жүктеу мүмкіндігіне ие боласыз
Бұл материал сайт қолданушысы жариялаған. Материалдың ішінде жазылған барлық ақпаратқа жауапкершілікті жариялаған қолданушы жауап береді. Ұстаз тілегі тек ақпаратты таратуға қолдау көрсетеді. Егер материал сіздің авторлық құқығыңызды бұзған болса немесе басқа да себептермен сайттан өшіру керек деп ойласаңыз осында жазыңыз
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
Ертеңгілік "Жаңа жыл"
Ертеңгілік : « Келді , міне Жаңа жыл ортамызға ,
құт – береке әкелсін баршамызға »
Мақсаты: Балалардың мерекелік түсініктерін қалыптастыру. Мерекелік көңіл – күй ортасын ұйымдастыру. Хормен және жеке ән айту шеберліктерін жетілдіру.Би қимылдарын қызығушылықпен,ырғақты сақтай отыра орындауға төсілдіру. Қайырымды іс жасауға тәрбиелеу. Балалар көңілді әуенмен жаңа жылға арналып безендірілген залға кіреді.
Жүргізуші : Жаңа жылдың таңы неткен арайлы,
Ақ мамыққа бөліп алды маңайды.
Жаңа жылмен құттықтаймын бәрінді,
Бақыт , шаттық , молшылық әкелсін.
Бәрімізге мына жыл арайлы!
Құтты болсын ағайын!
Жаңа жылың тағы да,
Қол соғып қарсы алайық.
Шақырайық ортаға,
Ертеңгілік басталсын.
«Қызғалдақ» ересектер тобында.
(Балалар келіп шыршаны айналып тұрады)
Жүргізуші: Айнала қоршап шыршаны,
Шашылар шашу жыр әні.
Мынау әсем шыршаға,
Қош келіңдер , балалар , ата-аналар , құрметті әріптестер!
Жүргізуші : Құрметті қонақтар, балалардың жаңа жылға арналған тілектерін тыңдайық. Тілектер : Дегдар: Жаңа жыл құтты болсын ! Қарақат : Денсаулығымыз мықты болсын ! Батыр : Келер жылда молшылық болсын ! Адиля: Әр үйде молшылық болсын !
Абылай : Бәріміз бақытты болайық ! Айли : Жаңа жылда жол болсын ! Ерасыл : Әр бір үйде итой болсын ! Айым : Берекелі жыл болсын ! Адия : Ақ дастархан мол болсын ! Сезім : Аяз ата келе ме ,бізге сыйлық бере ме ? Айзере : Әрине ата келеді , бізге сыйлық береді . Осы кезде музыка әуенімен билей басып түлкі келеді. Түлкі : Мен түлкімін , түлкімін,
Тұнып тұрған күлкімін .
Бұлғаң ,бұлғаң құйрығым,
Текке өтпейді бір күнім .
Аяз ата мұнда келмейді ,
Сендерге сыйлық бермейді . Жүргізуші : Қалайша ? Түлкі : Аяз ата адасып кетті ,
Сендерді таба алмай,
Үйіне қайтып кетті . Жүргізуші : Бұл қалай болғаны ? Думанымыз Аяз атасыз қалай өтпек ? Түлкі : Жарайды, мен кетейін ( билей басып шығып кетеді) Жүргізуші : Балалар уайымдамаңдар , Аяз атамыз келеді ,бізге сыйлық береді .Бұл түлкінің кезекті бір қулығы болар. Бұның арртында бір шикілік бар сияқты Ақжан , Эмиль екеуің түлкінің ізіне түсіңдер , не бүлдіргенін біліңдер. Ақжан мен Эмиль : Жарайды біз кеттік . (Түлкінің соңына түседі) Сықырлаған қардың дыбысы естіледі . Жүргізуші тың – тыңдап : Балалар Аяз ата келе жатқан сияқты , қардың сықырын естідіңдер ме ? Балалар : Иә , естіп тұрмыз. Жүргізуші : Олай болса қарап тұрмайық ,Аяз ата мен Ақшақарды шақырайық. Балалар : Аяз ата , Ақшақар !
Әуен ойналады , залға Аяз ата мен Ақшақар кіріп келеді . Балалар қошеметпен қарсы алады . Аяз ата : Амансың ба , ұлдарым ,
Амансың ба , қыздарым ,
Қандай әсем жүздерің ,
Қандай мөлдір көздерің.
Керемет бір ән тыңдап ,
Келіп тұр – ау демалғым .
Аяз ата : Ой , айналайындарым – ай ,сендерге келуін келдім ,бірақ қапшық толы сыйлығым ұшты – күйлі жоғалып кетті . Осында келе жатып жоғалтып алдым . Енді не істесем екен ? Осы кезде түлкінің соңынан кеткен екі бала түлкіні алдына салып , қапшық толы сыйлықты алып келеді. Аяз ата : Ә , енді есіме түсті , қу түлкі жолда өлген болып жатып қапшығымды қымқырған екенғой . Түлкінің мұнысы дұрыс па , балалар ?
Балалар : Жоқ .
Түлкі : Қулық - сұмдықты жоямын ,
Өнерге ден қоямын.
Аяз ата мені кешірсе ,
Сыйлығына тоямын .
Жүргізуші : Нұрландырып маңайды и,
Шырша шамы жағылсын .
Жаңа жылдың құрметіне ,
Ақ тілектер ағылсын !
Ал балалар тұрмайық , Аяз ата мен Ақшақарға арналған тақпақтарымызды айтайық. Арайлым : Жасыл желек жамылған,
Асыл моншақ тағылған .
Міне сұлу шыршамыз ,
Көптен күтіп сағынған.
Кел,балалар,келіңдер,
Тамашаны көріңдер . Нұрислам : Тамаша , тамаша !
Шыршамыз тұр жараса,
Басында әсем жұлдызы ,
Көз тоймайды қараса.
Райана: Жаңа-жыл, жаңа-жыл,
Жаңа жылда - жаңа жыр.
Жасыл шырша жанында ,
Жадырап бар бала жүр .
Досжан : Қалып едік сағынып,
Күттік алдық жабылып.
Жолын доңыз жарық қып,
Шыршамызға шам іліп.
Нұржібек : Сноу он зэ граунд,
Сноу он зэ три.
Сноу он зэ хауз,
Сноу он зэ ми.
Жүргізуші : Рахмет балалар !
Ән шырқайық құр қалмай,
Бар баламен қуана.
Жасыл шырша жанында , олай болса балаларымыздың әнін тамашалайық.
Ән : «Шырша жыры»
Жүргізуші : Балаларымыздың кезекті тақпақтарын тамашалайық.
Айли : Аппақ тонға оранып ,
Базарлықты мол алып .
Келді елге сапардан ,
Аяз ата оралып .
Нұрайым : Ақсақалды шал жылына ,
Бірақ рет келіп кетеді .
Қызы мен ұлына ,
Сыйлық алып келеді .
Ақжан : Келді тағы жаңа жыл ,
Қуантумен біздерді .
Аяз ата келеді ,
Құттықтауға біздерді .
Ерасыл : Далада қар борайды ,
Ақ мамыққа орайды .
Мұз болады қатады ,
Жып жылтыр боп жатады .
Жүргізуші : Керемет жарайсындар балалар !
Енді қыздарымыздың биін тамашалайық .
Би: «Ақ ұлпа қарлар»
Жүргізуші : Енді балаларымыздың тақпақтарын тамашалайық .
Айзере : Ақ қырауға малынған ,
Ақша қардай сақалы .
Көптен күтіп сағынған ,
Көрдік Аяз атаны.
Алтынай : Тақпақтарды жаттадық ,
Би биледік көрсін деп .
Аяз ата қуанып ,
Бізге риза болсын деп .
Дегдар : Дети водят хоровод ,
Хлопают в ладони .
Здравствуй , здравствуй .
Новый год ! Ты такой хороший .
Қарақат : Жаңа жылды тойлайық ,
Ойнап асыр салайық .
Атамыздың сиқырлы ,
Қолғабымен ойнайық .
Сезім : Әкелсін жыл ырыс – құт ,
Әлемде болсын тыныштық .
Жаңа жылмен тамаша ,
Ән салайық жаңаша.
Нұрай : Қыс қызығы тамаша ,
Ойнаймыз біз таласа .
Думанымыз жалғассын,
Жаңа жылға тамаша .
Айым : Жаңа жылды қарсы алдық ,
Мініп алып күймеге .
Мен де бүгін ән салдым ,
Араластым биге де.
Жүргізуші : Ән саламыз би билеп ,
Жырдан шашу төгілді .
Бүгін біздің жаңа – жыл ,
Қандай әсем көңілді .
Тауда туып , тауда өскен ,
Шырша келді ортаға .
Қандай әсем шыршамыз ,
Ән шырқаймыз баршамыз .
Ән : «В лесу родилась ёлочка»
Жүргізуші : Керемет балалар , жарайсындар ! Аяз атамыз бен Ақшақарымыз бір марқайып қалдау !
Ой , халайық , халайық ,
Аямайық қол соғайық .
Би билейтін жігіттерді ,
Ортамызға шақырайық . Дей отыра ұлдарымыздың «Мушкетёр» биін тамашалайық.
Аяз ата : Ал , балалар әндерінді тыңдадым , тақпақтарыңды естідім , билеріңді көрдім.
Сендерді қимай тұрмын . Барлығын көнілді , әсем балалар екенсіндер. Енді менің кететін уақытым келді. Біздің әлі де баратын жерлеріміз бар , қош сау болындар , көріскенше күн жақсы !
Ақшақар : Сау болыңдар балалар ! Келесі жылы кездескенше .
Балалар : Сау болыңыздар!
Жүргізуші : Құрметті ата – аналар , балалар ! Осымен ертеңгілігіміз мәресіне жетті , Жаңа жыл сіздер үшін зор жетістікке қол жететін , ой мақсаттар жүзеге асатын , арман тілек ақталатын жыл болсын , жаңа жыл құт береке әкелсін , сау саламатта болыңыздар !

Бұл курс Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігімен келісілген