400 000+ дайын материалды
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар және авторлық материалдар
4 990₸/ 1 жыл
🔥Арнайы баға ·10.12.2026 дейін
Одан кейін - 29 990 ₸
Бір рет төлейсіз · Автотөлем жоқ
Тақырып бойынша 31 материал табылды

Ертеңгілік "Жасыл шырша жанында!"

Материал туралы қысқаша түсінік
Жаңа жыл мерекесіне арналған ертеңгілік
Материалдың қысқаша нұсқасы

25.12.2017ж

«Таныстым»

ДТІЖО: Г. Айдарбекова

Жасыл шырша жанында!!!

1-жүргізуші-  Армысыздар, құрметті ата-ана, қымбатты ұстаздар, оқушылар.
Жаңа жыл мерекелеріңіз құтты болсын.
2-жүргізуші: Жаңа жыл елімізге, әр шаңыраққа тыныштық, бірлік, құт-береке әкелсін.

1-жүргізуші: Кел, жаңа жыл,
Төрле, төрле жеріме,
Құт береке боп келгейсің еліме,
Үміт артып армандарға аяулы.
Шаттығына бөлегейсің бізді де,

2-жүргізуші: Ертегі әлемі

Қандай өзі әдемі,

Жасыл шырша жанында.

Барлық достар жиналды.

Қане достым, байқашы,

Мән беріп мұнда қарашы!

Достарымның барлығы, үлгерді ме санашы.


Шайтан: Мен шайтанмын, шайтанмын,

Көрінбейтін сайтанмын.

Ұнап қалған жандарды,

Өзіммен алып қайтармын.

1-жүргізуші:-Ой мынау кім? Құдай сақтасын, түрі қандай жаман еді. Аулақ-аулақ, сәнімізді бұзба!

Шайтан: -Бұзбақ түгілі, бұзамын. Мен жолда келе жатқан Аяз ата мен Ақшақарды алдап қамап қойдым. Қазір міне, сендердің де апайларыңды алып кетіп, ешқандай мереке өткіздірмеймін. Мереке болмайды, маған мереке ұнамайды.

2-жүргізуші: Тоқта, шайтан. Анықтап қарап көрсем қорқынышты сенің түгіңде жоқ екен, сен сондай әдемісің! Сондай қап-қарасың. Мені әкетпей-ақ қойсаң қайтеді. Сен мені әкетпеу үшін менің достарым не әстеуі керек?

Шайтан: маған бір көңілді ән салып, би билеп берсеңдер, онда ойланып көрермін.

1-жүргізуші: -Қой, балалар, ондай болса шайтекеңнің көңілін табуға тырысып көрелік. Сыныбымыздың жез-таңдай қызы Тілепбай Еңлік орындауында «Жаңа жыл » әнін қабыл алыңыздар!

Шайтан: Ой-ой, қандай көңілді ән. Әндерің маған қатты ұнады. Өздерің де мейімді, жақсы балалар екенсіңдер. Мерекелеріңді бұзғым келіп еді, енді бұл ойымнан қайттым. Аяз Ата Ақшақар

Кәні балалар менің даусымды естімей жатыр бәріміз бірге айқайлаықшы

Хормен: Аяз Ата, Ақшақар 3 рет

2-жүргізуші: Қош келдіңіз АЯЗ АТА.
1-жүргізуші: Амаңсыңба АҚШАҚАР.

АЯЗ АТА:  сөзі
АҚШАҚАР: сөзі


Бүгінгі мерекеміздің алғашқы «Жігіттер » биімен 1 «в» сынып оқушыларын қарсы алыңыздар.

1-жүргізуші: Ақ көңілім айналды аппақ қарға,
Көңілдене қосыл сен ән мен жырға.
Қыс қызығы басылмай ұласады,
Қуаныш көп болсын жаңа жылда.

Ендігі кезекті сыныбымыздың жаңа жылдық өлең-жырларына кезек берейік.

2-жүргізуші: Жаңа жылдың таңы неткен арайлы,
Ақ мамыққа бөлеп алды маңайды.
«Жаңа жылмен құттықтаймын» деген үн,
Қанаттана кең алқапқа тарайды.

Ендігі кезекті Сағындыққызы Аяулымның орындауында «Жаңа жыл» әнімен қабыл алыңыздар.

1-жүргізуші: Сыныбымыздың бишілерін шақырайық,
Қошеметпен, құрметпен қарсы алайық.
Бишілерімізді ырғалтып би билетіп,
Қол соғып биік шыңға самғатайық- деп «Кукарелла» биімен 1 «в»-сынып оқушыларын қарсы алыңыздар.

2-жүргізуші: Келді Аяз атамыз,
Қасында Ақша қары бар.
Қызыққа әбден батамыз,
Қарсы аламыз баршамыз.
2-жүргізуші: Жаңа жылды қарсы алып,
Жасаймыз той жылда бір.
Жарқын-жарқын ән салып,
Жалғасады жырға жыр.
Хор  «Шырша жыры»

Жаңа жыл – жаңа қадам, жаңа бағыт,

Болашақ сыйлайтындай жаңа бақыт.

Жақсылықтың белгісі, жаңа уақыт,

Келіп, міне, жатырмыз, қауқылдасып...

Бірге соғып бар әлемнің сағаттары,

Он екіні күтер, қалмай, тағаттары,-

Ғасырдың он екінші жылы келді,

Құстай ұшып, қырау шалған қанаттары!

Құтты болсын Жаңа жыл, барша қауым,

Құтқа орансын кең байтақ дархан елім.

Қазақтың пейіліне тарту етсін,

Табиғат ашық аспан, таң шапағын!


***

Жылдың әнін бастайын,
Аяз- Ата кеп қалды.
Майысады жас қайың,
Көтере алмай көп қарды.

Бақша іші мереке,
Ойын күлкі асқақ ән.
Жақсы әпкелер жаңа кеп,
Мерекені бастаған.

Жаңа жылды қарсы алдың,
Мініп алып күймеге.
Мен де бүгін ән салдым,
Араластым биге де.

Оралдың өлкеме,
Жаңа жыл армысың.
Оранды ақ көрпеге,
Асқар тау, қарлы шың.

Ақ қырауға малынған
Сақалы да мұрты да.
Аяз ата сағынған,
Сәлем бepді жұртына.

Безендіріп шыршаны
Жыл қуантты баршаны.
Той-маскарад басталды,
Аяз оны басқарды.

Аппақ тонға оранып,
Базарлықты мол алып.
Келді алыс сапардан,
Аяз ата оралып.

Қалып едік сағынып,
Kүтіп алдъқ жабылып.
Жолын қойдық жарық қып,
Шыршаларға шам іліп

Аяз Ата ойды қырды
Аралап жүр түгел шолып.
Қарсы алғалы жаңа жылды,
Ол да көптің бірі болып.
Қайда қызық болса думан, 
Аяз Ата сонда болды. 
Күндіз үйде ойнап бізбен, 
Балалармен бірге болды.

Тілеймін мен бар әлемге
Дос көп болсын жаңа-жыл
Ата-әже, ата-әже
Құтты болсын жаңа жыл












Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
0 ұстаз жүктеп алған
27 желтоқсан
509
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі