жүктеу мүмкіндігіне ие боласыз
Бұл материал сайт қолданушысы жариялаған. Материалдың ішінде жазылған барлық ақпаратқа жауапкершілікті жариялаған қолданушы жауап береді. Ұстаз тілегі тек ақпаратты таратуға қолдау көрсетеді. Егер материал сіздің авторлық құқығыңызды бұзған болса немесе басқа да себептермен сайттан өшіру керек деп ойласаңыз осында жазыңыз
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
Ертеңгілік. Жаңа жыл
«Жаңа жылдық ертегі»
(Зал әдемі безендіріліп, шыршада әдемі ойыншықтар ілінген, музыка әуені ойналып тұрады).
Жүргізуші: Армысыздар, құрметті қонақтар, ата-аналар, балабақша бүлдіршіндері! Міне, көптен күткен жаңа жыл мерекесі де келді. Жаңа жыл жаңа бақыт, жаңа қуаныш әкелсін! Еліміздің еңсесі биіктеп, аспанымыз ашық, еліміз тыныш болсын!
Балалар музыкамен залға кіреді.
Уәзір (Шыңғыс): Келіңдер бәрің қараңдар,
Ертегімді тыңдаңдар.
Ертегімізде сан қилы,
Қызық-қызық сырлар бар.
Осынау зәулім сарайда,
Жаңа жыл кеші өтпекші.
Жүргізуші: Тыңдаңыздар, тыңдаңыздар!
Карнавалдан қалмаңыздар!
Ханзада мен Ханшайым.
Сіздерге сәлем жолдайды,
Бұл кештеріңді қолдайды.
Уәзір: Осынау зәулім сарайға, мерекені тойлауға Ханзада мен Ханшайым келген екен, Ханзада мен Ханшайымды қошеметпен қарсы алайық.
(Музыка әуені ойналып залға Ханзада мен Ханшайым келеді.)
Ханзада: Бұл зәулім сарайда бізсіз болып жатқан қандай той – думан!
Уәзір: (Шыңғыс) О, Ханзадам мен Ханшайымым! Бұл зәулім сарайдағы төр өздеріңіздікі, төрге барып жайғасыңыздар. Сіздердің әміріңіз бойынша кешімізді бастайық мырзам, не қалауыңыз бар?
Ханшайым: Мен бұл кештің басталуын Жаңа жылдық әнмен көргім келеді.
Ән: «Жаңа жыл»
Ханзада: Бұл зәулім сарайда, шыршаның шамдары неге жарқырап тұрмасқа? Ханшайым, осы думанды кештің сәнін келтіріп балаларға шырша шамын жағып берсек қалай болады?
Ханшайым: Әрине ханзада, мына зәулім сарайдағы шыршаның жарқырап жанғанын мен де тамашалап көргім келеді.
(Ханзада мен Ханшайым, балалар бәрі бірге айтады:)
1,2,3 деп санайық, шырша шамын жағайық, уф, уф, деп үрлейді.
Ханзада: Ой, шырша шамы жанбады ғой, балалар тағы да қайталап айтайық?
1,2,3 деп санайық, шырша шамын жағайық, уф, уф, деп үрлейді.
(Музыкамен шырша шамы жанады.)
Жүргізуші: Балалар міне, қандай тамаша! Шыршамыздың шамдары жарқырап, зәулім сарайымыздың сәні кірді? Шыршамызға арнап ән шумақтарымызды айтып берейік?
Тақпақтар:
Ақ
қар жапты даланы |
Тамаша.тамаша! |
Жаңа жылым
мол болсын |
Жаңа
жыл келгенде |
Жасыл
желен жамылған, |
Әдемілеп
біз ілген |
Тауда
туып
|
Жаңа жыл Жаңа жыл
|
Жаңа
жылмен, жаңа жылмен, |
Нұрландырып
маңайды |
(Балалар орындарына барып отырады.)
Уәзір: Уа, Ханзадам сіздің әміріңіз бойынша барлық тілегіңізді орындаймыз, тағыда қандай әміріңіз бар?
Ханзада: Мен бұл думанды кеште әдемі би көргім келіп отыр, осы мерекенің сәнін келтіріп билейтін биші жігіттерің бар ма?
Уәзір: (Шыңғыс) Ия Ханзадам, осы зәулім сарайға өздерінің өнерлерін көрсетуге «» жігіттер де келген екен, солардың биін тамашалаңыз?
Би: «Ұлпа қарлар»
Бала: О Ханзадам біздің тағыда өнеріміз бар. Рұқсат етсеңіз Жаңа жылға арналған ән шумақтарымызды айтып берейік.
Балалардың тақпақтары
О,
алақай, Аяз ата, |
Аспан
жерге төгеді |
Келді
тағы жаңа жыл |
Бүгін
біз көңілдіміз |
Безендіріп
шыршаны |
Аппақ
тонға оранып, |
Жүзімізге
күлкі ойнап
|
Аяз
–ата ақ
сақалды,
|
Тілеймін
мен бар әлемге
|
Кел
билейік сенімен, |
Уәзір: (Шыңғыс) - О, менің Ханшайымым сіз не қалайсыз?
Ханшайым: - Ммм..... (басын ұстап ойланып) мен ханшайымдарының биін көргім келеді.
Ханзада: - Айтқаныңыз болсын Ханшайым!
Уәзір: - Айтқаныңыз болсын әміршім, тілегіңізді орындаймыз.
Би: «Гном»
Ханзада: - Қолын соғып 3рет, тамаша өте керемет би болды. Ал Ханшайым сенің көңілің неге түсіп отыр, бұл думанды кеште сен неге мұңайдын?
Ханшайым: - О ханзадам бәрі тамаша керемет, бірақ, осы думанға біреу жетіспей тұрған секілді ме?
Уәзір: - Балалар біздің ортамызға кім жетіспей тұр? Бізге жаңа жыл мерекесіне кімдер қонаққа келу керек болатын?
Балалар жауабы: - Аяз ата мен Ақшақар.
Уәзір: - Ендеше балалар бәріміз дауыстап Аяз ата мен Ақшақарды шақырайық?
Бәрі бірге: - Аяз ата Ақшақар а – уу, а-уу.
(Бір кезде қатты жел тұрып, музыкамен ортаға қарқылдап күліп, зәулім сарайды басына көтеріп мыстан кемпір келеді)
Уәзір: - Бұл Аяз ата емес қой балалар?
Мыстан кемпір: (Ата - ана) - Бұл зәулім сарайда менсіз өтіп жатырған қандай мереке той думан, мен де бұл мерекеге қатысып көрейін? Қадірменді Ханзадам мен Ханшайым ханым мен де бұл мерекеге құр қол келмедім! Міне, қолымдағы нәрсеге қараңдар, жесең тілді үйіретін, жемесең өмір бойы есіңде жүретін, жеген адамдардың армандары мен тілектерін бұлжытпай орындайтын алмамды ала келдім. Осы алманы Ханзада мен Ханшайымға сыйлаймын! Мына алманы жеп өмірде армандарың орындалып жақсы ғұмыр кешіп жүріңіздер.
Ханзада: Рахмет саған (Алманы алады)
Мыстан кемпір: Ой, ой ұмыттым мені басқа да балалар күтіп отыр еді, мен соларға қарай ұшайын. (музыкамен қарқылдап күліп, Армандарың, тілектерің орындалсын!!!)
Ха,ха ха.. - деп алмасын беріп, залдан шығып кетеді.
(осы кезде жарық сөнеді)
Ханзада мен Ханшайым: - Ммм......ым.........қандай тәтті алма, мұндай алманы қалай жемеске ааа........
(залдың светі қайта жанады. Ханзада мен Ханшайым Бастыры айналып, құлап ұйықтап қалады)
Жүргізуші: (таңғалып,басын шайқап) - жоқ, жоқ, бұлай болуы мүмкін емес! Сіздерге не болды Ханзада мен Ханшайым? Мыстан кемпір сіздерге алманы сиқырлап алдап берген екен, енді не қыламыз?
Уәзір: (Шыңғыс) - Ендеше балалар біз аяз атаны шақырайық? Бәлкім ата көмектесе алатын шығар?
Балалар бәрі: Аяз ата а-уу, а-уу, деп дауыстап шақырады.
Музыкамен залға Аяз ата сиқырлы таяғын ұстап, Ақшақар немересі, доңыз, тышқан келеді. (Балалалар орындықтарынан тұрып қол шапалақтап қарсы алады)
Аяз ата: Амансыңдар ма ұлдарым!
Амансыңдар ма қыздарым!
Қандай солғын жүздерің,
Неге сонша мұңайдың.
Бізді күтіп алаңдап,
Шаршадыңдар ма балаларым!
Сендерге не болған балаларым? Неге көңілсізсіңдер? Мен сендерге немерем Ақшақармен, ескі жыл доңыз достарыңмен, жаңа жыл тышқанмен келдім.
Ақшақар: - Балалар, біз сәл кешігіп қалдық, бірақ біз сендердің көңілдеріңді көтереміз!
Уәзір: (Шыңғыс) - Ой, ата сіз бізге көмектесіңіз, Ханзадамыз бен Ханшайымымызды жаңа сіздің алдыңызда Мыстан кемпір келіп, сиқырлы алмасымен алдап екеуін сиқырлап ұйықтатып тастады.
Аяз ата: - Жарайды ендеше мен мына қолымдағы сиқырлы таяғымның күшін пайдаланып көрейін? Таяқшасын әрлі, берлі айналдырып, Оф,Оф, сим-салябим, абрака-дабра-уф-уф - деп таяғын сілтеп оларды қайтадан өз қалпына келтір, сиқырлы таяғым! деп айтады. (Ханзада мен Ханшайым оянады)
Ханзада мен Ханшайым: - Рахмет ата көмектескеніңізге!!
