жүктеу мүмкіндігіне ие боласыз
Бұл материал сайт қолданушысы жариялаған. Материалдың ішінде жазылған барлық ақпаратқа жауапкершілікті жариялаған қолданушы жауап береді. Ұстаз тілегі тек ақпаратты таратуға қолдау көрсетеді. Егер материал сіздің авторлық құқығыңызды бұзған болса немесе басқа да себептермен сайттан өшіру керек деп ойласаңыз осында жазыңыз
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
Ертеңгілік: "Жаңа жылда, жаңа нұр!"
«Жаңа жылда жаңа
нұр»
Би: «Джингл
Белс» (балалар екі сапқа тұрып пойыз болып кіреді )
(бидің соңында жартылай шеңбер жасап
тұрады)
Тәрбиеші: Құрметті балалар, қонақтар көптен күткен мерекеміз жаңа жылда келіп жетті. Биылғы жаңа жыл баршамыздың отбасыларымызға бақыт, береке, ынтымақ алып келсін. Бүгінгі ортаңғы топ балаларының Жаңа жылдық мерекеге арналған ертеңгілігіне қош келдіңіздер!
Жаңа жылдың таңы неткен арайлы,
Аппақ мамық орап алды маңайды.
Армысыңдар, халайық,
Бармысыңдар, халайық,
Жаңа жылды жұп жазбай,
Бірге қарсы алайық!
Тақпақтар:
Айару: Ескі жылға ырзамыз
Өсе түсті бойымыз
Қуантып талай сырға біз
Шарықтады ойымыз
Көңілде көп қуаныш
Әр көңілге жақсылық
Кетер жылға мың алғыс
Әкелген көп жақсылық
Асылжан: Жүзімізде күлкі ойнап
Қанаттанды жанымыз
Жаңа жылды біз тойлап
Шаттанамыз бәріміз
Өлең де әзір, ән де әзір
Ойын да әзір, бәрі әзір
Кел, Жаңа жыл, Жаңа жыл!
Кел, Жаңа жыл, Жаңа жыл!
Дарын:
-
Балалар, көңіл күйлерің қалай? (Жақсы)
-
Біз қандай мерекеге жиналдық? (Жаңа жыл мерекесі)
-
Дұрыс айтасыңдар, балалар. Балалар сендерден сұрағым келіп тұр. Сендер қандай ертегілерді білесіңдер? (Алдар көсе, Бауырсақ, Шалқан, Мақта қыз бен мысық)
-
Жарайсыңдар, балалар. Көп ертегілерді біледі екенсіңдер
(Домбыра әуені қойылады, залға Алдар көсе кіреді әндетіп)
Алдар көсе: Мен Алдармын, Алдармын
-
Сәлеметсіңдер ме, балалар. Балалар сендер мені таныдыңдар ма?
-
Мен кіммін?
-
Жарайсыңдар, балалар. Мені ұмытпаған екенсіңдер. Дұрыс айтасыңдар. Мен Алдар көсемін. Мен көрші ауылдан келе жатырмын. Сол жақтан келе жатқанымда, бір әсем әуен естідім.
Тәрбиеші: Иә, Алдар көсе біздің балалар Жаңа жыл мерекесін тойлауға жиналды. Сіз жол жүріп шаршаған боларсыз. Біздің балалардың өнерін тамашалап, бір дем алыңыз.
-
Балалар, біз Алдар көсеге қандай өнерімізді көрсетеміз? Біздің биші жігіттеріміздің биін тамашалаңыздар!
Би: «Буратино» биі
Алдар көсе: Жарайсыңдар балалар. Өте тамаша биледіңдер.
Бауырсақ: Мен апамнан қаштым,
Мен атамнан қаштым
Тимеші маған,
Жемеші мені,
Жаңа жылды тойлауға мен де барамын.
Асыр салып, би билеп,
Қошеметке қаламын.
Түлкі: Жоқ, мен сені жеймін. Бүгін бәрібір сені жеймін. (Шыршаны айналып қуады)
Алдар көсе: Түлкіжан, сен бауырсақты жеме. Бүгін жаңа жыл мерекесі, жаңа жыл шыршасына қарашы, қандай әсем шырша. Оданда бәріміз бірге жаңа жыл мерекесін тойлайық. Жаңа жыл мерекесінде бір-бірімізбен тату болайық. Дұрыс па, балалар?
