400 000+ дайын материалды
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар және авторлық материалдар
4 990₸/ 1 жыл
🔥Арнайы баға ·10.12.2026 дейін
Одан кейін - 29 990 ₸
Бір рет төлейсіз · Автотөлем жоқ
Тақырып бойынша 11 материал табылды

Ертеңгілік «Жаңа жылда жаңаша, ән саламыз тамаша ! »

Материал туралы қысқаша түсінік
ертеңгілік, жаңа жыл, аяз ата, ақшақар
Материалдың қысқаша нұсқасы

5


«Жаңа жылда жаңаша, ән саламыз тамаша»

Мақсаты: Қысқы табиғаттың әсемдігін балаларға сезіндіру. Жаңа жыл мерекесі, жана жыл шыршасы туралы, «Аяз ата», «Ақшақар» кейіпкерлері туралы түсіндіріп, мерекелік әсер қалыптастыру. Алған әсерлерін сөзбен жеткізу қабілеттерін дамыту. Әсемдікке, тапқырлыққа, алғырлыққа тәрбиелеу. Көрнекілігі: Шырша, шарлар, плакаттағы жаңа жылдық суреттер және құттықтау сөздер, дождиктер, жалаушалар.


Мұғалім:

Бүгінгі мектепалды даярлық сыныбындағы «Жаңа жылда жаңаша, ән саламыз тамаша» атты мерекелік ертеңгілігімізге қош келдіңіздер! Алдағы келе жатқан жаңа 2018 ит жылымен баршаңызды құттықтаймыз! Ұлдарыңыз ер жүрек, қыздарыңыз инабатты болсын! Жаңа Жыл жаңа бақыт, жаңа табыс әкелсін деп тілейік.

***

Өсиетін айтсын көпке киелі

Сөзі алтын, адал оның жүрегі

Қонақтарға сөз кезегін береміз

Қабыл болсын жақсылардың тілегі, - дей отырып мектебіміздің тәрбие ісінің меңгерушісі Сәденов Қыдырбек ағайдың балаларға деген жаңа жылдық ыстық лебізін қабыл алайық.

Олай болса, көңіліміздің керегесін кеңейтіп, баршамызға береке сыйлар мерекелі кешіміздің шымылдығын ашуға рұқсат етіңіздер!

/Ортаға «Әуе экипажы Стюардесса» биімен / Мағжан, Қайсар, Марал, Гүлсезім, Жанат, Айқаракөз, Аружібек, Айнамкөз, Фарида.

Мұғалім: Кезекті

2. Найнти уанның «Мұз» әніне берсек. (пародия )

Орындайтындар: Расул мен Ілияс


Мұғалім: Балалар енді біздің арамызда кімдер жетіспей тұр?

Балалар: Аяз ата мен Ақшақар

Мұғалім: Олай болса бәріміз бірге Аяз ата мен Ақшақарды шақырайық!

Балалар: Аяз ата- Ақшақар

Аяз ата- Ақшақар

Аяз ата- Ақшақар

Мұғалім: Қош келдіңіз Аяз ата , амансың ба Ақшақар?

Аяз Ата:

Ақшақар:

Хор: «

3. Әппақ, әппақ жапалақтап »

Мұғалім: Жаңа жылда жаңа белден асамыз

Жаңа жылға жырмен шашу шашамыз

Бейбітшілік ұранымен, жеңіспен

Жаңа жылда тағы да алға басамыз! деп

Ендігі кезекті биге берсек

4. «Павлин» биі

Мұғалім: Жаңа жылды қарсы алып,
Жасаймыз той жылда бір.
Жарқын-жарқын ән салып,
Жалғасады жырға жыр.
5. ТАҚПАҚТАР.(Барлық балалар айтады)

Мұғалім: Мектебіміздің бишілерін шақырайық,
Қошеметпен, құрметпен қарсы алайық.
Бишілерімізді ырғалтып би билетіп,
Қол соғып биік шыңға самғатайық-

, - дей отырып, сыныбымыздың кішкентай ғана бишісі Кәусарды

6. «Маней, маней» үнді биімен ортаға шақырамыз.


Мұғалім:

Ей, жаңа жыл, жаңа бақыт ырысым.
Жақсылықтың жаршысы да нұрысың.
Адамдардың асқақтаған арманы,
Ақындардың таусылмайтын жырысың

7. ХОР «Жаңа Жыл»әні


Мұғалім:

-Мың бұралып билейтін биші қайда

Көрсетпейма өнерін осындайда

8.Орыс биі «Калинка-малинка» Жанат


Жылдың әсем бұл шағы

Шыр айналдық шыршаны.

Шоқ жұлдыздай көктегі

Шыныны қағып тұр шамы.

9. Тәуелсіз елдің ұланы- хор


Қуанатын шақ болсын,

Достарымыз ақ болсын.

Бізге келген жаңа жыл,

Құт береке бақ болсын!

10. Ұлытау «Түрк» би Айнамкөз Гүлсезім



Бүгін сізге жырдан алқа тағайын,

Шат күлкіге толы болсын маңайың.

Көргендер де көрмегенде арманда.

Жаңа жылың құтты болсын ағайын.

11. Шығыс биі Айқаракөз


Көңілде көп қуаныш

Әр көңілде-жақсылық

Кетер жылға мың алғыс

Әкелген көп жақсылық.

12. «Кап-кап, тук-тук-тук» хор


Қандай тату өздері

Күлімдеген көздері

Кәне, кәне , келіңдер

Бір би билеп беріңдер.

Ортаға ......

13. «Сарбаздар» биімен ұлдарды шақырамыз


Мұғалім:Орны бөлек батаның

Бізге тәлім өнеге

Ақ тілегі атаның-

дей отырып, «жаңбырменен жер көгерер, батаменен ел көгерер » демекші, біздің бүгінгі

« Жаңа жылда жаңаша, ән саламыз тамаша» атты ертеңгілік кешімізді ата-бабаларымыздың бізге қалдырған ақ батасымен аяқтаймыз. Қане балалар барлығымыз қолымызды жаямыз. (үлкендерден бата сұрау)


Қорытынды:

Құрметті қонақтар, ата-аналар! «Жаңа жылда жаңаша, ән саламыз тамаша» атты ертеңгілігімізді жабық деп жариялаймыз.Жаңа Жыл дендеріңізге саулық, отбасыларыңызға аманшылық әкелсін. Келесі кездескенше сау болыңыздар!














Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
0 ұстаз жүктеп алған
28 желтоқсан
579
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі