«Ә.Махутов
атындағы мектеп -
балабақша кешені» КММ
Тәрбиеші:
Л.Карайдарова
Ертеңгілік:«Жасыл
шырша жанында»
Мақсаты:Алтын
күз мерекесін өткізу.
Күз
туралы түсініктерін кеңейту.
Балаларға
мерекелік көңіл-күй сыйлау.
(Әдемі
сазды әуен ойналып тұрады)
Балалар
қол ұстасып,екі-екіден залға
кіреді,орындықтарға жайғасады.
Жүргізуші:Құрметті
қонақтар,ұстаздар!«Алтын күз» атты
ертеңгілігімізге қош келдіңіздер!
-Армысыздар,халайық.
Бармысыздар,халайық!
Күзгі
тойды жұп жазбай,
Бірге
қарсы алайық!
Жүргізуші-Балалар
бүгін барлығымыз күз мерекесіне
жиналдық.Қонақтар да келді.Бірақ біздің
мерекеге біреу жетіспейді .Сендер
білесіңдер ме, ол кім?
Балалар:Ол-күз.
Жүргізуші:ендеше
күзді ортаға шақырайық.
Бірге:Берекелі
күз келді,мерекелі күз келді.
Күз:Сәлеметсіңдерме
балалар!
Балалар:Сәлеметсіз
бе,Алтын күз!
Күз:Береке
бақ дарыған,
Жомарт
көңіл жарқын жаз.
Сары
алтынға малынған,
Алтын
күз деген мен болам!
-Армысыздар,құрметті
қонақтар,кішкентай бүлдіршіндер!Мен
мерекеге кешігіп қалдым ба?
Балалар:Жоқ!
Жүргізуші:Шоғы
толған гүлдей жайнап,
Шақырады
жарқын жүз.
Сайрандаған
күліп-ойнап,
Келді
міне Алтын күз.
Күз:Балалар
сендерді көргеніме қуаныштымын.Мен
сендерге бір жұмбақ жасырайын.
Жұмбақ:Ағайынды
бәрі
Шықса
жасыл,
Түссе
сары.
Бұл
не?
Балалар:Жапырақ.
Күз:Дұрыс
таптыңдар,жарайсыңдар!
Жүргізуші:Алтын
күз,біздің балалар күз туралы өлең,тақпақтар
біледі.Сіз жайланып отырып,балалардың
өнерлерін тамашалаңыз!\
Таппақтар:
Мұхит:Күзім-ау.күзім-ау,
Мінезің
бұзық-ау.
Жаңбырың
сіркіреп,
Келгенің
қызық-ау!
Ақбота:Қарашы
күз келді,күз келді.
Сары
алтын жауыпты іздерді.
Құс
біткен керуен түзеді,
Көңілсіз
неліктен күз енді?
Нұрдаулет:Қара
бұлт қабағын түйеді,
Бұталар
боз қырау келеді.
Осы
ма,осы ма күз деген?
Бақшаға
баратын бізбенен?
Айзере:Сары
теңге жапырақ
Болған
ба көл бетін
Тоңазыпты
топырақ
Ызғарлы
екен желде тым
А.Айзере:Кездескен
соң күзіммен
Бұтағынан
үзілген
Ай
жапырақ-сары алтын
Айналаның
бәрі алтын!
Нұр-Фатима:Гүл
жайнаған даламын
Жапырағы
салыпты.
Таңырқадым
қарадым,
Танымастай
болыпты.
Мейіржан:Алтын,сары,қызыл,көк
Алуан-алуан
жапырық.
Күзгі
бақта күлімдеп
Көз
тартады атырап.
Нұралы:О,алақай,тамаша
Шашу
шашады жапырық.
Бақтың
іші алаша
Аунар
ма еді жатып ап!
Ж.Ерасыл:Астық,жеміс
жиылды ,
Қамбамызға
жыйылды
Ардақты
күз,мың алғыс
Алдың
өнім сыйыңды.
Ерлан:Көбейді
құт-береке
Астық
толы қоймамыз.
Құтты
болсын мереке
Алтын
күзді тойлаймыз!
Н.Амина:Өнім
үйіп тастадық,
Оқудыда
бастадық,
Берекелі
алтын күз
Ашық
болсын аспаның.
Айша:Күн
шуаққа маужырап,
Жатыр
еді атырап,
Ағаштардан
жамырап
Ұшты
кенет жапырақ.
Амалбек:Қуандырып
біздерді
Мерекелі
күз келді.
Кел
жемісті алтын күз,
Кемелденген
алтын күз!
Балнұр:Жүзім,алма
жинаймыз,
Алтын
мақта тереміз.
Үлкендерді
сыйлаймыз
Көмектесе
береміз.
С.Амина:Жайдары
жүз,жарқын күз,
Аяулы
күз,алтын күз.
Дәнге
толы кең далам
Дариядай
шалқар күз.
Қанат:Берекесін
сыйлауға
Өлкемізге
күз келді.
Жемістерін
сыйлауға,
Шақырады
біздерді.
Альберт:Берекелі,мерекелі
Келді
жомарт алтын күз
Қалада
да,далада да
Жанның
бәрі жарқын жүз.
Досымжан:Аю,аю,аю
Ұйқыңнан
тұршы.
Айару:Жемісі
мол теретін
Күз
дос екен бізбенен.
Бәрін
тауып беретін
Жомарт
екен күз деген.
Нұрдаулет: Нан
атасы бидаймын,
Елге
астық сыйлаймын.
Дәнім
толып піскенде
Қауызыма
сыймаймын.
Ақбота:Ақ,қарамын,сарымын
Мен
өнімді тарымын.
Халқым
еңбек сіңірсе,
Қайтарамын
қарымын.
Ақбота:Күміс
мұртты арпамын,
Ырыс
құтты арпамын.
Еңбек
етіп баптаған
Еліме
сый тартамын.
Балнұр:Алмұрт
Мен
алмұртпын,алмұртпын
Аузындамын
бар жұрттың!
Нұртілек:жүзім
Мен
жүзіммін,жүзіммін
Моншақ
болып тізілдім!
Нұрас:өрік
Мен
өрікпін,өрікпін
Табиғатқа
көрікпін!
Кәусар:Алма
Мен
алмамын,алмамын
Таңдайда
қалар бәр дәмім.
Ән:«Қуыршақтар»(Кыздар)
Би:«Кап-кап»(Алберть-Амина)
(Ерлан-Фатима)
(Нұрдаулет-Айзере)
(Нұралы-Айша)
(Мейіржан-Балнұр)
(Мұхит-Ақбот)
Хор:«Кап-кап,тук-тук»
Би:«Күзгі
жапырақ» (Нұралы Амина)
(Қанат
Ақбота)
(Ерлан
Айару)
(Альберт Кәусар)
Сергіту
сәті:«Арам,зам-зам»
Би:
«Хатуба» (Қыздар)
Ойын:
«Көкеністер мен жемістерді жинау»
Ойын:Ертегіні
сахналау (ата-анаға)
Жүргізуші:Алтын
күз балалардың өнері ұнады ма?
Алтын
күз:Рахмет,балалар маған мереке қатты
ұнады.
Балалар:Берекелі
алтын күз,
Мерекелі
алтын күз.
Сау
болыңыз!
Жүргізуші:Осымен
«Алтын күз» атты ертеңгілігіміз
аяқталды.Сөз кезегін балабақща әдіскері
Е.Зухраға береміз.