Тәрбиеші: Алдар көсе дұрыс айтасыз. Жаңа жылда бір-бірімізбен тату болуымыз керек, көңіл күйіміз көтеріңкі болуы керек. Түлкіжан, сен бауырсақты жеме, оданда бізбен бірге балалардың өнерлерің бауырсақ екеуің тамашалаңдар.
Түлкі: Жақсы, көрсек көрейік.
Ән: «Қыс келді» әні
Тақпақ:
Нұрасыл: Келді міне жаңа жыл
Қарсы алайық бәріміз
Күліп ойнап би билеп
Ән салайық бәріміз
Мансур: Жаңа жылым мол болсын,
Басқан қадам мол болсын
Төрле, төрле Жаңа жыл
Бізге құтты жыл болсын!
Е. Нұрали: Тілеймін мен бар әлемге
Дос көп болсын жан ашыр
Ата-әже, ана – әке
Құтты болсын Жаңа жыл
Ж. Нұрали: Бүгін біз көңілдіміз
Жаңа жылды қарсы алып
Мерекеге келгендерді
Құттықтаймыз ән салып
Би: «Джентльмен» биі
(Залға Мақта қыз кіреді)
Мақта қыз: Ой, сәлеметсіңдер ме, балалар! Менің мысығымды көрмедіңдер ме?
Тәрбиеші: Мақта қыз сен мысығыңмен ренжісіп қалғансың ба?
Мақта қыз: Иә, мысығыммен ренжісіп қалдым. Мысығымды енді таппай жүрмін.
Тәрбиеші: Онда біздің балалар сенің мысығыңды табуға көмектеседі. Иә, балалар? Мысық бізде қалай дыбыстайды? Қанекей, бәріміз бірге мысықтығ дауысын салып шақырайықшы.
Балалар: Мияу-мияу, мияу-мияу.
(Залға мысық кіреді)
Мысық: Мияу-мияу. Мені іздедіңдер ме, балалар?
Мақта қыз: Мысығым мен сені іздемеген жерім жоқ. Мына балаларға рақмет, сені тауып берді маған.
Мысық: Ренжімеші маған Мақта қыз. Мен абайсызда сенің сүтінді төгіп алдым.
Алдар көсе: Иә, Мақта қыз мысық сүтті абайсызда төгіп алған шығар. Сен де мысыққа ренжіме. Бүгін Жаңа жыл мерекесі, балалардың көңіл күйлері тамаша. Сен мысығыңды кешіре ғой. Бір –бірлеріңе ренжімей, тату болыңдар. Дұрыс па, балалар? Оданда бәріміз бірге Жаңа жыл мерекесін тойлайық.
Тәрбиеші: Дұрыс айтасыз, Алдар көсе. Бәріміз бірге Жаңа жыл мерекесін тойлайық. Балалар сендердің Мақта қыз бен мысыққа қандай өнерімізді көрсетеміз?
Би: «Кірпілер» биі
(Барлық кейіпкер: Жарайсыңдар, балалар. Қандай өнерлі балаларсыңдар!)
Тәрбиеші: Балалар, біз бағана бері Жаңа жыл мерекесін тойлап жатырмыз. Бірақ, ортадағы бізде шыршамыздың шамы жағылмады. Бұл шамды жағу үшін бізге кімдер керек?
Балалар: Аяз ата, Ақшақар.
Тәрбиеші: Дұрыс айтасыңдар, балалар. Осы әсем шыршамызға арнап тақпақтарымызды айтайық.
Тақпақтар:
Нұрдәулет: Міне сұлу шыршамыз
Көптен күтіп сағынған
Кел, балалар, келіңдер
Жаңа жылды көріңдер
Ақберен: Жасыл желек жамылған
Асыл моншақ тағылған
Міне сұлу шыршамыз
Көптен күтіп сағынған.
Нұрмұхаммед: Тамаша, тамаша
Шыршамыз тұр жараса
Басында әсем жұлдызы
Көз тоймайды қараса
Ән: Әскербек Дарынның орындауында жеке ән.
Қане, барлығымыз бірге Аяз ата мен Ақшақарды шақырайықшы.
Барлығы: Аяз ата, Ақшақар (3 рет)
(Музыка әуенімен Аяз ата мен Ақшақар кіреді)
Аяз ата мен Ақшақар: Сәлеметсіңдер ме, балалар! Сәлеметсіздер ме, қонақтар!
Аяз
ата: Естіп жатырмын, естіп
жатырмын,
Келе жатырмын, келе жатырмын
Жаңа
жылдарыңмен,
Жаңа
жылдарыңызбен!
Балаларым,
балғыным,
Өмір гүлім,
шалғыным.
Тілегенім
жыл бойы,
Сендердің
ден – саулығың.
Амансың ба,
ұлдарым,
Аппақ ару
қыздарым?
Мен сендерге
әкелген,
Құтты болсын
жылдарың!!!
Балалар: Сәлеметсіз бе, Аяз ата,
Ақшақар.
Ақшақар: Өздерің де аман-есенсіңдер ме,
менің балғын достарым. Бізге әзірлеген өнерлерің болса көрсетіп,
әсем ән айтып, би билеңдер, таңдайларыңды тақылдап тақпақ
айтып беріңдер. Аяз атаның дорбасында бәріңе жететін сыйлық бар.
Менің сіңілілерім де осында екен кәнекей маған жақындап шыр айнала
билеңдер.
Би: «Ақшақарлар» биі.
(Самина, Гүлзада, Айару,
Назерке)
Тәрбиеші: Кел, балалар, тақпақты
Тақылдатып айтайық,
Аяз ата таң қалсын.
Сыйлық алып қайтайық
Тақпақтар:
Гүлзада: Тамаша сый алып,
Келді Аяз атамыз
Шаттанып қуанып
Шырқап ән саламыз
Әкелсін жыл ырыс құт
Әлемде болсын тыныштық
Ән салайық жаңаша
Жаңа жылмен тамаша.
Самина: Аяз ата аман ба?
Аман болғай қашанда
Қарша қызды сүйеміз
Ізетпен бас иеміз
Сәлем достар аман ба?
Шырша құрып алаңға
Жылға шашу шашайық
Тойлап көңіл ашайық.
Ерасыл: Жылдың әнін бастайық
Аяз ата кеп қалды
Майысады жас қайың,
Көтере алмай көп қарды.
Ақжол: Тамаша, тамаша
Аяз ата келеді.
Әнімізге қосылып,
Бізге сыйлық береді.
Ән: Шайықбек Асылжанның орындауында жеке ән.
Аяз
ата: Қандай
тамаша. Менің сұлу қыздарым өнерлі.
Бұл жерге барлықтарың жиналып қалыпсыңдар ғой. Мақта қыз бен мысық
та жүр екен, бауырсақ пен түлкі де жүр екен, Алдар көсе сен де жүр
екенсің ғой.
Тәрбиеші: Иә, Аяз ата бізге ертегі әлемінен қонақтар келіп қалды. Жаңа жыл мерекесін тойлауға шыршамыздың шамы жағылмай тұр. Шыршаның шамын тек сіз ғана жаға аласыз.
Аяз
ата: Дұрыс айтасыз. Жаңа жылдың
сәні ол - шырша. Ендеше,
Кел, балалар, келіңдер!
Тамашаны көріңдер.
Бірге үріп шыршаның
Шамдарын жағып көріңдер!
- Қане, бәріміз бірге үріп шыршаның шамдарын
жағайық!
Бір, екі, үш!(үш шапалақ)
Шырша жарқырай түс!(қолдарымен фонарик жасайды)
(Бірнеше рет қайталайды, шыршаның шамлары жанады)
(Ду қол шапалақ!!!!)
Тәрбиеші: Балалар қарандаршы шыршаның
шамдары жарқырай түсті, қандай әдемі! Кәне шыршамызға арнап ән
айтайық.
Би: «Жұлдыздар» қыздар биі
Ән: «Жаңа жыл»
әні
Аяз
ата: Өнерлі балалар, өнерлі
қыздар көп екен. Рахмет сендерге.
Тәрбиеші: Аяз ата шыршамыздың шамы жағылды, балаларымыз өнерлерің көрсетіп жатыр.
Аяз ата:
Күлдірдіңдер мені, ал маған кететін кез келді
(қолын бұлғалап, бұрылып шығуға дайындалады)
Ақшақар: Ата сен әзілдеп
тұрсын ба?
Сыйлықтарды ұмыттың,
Әлде сен балалардысүймейсің
Тәтті егер бермесең?
Аяз
ата: Ой, ақбас ау ақбас
Кәне мен
сендерге көрсетемін сиқыррды
Бір, екі,
үш. Сыйлық мұнда түс.
(Аққала шанамен сүйреп залға сыйлықтарды кіргізеді)
Аққала: Аяз ата
жүгіңіз неткен ауыр еді. Тіпті шаршап кеттім
ғой.
Аяз ата: Рақмет саған Аққала. Сыйлықтардың барлығың алып келген екенсің, барлығы орнында. Рақмет саған.
Тәрбиеші: Аяз Ата Аққала да келді, Аққала өзімен бірге балалардың сыйлықтарың да алып келген екен. Аққала өзің сыйлықтарды алып келемін деп шаршаған боларсың? Біздің балалардың өнерің тамашала. Өзің сияқты кішкентай аққалалар отыр мына жерде, байқаған шығарсың? Олар саған арнап би билеп бергісі келіп отыр. Кәнекей, барлығымыз бірге «Аққала» биін тамашалайық.
Аққала: Қандай күшті. Недеген әдемі кішкентай аққалалар. Мен де билесем болады, сәл сергіп алатын?
Би: «Аққала» биі
Аққала: Аяз ата балалардың түріне қарасам, сәл шаршап қалған сияқты. Мен өзіммен бірге ойын алып келдім. Балалар сендер менімен бірге ойын ойнайсыңдар ма?
Аяз ата: Жарайсың Аққала, балалармен бірге ойын ойна. Балалардың көңілдері көтеріліп қалсын.
Тәрбиеші: Аққала қандай ойын алып келдің? Қанекей, көрсетші бізге.
(Аққала қорапшаның ішінен аппақ қарларды шашады.)
Ойын: «Қолғап» (3 рет)
Аққала: Жарайсыңдар балалар. Сендерге риза болдым.
Тәрбиеші: Қабағын еш түймейді,
Аяғы жерге тимейді.
Мерекеде шаттана
Жұлдыздар бізде билейді
Жұлдыздай жарқыраған қыздарымызды қарсы алайық!
Аяз
ата:
Өнерлі екен ұлдарың,
Өнерлі ару
қыздарың,
Жарқын,
жарқын жүздерің,
Жайнап
өссін, гүлдерің.
Күнбағыстай
жайқалып,
Биіктендер
өздерің.
Ақ көрпемді
жамылып,
Мұздан алқа
тағынып,
Әр жыл сайын
сендерге,
Келіп
тұрамын сағынып.
Жарайсыңдар балаларым!
Meнi бүгін бip қуантып, алыс жерден шаршап келгенде көңілімді
көтердіңдер. Барлықтарың да ақылды, білімде де өнерлі
екенсіңдер.
Киген киімдерін қандай
әдемі! Солай емес пе қызым? Ал енді біз жолға шығайық. Басқа да
балалардың өнерін тамашалайық. Ал, Ақшақар қызым, балаларға
сыйлықтарың тапсырайық. (Аяз атамен Ақшақар
сыйлықтарды үлестіреді)
Тәрбиеші:
Рақмет Аяз ата. Келесі Жаңа жылда тағы да
күтеміз сізді.
Аяз ата: Аққала сен бүгін маған жақсы көмектестің. Сенің көмегің тағы да керек маған. Сен бізбен бірге жүр.
Аққала: Жақсы Аяз ата. Мен балаларға өте риза болдым. Мені ұмытпаған екен. Менің де балаларға арнаған сыйлығым бар. Балалар, мына менің сендерге осы жаңа жылға арналған сыйлығым. Осы ойыншықтармен топта ойнау үшін, сендерге арнайы алып келдім. Сендерге көп рақмет. Мен бұл сыйлығымды тәрбиешілеріне тапсырайын.
Аяз ата: Ал, балаларым, сендер өсе беріңдер, өркендей беріңдер. Аспандарың ашық болсын! Қош болыңдар! (қолдарын бұлғап шығып кетеді).
Балалар: Қош сау
болыңыздар Аяз ата мен Ақшақар!
Тәрбиеші: Жаңа
жылым төрле бізге нұр болып,
Жақсылықтың жаршысы боп, бақ болып.
-
Балалар, біздің осы мерекемізге арнайы ертегі әлемінен келген Алдар көсеге, Мақта қыз бен мысыққа, Бауырсақ пен Түлкіге рақметімізді айтайық.
Ән: «Бізге жаңа жыл келді» хор
Тәрбиеші: Балалар, сендерді құттықтау үшін мектеп директоры келіп отыр. Құттықтау сөз Закура Кеңесбайқызына беріледі.
Тәрбиеші: Осымен бүгінгі біздің Жаңа жыл мерекесіне арналған ертеңгілігіміз аяқталды. Келгендеріңізге көп рақмет. Сау болыңыздар!

Бұл курс Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігімен келісілген