«Жаңа жыл, жаңа қадам, жаңа
бақыт!!!»
Мақсаты:
Балаларды жаңа жыл мерекесінде
ән айтуға, тақпақ айтуға, би билеуге, ойын ойнауға, шырша әсемдігін
тамашалауға және мерекелік көңіл-күй
қалыптастыру.
Әсемдікке, ұйымшылдыққа,
достыққа тәрбиелеу.
Зал әдемі безендіріліп,
шыршада әдемі ойыншықтар ілінген, музыка әуені ойналып
тұрады.
Уәзір: Армысыздар, құрметті қонақтар,
ата-аналар, балабақша бүлдіршіндері! Міне, көптен күткен жаңа жыл
мерекесі де келді. Жаңа жыл жаңа бақыт, жаңа қуаныш әкелсін!
Еліміздің еңсесі биіктеп, аспанымыз ашық, еліміз тыныш болсын!
Бөбекжайымыздың мәртебесі одан әрі арта
берсін!
Уәзір: Келіңдер бәрің
қараңдар,
Ертегімді
тыңдаңдар.
Ертегімізде сан
қилы,
Қызық-қызық сырлар
бар.
Осынау зәулім
сарайда,
Жаңа жыл кеші
өтпекші.
Балалар музыкамен залға
кіреді.
Оғлан: Тыңдаңыздар,
тыңдаңыздар!
Карнавалдан
қалмаңыздар!
Ханзада мен
Ханшайым.
Сіздерге сәлем
жолдайды,
Бұл кештеріңді
қолдайды.
Уәзір: Осынау зәулім сарайға,
мерекені тойлауға Ханзада мен Ханшайым жолға шыққан
екен.
Музыка әуені ойналып залға
Ханзада мен Ханшайым келеді.
Ханзада: Бұл зәулім сарайда бізсіз
болып жатқан қандай той – думан!
Уәзір: О, Ханзадам мен Ханшайымым!
Бұл зәулім сарайдағы төр өздеріңіздікі, төрге барып жайғасыңыздар.
Сіздердің әміріңіз бойынша кешімізді бастайық мырзам, не қалауыңыз
бар?
Ханшайым: Мен бұл кештің басталуын Жаңа
жылдық әнмен көргім келеді.
Ән: «Жаңа
жыл»
Мейірбек: Жүзімізде күлкі
ойнап,
Қанаттанды
жанымыз.
Жаңа жылды біз
тойлап,
Шаттанамыз,
бәріміз!
Мейіржан: Дала нұр, қала
нұр
Құтты болсын, жаңа
жыл!
Жасыл шырша
жанында
Билеп барлық бала
жүр!
Айзере: Әдемілеп біз
ілген
Ойыншықтар
тізілген
Қандай жақсы
шыршамыз
Ән шырқайық,
баршамыз!
Уәзір: О,Ханзада біздің сарайдағы
ұлдарымыздың мерекеге арнаған биін
тамашалаңыз.
Би: «Сұлтан»
(музыка ырғағымен қыс
ханшайымы кіреді.)
Қыс
ханшайымы: Сәлеметсіңдерме балалар, мен
қайда тап болдым, ханзада мен ханшайымның сарайына келіп
қалыппынғой. Балалар сендер сарайда қандай мерекені тойлап
жатсыңдар?
Балалар: Жаңа жыл
мерекесін.
Қыс
ханшайымы: Ханзада ханшайым, сіздердің
әмірлеріңізбен, балалармен ойын ойнасам деп
едім..
Ойын: «Сиқырлы
таяқша»
Ханзада: Бұл мереке, көңілсіз
сияқты.
Ханшайым: Ия, жаңа жыл мерекесін
сағынып, армандап кетпесем екен.
Уәзір: Ханзада мен Ханшайымның
көңілін табу оңайға түспейтін сияқты. Уайымдама Ханшайым, оданда
сен көңіліңді көтеріп, бізбен бірге би
биле.
