400 000+ дайын материалды
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар және авторлық материалдар
4 990₸/ 1 жыл
🔥Арнайы баға ·10.12.2026 дейін
Одан кейін - 29 990 ₸
Бір рет төлейсіз · Автотөлем жоқ
Тақырып бойынша 31 материал табылды

Ертеңгілік "Кел, Жаңа жыл!" 1- сынып

Материал туралы қысқаша түсінік
Сынып сағаты "Кел, Жаңа жыл!" 1- сынып Ертеңгілік
Материалдың қысқаша нұсқасы

Даяна:

Жаңа жылдың таңы неткен арайлы,

Ақ мамыққа бөлеп алды маңайды.

Жаңа жылмен құттықтаймын деген күн,

Қанаттана кең әлемге тарайды.

  • Сәлеметсіңдер ме, балақайлар, амансыздар ма, құрметті қонақтар!

Бүгінгі шыршамыз неткен әдемі еді. Балалар, сендер де бүгін өте әдемісіңдер! Бүгінгі жаңа жылдық мерекемізге қош келдіңіздер.

Бүгінгі шыршамыз неткен әдемі еді. Балалар, сендер де бүгін өте әдемісіңдер! Бүгінгі жаңа жылдық мерекемізге қош келдіңіздер.

Диас:

Жыл келді бөлеп бізді ағыс күнге,

Жетектеп нұрлы ертеңге таныс күйге.

Жаңа жыл – жаңа әннің тербелуі,

Жаңа жыл - ақ арманның өрленуі.

Армысыздар қадірлі қонақтар, сүйкімді балалар! Бәріміз асыға күткен жаңа жылымыз да міне, келіп қалды, жаңа жылымызды думандатып қарсы алайық.

Құрметті жамағат “Жақсы сөз- жарым ырыс!” – деп дана қазақ айтқандай, жүрекке жылылық ұялатар алғашқы Жаңа жылдық құттықтау сөзді ақыл ойы жетілген саналы ұрпақты сезімі сергек, арманшыл дана ұрпақты тәрбиелеп жатқан білім ұясының білікті басшысына 7777777777777777777береміз.

Асия: Барлығымыз жаңа жылдық шыршамызға қонаққа келдік. Кешіміз көңілді өтсін. Ал балалар, шыршамыздың шамдары неге жанбай түр?

Батырхан : Мен білетін сияқтымын. Өйткені, балалар, біз шыршамызбен амандасқан жоқпыз. Сондықтан ол бізге ренжіген болар.

Асия: Ендеше, балалар, шыршаның шамдарын бәріміз бірге жағайық.

Наз:

Тамаша, тамаша!

Шыршамыз тұр жараса.

Басында әсем жұлдызы,

Көз тоймайды қараса!

Шырша шамдары жарқыра!

(Шырша шамдары жанады, балалар шыршаны айнала «Қош келдің жаңа жылым» әннің айтады)

Нұрайым: Балалар, әдемі шыршамыз бар, енді бізге кім жетіспейді?

Балалар: Аяз ата, Ақшақар.

Нұрайым : Ендеше, шақырайық Аяз ата мен Ақшақарды шақырайық.

Сол кезде ортаға Мыстан кемпір мен Жезтырнақ келеді, екеуі Аяз ата мен Ақшақардың костюмдерін киіп алған.

Каусар . Жезтырнақ: Сәлемет пе, балалар, шақырдыңдар ма, міне келіп қалдық. Жаңа жылдарың құтты болсын. Өздерің немене киіп алғасыңдар? Біреуі ханшайым, біреуі сиқыршы...

Аяулым . Мыстан кемпір: Сәлем бердім, сәлем бердім, балақайлар!

Аппақ, аппақ, қар аппақ,

Қар жамылған кім аппақ?

Қырау, қырау сен аппақ,

Бәрі аппақ, бәрі аппақ.

Жезтырнақ: Өй, осы тақпақты бір ай жаттап едің ғой.

  • Тамаша, қандай керемет!





Жәңгір : Ал біздің балалар тақпақ, өлең, би – бәрін де біледі!

Аяулым Мыстан кемпір: Е, немене, бізді билей алмайды дегің келіп тұр ма, билегенде қалай? Бидің неше түрін білеміз, қане, дидижей музыка қос!

Мыстан кемпір мен Жезтырнақ «Лезгинка» биін билейді.

Рамазан Тазша бала: Тезірек, тезірек, бәрің бері қараңдар. Мен сендерге хабар әкелдім.

Бейбарыс : Қандай хабар? Не болды?

Тазша бала: Аяз ата мен Ақшақар сіздерден кешірім сұрап, күте тұрсын, қазір тез арада жетеміз деді. Барлығы Мыстан кемпір мен Жезтырнаққа қарайды.

Жезтырнақ: Мен, мен шын Аяз атамын. Қараңдар, міне сыйлыққа толы дорбам да бар. Сиқырлы таяғым да бар. Енді не керек?

Мыстан кемпір: Ал, мен ең, ең әдемі Ақшақармын. Қараңдаршы, көйлегім қандай өдемі! Мұндай көйлек ешкімде жоқ.

Нұржан : Балалар, сендер сенесіңдер ме оларға?

Балалар: Жоқ, жоқ сенбейміз.

(Жезтырнақ пен мыстан кемпір төбелесе кетеді)

Жезтырнақ: Сен, бәріне кінәлі, сен. Ақшақар сияқты сүйкімді де бола білмедің. Түріңді қарашы, бетіңдіде жумапсың.

Мыстан кемпір: Өзіңе қара, Аяз атамын, Аяз атамын деп барлық балаларды шошыттың. Дорбам бар деп қояды өзі, дорбаңда сонда не бар екен, ә?

Жадыра : Достар, бүгін мереке ғой. Жаңа жылда кешірімді болайық. Мыстан кемпір мен Жезтырнақты кешіріп, мерекемізге қонақ қылайық. Келісесіңдер ме?

Балалар: Иә, кешіреміз.

Бейбарыс : Балалар, барлығымыз қосылып Аяз ата мен Ақшақарды шақырайық.



Аяз ата: Амансыздар ма, балғындар, ата-аналар, қонақтар! Жаңа жылдарын құтты болсын. Аспандарың ашық, жұлдыздарың жарық болсын. Еліміз көркейе берсін, жаңа жыл молшылық әкелсін.

Жаңа жыл ауылдарды жарылқасын,

Қиналып еш отбасы тарықпасын.

Бес алып келген күні қуанғандай.

Балалардан қуаныш арылмасын.

Ақшақар:

Қардан шыққан Ақшақармын.

Сұлу айдай қиылып.

Жаңа жылмен құттықтап,

Сәлем берем иіліп.

Есенсіз бе балалар,

Амансыз ба қонақтар.

Жаңа жыл келді, міне, жерімізге

Әкелсін құт-береке елімізге

Жақсылық пен қуаныш жылы болып,

Қиындықты жолатпасын бәрімізге.

Нурбек :

Армысыз, Аяз ата, Ақсақалым!

Бармысыз, сұлу көркем Ақшақарым!

Асыға тағатсыздық сезімменен

Тосуда өзіңізді барша қауым.



Д.Нурай:

Ал, қанекей, балалар,

Ән мен жырға басайық.

Той думанды жалғайық.

Жаңа жылда сайланып,

Шыршамызды айналып,

Би билейік, ән салып,

Баршамыз да жыр салып.

«Аяз ата» әні хоровод

Ақшақардың ойыны:

Балалар мен бүлдіршіндер,

Қуанышқа тоймайық.

Мерекелік кешімізде,

Асыр салып ойнайық.

(Ойын ойналады)

Ойын ойналып болған кезде ортаға қарақшылар келеді.

Ерасыл Нұртас Қарақшылар: Иә, иә құтырыңдар, билеңдер, ойнандар. Сендер мәз-мейрам боп жүргенде біз бар сыйлықты ұрлап кетейік.

-Көріп қойса қайтеміз, Аяз ата бізді сосын қатырып тастайды ғой.

-Қорқа бермеші, қорқақ, жүр тезірек, ұрлайық, жүр. Барлық сыйлық біздікі болады, оларды сатамыз, көп ақша болады.

-Жарайды, ұрласақ, ұрлайық, кеттік.

Қарақшылар сыйлықты ұрлап жатқанын Тазша бала көріп қалады.

Тазша бала: Тоқтаңдар, біздің сыйлығымызды қайда апарасыңдар?

Қарақшылар: Бізге сыйлық керек. Біз сыйлықты сатамыз.

Тазша бала: Бұларың ұят болады ғой.

Нұртас, Ерасыл .Қарақшылар: Не істейміз, онда тамаша ән айтып беріңдер сонда сыйлықты қайтарып береміз.

«Жаңа жыл» әні орындалады.

Нұртас,Нұртас . Қарақшылар: Өздерің қандай әнші екенсіңдер ғой, ә!

Жарайды сыйлықтарыңды қайтарайық, бірақ біз де сендермен бірге мерекеде қалайықшы? Сендермен кешірім сұраймыз.

Фарида Қар ханшайымы: Балалар, қалай қалдырамыз ба?

Балалар: Қалдырайық, бірақ, енді жаман қылықтар жасамауға бізге уәде берсін. Бізбен бірге шыршаны айнала ән айтсын.

«Аяз ата, Қарша қыз» әні орындалады.

Аяз ата:

Ал балаларым, кәрілік жетті.

Мен шаршап қалдым, маған тақ беріндер, отырайын,

Жаңа жылға дайындап келген өлеңдерің, билерің бар шығар, соны тыңдайық, көрейік.

Аяз ата:

Ал енді қонақтарымыздың арасында өз өнерлерін көрсетіп, сыйлық алғысы келетіндер бар ма?

Аяз ата:

Ал, Ақшақар қалықта,

Өнер көрсет халыққа.

Ақ қанатың желбіреп,

Қалықтаудан жалықпа.

Ақшақардың биі

Ақшақар:

Аппақ қардай көңіліміз пәк болсын!

Аппақ қардай арымыз да ақ болсың

Жаңа жылға қадам басайық,

Бір Алламыз жанымызға жақ болсын!

Алихан Сиқыршы:

Жүзімізге күлкі ойнап,

Қанаттанды жанымыз.

Жаңа жылда біз тойлап,

Шаттанамыз бәріміз.

Аяз ата:

Ал балалар, мен біраз дем алдым.

Арқа – басым кеңіп, ашу-аязым кешіп барады.

Бүйте берсем мен қыс емес, жаз болып кетермін. Сендерге көп рахмет. Алыс-алыс ауылдарда өздеріңдей қауымдар күтіп отыр біздерді, Ақшақар екеумізді жолға шығарып салыңдар. Сабақтарды жақсы оқып, ата-аналарың мен мұғалімдеріңді қуанта беріңдер. Қош болыңдар!

Ақшақар:

Жаңа жылда жақсылық болсын,

Әр үйге құт, береке қонсын!

Фарида Қар ханшайымы: Құрметті балалар, қадірлі қонақтар! Сіздерді жаңа жыл мерекесімен шын жүректен құттықтаймыз. Отбастарыңызға амандық, молшылық, береке тілейміз!

Жаңа жыл келді міне, жерімізге,

Әкелсін құт-береке елімізге.

Жақсылық пен қуаныш жылы болып,

Қиындықты жолатпасын бәрімізге!

Даяна :

Қош келіпсің Жаңа жылым, сырлы сағым,

Көп болсын көлеңкесіз нұрлы шағың.

Жайсын саған қызыгып күн құшағын,

Тоссын саған ғажайып түн құшағын!

Бүгінгі мерекеде бізбен бірге болғандарыңызға көп рақмет айтамыз.

Жаңа жылда жаңа табыстарға жете беріңіздер!



Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
0 ұстаз жүктеп алған
28 желтоқсан
784
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі