Ертеңгілік тақырыбы: «Жарқыра, Жайна, Жаңа Жыл!»
Мақсаты: балалардың жаңа жыл мерекесі туралы түсініктерін қалыптастыру.Мерекелік көңіл күй ортасын ұйымдастыру. Образдық бейнелерді сомдай білуге үйрету, хормен және жеке ән айту шеберліктерін арттыру.Би қимылдарын қызығушылықпен, ырғақты сақтай орындауға төселдіру
Жүргізуші: Жаңа жылдың таңы неткен арайлы
Ақ мамыққа бөлеп алды маңайды.
Жаңа жылмен құттықтаймыз бәріңізді
Бақыт, шаттық, молшылық әкелсін
Бәрімізге мына жыл арайлы!
Зал әдемі безендіріліп, шыршада әдемі ойыншықтар ілінген, музыка әуені ойналып тұрады.Балалар келіп шыршаны айналып тұрады.
Құрметті Ата-аналар, бүлдіршіндер, ұстаздар бүгінгі «Жарқыра, Жайна, Жаңа жыл!» атты мерекелік кешімізге қош келіпсіздер!Бізбен бір жыл бойы бірге болған тауық жылын шығарып салғалы отырмыз.Ата –аналар, мына балапандарыңыздың сіздерді қуантып, сіздер соған қуанып, әрқашан жүздеріңіз жадырап, жаңа жылда жылдан-жылға дендеріңіз сау болып тойлай беріңіздер!Қараңдаршы, айнала неткен керемет, әсем мына шыршамыздагы ойыншықтардың алуан түрлері бар екен. Бәрімізде әп-әдемі жаңа жылдық киімдерімізді киіп жиналып қалыппыз. Бірақ..... шыршамыз көңілсіз, сендердің әдемі сөздеріңмен шамын жағайық.
Бәрі: Қуант,бізді, таңырқат
Шамдарыңды жарқырат 3 рет
(Шырша шамы жанады, «Алақайлап» қол соғады)
Жүргізуші: Міне, керемет, қол ұстасып әнімізді шырқайық
Хор:Жасыл шырша жанында
(Сахнада орман бейнесі бейнеленген.Ортаға үш шырша шығады).
Жаңа жылдың жасұланы
Біз шыршаны қарсы алған
Тамашаға асығады
Қала, дала, ән салған
Оралды өлкеме
Жаңа жыл армысың
Оранды ақ көрпеге
Асқар тау, қарлы шың
Тауда туып, тауда өскен
Шыршамыз біз халайық
Бәріміз біз дауыспен
Мектебімізде ән салайық!
(шыршалар тақпақтарын айтып, шырша жанына отыра қалады)
«Бауырсақ» ертегісін тамашалаңыздар!
Жүргізуші: Баяғы өткен заманда апа мен атаның пісіріп қойған бауырсағы орманға
қарай қашып кетіпті.Қашып, домалап келе жатып, бауырсақ үш шыршаны көріп,
шошып кетеді.
Бауырсақ: - Ой сендер кімсіңдер?
Шырша: Біз шыршамыз.
Бауырсақ: - Сендер нешеусіңдер?
Шырша: - Сен санау білмейсіңбе?
Бауырсақ: - Жоқ
Шырша: - Онда саған санап үйретейік.1,2,3
Бауырсақ: Мен апамнанда қаштым, атамнан да қаштым, санауды үйрендім.
(Алдынан қоян шығады)
Қоян:
Бауырсақ,бауырсақ мен сені жеймін!
Бауырсақ:
Қоян жемеші, мен саған өлең айтып беремін.
Қояным- ау, қояным,
Сені қайда қоямын
Тор ішінде ұстадым,
Бақшамызға қыстадың!
Бауырсақ: Апамнан да қаштым, атамнан да қаштым, санауды да білемін, қояннан да
қаштым.(осы кезде алдынан аю шығады)
Аю:
Бауырсақ, бауырсақ мен сені жеймін.
Бауырсақ:
Аю ата, мені жемеші!Мен Аяз Ата мен ақшақарды күтіп жүрмін.
Аю:- Онда сен менің өлеңімді тыңда!
Қорбаңдаған аюдың
Құлпынайы көп екен
Теріп, теріп аламыз
Қалтамызға саламыз.
(Аю өз жөніне кетеді, бауырсақ домалап келе жатыпғ алдына келе жатқан кірпіні көреді)
Бауырсақ: Ой сен кімсің?
Кірпі: - Мен кірпімін
Бауырсақ: Кірпі, кірпі, кірпі
Үстің толған ине.
Бір инені алып
Қадар едім түйме.
Кірпі, арқаңдағы не?
Кірпі:
Сен білмейсің бе? Бұл – бағдаршам.Бағдаршамның үш көзі бар.Қызыл, сары,жасыл
Қызыл көзін ашқанда, қарап қалма, жасқанба.
Сынық сүйем баспа алға, сары көзін ашқанба,
Қарап қалма аспанға, жасыл көзін ашқанда, Жүре бергін жасқанба.
Бауырсақ сен бұны біліп ал!(Бауырсақ әрі қарай домалап кете береді).
Бауырсақ: Апамнан да, атадан да, қояннан да, аюдан да қаштым, кірпіден де.Ау-у-у, Аяз Ата! Ақша Қар Қайдасындар?(өзімен өзі сөйлеп келе жатқан бауырсақ тоқтай қалып, жан—жагына қарайды) Ой мен жаңа жыл мерекесіне келіп қалыппын ғой.Одан да, балалардың өнерін тамашалайын.
Жүргізуші: Балалар, жарайсындар! Ал айтыңдаршы жылда Жаңа жылға бізге қонаққа кім келуші еді?
Балалардың жауабы
Жүргізуші: Кәнекей, ендеше бәріміз бірге шақырайық
Бәрі:Аяз ата,Аяз ата,Аяз ата, Ақшақар 3рет
Сөйтіп, бауырсақ балалардың ортасына кіріп, балалармен бірге өнерін тамашалайды.Кәне балақайлар бәріміз Аяз Ата мен Ақшақармен шыршамызды айналып бәріміз өнерімізді көрсетейік.
Жүргізуші: Армысың, Аяз Ата ақсақалым,
Барма сұлу көркем Ақшақарым
Асыға тағатсыздық сезімменен
Тосуда өздеріңді балаларың
Аяз Ата сөзі: Құтты болсын балалар
Келген жаңа жылдарың
Алаңдамай өсіңдер
Еркелеп қыз, ұлдарым
Өткен жылы келіп ем
Бәріңді де көріп ем,
Жыл өткізіп келем деп
Уәдімді беріп ем
Ақшақар сөзі: Сәлеметсіңдер ме, балақайлар.Жаңа жылдарың құтты болсын.
Сүйсіндірер маңайды
Ақшақармын арайлы
Жалт- жұлт еткен жүзімнен
Күміс сәуле тарайды
Ақшақармын әппақпын
Қалай тыныш жатпақпын
Менсіз қыстың сәні жоқ
Әнмін,Жырмын,Тақпақпын
Ал енді балалар ортаға бізбен қоштасуға Ит жылымызды шақырайық.
Ескі жыл Бір жыл бойы сендермен
Бірге жүрдім ойнадым
Енді міне балалар,
Кезек келді қоштасар
Мені ылғи қуантты
Ата-ананың тірегі
Қуанышы арманы
Боласыңдар қорғаны
Қош бол менің достарым
Енді кезегімді өзімнің досым доңыз жылына берсем деймін.
Жүргізуші:Балалар қараңдаршы уақыт таяп қалды.Жаңа жылды қарсы алайық.(Ортаға 2019 жыл Доңыз жылы келеді)
Доңыз жылы: Сәлем бердім баршаңызға
Шаттық келсін ортамызға
Қыдыр Атам қолдап бәріңізді
Доңыз жылы ырыс берсін басымызға
Ал енді бүгінгі менің қуанышты күнімде достарымен бірге «Бала тілегі» әнін шырқағым келіп тұр.Осы Жаңа жыл мерекесінде достарымның арман тілектері орындала берсін!
Ақшақар: Ал келіңдер, келіңдер
Тақпақ айтып беріңдер
Жомарт аяз атадан
Сыйлық алып көріңдер
Жүргізуші:Балалар, Аяз Ата мен Ақшақар өздеріңді сағынып қалыпты.Олай болса өнерлеріңді көрсетіп, сыйлық алуға асығыңдар.Жаңа жылға арнаған ән мен өлеңімізді, биімізді билейік.
Қыс қызығы тамаша
Ойнаймыз біз таласа,
Думанымыз жалғассын,
Жаңа жылға тамаша!
Әдемілеп біз ілген,
Ойыншықтар тізілген
Қандай әсем шыршамыз
Ән шырқайық баршамыз
Жаңа жылға сәніміз
Біздің айтар әніміз
Келдің бе, аман алыстан
Сәлем Аяз Атамыз
Жаңа жылға арналады жаңа жыр
Жаңа жылда шақырады бар өмір
Бақыт болып жаңа жылым келді ғой
Құтты болсын, Құтты болсын Жаңа жыл
Жүргізуші: Келді міне жаңа жыл,
Қарсы алайық бәріміз
Күліп,ойнап, би билеп
Ән салайық бәріміз- деп келесі кезегімді көңілді бимен жалғыстырайық.
Айта берсек таусылмас
Жаңа жылда жаңа жыр
Кел оданда, халайық
Ойын ойнайық жаңа бір
Ойын: «Адасқан бала»
Шарты: 3 ата-ана ортаға шығады, әр ата-ана көзін орамалмен байлап, топ ішіндегі балалардың арасынан өз баласын қолынан сипап тауып алуы керек.Өз баласын тапқан ата-ана сыйлық табыс етіледі.
Хор: Жаңа жыл әні.
Жүргізуші: - Аяз ата Ақшақар сіздер біздердің балаларымыздың сыйлықтарын қашан бересіздер?
Аяз Ата: Ойбуй, ұмытшақ басым-ай, арине қазір,қазір...
(барлығына сыйлық үлестіріледі)
Аяз- Ата: Жарайсыңдар балаларым! Мені бүгін бір қуантып, алыс жерден шаршап келгенде көңілімді көтеріңдер.Барлықтарың да ақылды, білімде өнерлі екенсіңдер.Киген киімдерін қандай әдемі! Солай емес пе қызым? Біздің сыйлымызға риза болыңдар.Ал енді біз жолға шығайық.Басқа да балалардың өнерін тамашалайық. Ал, балаларым, сендер өсе беріңдер.Аспандарың ашық болсын.Қош болыңдар.(қолдарын бұлғап шығып кетеді)
Балалар: сау болыңыздар! Рақмет сіздерге!
Бәрі:Біз тілейміз жаңа жылдық шаттықты
Біз тілейміз жаңа жылдық бақытты
Жүргізуші: Құрметті қонақтар, балалар «Жарқыра! Жайна! Жаңа жыл!» атты жаңа жылдық кешіміз аяқталып қалды.
Осындай керемет кешті өткізуге ат салысып жүрген ата- аналар, әріптестерім сіздерге мың алғыс!
Бүгінгі ертеңгілігімізге мерекелік лебізін білдіру үшін мектебіміздің директоры: Орынбаева Гулбану Әбубәкірқызына сөз береміз
Көріп тамашалағандарыңызға рахмет!Жаңа жыл құтты болсын, 2019 жыл отбастарыңызға тек бақыт пен қуаныш әкелсін!
№188 орта мектеп
«Жарқыра,Жайна,
Жаңа жыл»
мерекелік ертеңгілік
Мектепалды даярлық сынып мұғалімі: А.Кудайбергенова

2018- 2019 оқу жылы
Қуант,бізді, таңырқат
Шамдарыңды жарқырат
Б Біз тілейміз жаңа жылдық шаттықты
Біз тілейміз жаңа жылдық бақытты
Қуант,бізді, таңырқат
Шамдарыңды жарқырат
Б Біз тілейміз жаңа жылдық шаттықты
Біз тілейміз жаңа жылдық бақытты
Аяз Ата сөзі балалармен сәлемдесуі
Құтты болсын балалар

Бала тілегі әнінен кейін айтады
Ақшақар: Ал келіңдер, келіңдер
Тақпақ айтып беріңдер
Жомарт аяз атадан
Сыйлық алып көріңдер
Қуант,бізді, таңырқат
Шамдарыңды жарқырат
Б Біз тілейміз жаңа жылдық шаттықты
Біз тілейміз жаңа жылдық бақытты
жүктеу мүмкіндігіне ие боласыз
Бұл материал сайт қолданушысы жариялаған. Материалдың ішінде жазылған барлық ақпаратқа жауапкершілікті жариялаған қолданушы жауап береді. Ұстаз тілегі тек ақпаратты таратуға қолдау көрсетеді. Егер материал сіздің авторлық құқығыңызды бұзған болса немесе басқа да себептермен сайттан өшіру керек деп ойласаңыз осында жазыңыз
Ертеңгілік Жарқыра, жайна Жаңа жыл мектепалды даярлық сыныбы

шағым қалдыра аласыз