Би: «Шығыс қыздары мен
ұлдары»
Уәзір: Ханзада Ханшайым, көп
уайымдай берме, денсаулыққа зиян, оданда сен біздің сарайдағы
әндерімізді, билерімізді тамашала.
Ханзада: Ешқандай да ән де би де,
мерекенің сәнін келтірмей жатыр, қанекей менің сақшыларым маған
жаңа жылдың сәнін келтіретін аяз атаны
әкеліңдер.
Би: «Сақшылар»
Сақшылар: Уа, Ханзада біз барлық
сарайларды қарап шықтық ешқандай да, аяз атаны
таппадық.
Уәзір: Ханзада оданда сіз біздің
жаңа жылдық тақпақтарымызды тыңдасаң
қайтеді.
Тақпақтар:
Жанболат:
Құтты болсын
ағайын!
Жаңа жылың тағы
да,
Қол соғып қарсы
алайық.
Шақырайық
ортаға.
Айзере:
Киіндік ұл мен
қыз
Аң болып, жан
болып
Танымай тұрсын
деп
Досымыз таң
болып.
Аяжан:
Жаңа жылдың таңы неткен
арайлы,
Ақ мамыққа бөлеп алды
маңайды.
Жаңа жылмен құттықтаймын
бәріңді,
Бақыт, шаттық, молшылық
әкелсін.
Бәрімізге мына жыл
арайлы
Заңғар:
Безендіріп
шыршаны
Жыл қуантты
баршаны.
Той - маскарад
басталды,
Аяз оны
басқарды.
Балнұр:
Тамаша,
тамаша
Шыршамыз тұр
жараса
Басында әсем
жұлдызы
Көз тоймайды
қараса
Бақдәулет:
Шырша дейміз
елканы
Балалар билеп
қоршады.
Түрлі - түсті
ойыншық
Шыршада көз
тартады.
Тамирлан:
Ақ қырауға
малынған
Сақалы да, мұрты
да
Аяз ата
сағынған
Сәлем берді
жұртына.
Мансур:
Жаңа жылға
сәніміз
Біздің айтар
әніміз
Келдің бе аман
алыстан
Сәлем, Аяз
атамыз.
Оғлан:
Шыршамыз да
керемет
Ойыншықтар
тағылған
Алыс жақтан келіп
тұр
Аяз ата
сағынған.
Диас:
Кезектесіп
балалар
Тақпақ айтып
береміз
Сұрақ қойса
Ақшақар
Ойланып жауап
береміз.
Бексұлтан:
Кел билейік
сенімен
Деймін тартып
жеңінен
Еріп кетпе
Ақшақар
Адамдардың
демімен.
Мерей:
Аралайды
бақшаны
Үзілмейді жақсы
әні
Гүлденеді
бақшалар
Жауса, жаусын
Ақшақар!
Ханзада: Оййй, енді мен қашан көремін
аяз атаны.
Уәзір: Ханзада мен Ханшайым осындай
зәулім сарайда сіздерге көңілді кеш сыйлау біздерге үлкен мәртебе.
Сіздің әміріңізбен, керемет бір би сыйласақ деп
отырмыз.
Би:
«Гитара»
Ханзада:
- О, менің Ханшайымым сіз не
қалайсыз?
Ханшайым: - О ханзадам бәрі тамаша
керемет, бірақ, осы думанға біреу жетіспей тұрған секілді
ме?
Уәзір:
- Балалар біздің ортамызға кім
жетіспей тұр?
Балалар
жауабы: - Аяз ата мен
Ақшақар.
Уәзір:
- Жаңа біздің сақшыларымыз
барлық сарайды аралап, аяз атаны таппай келді, қане ендеше балалар
бәріміз дауыстап Аяз ата мен Ақшақарды шақырайық біздің дауысымызды
есітіп, біздің сарайға келіп қалар.
Бәрі
бірге: - Аяз ата Ақшақар а – уу,
а-уу.
