Материалдарды шектеусіз жүктеңіз ҚМЖ, ашық сабақтар, презентациялар, көрнекіліктер, дидактикалық материалдар, авторлық бағдарламалар және тағы басқа 400 000-астам материалды шексіз жүктеп алғыңыз келе ме?
Толығырақ
Толығырақ
Тақырып бойынша 13 материал табылды

Ертеңгілік жоспары "Аналар - асыл жандар!"

Материал туралы қысқаша түсінік
Бала-бақша тəрбиешілеріне
Материалдың қысқаша нұсқасы

Жүргізуші:

Армысыздар, ардақты аналар, аяулы арулар, асыл әжелер, құрметті қонақтар! Көңілдеріңізге көктем шуағындай сезім мен нұр құйып, тағы да 8-Наурыз халықаралық әйелдер күні келді. Осынау көркем мерекенің қай кезде де орны бөлек. Олай болатыны, аналарға деген ыстық сезім, алғыс пен құрмет ешқашан сөнбек емес.

Құрметті аналар,біздің ұстаздарымыз,қыздар! 8-Наурыз халықаралық әйелдер күні мерекесі құтты болсын! Сіздерге әрқашан сыр бермес денсаулық,өмірдің шапғатын тілейміз! Бұл күні өздеріңізге бағытталған тілектер періштенің құлағына шалынсын...Әрдайым мейірім шуағын шашып жүре беріңіздер.

Ару – ана өмірдің асылдары

Жайнайсың көңілінің жасыл бағы

Сіздер үшін ән мен күй, өлең мен би

Сіздер үшін мереке шашулары


1 бала
Біз ғана емес,қадір тұтқан бабалар.
Аналардан туған небір даналар.
Ана деген тіршіліктің тірегі,
Армысыздар,қасиетті аналар!


2 бала

Ана – біздің күніміз

Ана – біздің гүліміз

Ұландарды қуантып

Ұзақ өмір сүріміз.


3 бала

Өмірге ана – бұлақ, ана – пана,

Өмірді өркендетер ана ғана.

Өсірген талай шешен, талай көсем

Талай ер, талай ақын, талай батыр.


4 бала

О, Ана, Ардақты Ана, Асыл Ана!

Аз сөзбен қасиетін ашыла ма?

Теңіздей шалқып жатқан жан сырының

Бұл тілек бұлақтың басы ғана.


Жүргізуші:

Сіздер біздің Күнімізсіз жарқыраған,

Анадан қуат алған жарты ғалам.

Құны мен қасиеті тозбайтұғын

Біз үшін Ана деген алтын адам.

Ән: «Сенің Анаң алтын»

Жүргізуші: Бүгін бізде аналар мерекесі емес пе, аналарымыз бен балаларымыз бір ойын ойнап берсін.

Ойын: «Анамның дауысы»

Ойын шарты: қазір тәрбиешілер балалардың көздерін орамалмен жабады. Балаларымыз көздері жабулы күйде аналарының дауысын тану керек. ортаға аналарымызды шақырамыз. Аналар кезекпен әр баланың атын атаңыздар. (аналарды тану)

  • Ал енді мекеме қызметкерлерінің дауысын біздің балалар қандай деңгейде білетінін анықтайық. Ортаға мекеме қызметкерлерін шақыру


Жүргізуші:

Көңілің Алатаудың ақ қарындай,
Мейрімің күннің шуақ шоқтарындай.
Қалайша аяулы ана тын аламын,
Би билеп сағыныштан ақтарылмай,

Сахнада балалар тобы гүлдер биін орындайды

Жүргізуші:

Жанұяның жылуын суытпай, тал бесікті тербей отырып, тебірене толғар бесік жыры ,аңыз ертегілері мен - ұрпағының бойына адамдық қасиеттерді дарытып отырған аналардың құдіретті сезімдеріне арналған Анашым әнін қабыл алыңыздар

5- бала

Аялы да, алтын нұрлы анашым.

Жүрегіммен мәңгі бірге боласың

Сен асқарсың, сен аспансың биіксің.

Сен дархансың, сен жомартсың, данасың.

6-бала

Ана, ана аппағым,

Жақсы көрер, асылым.


Жүргізуші: Алдарыңызда оқушылардың орындауындағы «Капитан» биі. Қабыл алыңыздар!


6-бала

Менин ажем алі де
Уксамайды каріге.
Шай кайнатып береді
Керек болса бәріне. 


7 бала

Әжем өрнек тереді,
Сырмақ отыр оюлап.
Басы ауыра береді,
Шай ішпесе, қоюлап.


8 бала

Аман болсын басыңыз,
Ағармасын шашыңыз.
Шөбере сүйіп әлі де,
Жүзге жетсін жасыңыз.


Жүргізуші: Құлақтан кіріп бойды алар,

Әсем ән мен тәтті күй.

Көңілге түрлі ой салар

Әнді сүйсең менше сүй,- деп ұлы Абай атамыз айтқандай ортада «Біз өмірдің гүліміз» әні


Ән:


Жүргізуші: - аналар сіздерге балаларының үйде көмектесе ме?

  • Не істейді?

  • Тағы не істейді?

  • Дүкенге бара ма?

  • Онда қазір балаларымыз дүкеннен керек заттарды қалай сатып алатынын тамашалайық. Балалар екі топқа бөлініп тұрады. Мына жерде тұрған себетке сатып алған заттарымызды саламыз. Қай топ бірінші болып себетті толтырады, сол топ жеңімпаз атанады. (Бутылкада сұт, Кубик-нан, мешок-қант, көкенес,фрукты,рулет)

  • Міне, енді балаларыңыз дүкенге де жұмсауларыңызға болады.


Жүргізуші:

Теңіздей тербетіліп көл бетіде

Бишілер билеп кетті тербетіле.

Аққуда қалықтаған теңіздегі

Бишілер өнерлерін көрсетуде.

Би: Вальс


10-бала

Ұстазым менын ақылшым
Екінші анам нақылшым
Ұстаз болған жалықпас
Үйретуге балаға
.

11- бала

Жақсы көрем апайды,
Күліп сабақ үйреткен.
Жақсы көрем апайды,
Ән салдырып, билеткен.


12- бала

Жақсы көрем апайды,
Бәрімізді тең көрген.
Қызықтырып сабаққа,
Білім нәрін тең бөлген.


Жүргізуші:

Анасыздар, әр үйге панасыздар,
Бала десе от болып жанасыздар.
Сәтті басса ұрпағың,- мерей тасып,
Қыз күлкісін сусын қып қанасыздар.

Сіздер — күнсіз, аспанда жарқыраған,
Сіздер — өзен, тау суы сарқыраған,
Сіздер — 
ана, сіздер — жар, сіздер — қыздар,
Сіздер — 
 жаңбыр, ақ нөсер сарқыраған.


Ән: «Ақ мамам»


Сахнада балалар тобы «Ақ мамам» әнін орындайды


Құрметті ақ жаулықты әжелер, ардақты аналар,ұстаздар, қаракөз қыздар! Сіздерді – 8 Наурыз Халықаралық әйелдер күнімен шын жүректен құттықтаймыз!

Жүргізуші: Анам менің – аялаған ақ гүлім
        Анам менің – бақытым мен шаттығым
        “Анашым” – деп балаң жырын арнаған
        Неге ғана естімеген тәтті үнін
        Анам менің – өмірдегі тірегім
        Анам менің – кеудемдегі жүрегім
        Егер менің қасымда сен болмасаң
        Бұл өмірде қалай ғана жүремін - дегендей, құрметті аналар, әжелер балаларыңыздың үлкен ықыласпен дайындаған сыйлықтарын қабыл алыңыздар!

(Балалар сыйлықтарын таратады)


Осымен мерекеміз аяқталды. Келесі көріскенше қош сау болыңыздар !

Жүктеу
bolisu
Бөлісу
ЖИ арқылы жасау
Файл форматы:
doc
10.11.2018
410
Жүктеу
ЖИ арқылы жасау
Бұл материалды қолданушы жариялаған. Ustaz Tilegi ақпаратты жеткізуші ғана болып табылады. Жарияланған материалдың мазмұны мен авторлық құқық толықтай автордың жауапкершілігінде. Егер материал авторлық құқықты бұзады немесе сайттан алынуы тиіс деп есептесеңіз,
шағым қалдыра аласыз
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Министірлікпен келісілген курс саны 12