400 000+ дайын материалды
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар және авторлық материалдар
4 990₸/ 1 жыл
🔥Арнайы баға ·10.12.2026 дейін
Одан кейін - 29 990 ₸
Бір рет төлейсіз · Автотөлем жоқ
Тақырып бойынша 31 материал табылды

Ертеңгілік "Кел, кел жаңа жыл!"

Материал туралы қысқаша түсінік
балабақша тәрбиешілеріне
Материалдың қысқаша нұсқасы

Кел, кел жаңа жыл!

Армысыздар ардақты қонақтар,ата-аналар,ұстаздар және бүлдіршіндер


Армысыздар құрметті қонақтар,ата-аналар,балабақша бүлдіршіндері! Жаңа-жыл мерекесі құтты болсын! Келе жастқан тышқан жылы,бәрімізге жаңа бақыт,жаңа қуаныш әкелсін еліміздің еңсесі биіктеп,аспанымыз ашық,еліміз тыныш болсын!

Кел кел жаңа жыл атты ертеңгілігімізге қош келдіңіздер!



Ой балалар, мұнда кім жүр?


Бауырсақ: Балалар, аяз - ата балаларға апара жатқан сыйлықтар салынған қоржынды жоғалтып алыпты, сендер көрген жоқсыңдар ма? Мен басқа жерлерден іздеп келейін.


Қоян:
Мен қоянмын қорқақтау,
Кішкене тілім шорқақтау.
Балалар, сендер Бауырсақты көрдіңдер ме?


Жүргізуші: Ой, қоян, сен бауырсақты іздеп жүргенше, бізбен бірге Жаңа жылды қарсы ал. Біздің балалар жақсы өнерлерін көрсетеді.
Қоян:
Әнді сүйіп тыңдаймын
Бірге айтсақ шыңдаймын.


Хор: «Аяз ата»

Жүргізуші: Қоян біздің балдарымыздың таппақтарын тыңда

Құбылай хан: Қайда қызық думан болса,

Аяз ата сонда болды.

Балалармен бірге ойнап,

Балалармен бірге қонды.

Алуа: Безендіріп шыршаны,

Жыл қуантты баршаны.

Той маскарат басталды,

Аяз оны басқарды

Дамир: Ақ қар жапты даланы,

Ақ жамылды айнала.

Жарқыратып шамдарын ,

Шырша келді ортаға.

Медина: Жаңа жылым әсемсін,

Гүл өндірер түзгеде.

Әр сәті бақ әкелсін,

Достар достар бізгеді.

Нұрислам: Әдемілеп біз ілген

Ойыншықтар тізілген

Қандай әсем шыршамыз

Ән шырқайық баршамыз


Жүргізуші: Мынау кім екен?


Қасқыр: Кім дегенің қалай? Ол ең әдемі, ең батыл, ең мықты, ең шапшаң, ол мен - қасқыр.


Жүргізуші: А...... солай ма? Осында қалай келіп қалдың?


Қасқыр: Мен жай жүрмін, сендердің мерекелеріңе әдейілеп келдім. Ал сендер бауырсақты көрген жоқсыңдар ма?


Жүргізуші: Ал сен оны қайтейін деп едің?


Қасқыр: Жай, менің қарным ашты, ой айтып қойдым ғой.


Жүргізуші: Қасқыр, саған ұят емес пе? Сен неге оны қуалайсың.


Қасқыр: Мен бәрібір оны жеймін.


Жүргізуші: Сен оданда бізбен бірге Жаңа жылды тойла. Балалар, сендер

қасқырға тақпақтарыңды айтып беріңдерші.

Жақсылық: Тілеймін мен бар әлемге

Дос көп болсын жаға жыл

Ата әже әке шеше

Ажар: Аппақ тонға оранып

Базарлықты мол алып

Келді алыс сапардан

Аяз ата оралып

Қарақат: Ақша қар ақша қар

Аппақ аппақ болып қонасын

Тоса қалсам қолымды

Алалқаныма толасың

А.Нұрислам: Бақша іші мереке,

Ойын күлкі асқақ ән

Жақсы әпкелер жаңа кеп

Меркені бастаған

Медина:Жаңа жылым әсемсін

Гүл өндіріп түзге де

Әр сәті бақ әкелсін

Достар достар бізге де

БИ: «Қояндар»

Аю: Балалар қыста жейтін азығым таусылып қалды. Сендер бауырсақты көрген жоқсыңдар ма? Сендер неге әдемі болып киініп алғансыңдар?


Жүргізуші: Ооооооой аю, қараңызшы біздің балалар әп - әдемі киініп алған, себебі олар Жаңа жыл мерекесін тойлап жатыр. Келіңіз, төрлетіңіз.
Балалардың әдемі биімен көңіліңізді көтеріңіз.


ӘН Тамаша


Түлкі: Маған жетер ешкім жоқ,
Мен сұлумын орманда.
(Бауырсақты іздеп жүргенін айтады)
Қанеки бірге таласа,
Менімен де, балалар,
Ойнасын ойын тамаша
Ойын: Мандарин жинау


Жүргізуші: Балалар, біздің мерекеге кімдер жетіспейді. Қанекей бәріміз бірге дауыспен Аяз ата мен Ақшақарды шақырайық.


1, 2, 3 Аяз ата, