ертеңгілік Жаңа жыл 3-сынып

Тақырып бойынша 11 материал табылды

ертеңгілік Жаңа жыл 3-сынып

Материал туралы қысқаша түсінік
Жаңа жылға арналған ертеңгілік ұстаздарға арналған көмекші құрал
Материалдың қысқаша нұсқасы

Жаңа жылдың таңы неткен арайлы,

Ақ мамыққа бөлеп алды маңайды.

Жаңа жылмен құттықтаймын деген күн,

Қанаттана кең әлемге тарайды.

  • Сәлеметсіңдер ме, балақайлар, амансыздар ма, құрметті қонақтар!

Бүгінгі шыршамыз неткен әдемі еді. Балалар, сендер де бүгін өте әдемісіңдер! Бүгінгі жаңа жылдық мерекемізге қош келдіңіздер.

Бүгінгі шыршамыз неткен әдемі еді. Балалар, сендер де бүгін өте әдемісіңдер! Бүгінгі жаңа жылдық мерекемізге қош келдіңіздер.



Жыл келді бөлеп бізді ағыс күнге,

Жетектеп нұрлы ертеңге таныс күйге.

Жаңа жыл – жаңа әннің тербелуі,

Жаңа жыл - ақ арманның өрленуі.

Армысыздар қадірлі қонақтар, сүйкімді балалар! Бәріміз асыға күткен жаңа жылымыз да міне, келіп қалды, жаңа жылымызды думандатып қарсы алайық.

Құрметті жамағат “Жақсы сөз- жарым ырыс!” – деп дана қазақ айтқандай, жүрекке жылылық ұялатар алғашқы Жаңа жылдық құттықтау сөзді ақыл ойы жетілген саналы ұрпақты сезімі сергек, арманшыл дана ұрпақты тәрбиелеп жатқан білім ұясының білікті басшысына Омарова Ғалия Қарақұлқызына береміз.

Барлығымыз жаңа жылдық шыршамызға қонаққа келдік. Кешіміз көңілді өтсін. Ал балалар, шыршамыздың шамдары неге жанбай түр?

Мен білетін сияқтымын. Өйткені, балалар, біз шыршамызбен амандасқан жоқпыз. Сондықтан ол бізге ренжіген болар.

Ендеше, балалар, шыршаның шамдарын бәріміз бірге жағайық.







Бәрі бірге:

Тамаша, тамаша!

Шыршамыз тұр жараса.

Басында әсем жұлдызы,

Көз тоймайды қараса!

Шырша шамдары жарқыра!

(Шырша шамдары жанады, балалар шыршаны айнала «Қош келдің жаңа жылым» әннің айтады)

Аяжан: Балалар, әдемі шыршамыз бар, енді бізге кім жетіспейді?

Балалар: Аяз ата, Ақшақар.

Аяжан: Ендеше, шақырайық Аяз ата мен Ақшақарды шақырайық.

Жанеля: Балалар, барлығымыз қосылып Аяз ата мен Ақшақарды шақырайық.

Аяз ата: Амансыздар ма, балғындар, ата-аналар, қонақтар! Жаңа жылдарын құтты болсын. Аспандарың ашық, жұлдыздарың жарық болсын. Еліміз көркейе берсін, жаңа жыл молшылық әкелсін.

Жаңа жыл ауылдарды жарылқасын,

Қиналып еш отбасы тарықпасын.

Бес алып келген күні қуанғандай.

Балалардан қуаныш арылмасын.







Ақшақар:

Қардан шыққан Ақшақармын.

Сұлу айдай қиылып.

Жаңа жылмен құттықтап,

Сәлем берем иіліп.

Есенсіз бе балалар,

Амансыз ба қонақтар.

Жаңа жыл келді, міне, жерімізге

Әкелсін құт-береке елімізге

Жақсылық пен қуаныш жылы болып,

Қиындықты жолатпасын бәрімізге.



Армысыз, Аяз ата, Ақсақалым!

Бармысыз, сұлу көркем Ақшақарым!

Асыға тағатсыздық сезімменен

Тосуда өзіңізді барша қауым.

Жанеля:

Ал, қанекей, балалар,

Ән мен жырға басайық.

Той думанды жалғайық.

Жаңа жылда сайланып,

Шыршамызды айналып,

Би билейік, ән салып,

Баршамыз да жыр салып.

«Аяз ата» әні хоровод

Ақшақардың ойыны:

Балалар мен бүлдіршіндер,

Қуанышқа тоймайық.

Мерекелік кешімізде,

Асыр салып ойнайық.

(Ойын ойналады)

«Аяз ата, Қарша қыз» әні орындалады.

Аяз ата:

Ал балаларым, кәрілік жетті.

Мен шаршап қалдым, маған тақ беріндер, отырайын,

Жаңа жылға дайындап келген өлеңдерің, билерің бар шығар, соны тыңдайық, көрейік.

«Қара жорға» биі орындалады 1-2 сынып

«Домбыра» биі орындалады 3-сынып

Аяз ата:

Ал енді қонақтарымыздың арасында өз өнерлерін көрсетіп, сыйлық алғысы келетіндер бар ма?

Аяз ата:

Ал, Ақшақар қалықта,

Өнер көрсет халыққа.

Ақ қанатың желбіреп,

Қалықтаудан жалықпа.

Ақшақардың биі

Ақшақар:

Аппақ қардай көңіліміз пәк болсын!

Аппақ қардай арымыз да ақ болсың

Жаңа жылға қадам басайық,

Бір Алламыз жанымызға жақ болсын!

Аяз ата:

Ал балалар, мен біраз дем алдым.

Арқа – басым кеңіп, ашу-аязым кешіп барады.

Бүйте берсем мен қыс емес, жаз болып кетермін. Сендерге көп рахмет. Алыс-алыс ауылдарда өздеріңдей қауымдар күтіп отыр біздерді, Ақшақар екеумізді жолға шығарып салыңдар. Сабақтарды жақсы оқып, ата-аналарың мен мұғалімдеріңді қуанта беріңдер. Қош болыңдар!

Ақшақар:

Жаңа жылда жақсылық болсын,

Әр үйге құт, береке қонсын!

Айшабиби: «Жаңа жылым» әнің қарсы алыңдар

Қар ханшайымы: Құрметті балалар, қадірлі қонақтар! Сіздерді жаңа жыл мерекесімен шын жүректен құттықтаймыз. Отбастарыңызға амандық, молшылық, береке тілейміз!

Жаңа жыл келді міне, жерімізге,

Әкелсін құт-береке елімізге.

Жақсылық пен қуаныш жылы болып,

Қиындықты жолатпасын бәрімізге!

Қош келіпсің Жаңа жылым, сырлы сағым,

Көп болсын көлеңкесіз нұрлы шағың.

Жайсын саған қызыгып күн құшағын,

Тоссын саған ғажайып түн құшағын!

Бүгінгі мерекеде бізбен бірге болғандарыңызға көп рақмет айтамыз.

Жаңа жылда жаңа табыстарға жете беріңіздер!



Жүктеу
bolisu
Бөлісу
ЖИ арқылы жасау
Файл форматы:
docx
21.12.2017
727
Жүктеу
ЖИ арқылы жасау
Бұл материалды қолданушы жариялаған. Ustaz Tilegi ақпаратты жеткізуші ғана болып табылады. Жарияланған материалдың мазмұны мен авторлық құқық толықтай автордың жауапкершілігінде. Егер материал авторлық құқықты бұзады немесе сайттан алынуы тиіс деп есептесеңіз,
шағым қалдыра аласыз
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Министірлікпен келісілген курстар тізімі