(Бір кезде қатты жел тұрып,
музыкамен ортаға қарқылдап күліп, зәулім сарайды басына көтеріп
мыстан кемпір келеді)
Уәзір: - Бұл Аяз ата емес қой
балалар?
Мыстан кемпір:
- Бұл зәулім
сарайда менсіз өтіп жатырған қандай
мереке той думан, мен де бұл мерекеге
қатысып көрейін? Қадірменді Ханзадам мен Ханшайым ханым мен де бұл
мерекеге құр қол келмедім! Міне, қолымдағы нәрсеге қараңдар, жесең
тілді үйіретін, жемесең өмір бойы есіңде жүретін, жеген адамдарды
қайтадан жасартып, армандары мен тілектерін бұлжытпай орындайтын
алмамды ала келдім. Осы алманы Ханзада мен Ханшайымға сыйлаймын!
Мына алманы жеп өмірде жасарып, армандарың орындалып жақсы ғұмыр
кешіп жүріңіздер. Ой, ой ұмыттым мені басқа да балалар күтіп отыр
еді, мен соларға қарай ұшайын. (музыкамен қарқылдап күліп,
жасара-сыңдар, жасарасыңдар!!!)
Ха,ха ха.. - деп алмасын
беріп, залдан шығып кетеді.
(осы кезде жарық
сөнеді)
Ханзада мен
Ханшайым: - Ммм......ым.........қандай
тәтті алма, мұндай алманы қалай жемеске
ааа........
(залдың светі қайта жанады.
Ханзада мен Ханшайым ұйықтап қалады)
Уәзір: -
(таңғалып,басын шайқап) - жоқ,
жоқ, бұлай болуы мүмкін емес! Сіздерге не болды Ханзада мен
Ханшайым? Мыстан кемпір сіздерге алманы
сиқырлап алдап берген екен, енді не
қыламыз?
Уәзір: - Ендеше балалар біз аяз атаны
шақырайық? Бәлкім ата көмектесе алатын
шығар?
Балалар
бәрі: Аяз ата а-уу, а-уу, деп
дауыстап шақырады.
(осы кезде залға Жасмин
кіреді.)
Жасмин: Алақай, алақай, бәрі тамаша
керемет. Жаңа мен би билеп, жүргенімде, аяғым мен сүрініп кетіп
едім, бір дауыс шығады, маған көмектесіңдер деп айғайлап жатыр
екен.. мен қорқып отырмын, мүмкін сендер мен бірге ашамын мына
құмыраны. Маған көмектесесіңдерме?
Балалар: Ия.
Бәрі
бірге: Құмыраны
ашады.
(Құмыраның ішінен джин
шығады)
Джин: ООО, рахмет рахмет балалар,
мені мына құмырадан босатқандарыңа..
Енді мен сендердің үш
тілектеріңді орындауға әзірмін..
Балалар: үш тілек
тілейді.
(Ханзада мен ханшайымды
ұйқыларынан оянсын, ата анамыз аман болсын,мерекені тойлауға аяз
ата келсін. )
Джин: Абрака дабрака , мына сарайға
жаңа жылды тойлайтын аяз ата келсін.
Музыкамен залға Аяз ата
сиқырлы таяғын ұстап, Ақшақар немересімен келеді. (Балалалар
орындықтарынан тұрып қол шапалақтап қарсы
алады)
Аяз
ата: Амансыңдар ма
ұлдарым!
Амансыңдар ма
қыздарым!
Қандай солғын
жүздерің,
Неге сонша
мұңайдың.
Бізді күтіп
алаңдап,
Шаршадыңдар ма
балаларым!
Сендерге не болған балаларым?
Неге көңілсізсіңдер?
Ақшақар: - Балалар, біз атамыз екеуміз
сәл кешігіп қалдық, бірақ біз сендердің көңілдеріңді
көтереміз!
