400 000+ дайын материалды
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар және авторлық материалдар
4 990₸/ 1 жыл
🔥Арнайы баға ·10.12.2026 дейін
Одан кейін - 29 990 ₸
Бір рет төлейсіз · Автотөлем жоқ
Тақырып бойынша 31 материал табылды

Ертеңгілік "Жасыл шырша жанында"

Материал туралы қысқаша түсінік
Балабақша балаларына мерекелік көңіл күй сыйлау. Қыс мезгіліндегі Жаңа жыл мерекесі туралы түсініктерін кеңейту
Материалдың қысқаша нұсқасы

Атырау облысы

Индер ауданы

«Балдәурен» бөбекжайы

Тәрбиеші: Шыныбекова.Г.А

Тақырыбы: «Жасыл шырша жанында» ертеңгілік

Жүрісі:

Балалар көңілді әуенмен залға жүгіріп кіріп, әуенмен әртүрлі қимылдар жасап билейді. Әуен тоқтап қалғанда шыршаның екі жағына тұрады.

Мейірлан: Жасыл шырша төгілген алдымызда,
Қош келдіңіз көрермен шыршамызға.
Аман болсын отбасыңыз деп алайын,
Ізгі тілек тілейміз баршаңызға.


Ақнұр: Жаңа жыл – жаңа қадам, жаңа бағыт,

Болашақ сыйлайтындай жаңа бақыт.

Мешін жылы кеп қалды ортамызға,

Жақсылықпен жалғассын жаңа уақыт.

Хакімжан: Құтты болсын жаңа жыл, барша халық.

Қуанышқа, шаттыққа тамсанайық.

Бірімізге шынайы тілек тілеп,

Бар әлемге бақытпен жар салайық!

Тәрбиеші: Қош келдіңіздер құрметті ата-аналар, қонақтар, балабақша ұжымы. Баршаңызға келіп жеткен жаңа жыл мерекесі құтты болсын!

Кел жаңа жыл, жеттің бе тағы айналып Құшақтарды отырмыз саған жайып Сені күтті жыл бойы жақсы үмітпен Талай ұлыс, талай ел, талай халық Келген сайын көңілді өсіресің Ұлы болсын бастаған осы көшің Төгіп-шашпай, тасытып кетсең екен Қазақ деген халықтың несібесін!

Ән: «Жаңа жылдық карнавал»

Тәрбиеші: Балалар, қараңдаршы айнала қандай тамаша. Сендер де өтемі әдемі киініп алыпсыңдар. Шыршамыз да әдемі, ойыншықтары құбылып көз тартады. (осы кезде ішке дауласып анасы мен қызы кіреді)

Қызы: тууу, менің ұйқым қанған жоқ. Сен мені неге ерте оятып алдың.

Анасы:қызым ау, кешкі балға барғың келмей ме?

Қызы: барамын, барғым келеді. Тек, мен қалай барамын. Менің көйлегім әлі дайын емес, мен де дайын емеспін.(жылайды)

Анасы: жылама, қызым. Бәріне де үлгереміз. Сен өте әдемісің. Мен саған тосын сый дайындадым. Үлкен шырша әкеліп қойдым саған орманнан.(балалар мен қонақтарға таңдана қарайды)

Ау, сендер кімсіңдер? Мұнда неге жиналып алғансыңдар? Сендерді кім шақырды?

Тәрбиеші: сәлеметсіздер ме. Біз жаңа жыл тойын тойлағалы балабақшадан келдік.

Анасы: қайдағы жаңа жыл, қайдағы мереке. Тараңдар, үйлеріңе барыңдар. Менің шыршамды безендіріп те қойыпсыңдар. Бұл менің қызымның шыршасы. Қарашы қызым, саған ұнай ма?

Қызы: апа, мыналар қандай әдемі көйлектер киіп алған. Ал менің көйлегім әдемі емес. Көйлегіммен шашыма тағатын маған шын бәйшешектер керек.(жылайды)

Анасы: бәйшешек дейді, қызым ау оны қайдан аламын. Жарайды, жарайды, жылама. Мен қазір өгей қыздан құтылудың амалын тапқан сияқтымын. Әй, Ақшақар, бері кел.

Өгей қыз: ау апа, шақырдыңыз ба. Ой қандай тамаша, бізде де мереке болғалы жатыр ма, менде мерекеге барамын ба?

Анасы:Сен әлі түк бітірмегенсің бе? Қайда жүрсің. Қайдағы мереке,тез мына жерді жина, мыналарды қуып жібер шулатпай. Сосын орманға барып бәйшешек жинап алып кел. Біз кешке сарайға балға барамыз. Біз дайындалғанша сен тез барып кел, бәйшешексіз оралушы болма. (шығып кетеді)

Өгей қыз: енді қайттім, мен қыста бәйшешекті қайдан аламын.

Тәрбиеші: уайымдама Ақшақар. Бүгін жаңа жыл емес пе, жаңа жылда небір ғажайыптар болып жатады. Сен біздің балалардың тақпағын тыңдап көрші, мүмкін көңілің көтерілер.

Балалар тақпағы:Камила, Адина, Әмірхан, Нұрай, Азиза А, Қазбек, Аружан

Би: Полька

Өгей қыз: балалар, рахмет. Менің орманға баруым керек. Күн болса сондай салқын. Боран соғып тұр, қатты жел ұлпақарларды ұшырып жатыр. Мүмкін бәйшешекті қайдан табатынымды солар айтар.

Би: «Ұлпақарлар»

Камила: мұңайма, Ақшақар. Алыс орманда жыл атайдың он екі баласы бар. Саған солар ғана көмектесе алады.

Өгей қыз: Рахмет ,сендерге ұлпақарлар.

Тәрбиеші: рахмет ұлпақарлар. Шыршамыз енді көңілденген сияқты. Балалар, Аяз атамыз да кешігіп жатыр. Ақшақар да орманда жалғыз қорықпас үшін көңілді ән айталық.

Ән: «Шыршаға бардық»

Ішке Ақшақар кіреді: Орман қандай суық еді. Қатты жаурадым. Орман шетінен от жалыны көрінеді. Бәлкім сонда барып жылынармын, бәйшешекті қайдан алатынымды сұрармын.

Би: «От жалыны»

Би соңында балалар от айналасына жартылай шеңберге отырып, қолдарын жылытады.

Наурыз: Бүгін күн сондай салқын болды.

Маусым: Дұрыс айтасың, наурыз. Бүгін ерекше салқын болды.

Қаңтар: Ия, қыстың қаһарына мінген кезі ғой.

Өгей қыз кіреді: Сәлеметсіздер ме, он екі ай. сіздермен бірге отқа жақындап жылынсам бола ма?

Он екі ай: Әрине, кел, жылын.

Қараша: Мына қысқы орманға не іздеп келдің?

Өгей қыз: мені өгей анам бәйшешек теруге жіберді.

Қаңтар: Қыс мезгілінде бәйшешек өспейді. Сен үйіңе қайт.

Қыз: Енді қайттім,мен бәйшешексіз қалай барамын, мені өгей анам үйге де кіргізбейді. Өтінемін, көмектесіңдерші.

Қаңтар: Ия, бұл оңай шаруа емес. Бәйшешектер өсуі үшін көктем мезгілі келуі керек. Оған менің інілерім келісе ме екен?

Желтоқсан, Ақпан: Әрине, келісеміз!

Қаңтар: Ендеше, көктем бердік саған кезегімізді.

Наурыз: рахмет қаңтар. Мен бауырларыммен бірге қолдан келгенше мына алаңқайды гүлге толтырамын. Көктем келді, күн жылынды

Сәуір: Жылғалардан су ақты

Мамыр: Бәйшешектер гүл атты

Би: «Бәйшешектер»

Қыз: Рахмет сендерге он екі ай, рахмет сендерге ағайынды қыс мезгілі, рахмет сендерге ағайынды көктем мезгілі.

Балалар, сендер де маған көмектестіңдер, рахмет. Бүгін шынымен де ғажайып күн болды өгей анам мен әпкемнің арманы орындалды. Ал менің арманым әдемі киініп жаңа жылдық мерекеге бару.

Тәрбиеші: Ақшақар мұңайма, бүгінгі күн әлі де аяқталған жоқ. Бізге Аяз атамыз келеді, сен бізбен бірге қалып мерекені тойла.

Ән: «Тик, так»

Би: «Полька »

Аяз ата келеді:

Тәрбиеші: Сәлеметсіз бе Аяз ата. Қош келдіңіз. Балалар өзіңізге арнап өлең тақпақтарын дайындады.

Аяз ата: Мен де сендерді сағынып жеттім. (Ақшақарға) Қызым ау, сен неге көңілсізсің.

Аяз ата сиқырлап ақшақарға айналдырады.

Ақшақар қуанып: рахмет Аяз ата, рахмет балалар. Мен мынадай әдемі көйлекті тек армандаушы едім.

Аяз ата: міне қызым, сен енді әдемі Ақшақарға айналдың. Жаңа жылдық мерекеде осында, бүгін екеуміз балалармен бірге шырша тойын тойлаймыз. Ал, балалар, қандай өнерлерің бар?

Ән: «Аяз ата»

Тақпақтар:Нұрислам, Гүлнұр, Рахман, Азиза Б, Мөлдір, Бақдаулет, Данагүл

Ойын: «Сиқырлы таяқ»

Осы кезде анасы мен қызы кіреді.

Қызы: Апа, Ақшақар сондай әдемі болып кеткен, көйлегі де әдемі. Менде ондай көйлек жоқ.

Анасы: Әй, сен қайдан жүрсің? Бәйшешектер қайда? Саған бәйшешексіз оралма дедім ғой. Сен неге түрленіп алғансың?

Ақшақар: Міне, бәйшешектер.

Тәрбиеші: тоқтатыңыздар, бүгін мереке емес пе? Бүгін бәріміз тату, мейірімді болу керекпіз.Бүгін барлық арман тілектер орындалады. Көрдіңдер ме, сендердің де армандарың орындалды.

Аяз ата: кәне мен оларды тәубесіне түсірейін. Сиқырлайды.

Екеуі: кешіріңдер бізді , біз енді ешкімге қиянат жасамаймыз. Сендермен бірге мерекені тойлауға қалдырасыңдар ма?

Ән: «Хоровод»

Тақпақтар: Ділназ, Алихан, Баян, Дінмұхамед, Қанағат

Тәрбиеші: Аяз ата сіз балаларға сыйлық әкелмегенсіз бе?

Аяз ата: ой балалар, ұмытып кетіппін. Енді қайттім?

Ақшақар: Аяз ата, бүгін ғажайыптар болып, армандар орындалатын күн емеспе? Мүмкін, сиқырлап көрерсіз.

Аяз ата: дұрыс айтасың қызым. Менің бір сиқырым бар, мен сендерге сыйлықты қазанға салып пісіріп беремін. Менің сиқырлы қазаным қайда, әкеліңдер. Мен оған алдымен су құямын, кішкене ұлпақарлардан саламын, кішкене балалардың тәтті күлкісін саламын, бүгінгі мерекелік көңіл күйді салып араластырамын(дәмін көріп) мммм өте дәмді болыпты. (таяғымен сиқырлайды) қақпағын ашып ішінен сыйлық шығарады.

Аяз атамен Ақшақар қоштасады

Құттықтау сөз кезегі балабақша директорына беріледі.

Ән: «Шырша жыры»











Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
0 ұстаз жүктеп алған
20 желтоқсан
539
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі