жүктеу мүмкіндігіне ие боласыз
Бұл материал сайт қолданушысы жариялаған. Материалдың ішінде жазылған барлық ақпаратқа жауапкершілікті жариялаған қолданушы жауап береді. Ұстаз тілегі тек ақпаратты таратуға қолдау көрсетеді. Егер материал сіздің авторлық құқығыңызды бұзған болса немесе басқа да себептермен сайттан өшіру керек деп ойласаңыз осында жазыңыз
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
Ертеңгілік: "Жаңа Жылдық Шыршамыз"
«Жаңа жылдық шырша»
Мақсаты: Балаларға Жаңа жыл мерекесі туралы түсінік бере отырып, көтеріңкі көңіл күй сыйлау.
Көрнекілік: Әдемі безендірілген зал, ортада көркем шырша
Балалар жаңа жыл әнімен залға кіреді.
Жүргізуші: Уа халайық жараңдар,
Айналаға қараңдар
Жаңа жылдық бұл тойын
Салтанатқа санаңдар
Қызық көріп, шат болып
Шаттық күліп тараңдар.
Сәлеметсіңдер ме, Құрметті ұстаздар, ата-аналар мен кішкентай бүлдіршіндер! Біз сіздерді келе жатқан Жаңа 2018 ит жылымен құттықтаймыз. Сіздерге жаңа жылда жаңа табыс, бақыт тілейміз.
Жүргізуші: Балалар, қараңдаршы, айнала қандай әдемі. Мына ортада тұрған шыршаға қараңдаршы, әдемі безендірілген екен. Балалар сендерге ұнадыма?
Біздер бүгін жаңа жыл мерекесін тойлауға жиналдық. Мерекелерің құтты болсын. Бүгінгі мерекеге байланысты балаларымыздың әнін тамашалайық
Ән: «Шырша жыры»
Жүргізуші: Ендеше, шыршамызға арнаған тақпақтарымызды айтайық
1.Әмина: Шыршамызды әсемдеп,
Ән шырқаймыз билейміз
Өзімізде күлімдеп
Жабырқауды білмейміз
2.О.Медина: Тамаша, тамаша
Шыршамыз тұр жараса
Басында әсем жұлдызы
Көз тоймайды қараса
Осы кезде музыка әуенімен залға Аққала кіреді:
Аққала: Менің атым Аққала
Ән саламын шаттана
Аққаланы айналып
Кел, ойнаңдар, шаттана
Жүргізуші: Сәлеметсіңбе Аққала!
Аққала: Балалар, сендер мені таныдыңдар ма? Мен Аққаламын. Мен қардан жасалғанмын. Сендер менің қасымда тоңып тұрған жоқсыңдарма?
Балалар: Жоқ
Аққала: Ал егер қолдарың тоңып қалса не істейсіңдер?
Жүргізуші-балалар: Біз шапалақтаймыз
Аққала: Ал егер аяқтарың тоңса ше?
Жүргізуші-балалар: Біз топылдатамыз.
Аққала: Сендер біледі екенсіңдер. Енді менімен ойын ойнайсыңдар ма?
Балалар: Ия
Ойын: «Қар лақтыру»
Жүргізуші: Балалар ойын ойнадық енді арамызға біздің құрметті қонағымыз жетіспейтін сияқты. Ол кім екен балалар?
-Аяз ата мен Ақшақар
Қане, шақырайықшы А я з а т а, Ақшақар (3рет)
Секіріп қоян кіреді:
Жүргізуші: Аққоян сен қайдан жүрсің? Біз Аяз ата мен Ақшақарды шақырып едік қой?
Аққоян: Ой неткен әдемі шырша! Сәлеметсіңдерме, балалар! Менде сендермен жаңа жылды тойлауға келдім. Сендерге сыйлығым бар мен «Жасыл шыршаға» арнап би алып келдім бірге орындайық
Ұлдар биі: «Аққоян»
Жүргізуші: Жарайсыңдар, Аққоян әрі қарай бізбен бірге бол. Бірге көңіл көтерейік.
Балалар бір дауыс естігендей болдым. Осы Аяз ата мен Ақшақар адасып кеткен жоқпа екен? Қане, шақырайықшы А я з а т а , а я з а т а, а я з а т а
( Музыка әуенімен залға Аяз ата мен Ақшақар кіреді)
Аяз ата: Армысыңдар қарақтарым,
Армысыңдар, құлындарым
Жаңа жылды алып келдім
Ақ шырақты жағып келдім
Сендерге мына балаларым
Тәтті сыйлық алып келдім!
Ақшақар: Жаңа жылдың жаршысы
Ақшақармын мен аппақ
Кім би билеп, ән салып
Кім айтады тақпақ?
Жүргізуші: Қош келдіңіз Аяз ата, қош келдіңіз Ақшақар төрлетіңіздер.
Аяз ата: Балалар мына шыршамыз көңілсіз тұрған сияқты ғой. Қане, сиқырлы сөздерімізбен оның шамдарын жарқыратайық!
-Қуант бізді,таңырқат
Шамдарыңды жарқырат! (3 рет айту керек)
Жүргізуші:Балаларымыздың тақпақтарына кезек берейік.
3.Берекет: Қызыл ала шапаны
Сағындым Аяз атаны
4.Қарақат: Жүзімізге күлкі ойнап
Қанаттанды жанымыз
Жаңа жылды біз тойлап
Шаттанамыз бәріміз
5.Алихан: Кел жаңа жыл біздерге
Кел жаңа жыл, жаңа жыл
6.Б.Шұғыла: Келді,келді жаңа жыл
Қуанып қарсы ала біл
7.Нұржан: Аяз ата сыйлығын
Алайық айтып жаңа жыр
8.Іңкәр: Жаңа жылмен, жаңа жылмен
Құттықтаймыз әрине
Әкемізді, анамызды
Қонақтардың бәрінде
9.Фархад: Жаңа жылым тамаша
Ән салайық жаңаша
10.Ш.Шұғыла: Жаңа жыл, Жаңа жыл
Жаңа жылда жаңа жыр
Жасыл шырша жанында
Жадырап бар бала жүр
11.Нұртөре: Қыс келді, қыс келді
Ақтарып ақ қарды
Ақшақар: -Өте тамаша, балалар өнерлерің өрге жүзсін. Меніңде, сендерге арнаған өнерім бар. Менің ұлпа қыздарым қайда қанекей бірге би билейік.
Би: «Ұлпақарлар»
Тәрбиеші: Жарайсыңдар, балалар. Енді балаларымыздың тақпақтарын жалғастырайық
12.Қ.Медина: Той, мереке, салтанат
Думандатты жарқырап
Келді, міне жаңа жыл
Тартуларын арқалап
13.Әбілхайыр: Жаңа жылда жол болсын
Әрбір үйде той болсын
14.Ұлмекен: Ақ сақалды таяқты
Қалың қырау қабақты
Аяз ата аямай
Бізге сыйлық таратты
Ойыншығы, кәмпиті
Орасан көп сияқты
15.Санжар: Далада қар борайды
Ақ мамыққа орайды
16.Фатима: Әкелсін жыл ырыс құт
Әлемде болсын тыныштық
17.Әлімжан: Аяз ата келіп тұр
Бізге кәмпит беріп тұр
18.Е.Шұғыла: Өзіміздің бақшада
Жаңа жылды қарсы алдық
19.Ислам: Мұз болады қатады
Жап жалтыр боп жатады
20.Мөлдір: Дала нұр, қала нұр
Құтты болсын жаңа жыл!
Жүргізуші: Жарайсыңдар, балалар бізге қонаққа қыздар келіпті. Олар өздерімен бірге би әкеліпті. Қане тамашалайық
Би: «Мадагаскар»
Аяз ата: Балалар, бүгін мені бір қуантып, алыс жерден шаршап келгенде көңілімді көтердіңдер. Барлықтарыңа рахмет. Ал енді біз жолға шығайық. Басқада балалар өнерін тамашалайық. Қош сау болыңдар!
Жүргізуші: Құрметті қонақтар осымен бүгінгі біздің «Жаңа жылым, қош келдің» атты мерекелік ертеңгілігіміз аяқталды. Жаңа жыл құтты болсын, отбасыларыңызға бақыт пен қуаныш алып келсін! Сау болыңыздар!

Бұл курс Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігімен келісілген