15 890₸ үнемдейсіз
жүктеу мүмкіндігіне ие боласыз
Бұл материал сайт қолданушысы жариялаған. Материалдың ішінде жазылған барлық ақпаратқа жауапкершілікті жариялаған қолданушы жауап береді. Ұстаз тілегі тек ақпаратты таратуға қолдау көрсетеді. Егер материал сіздің авторлық құқығыңызды бұзған болса немесе басқа да себептермен сайттан өшіру керек деп ойласаңыз осында жазыңыз
Ертеңгілік жаңа жыл мерекесі
Қош
келдің, Жаңа жыл!
Жүргізуші:
Жаңа жылдың таңы неткен арайлы
Ақ
мамыққа бөлеп алды маңайды
Жаңа
жылмен құттықтаймын бәріңді
Бақыт,
шаттық, молшылық әкелсін
Бәрімізге
ит жылы мына арайлы!
Құтты болсын
ағайын!
Жаңа жылың тағы да
Қол
соғып қарсы алайық
Шақырайық
ортаға
Ертеңгілік басталсын
Құлпырған
«Ақбота» тобында!
(балалар келіп
шыршаны айналып тұрады)
Музыка қосылады Сиқыршы шыр айналып кіреді.
Сиқыршы:Жаңа жыл келді
Азаймасын ән мен жыр
Ел көңілін көтерсін
Құтты
болсын жаңа жыл
Сиқыршы:
Қараңдаршы,
айнала неткен керемет, әсем мына
шыршамыздағы ойыншықтардың алуан
түрлері бар екен. Бәрімізде әп - әдемі
жаңа жылдық киімдерімізді киіп жиналып
қаппыз. Бірақ,... шыршамыз көңілсіз, қане
менің сиқырлы таяғымның көмегімен,
сендердің әдемі сөздеріңмен шамын
жағайық!
Бәрі:
Қуант, бізді, таңырқат
Шамдарыңды
жарқырат! 3 рет
(Шырша
шамы жанады, «Алақайлап» қол
соғады)
Жүргізуші: Міне, керемет, қол
ұстасып әнімізді шырқайық.
Ән:
«Кішкентай шыршамыз»
Жүргізуші: Ендеше, шыршамызға тақпақтарымызды айтайық.
Жангүлім: Көрікті шыршамыз Шамдары самсаған Көңілді ортамыз Айтамыз шырқап ән. Жасмина: Шыршаға бардық Әсем ән салдық Аяз атадан Сыйлықтар алдық. Азиза: Тамаша, тамаша Шыршымыз тұр жараса Басында әсем жұлдызы Көз тоймайды қараса Дидар: Жасыл желек жамылған Асыл моншақ тағынған. Міне сұлу шыршаның Көптен күтіп сағынған Кел, балалар ,келіңдер, Тамашаны көріңдер.
Аян:
Ақ қар жапты даланы
Ақ жамылды
айнала
Жарқыратып
шамдарын,
Шырша келді ортаға.
Әсет:
Жасыл шырша орманнан
Бізге арнайы келіпті,
Ойыншықтарды балалар
Шыршаға әсем
іліпті
Санжар:
Безендіріп
шыршаны
Жыл қуантты баршаны.
Той масқарад басталды
Аяз
оны басқарды.
Инабат:
Әдімілеп
біз ілген
Ойыншықтар тізілген
Қандай әсем шыршамыз
Ән
шырқаймыз баршамыз
Кәусар:
Әкем
таңдап әкелді
Ең үлпілдек
шыршаны,
Иісі аңқыған шыршаны
Жарқыраған шыршаны
Жұпар иісі
аңқыды,,
Апам ды да мәз қылды.
Жүргізуші:
- Балалар, жарайсыңдар. Айтыңдаршы жылда
Жаңа жылға бізге қонаққа кім келуші
еді?
(Балалардың жауабы)
Жүргізуші:
Кәнекей, ендеше бәріміз бірге
шақырайық.