Жүргізуші: - Аяз ата, сіз алыс жолдан шаршап келдіңіз, отырып демалып, біздің балалардың өнерін тамашалаңыз!
Ханзадам бізге аяз атамазбен бірге ескі жыл доңызбен жаңа жыл тышқанда келіпті:
Ханзада: Олай болса шақыраңдар
ДОҢЫЗ: - Сәлеметсіңдер ме! Балалар. Сәлеметсізбе! Ханзадам, менің жылым аяқталды. Мен сендермен бір жыл бойы бірге болдым. Қызықты күндер көп болды деп ойлаймын. Ал енді менің келер жылға орнымды беруім керек.
Ханзада: - Рахмет саған доңыз ! Сенің жылың тамаша жыл болды, балаларымыз да көптеген жетістіктерге жетті. Олай болса бәріміз Жаңа жылды қарсы алайық?
Музыкамен Тышқан кіреді. Шыршаны бір айналады.
ТЫШҚАН: - Балалар мереке думандарың құтты болсын!
ДОҢЫЗ жылы: - Жаңа жыл, мен енді өзімнің мекеніме қайтадан ораламын, Сенің жылың да сәтті жыл болып кірсін, балалар ешқашан мұңаймасын! Мына менің мойнымдағы жыл белгісін саған табыстайын. Мені ұмытпай естеріңе ала жүріңдер. Сау болындар!- деп залдан шығып кетеді.
Жүргізуші: Балалар Аяз атамыздың немересі Ақшақарға арналған әнімізді айтып берейік?
Ән: «Ақшақар»
Уәзір: - Балалар, енді Аяз атамен ойын ойнаймыз ба?
Аяз ата балаларға ойын ойнатады.
Ойын: «Үсіру», «Байпақпен ойын»
Би: «Ақшақарлар» (Қыздарды орындалуын да)
Ханзада: - Уа уәзірім мына залда жиналған балалармен маған тамаша бір ойын көрсетіңдер!
Уәзір: (Шыңғыс) - Айтқаныңызды екі етпей орындаймыз, ханзадам.
Ойын: «Шырша безендіру»
Уәзір: Ханзада мен Ханшайымым біздің балаларымыз орыс тілінде де ән айтыуды біледі екен. Олай болса әнімізді тамашалаңыздар.
Ән: «в лесу родилась елочка»
Жүргізуші: Аяз ата, біздің балалар сізге манадан бері өз өнерлерін көрсетіп, әні мен биін ортаға салып жатыр. Ал енді бізге беретін сыйлығың қайда?
Аяз ата: - Ой балалар, өнерлі екенсіңдер, әнші, биші екенсіңдер. Бірақ мен қартайдым. Көп нәрсені ұмытып қала беретін болдым. Сендерге дайындаған сыйлықтарды қайда қалдырғанымды білмей ұмытып отырмын.
Мыстан келеді: Иә-иә, ұмытшақ шал. Сыйлықтарыңның қайда екенін білмей отырсың ба? Енді балаларға не бересің. Олар болса сенен сыйлық күтіп отыр.
Аяз ата: Қап, мына мыстанды ма, қазір мен оның сазайын берейін. «Қане мыстан, биле» – деп таяқын жерге бір ұрады.
Мыстан билей жөнеледі: «Аяз ата кешір, Аяз ата мен енді қойдым, мен шаршадым, маған көмектесіңдер, айтам-айтам, сыйлықтарыңды мен жасырып қойдым қазір әкелем –(деп билеп жүріп айтады.)
Аяз ата: Тоқта-деп таяқты бір ұрады.
Мыстан тоқтап қалады: Мені кешіріңдер балалар, аяз ата кешір мені, енді мен жамандық жасамаймын. Қазір әкелем сыйлықтарыңды, деп жүгіріп барып бір қап сыйлық алып келеді.
Аяз ата мен ақша қар балаларға сыйлықтар үлестіреді.
Аяз ата: Балақандарым, сендер менің сыйлығыма ризасыңдар ма?
Балалар: Иә.
Уәзір: ендеше балалар, Аяз атаға рахметімізді айтайық.
Балалар: Рахмет!
Аяз ата: Балаларым біздің қайтатын уақтымызда келді,бізді сендерден де басқа балалар күтіп отыр. Келесі жылымызда аман-есен кездескенше! Сау саламатта болыңыздар.(Аяз ата мен Ақшақар шығып кетеді.)
Жүргізуші:
Келді міне Жаңа жылым елімізге!
Жаңа жылым құт әкелсін жерімізге!
Жаңа жылдың таңы неткен арайлы,
Шуақ шашып баршамызға тарайды.
Осымен ересек «Қарлығаш» тобының Жаңа жылдық ертеңгілігі де аяқталды, келесі жылымызда аман-есен кездескенше! Сау саламатта болыңыздар.

Бұл курс Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігімен келісілген