Уәзір: Аяз ата біздің сарайға
қош келдіңіз, келіңіз төрлетіңіз, балалардың жаңа жылдық әнін, биін
тамашалаңыз.
Ән: «Аяз
ата»
Уәзір: Бұл зәулім сарайда, шыршаның
шамдары неге жарқырап тұрмасқа?
Ханшайым: Әрине, мына зәулім сарайдағы
шыршаның жарқырап жанғанын мен де тамашалап көргім
келеді.
Ханзада мен Ханшайым,
балалар бәрі бірге аяз атаға шыршамызды да жарқырап шамын жағып
беруіңізді өтінеміз.
1,2,3 деп санайық, шырша шамын
жағайық, уф, уф, деп үрлейді.
Аяз
ата: Ой, шырша шамы жанбады ғой,
балалар тағы да қайталап айтайық?
1,2,3 деп санайық, шырша шамын
жағайық, уф, уф, деп үрлейді.
Музыкамен шырша шамы
жанады.
Ән: «Шыршаға
бардық»
Уәзір:
- Балалар, енді Аяз атамен ойын
ойнаймыз ба?
Аяз ата балаларға ойын
ойнатады.
Ойын: «Үсіру»
Уәзір: - Аяз ата, сіз алыс жолдан
шаршап келдіңіз, Ханзадамыз бен Ханшайымызда бұл мерекені тойлауға
келді, сізде отырып демалып, біздің балалардың өнерін
тамашалаңыз!
Би: «Мексика
биі»
Ханзада: - Уа, уәзірім мына залда
жиналған қонақтармен де тамаша бір ойын неге
ойнамасқа.
Уәзір:
- Айтқаныңызды екі етпей
орындаймыз, ханзадам.
Ойын: «Шыршаны безендір»
сайысы
Ойын үшін бірнеше лента,
жылтырақ пен ойыншықтар (ойыншы санына қарай) қажет. Шырша ретінде
әйелдер ойнайды. Олар бір қолына лентаның бір ұшын ұстап тұрады. Ал
ер адамдар қолдарын тигізбей, еріндерімен басқа шетін қысып, өз
ханымын безендіреді. Қай жұптың «шыршасы» әдемірек болса немесе
қайсысы бірінші бітірсе, сол жұп жеңеді.
Уәзір: Балалар міне, қандай тамаша!
Бізге келген қонақтарымызда шыршаны керемет етіп, безендірді. Ал,
шыршаның төбесінде жарқырап жанып тұрған
не?
Балалар: Жұлдыз.
Уәзір: Олай болса, Жұлдыздарымызды
ортаға шақырайқ.
Би: «Жұлдыздар» (қыздар
биі)
Музыкамен Жаңа жыл кіреді.
Шыршаны бір айналады.
Жаңа
жыл: - Балалар мереке думандарың
құтты болсын!
Уәзір:
- Балалар, осы келген жылымызға
арнап тақпақтарымызды айтып берейік.
Балалардың
тақпақтары.
Ибрагим:
Жаңа жыл, жаңа
жыл
Сені күттім
елеңдеп
Өзіңменен
ілесіп
Аяз ата келер
деп.
Мейіржан:
Той, мереке,
салтанат
Думандатты
шартарап
Келді, міне жаңа
жыл
Тартуларын
арқалап.
Бекарыс:
Оралдың
өлкеме,
Жаңа жыл
армысың.
Оранды ақ
көрпеге,
Асқартау, қарлы
шың.
Айжан:
Қандай әсем
шартарап
Шаттық күйге бөлеп
тұр
Кәмпиттерңн
арқалап
Аяз ата келіп
тұр.
Асылхан:
Аяз келді
қаһарлы
Айналаны қар
жапты.
Ақтон киіп орман
тұр
Дәл атамдай
салмақты.
Батырхан:
Далада қар
борайды
Ақ мамыққа
орайды
Мұз болады
қатады
Жылтырап
жатады.
Виктория:
Аяз ата
аппақ
Кәмпиттері тәтті -
ақ
Маған кәмпит көп
берсең
Тағы айтамын
тақпақ.
Ерасыл:
Жаңа жылға
сәніміз
Біздің айтар
әніміз
Келдіңбе аман
алыстан
Сәлем аяз
атамыз.
Жаңа
жыл: Балалар рахмет, енді міне, мен
сендермен бірге бір жыл бойы достасатын болдым. Мен сендерді
қорғап, қолдап жүремін. Сендермен бірге достасып бәріміз бірге, бір
би билейік.
Би
:
«Күшіктер»
Уәзір: Рахмет,саған жаңа жыл біздің
балалардың көңіл күйін көтеріп тастадың, әрқашанда біздің адал
досымыз бола беруіңді тілейміз.
Ал енді, біздің балаларымызбен
бірге ойын ойнап, мерекемізді тамашала .
Ойын: «Кім жылдам»
(Шаңғы)
Уәзір: Аяз ата, біздің балалар сізге
манадан бері өз өнерлерін көрсетіп, әні мен биін ортаға салып
жатыр. Ал енді бізге беретін сыйлығың
қайда?
Аяз
ата: - Ой балалар, өнерлі
екенсіңдер, әнші, биші екенсіңдер. Бірақ мен қартайдым. Көп нәрсені
ұмытып қала беретін болдым. Сендерге дайындаған сыйлықтарды қайда
қалдырғанымды білмей ұмытып отырмын.
Мыстан
келеді: Иә-иә, ұмытшақ шал.
Сыйлықтарыңның қайда екенін білмей отырсың ба? Енді балаларға не
бересің. Олар болса сенен сыйлық күтіп
отыр.
Аяз
ата: Қап, мына мыстанды ма, қазір
мен оның сазайын берейін. «Қане мыстан, биле» – деп таяғын жерге
бір ұрады.
Мыстан билей
жөнеледі: «Аяз ата кешір, Аяз ата мен
енді қойдым, мен шаршадым, маған көмектесіңдер, айтам-айтам,
сыйлықтарыңды мен жасырып қойдым қазір әкелем –(деп билеп жүріп
айтады.)
Аяз
ата: Тоқта-деп таяқты бір
ұрады.
Мыстан тоқтап
қалады: Мені кешіріңдер балалар, аяз
ата кешір мені, енді мен жамандық жасамаймын. Қазір әкелем
сыйлықтарыңды, деп жүгіріп барып бір қап сыйлық алып
келеді.
Аяз ата мен ақша қар
балаларға сыйлықтар үлестіреді.
Аяз
ата: Балақандарым, сендер менің
сыйлығыма ризасыңдар ма?
Балалар: Иә.
Уәзір: ендеше балалар, Аяз атаға
рахметімізді айтайық.
Балалар: Рахмет!
Аяз ата мен Ақшақар шығып
кетеді.
Уәзір: Ханзада, Ханшайым біздің
мерекеміз сіздерге ұнап жатыр деген ойдамыз. Олай болса, біздің
қыздарымыздың шығыс биін тамашалаңыз.
Би: «Шығыс ертегісі» (қыздар
биі)
Ханзада мен
Ханшайым: - Балалар, біз сендердің
тамаша өнерлеріңді көріп, көңіл күйіміз керемет болды, рахмет
бәріңе! Енді біз өз ұшағымызбен бәріміз бірге өз елімізге оралсақ
деймін. Сау болыңдар!
(Балалардың барлығы ортада
отырады.)
Уәзір:
Келді міне Жаңа жылым
елімізге!
Жаңа жылым құт әкелсін
жерімізге!
Жаңа жылдың таңы неткен
арайлы,
Шуақ шашып баршамызға
тарайды.
Осымен Ересек «Балдәурен»
тобының Жаңа жылдық ертеңгілігі де аяқталды, келесі жылымызда
аман-есен кездескенше! Сау саламатта
болыңыздар!