Барлығы:
Аяз ата, Аяз ата, Аяз ата, Ақшақар Ау - у
- у - у! 3-рет
Аяз
атамен ақшақардың көшеде адасып келе
жатқан видеосы көрсетіледі.
Тәрбиеші:
Балалар аяз ата мен ақшақар жақындап
қалыпты қанекей даусымызды қаттырақ
шығарып шақырайық.
Бәрі. Қоңырау үні
сыңғырла
Аяз ата, Ақшақар
Біз
Сендерді сағындық
Тез келіңдер
ортаға
Аяз ата, ақшақар 3 - рет
Аяз
Ата:
Құтты
болсын, балалар
Келген Жаңа
жылдарың
Алаңдамай өсіңдер
Еркелеп
қыз, ұлдарым
өткен жылы келіп ем
Бәріңді
де көріп ем
Жыл өткізіп келем
деп
Уәдемді де беріп ем
Ойларың
мен бойларың да
Бірдей өсіп қалдыңдар
ма?
Ал, мен кіммін айтыңдаршы
Мені
тани алдыңдар ма?
Балалар: Аяз ата!
Ақшақар.-
Сәлеметсіңдер ме, балалар. Жаңа жылдарың
құтты болсын!
Сүйсіңдірер
маңайды
Ақшақармын арайлы
Жалт -
жұлт еткен жүзімнен
Күміс сәуле
тарайды.
Ақшақармын аппақпын
Қалай
тыныш жатпақпын
Менсіз қыстың сәні
жоқ
Әнмін, жырмын, тақпақпын.
Жүргізуші:
Қош келдіңіздер, баршаңызда, алыс жолдан
келдіңіздер.
Әсем әні де, биі де
бар
Отыр ата, сәл дем ал.
Біздің балаларымыздың өнерін
тамашалаңыз.
Ән:
«Жаңа жыл»
Би: «Пингвиндер»
Жүргізуші:
Ендеше,жаңа жыл туралы тақпақтарымызды
айтайық.
Нұралі:
Тамаша сый алып
Келді аяз атамыз,
Шаттанып қуанып
Шырқап ән айтамыз.
Әділбек:
Аспан
жерге төгеді
Ақ күмісін уыстап
Жаңа жылда келеді
Бізге қарай жылыстап
Әмірхан:
Жаңа
жыл Жаңа жыл
Жаңа жылға жаңа жыр
Жасыл шырша жанында
Билеп барлық
бала жүр.
М.Жасмина:
Жүзімізге күлкі ойнап
Қанаттанды жанымыз
Жаңа жылды біз тойлап
Шаттанамыз бәріміз.
Алихан:
Дала
нұр, қала нұр,
Құтты болсын жаңа жыл
Кел жаңа
жыл біздерге
Кел жаңа жыл ,жаңа жыл
Анель:
Келді
міне жана жыл
Жаңа бақыт,жаңа нұр.
Жаңа жылдың
құрметіне
Айтамыз
біз жаңа жыр.
Тұрлан:
Жаңа
жыл мереке!
Жақсылық
береке!
Қуанып
күлейік
Достасып жүрейік
Дария:
Қуантып елді
Жаңа жыл келді
Өсетін болдым
Бір жасқа енді.
Жүргізуші:Әуеледі
әніміз
Жаңа кірді сәніміз
Ақшақарды
ортаға алып
Би билейік бәріміз.
Би:
«Шыршалар»
Ән:
«Кешкентай шыршамыз»
Жүргізуші:
Олай болса бізге өнеріңді көрсет.
Би:
«Сантаклоустар»
Аяз
ата: Жарайсыңдар,
өнерлі екенсіңдер!
Жүргізуші:
Иә, ата, балаларымыз шеттерінен өнерлі,
тақпақты да жақсы айтады.
Дархан:
Жаңа жылға сәніміз
Біздің
айтар әніміз
Ерхан:
Той,мереке,салтанат
Думандатта
шартарап
Келді, міне жаңа жыл
Тартуларын арқарап.
Ерасыл:
Аппақ
аппақ қар аппақ
Айналаның бәрі аппақ
Қырау-қырау тал аппақ
Қар жамылған дала аппақ
Али:
Бір топ бала далада
Қардан соқты аққала
Сабина:
Жаңа жыл келгенде
Қуанып қарсы
аламыз
Аяз ата келгенде
Билейміз,ән саламыз
Ислам:
Тілеймін
мен бар әлемге
Дос көп болсын жаңа жыл
Ата-әже,ата-әже
Құтты болсын жаңа жыл.
Інкәр:
Жаңа жылым мол болсын,
Басқан қадам оң болсын.
Төрле,төрле жаңа
жыл
Бізге құтты жол болсын.
Жүргізуші:-
балалар, жаңа жыл болса кеп қалды, біздің
қоштасатын тауық жылымыз қайда? Балалар,
тауық қалай дыбыстайды? Дауысы естілмейді
ме?
«Жаңа жыл жарылқасын, ескі жыл
есіркесін» деп ескі жылымызды қарсы
алайық.
Ескі
жыл тауық жылы
Мен
дағы бір қонақпын
Он
екі жылда оралар Дильназ
Үлкендерге ақ ниет
Барлығына
мың рахмет. деп мойнындағы алқасын ит
жылына табыстайды.
Жаңа жыл ит жылы
Сәлеметсіңдер ме, балалар!
Мен тұрмын қуанып,
Шаттыққа бөленіп, Алдияр
Бір жыл бойы сіздермен
Дос боламын шаттанып
Жүргізуші: Ескі жыл сен мұңайма оданда біздің балалармен ойын ойнап көңіліңді көтер.
Ойын: «Жұмыртқа жинау»
Жүргізуші:
-
Шыныменен, балалар, біз бір жасқа
үлкейдік. Ескі жыл Жаңа жылға орнын
сыйлағысы келіп тұр, олай болса, сау
болыңыз, біз сізге ризамыз!
Бәрі. Қош,
қош, Ескі жыл!
Жүргізуші:
Айта
берсек таусылмас
Жаңа жылда жаңа
жыр
Кел оданда, халайық
Ойын ойнайық
жаңа бір.
Ойын:
«Байпақ»
Шарты:
2 ойыншы екі сыңарды бөліп алады. Біреуі
оң, біреуі сол аяғынікін киеді де, әуенмен
билеп, шыршаны айналып, ортаға бірінші
жету қажет.
(алдымен
ата - аналар, содан соң балалар)
Аяз
ата: мына ата - аналар да мықты екен. Енді
мен дем алсам деймін.
Ән: «Шыршаға бардық» Музыка қосылады Мальвина шыр айналып кіреді. Сәлеметсіздерме, балалар! Мен де сендермен жаңа жылды қарсы алайыншы. Сендермен бірге би билеп сыйлықтар алайыншы. Жүргізуші: Ендеше біздің қыздарымыз сенмен бірге қуыршақтар биін билеп берсің
Би:
«Қуыршақтар»
Мыстан: Мынау
не болып жатқан не шу,не думан. Барлығы
сайықымазақтар сияқты киініп алған
күлкілі. Ха-ха-ха.
Тәрбиеші:
Мыстан сен біздің жаңа жылымызды
бүзалмайсың себебі біздер жаңа ит
жылын қарсы алып тойлап жатырмыз.
Сол кезде ит
үріп мыстанды қуып шығады.
Жүргізуші:
Ендеше,аяз атаға арнап тақпақтарымызды
айтайық.
Руфина:
Жапалақтап
ақша қар
Жауды күнде қайталап
Қырға шықты балалар
Шаңғыларын
арқалап
Асылхан:
Жаңа жыл жаңа жыл
Жаңа жылда-жаңа жыр.
Жасыл шырша жанында
Жадырап барлық
бала жүр.
