жүктеу мүмкіндігіне ие боласыз
Бұл материал сайт қолданушысы жариялаған. Материалдың ішінде жазылған барлық ақпаратқа жауапкершілікті жариялаған қолданушы жауап береді. Ұстаз тілегі тек ақпаратты таратуға қолдау көрсетеді. Егер материал сіздің авторлық құқығыңызды бұзған болса немесе басқа да себептермен сайттан өшіру керек деп ойласаңыз осында жазыңыз
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
Ертеңгілік "Жаса мәңгі-ана тілім"
МКҚК «Балбұлақ» бөбекжайы
Тәрбиеші: Алпаева
К.Т.
2018-2019 оқу жылы
Мақсаты: Тіл күні мерекесінің маңыздылығын сездіре отырып, ана тіліне деген сүйіспеншілігін арттыру, туған тілін сүюге, оны қорғауға және қамқорлық жасауға тәрбиелеу.
Жүргізуші: Құрметті бүгінгі ертеңгіліміздің қонақтары, бүлдіршіндер, тіл жаңашырлары. Сіздерді өткір тілді, дархан пейілді «Тіл мерекесі» күнімен шын жүректен құттықтаймыз.
Ана тілім – дана тілім айбарым
Сырың терең, тұнығындай қайнардың
Ана тілім – қасиетті қастерім
Бір өзіңнен нәрін алғаным – деп ақындар жырлағандай халқымыздың өшпес асылы сөнбес шырағы мол қазынасы сан ғасырлық тарихы бар қасиетті тіл мен өнеріне арналған.
- Балалар, біз қандай мерекені атап өтейіндеп отырмыз
- Тіл мерекесі
Яғни 1997 жылы 22 қыркүйек қабылдаған Қазақстанның тіл туралы заңында Республика халықтарының тілдерін қорғау мен дамыту құқығының негізінде бекітілген. 22 қыркүйек – Қазақстан халықтарының тілдер күні ретінде аталып келеді. Ендеше балалар осы тіл мерекесіне ән-жыр тақпақтарымызды арнаймыз.
1-бала: Сүйемін туған тілді –анам тілім,
Ақбота Бесікте жатқанымда-ақ берген білім.
Шыр етіп жерге түскен минутымнан,
Құлағыма сіңірген таныс үнін.
2-бала: Туған тілім - тірлігімнің айғағы
Б.Ералы Тілім барда айтылар сыр ойдағы
Өссе тілім менде бірге өсемін,
Өшсе тілім мен де бірге өшемін.
3-бала: Алуан – алуан ғасырдың
Таймас Шежіресі болған тіл
Небір ұлы асылдың
Шын көңілі толған тіл.
4-бала: Қазақ тілім өз тілім, ана тілім
Назерке Абай, Мұхтар сөйлеген дана тілім
Қастерлейді ұл – қызың мәңгі сені
Болашағым, бақытым дара тілім.
5-бала: Өсірген ой – білімді
Қ.Бекарыс Сүйемін туған тілімді
Мақсат етем әр сөзді
Мәңгі терең білуді.
6-бала: Ана тілім – анамның,
М.Бекарыс Ақ сүтімен келген тіл.
Ана тілім – бабамның,
Ақылымен келген тіл.
7-бала: Ана тілім – бал шағым, өркенім
Альмира Ана тілім – болашағым, ертеңім
Ана тілім – сайын далам, жер көгім
Ана тілім – арман отым, өрнегім.
8-бала: Әлемдегі ең бай тіл
Ғ.Бекарыс Қазақ тілге ардақта
Есіңе сақтап оқып біл
Жүрсең дағы қай жақта.
Жүргізуші: Құлақтан кіріп, бойды алар
Әсем ән мен тәтті күй
Көңілге түрлі ой салар
Әнді сүйсең менше сүй – деп Абай атамыз айтқандай келесі кезекті әсем әнге берейік.
Ән: «Өнер алды – қызыл тіл»
Жүргізуші: Балалар құтты болсын тілің бүгін
Ашатын жан сарайын білімдердің
Кешегі анаң айтқан, бабаң айтқан
Тіліңе зер салыңдар бұрынғының – дей келіп «Тіл не үшін керек» - деген көрінісімізді тамашалаңыздар. (Ералы мен Ақбота шығады)
Ақбота: Мен саған сұрақ қойғым келіп тұр?
Осы тіл не үшін керек?
Ералы: Досым-ау, тіл бір-бірімізбен сойлесу үшін қажет қой.
Ақбота: Жарайды, онда адамдардың бәрі бір ғана тілде сөйлемейме? Неге ана тілі деп бөледі?
Ералы: Себебі әр елдің өз Отаны, өз тілі бар емеспе
Ақбота: Біздер бір-бірімізбен сөйлескендк қай тілде сойлейміз?
Ералы: Қазақ тілінде ана тілінде сойлесеміз.
Ақбота: Неге біз өз тілімізді ана тілі дейміз?
Ералы: Себебі, бұл тілді анамыздың аузынан естиміз. Ана тілі дегеніміз – ананың ақ сүтімен бойға дарыған өз анамыздың тілі ғой. Ал ана деген бәрінен де қастерлі, ардақты да асыл жан.
Жүргізуші: Әрбір тілде сөйле әлемді таң қылып
Ана тілін білмеу қандай заңдылық
Өсер балаң, байтақ далаң тұрғанда
Қазақ тілі жасау керек мәңгілік.
9-бала: Ана тілің біліп қой
Суайба Еркіндігін теңдігін
Ана тілін біліп қой
Мақсатымен елеінің.
10-бала: Учить язык мы будем
Санжар И никогда и никогда
Мы правил не забудем.
11-бала: Ана тілің, арың бұл
Самал Ұятың боп тұр бетте
Өзге тілдің бәрін біл
Өз тіліңді құрметте!
12-бала: Родной язык!
Альмира Родная речь!
Нам суждено беречь.
13-бала: Язык родной
Баян Он нужен всем
Писать, читать, творить,
И чтоб просто говорить!
14-бала: Ана тілім тірегім
Нұрбол Ана тілім жүрегім
Қасиетті елімнің
Тек өзің деп білемін.
15-бала: Ана тілім – ардағым
Айнара Мақтанышым – айдарым
Биік болса мәртебем
Орындалар арманым.
Жүргізуші: Достарым бар қуанып
Тамашалар кештерде
Тал шыбықтай бұралып
Биші болам өскенде – қыздарымыздың биін тамашалаймыз.
Би: « »
Жүргізуші: Халқымыздың аса бай рухани қазынасы – туған ана тіліміз.
Ол – қазақ тілі. Елімізде жүзден аса ұлт өкілдері тату – тәтті өмір сүруде. Қазақ тілі – әлемдегі
6 мыңға жуық тілдердің ішіндегі қолдану өрісі жағынан алғашқы ондықтар қатарында. Қазақстанда тұратын барлық ұлт өкілдері қазақ халқының әдет – ғұрпын, тілін, мәдениетін, әдебиетін білу міндетті.
Қазақ тілі – туын биік ұстаған
Қазақ тілі – кең далама ұқсаған
Қазақ тілі – мәртебелі, еңселі
Құрметтеп отыр бүгін ел сені – дей келіп кезекті бүлдіршіндерге береміз.
16-бала: Қымбат маған ана тілім, бал тілім
Айерке Қымбат маған дара тілім, ар тілім
Ақ сүтіңмен бірге сіңген бойыма
Ана тілім ардақ тұтар алтыным.
17-бала: Тілім барда мақтанам
Мұрагер Тілім менің аппақ ән
Бірлігімді бүгінгі
Ана тілім сақтаған.
18-бала: Ана тілім – елім
Әсемай Қайсар, қайрат, күнім
Ана тілім сенің
Баста бақыт құсым.
19-бала: Ақыл – ойын дананың
Думан Ана тілден аламын
Ана тілім ардақты
Ақ сүтіндей ананың.
20-бала: Ана тілді білмесем
Абылай Шат – шадыман күлмес ем
Жер бетінде сайраңдап
Қазақ болып жүрмес ем.
Жүргізуші: Әрбір тілде сөйле әлемді таң қалып
Ана тілін білмеу қандай заңдылық
Өсер балаң, байтақ далаң тұрғанда
Қазақ тілі жасау керек мәңгілік.
Енді кезекте мақал – мәтелдерге берейік.
Ералы: Тіл – көңілдің кілті.
Кәусар: Ананың сүті бал
Баланың тілі бал.
Абылай: Басқа пәле тілден.
Назерке: Ең жұмсақ та - тіл
Ең қатты да –тіл.
Айерке: Өнер алды – қызыл тіл.
Ән: «Жас терек» Орындайтын: Борисова Сезім.
Жүргізуші: Ана тілі көңіліне гүл егер,
Ана тілі ғұмырым деп біле бер
Өзге тілде сөйлей білу – бір өнер
Ана тілде таза сөйлеу – шын өнер, - дегендей ана тілімізде таза сөйлеп, бүкіл құнары мен нәрін бойымызға сіңіре білейік!

Бұл курс Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігімен келісілген