15 890₸ үнемдейсіз
жүктеу мүмкіндігіне ие боласыз
Бұл материал сайт қолданушысы жариялаған. Материалдың ішінде жазылған барлық ақпаратқа жауапкершілікті жариялаған қолданушы жауап береді. Ұстаз тілегі тек ақпаратты таратуға қолдау көрсетеді. Егер материал сіздің авторлық құқығыңызды бұзған болса немесе басқа да себептермен сайттан өшіру керек деп ойласаңыз осында жазыңыз
Ертеңгілік "Жасыл шырша жанында" Балабақша
«Шұғыла» балалар бақшасы
«Жасыл шырша жанында» («Күншуақ» ортаңғы тобының мерекелік ертеңгілігі)
Бекітемін:
«Шұғыла» балалар бақшасының
меңгерушісі Қ.С.Бектұрғанова
Келісемін:
«Шұғыла» балалар бақшасының
әдіскері Г.Б.Абиева
Дайындаған: Тойжанова Н.
Шәмші М.
2016-2017 оқу жыл
Кәмпит:(ортаға билеп шығады)
-Сәлеметсіңдер ме,балалар!
Жаңа-жыл келді о, міне,
Далама, қалама, жеріме.
Шаттыққа бөлеп әр үйді,
Шыға ғой менің төріме.
Балалар, мен Аяз-атаның сендерге әкеле жатқан сыйлықтар салынған қабынан түсіп қалдым. Ал аяз –ата сендерге әлі келген жоқ па?
Кәмпит:Балалар, жылда жаңа жыл мерекесінде қонаққа кімдер келеді?
Балалар:Аяз-ата, Ақшақар.
Кәмпит:Дұрыс айтасыңдар, балалар, ендеше алдымен жаңа-жыл мерекесіне келетін Ақшақарды бәріміз шақырайық.
Балалар:Ақшақар (3 рет қайталап айтады).
Кәмпит:Амансың ба, Ақшақар!
Ақшақар:Шыршаларың керемет қой, өзі сондай әдемі екен, бірақ шамдары сөніп тұр ғой. Кәне, бәріміз шыршаға үрлейік. Қаттырақ.
Жүргізуші:Аяз-атасыз біз ешетеңе істей алмаймыз, кәне, телефон соғып аяз атаны шақырайық, атамыз кәрі, мүмкін, ұмытып кеткен шығар. –
Алло, ата «Күншуақ» тобының балалары шыршаның қасында сізді тосып жүр, неге кешігіп жатырсыз? Ұмытып кеттіңіз бе?
Аяз-Ата:Ойбай, кәрілік қой, ұмытып кетіппін, қазір жетемін.
Жүргізуші:-Балалар, Аяз-ата келгенше, біз бір өлең айтайық.
«Жаңа жыл» әні. Хормен
Жүргізуші:-Балалар, Аяз –Ата өзі қандай?
Балалар:Аппақ сақалы, мұрты бар, қызыл шапаны бар, ақ таяқпен жүреді.
Жүргізуші: Өте дұрыс, балалар, олай болса барлығымыз қатты дауыстап Аяз-Атаны шақырайық. Бір, екі, үш: Аяз-Ата (3 рет қайталайды).
Жүргізуші: Аяз-Ата, армысыз, жылдағыдай бармысыз!
Аяз-Ата: Амансыңдар ма,балаларым!Қандай әдемі балаларсыңдар?Шырша неге жанбай тұр. Кәне, шамдарын жағайық.
Қоян кіріп келеді. Жылайды.
Ақшақар: Қоян, сен неге көңілсізсің? Не болып қалды, біз саған көмектесеміз.
Қоян: Орман ішінде өзіме үй салып, тұрып жатқанмын. Қу түлкі қонаққа келіп, мені үйімнен қуып шықты. Мен далада қалдым.
Жүргізуші: Не деген сұм түлкі, қоян, жылама, біз түлкіні қуып шығып, үйіңді алып береміз.
Қоян: Мен түлкіден қорқамын. Оның тістері қандай, көздері қандай! Мінезі жаман!
Жүргізуші: Сен қорықпа, біздің қыздар «Тики так» биін билейді.Түлкі сағаттар дауысын естіп қорқып қашып кетер.Биді бастаңдар, түлкі қорқып қашсын.
«Тики так» биі.
(Мерей,Ардақ Б.,Сезім,Нұрсая,Айару Н.,Ардақ И,.Динара,Айзере)
Түлкі: Мен ешкімнен қорықпаймын.
Жүргізуші: Аяз-Ата, мына, түлкіге не істеуге болады?
Аяз-Ата: Қазір мен ормандағы барлық аңдарды көмекке шақырамын, түлкі олардан қорқып қашып кетер.
Жүргізуші: Ал, аңдар, келіңдер, көмектесіңдер.
«Аңдар» биі.
(Ұлдар билейді)
Түлкі: Мен үйден шықпаймын,
Мен ешкімнен қорықпаймын.
Жүргізуші: Түлкі біздің балалар саған ән айтып береді.Сен мүмкін ойыңды өзгертерсің.
«Жаңа жыл» әні
(Ардақ Б.,Назерке,Әли,Динара,Сезім)
Түлкі: Мен үйден шықпаймын,
Мен ешкімнен қорықпаймын.
Аяз-Ата: Қазір мен саған көрсетейін!
Кәне, борандар соғыңдар!
Шыршалар төмен бүгілсін,
Ормандағы бар нәрсе,
Ақ қарменен жабылсын!
Қазір мен қар жауғызып, түлкіні үсітемін.
«Ақшақарлар» биі.
(Айым,Кәусар А.,Назерке,Кәусар А., Жансая,Динара)
Аяз-Ата түлкі үйіне үрлейді, қармен бірге.
Түлкі: Ойбай, Аяз-Ата, тұмсығымды үсіттің ғой, аясаншы мені. Енді не болдым?
Аяз-Ата: Ал сен қоянды аядың ба, қу түлкі? Балалар, түлкіні кешірейік пе?
Балалар:Ия, бір жолға кешірейік.
Аяз-Ата: Олай болса, қоян, бар сен өз үйіңе барып, тұра бер.
Қоян: рахмет.
Аяз-Ата: Балалар, мен сендердің дауыстарыңды сағындым, кәне, маған бір жақсы ән айтып беріңдерші.
«Бала тілегі» әні.
(Нұрсая,Мерей,Ардақ)
Аяз-Ата: Ой, қандай керемет ән! Бір түрлі қобалжып кеттім.
Жүргізуші: Аяз-Ата, біздің бүлдіршіндеріміз әнмен қоса биді де жақсы билейді. Ал, сіз, шыршаның түбіне отырып тамашалаңыз.
«День рождение» биі
Аяз-Ата:Ой, қандай өнерлі балалар. мен бүгін біраз жасарып қалдым. Сендермен кездескеніме өте қуаныштымын.
Ақшақар: Аяз-Ата, балаларға сыйлықтар әкелдің бе?
Аяз-Ата: Әрине, мен бір қап сыйлық әкелдім. Балалар маған тағы бір ән шырқап берсін, содан кейін мен сыйлықтарын таратамын.
«Шыршаға бардық» әні. Ж.Айару жеке ән
Ойын ата –аналармен
«Мен қазақтың қызымын» Б .Ардақ жеке ән
Аяз-Ата: Ой, қандай керемет ән!Ақшақар қызым сыйлықтарды таратайық.
Аяз-ата сыйлықтар таратады.
Аяз-Ата, Ақшақар: Ал, балалар, біз қайтайық. Бізді басқа балалар да күтіп отыр.
Жаңа жыл құтты болсын,
Жаңа жыл мол табыс әкелсін.
Денсаулықтарын мықты болсын,
Сау болыңдар, балалар!
Жүргізуші: Ал, құрметті қонақтар! «Жасыл шырша жанында» атты ертеңгілігіміз аяқталды. Біздің осындай өнерлі, сүйкімді, ақылды, тәп-тәтті бүлдіршіндеріміздің өнерін тамашалағандарыңызға көп-көп рахмет. Сау-саламат болыңыздар!

Бұл курс Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігімен келісілген