Михайл:
Далада
қар борайды
Ақ мамыққа орайды
Айзере:
Сақал
аппақ күмісте
Тістері аппақ күріштей
Қызыл ала шапаны
Сағындым
аяз атаны.
Даяна:
Жаңа
жыл, жаңа жыл.
Тамаша
тойымыз.
Алақай, алақай
Өседі бойымыз.
Дариға:
Аппақ
тонға оранып
Базарлықты мол алып
Келді алыс сапардан
Аяз ата оралып.
Тахир:
Көрдінбе
аяз атаны
Аппақ екен сақалы.
Аппақ
екен мұрты да
Аппақ екен шапаны
Ақшақар:
Аяз ата қараңызшы мына топтың балалары
ерекше көзіме түсіп отыр.
Аяз
ата: (Күледі)
Дұрыс айтасың қызым. Өйткені бізге келіп
жатқан ерекше жыл ит жылы. Ит жеті
қазынаның бірі. Адамдардың досы. Әрдайым
үйді күзетіп қорғап жүреді. Бұл балалар
бізге ерекше өнер дайындап қойған
секілді, қане балақайлар өнерлеріңді
көрсетіңдер.
Би:
«Жаңа жыл» (иттер)
Аяз ата:
міне, балалар барлығы да өнерлерін
көрсетті.
Жаңа жылға барлығы жақсы
дайындалған, осындай өнерлерімен
белсенділік танытып жүрген және он
саусақтарынан өнер тамған ата - аналарым
мен балаларына үлкен рахмет айтамын.
Жүргізуші:-
Аяз ата Ақшақар сіздер біздердің
балаларымыздың сыйлықтарын қашан
бересіздер?
Аяз
ата:
Ой - буй, ұмытшақ басым ай, әрине қазір,
қазір....Ой бай менің сыйлықтарым қайда
жаңа осы жерге қойған сияқты едім енді
орнында жоққой. Сиқыршы:мен
білемін бүл мыстанның ісі сыйлықтарды
сол алды.
Аяз
ата:кәне
сиқыршы сиқырыңды көрсет біздерге
сыйлықтарды табуға көмектес.
Сиқыршы:Ақалай
мақалай сылықтар қайтарылсын фу.фу.
Мыстан:
Айналып залға кіреді қолында сыйлығы
бар ойбай басым маған не істедіңдер
басым аурып барат
Сиқыршы:өзіне
сол керек кәрі мыстан балалардың сыйлығын
неге аласың.сол кезде ит үріп мыстан
қайтар балалардың сыйлығын деп үреді
залдан қып шығып балалардың сыйлығын
алып келеді..
Аяз
ата:
міне балалар сыйлықтарымызда
табылды.
(барлығыңа сыйлық
үлестіріледі)
Аяз
- Ата:
Жарайсыңдар балаларым! Meнi бүгін бip
қуантып, алыс жерден шаршап келгенде
көңілімді көтердіңдер. Барлықтарың да
ақылды, білімде де өнерлі екенсіңдер.
Киген
киімдерін қандай әдемі! Солай емес пе
қызым? Біздің сыйлығымызға риза болыңдар.
Ал енді біз жолға шығайық. Басқа да
балалардың өнерін тамашалайық. Ал,
балаларым, сендер өсе беріңдер, өркендей
беріңдер. Аспандарың ашық болсын! Қош
болыңдар!(қолдарын бұлғап шығып
кетеді.)
Балалар: Сау болыңыздар!
Рақмет сіздерге!
Жүргізуші:
Құрметті қонақтар, балалар! «Қош келдің,
Жаңа жыл!» жылға арналған мерекеміз
аяқталып қалды. Осындай керемет өтуге
ат салысып жүрген ата - аналар, әріптестерім
сіздерге де мың алғыс! Көріп тамашалағандарыңа
рахмет. Жаңа жыл құтты болсын, отбастарыңызға
тек бақыт пен қуаныш әкелсін!!!

Бұл курс Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігімен келісілген