залға аяз ата кіреді.)

Залға Ақшақар мен аяз ата келеді:

Аяз ата: Амансыңдарма ұлдарым,

Амансыңдарма қыздарым,

Қандай жарқын жүздерің

Қандай әсем мереке

Жаңа жыл құтты болсын! Сіздерді жаңа жыл мерекесімен құттықтаймын. Жаңа жыл бақ береке әкелсін.

Ақшақар:

Сәлеметсіңдер ме балалар,

Қош келдіңдер орманға.

Әсем биге салайық,

Жақындаңдар шыршаға.

Би:«Ақұлпалар»

Ақшақар:  Сендерге көп рахмет аққала, ак коян мерекеміздің сәнін келтірдіңдер. Аяз ата шыршаның шамдары жанбай қалыпты бұл дұрыс емес аяз ата көмкетесіңіз.

Аяз ата: ия қызым дұрыс емес, қазыр мен сиқырлы таяғыммен шыршаның шамдарын жағайын. (Қолындағы таяғымен сиқыр жасайды. Шырша шамдары жанады)

Тәрбиеші: Қандай керемет аяз ата тамаша! Аяз ата төрлетіңіз, біздің балаларымыздың ақ тілектерін қабыл алыңыз.

Али

Әкем таңдап әкелді

Ең үлпілдек шыршаны,

Иісі аңқыған шыршаны,

Жарқыраған шыршаны

Айару

Тілеймін мен бар әлемге

Дос көп болсын жаңа-жыл

Ата-әже,әке – шеше

Құтты болсын Жаңа жыл!

Дарын

Оралды өлкеме

Жаңа жыл, армысың!

Оранды ақ көрпе

Асқар тау, қарлы шың.

Нұрали

Аяз ата келді

Бізге сәлем берді

Риза болып қуанып

Бізге силық берді.

Тәрбиеші: Балалар енди біздің балалар билеп берсін.

Би: « Жұп биі»


Арсен

Аспан жерге төгеді

Ақ күмісін уыстап

Жаңа жылда келеді

Бізге қарай жылыстап

Мира

Жасыл желен жамылған,

Асыл моншақ тағылған.

Міне сұлу шыршамыз

Көптен күтіп сағынған.

М. Ерасыл

Шыршаға бардық

Аяз ата: Бәрекелді балалар көп тақпақ біледі екенсіңдер, қуантып тастадыңдар.

Тәрбиеші: Аяз ата біздің балаларымыз тек тақпақ емес сонымен қатар биді дөңгелетіп билесе, әнді шырқай біледі. Олай болса біздің қыздармыздың «Джингл белз» биін тамашалаңыздар.

БИ: «Джингл белз

Аяз ата: Тамаша ,тамаша

Тәрбиеші: Аяз ата біз балалар қандай өнерлі.

Аяз ата: Керемет қандай өнерлі балалар.

Аяз ата, Ақшақар: Ой, Бәрекелді балаларым! Әсем ән шырап билеп аталарыңды бір қуантып тастадыңдар, көп- көп рахмет. Мен қапты жоғалтп алдым Ақ қала көметесіп жіберші. Орманда қалып қалып қойды білем. Тосын сый!!! Енді біз Ақшақар қызымыз екеуміз қайтайық. Бізді басқа балалар күтіп отыр, сау болыңдар!


Тәрбиеші: Құрметті қонақтар, балалар 2020 жаңа жылға арналған мерекеміз аяқталды,

көріп тамашалағандарңызға рахмет. Жаңа жыл құтты болсын!































№ 35 «Болашақ» балабақшасы

















Кел, кел жаңа жыл төрле!

№ 10 топ







Тәрбиешілер: Кенжибаева С.Қ

Ерекешова Ж.Ф



























Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
0 ұстаз жүктеп алған
11 ақпан
873
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі