Материалдарды шектеусіз жүктеңіз ҚМЖ, ашық сабақтар, презентациялар, көрнекіліктер, дидактикалық материалдар, авторлық бағдарламалар және тағы басқа 400 000-астам материалды шексіз жүктеп алғыңыз келе ме?
Толығырақ
Толығырақ
Тақырып бойынша 31 материал табылды

Ертеңгілік жиындар

Материал туралы қысқаша түсінік
тарб кажет
Материалдың қысқаша нұсқасы

Ертеңгілік жиындар жинағы

«Тілек шоғы»

Мақсаты: Балалардың бір-біріне деген қайырымдылығын арттыру.

Тәрбиеші: Балалар қараңдаршы қолдарыңыздағы гүлдер – ол бейбітшілік гүлі.Біз сол гүлдерге қарап, Отанымызға, елімізге арнап тілек шоғын жинайық.

Балалар тәрбиешімен бірге төмендегідей тілек айта жүріп ортадағы құмыраға гүл салады:

-аспанымыз ашық болсын;

-еліміз аман болсын;

-бейбітшілік болсын;

-молшылық болсын;

-береке жылы болсын;

-татулық, достық орнасын;

-біз бақытты баламыз;

-әке-анамыз аман болсын;


«Бұл қай кезде болады?»

Мақсаты: балалардың жыл мезгілдері туралы көзқарастарын, түсініктерін қалыптастыру.Табиғатты, елін, жерін сүюге тәрбиелеу, жыл мезгілдерін бір-бірінен ажырата білуге үйрету.

Тәрбиеші: балалар жылдың неше мезгілі бар?

Назерке:жылдың 4 мезгілі бар.

Тәрбиеші: осы 4 мезгіл туралы тақпақтар білесіздер ма?

Алия: Көбелектер бір гүлде бір,

Қызыл-жасыл күллі өңір.

Аспан төрі ақша бұлт,

Бау-бақшада барша жұрт.

Исатай: Өрік, алма,

Шие, алша,

Жидек жүзім піседі.

Қауын-қарбыз,

Қияр-сәбіз,

Күз айында піседі.

Әдемі: Аяз қысып,

Өрнек сызып.

Терезені торлайды.

Қарға омбығып,

Бет домбығып,

Балалар сыртта ойнайды.

Мирас: Қар мұз еріп,

Су көбейіп,

Сай- салада ағады.

Бүршік шашып,

Жапырақ ашып,

Гүл бәйшешек басады.

Тәрбиеші: Балалар, тақпақты өте жақсы айттыңдар, ал қазір жылдың қай мезгілі?

Гаухар: Қазір жаз мезгілі.

Тәрбиеші: Жаз мезгілі ұнайды ма?

Әділхан: Ұнайды.Өйткені, жазда суға түсеміз, саяхатқа шығамыз.

Аслан: Құммен ойнаймыз, балық аулаймыз.

Тәрбиеші: Балалар, өте жақсы айттыңдар, бүгін бізде төрт орталықта жұмыстанамыз, сондықтан төрт мезгіл суреттерімен бөліне қойыңыздар.

Ертеңгілік жиын «Сәлеметсіздер ме, бұл МЕН!»

Мақсаты: Балалардың топпен танысуы, бір-біріне деген жақсы қарым-қатынас орнату.

Педагог балаларды шеңбер құрып тұруларын сұрайды. Балалар, қараңдаршы бізде қандай үлкен шеңбер құрылды.

Ал, олай болса танысайық.

  • Менің атым (педагогтың аты-жөні). Мен сіздермен танысқаныма өте қуаныштымын. Сендердің есімдерің кім? Балалар кезекпен өз есімдерін айтады.

  • Сәләметсіз бе, менің атым Алина.

  • Сәләметсің бе! Өте қуаныштымын, ал менің атым-Алихан.

Ересек топтарда танысу шеңберінде бір-бірінежаңа оқу жылына деген тілектерін білдіруге болады.

Нұсқалар:

Саған «Сәлеметсіңдер ме» деп айтты, сен «Сәлеметсіз бе» деп жауап қайтардың.

Бізді жылылық пен мейірімділік біріктірді.


Күн күлімдеп бізге өзінің сәулесін шашады, бізге не жолдайды?

Балалар: Сәлем!

Жылы сөзден алтын сәулелі күн күлімдеп сізге жауап қатады не деп?

Балалар: Сәлем!

Сендер мықтап есте сақтаңдар: барлық достарыңа сыйлаңдар

Балалар: Сәлем!

Ал, енді бәріміз бірге бір-бірімізге жолдайық

Балалар: Сәлем!

Күн, Аспан, және Жер! Мен сендермен әрқашан да біргемін!

Мен барлық әлемге жар салам: «Мен өзімді сүйемін!»




Ертеңгілік жиын «Қайырлы таң!»

Мақсаты: Балаларды кездескендеріне қуану сезімдеріне үйрету, балалардың сөздік қорларын «сиқырлы сөздермен» белсендіру.

Барысы: балалар педагогпен бірге шеңбер құрып тұрады (отырады). Барлығына бір-біріне көңіл аудару сұралады, күлімсіреп көңілге жағымды сәлемдесу.

-Балалар, мен бүгін сіздерді балабақшада көріп отырғаныма өте қуаныштымын, барлықтарының дендеріңіз сау ма, көңіл-күйлерің жақсы ма? (балалардың жауабын тыңдау).

Кәнекей, барлығымыз бір-бірімізге қайырлы таң тілейік және қасымыздағы көршімізді жылы сөзбен атайық:

-Қайырлы таң Боташ! (күлімдеу және бас изеу)

-Қайырлы таң Валентина Ивановна! Қайырлы таң Саша!

-Барлығымызға да қайырлы таң! (хормен)

Нұсқалар: Балаларға әр түрлі сәлемдеме сөздерін қолдану ұсынылады, кездесу жөнінде өз пікірлерін қосу (мен сені көргенге қуаныштымын т.б.) Бір балаға шеңбер бойымен жүріп отырып сәлемдесіп шығуға да болады.

Кездескен уақытта «Қайырлы таң!» деген сиқырлы сөз көңілімізге қуаныш ұялатады.

Қайырлы таң- күнге және құстарға, қайырлы таң күлімсіреген жарқын жүздерге.

Бәріміз де мейірімді, сенгіш болайық,

Қайырлы таң кешке дейін созылсын!

Ертеңгілік жиын «Күнді қоян».

Мақсаты: психологиялық күштенуді шешу. Өзінің көңіл-күйіне түсінушілік қабілетін дамыту және оны білдіре білу.

Барысы: Балалар шеңбер құрып ортада отырады. Жүргізушінің сөзі: Қараңдаршы балалар «Күнді қоян» көзімізге қарады. Ол ары қарай жүгіріп келе жатыр. Оны алақандарыңмен мейіріммен сипаңдар: мандайда, мұрыныңда, аузыңда, бетіңнен, иегіңнен, жайлап, ақырын, дұрыстап сипандар, оны шошытып алмандар, басын, мойынын, ішін сипандар. Ол тентек емес, ол сендерді жақсы көреді және сендерді еркелетеді. Ал сендер оны сипандар және онымен достасындар. Оған күлімдеңдер».


Ертеңгілік жиын «Менің атым».


Мақсаты: Баланың өзінің МЕН дегеніне өзінің атына, жақсы көзқарасты қарым-қатынас қалыптастыру.

Барысы: Тәрбиеші әңгімесі: сендер дүниеге келгенде ата-аналарың, туысқандарың қандай ат қоямыз деп ойлады? Себебі әр есімнің өз мағынасы бар. Әрқайсыңның өздеріңе тән мінездерің бар (ата-аналарға алдын- ала балаларының есімдерінің мағынасы туралы айтып беру туралы тапсырма беріледі).

Балалар шеңбер құрып ортаға отырады. Кезекпен өз есімдері туралы айтады.

Менің атым Адия-сыйлық.

Менің атым Гүлім, яғни «Гүл».

Інжу-жемчуг. Т.с.с.

Нұсқалар: «Менің атым».

Педагог балаға айтады: «Сенің атын саған ұнай ма? Сенің атын басқа болғанын қалайсын ба? Қалай?» Педагог бірнеше мейірімді аттарды баланың атынан айтады, ал ол өзіне ұнаған есімді таңдайды.

Сендер білесіңдер ме, адамның есімі өзімен бірге өседі? Қазір сендер кішкентайсыңдар, сондықтан да есімдеріңіз де кішкентай. Сендер өскенде мектепке барасыңдар, сонда есімдерің де сендермен бірге өседі және тек қана сендердікі болады. Мысалы: Бота-Ботагөз, Диля-Дильназ, Саша-Александр.

Балабақша бүлдіршіндерге толы, өзіңнің туған үйіңдей,

Барлығы да- сенде, менде - оның ішінде бір отбасындай өмір сүргіміз келеді.







Жүктеу
bolisu
Бөлісу
ЖИ арқылы жасау
Файл форматы:
doc
11.11.2018
506
Жүктеу
ЖИ арқылы жасау
Бұл материалды қолданушы жариялаған. Ustaz Tilegi ақпаратты жеткізуші ғана болып табылады. Жарияланған материалдың мазмұны мен авторлық құқық толықтай автордың жауапкершілігінде. Егер материал авторлық құқықты бұзады немесе сайттан алынуы тиіс деп есептесеңіз,
шағым қалдыра аласыз
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Министірлікпен келісілген курс саны 12