«Кел, Жаңа жыл!» мерекелік
ертеңгілік.
Балалар залға көңілді
музыкамен кіреді.
Жүргізуші:Армысыздар қонақтар,ата-аналар,балалар!Сіздерді жаңа-жыл
мерекесімен құттықтаймын. Балалар, жылда жаңа жыл мерекесінде қонаққа кімдер
келеді?
Балалар: Аяз-ата, Ақшақар.
Жүргізуші: Дұрыс айтасыңдар, балалар, ендеше алдымен жаңа-жыл
мерекесіне келетін Ақшақарды бәріміз
шақырайық.
Балалар: Ақшақар (3 рет қайталап
айтады).
Жүргізуші: Амансың ба, Ақшақар!
Ақшақар: Шыршаларың керемет қой, өзі сондай әдемі екен, бірақ
шамдары сөніп тұр ғой. Кәне, бәріміз шыршаға үрлейік.
Қатттырақ.
Жүргізуші
: Аяз-Атасыз біз ешетеңе істей алмаймыз, кәне, телефон соғып
аяз атаны шақырайық, атамыз кәрі, мүмкін, ұмытып кеткен
шығар.
Алло, ата «Балдырған» мен
«Құлыншақ» тобының балалары шыршаның қасында сізді тосып жүр, неге
кешігіп жатырсыз? Ұмытып кеттіңіз
бе?
Аяз-Ата: Ойбай, кәрілік қой, ұмытып кетіппін, қазір
жетемін.
Жүргізуші
: -Балалар, Аяз-Ата келгенше, біз бір өлең
айтайық.
«Аппақ,аппақ»
Жүргізуші
: Өте дұрыс, балалар, олай болса барлығымыз қатты дауыстап
Аяз-Атаны шақырайық. Бір, екі, үш: Аяз-Ата (3 рет
қайталайды).
Аяз-Ата: шырша неге жанбай тұр.
Кәне, шамдарын жағайық.
Қоян кіріп келеді.
Жылайды.
Ақшақар: Қоян, сен неге
көңілсізсің? Не болып қалды, біз саған
көмектесеміз.
Қоян: Орман ішінде өзіме
үй салып, тұрып жатқанмын. Қу түлкі қонаққа келіп, мені үйімнен
қуып шықты. Мен далада қалдым.
Жүргізуші: Не деген сұм
түлкі, қоян, жылама, біз түлкіні қуып шығып, үйіңді алып
береміз.
Қоян: Мен түлкіден
қорқамын. Оның тістері қандай, көздері қандай! Мінезі
жаман!
Түлкі: Мен ешкімнен
қорықпаймын.
Жүргізуші: Аяз-Ата, мына, түлкіге не істеуге
болады?
Аяз-Ата: Қазір мен оны аязбен қатырайық.Аязбен достасып
билейік.
Би: «Мы морозом
подружились»
Түлкі: Мен үйден
шықпаймын,
Мен ешкімнен
қорықпаймын.
Жүргізуші
: Олай болса Аяз атаға арнап әнімізді айтып, биімізді билеп
берейік.
«Аяз мұртын орады»
әні
Түлкі: Мен үйден шықпаймын,
Мен ешкімнен
қорықпаймын.
Аяз-Ата: Қазір мен саған
көрсетейін!
Кәне, борандар
соғыңдар!
Шыршалар төмен
бүгілсін,
Ормандағы бар
нәрсе,
Ақ қарменен
жабылсын!
Қазір мен қар жауғызып, түлкіні
үсітемін.
Ойын би : «Қармен
би»
Аяз-Ата түлкі үйіне
үрлейді,шық деп айқайлайды.
Түлкі: Ойбай, Аяз-Ата, тұмсығымды үсіттің ғой, аясаншы
мені. Енді не
болдым?
Аяз-Ата: Ал сен қоянды аядың ба, қу түлкі? Балалар, түлкіні
кешірейік пе?
Балалар:Ия, бір жолға
кешірейік.
Аяз-Ата: Олай болса, қоян, бар сен өз үйіңе барып, тұра
бер.
Қоян: рахмет.
Аяз-Ата: Балалар, мен сендердің дауыстарыңды сағындым, кәне, маған
бір би билеп беріңдерші.
«Тик-так» биі
Аяз-Ата: Ой, қандай
керемет би!
Жүргізуші
: Аяз-Ата, біздің бүлдіршіндеріміз әнмен қоса тақпақты да
жақсы айтады. Кәне, тыңдаңызшы. Ал, сіз кәрісіз, шыршаның түбіне
отырып тыңдаңыз.
Тақпақтар.
Аяз-Ата:Ой, қандай өнері балалар, келіңдер, сендерге кәмпит
берейін.
Жүргізуші: Аяз-Ата, біздің Сырым баламыз да сізді асыға күтіп
жүр.
Аяз-Ата: қандай өнерлі балалар, мен бүгін біраз жасарып қалдым.
Сендермен кездескеніме өте
қуаныштымын.
Би: «Жаңа
жыл»
Ақшақар: Аяз-Ата, балаларға сыйлықтар әкелдің
бе?
Аяз-Ата: Әрине, мен бір қап сыйлық
әкелдім.
Аяз-ата сыйлықтар
таратады.
Аяз-Ата,
Ақшақар: Ал, балалар, біз қайтайық.
Біз
басқа балалар да күтіп отыр.
Жаңа жыл құтты
болсын,
Жаңа жыл мол табыс
әкелсін.
Денсаулықтарын мықты
болсын,
Сау болыңдар, балалар! ( Бәрі
кетеді)
Жүргізуші: Ал, құрметті қонақтар! «Кел, Жаңа жыл» атты ертеңгілігіміз
аяқталды. Біздің тәп-тәтті бүлдіршіндеріміздің өнерін
тамашалағандарыңызға көп-көп рахмет. Сау-саламат
болыңыздар
«Балдырған»
балабақшасы
Келісілді:
Бекітемін:
Әдіскер:Дементьева Н.А
Меңгеруші: Салиева Қ.С
«Кел Жаңа
жыл»
атты Құлыншақ 1-кіші топқа
арналған мерекелік жаңа жыл сценарийі.
Әуен жетекшісі: Сембиева
Ш.И
2018-2019 оқу
жылы.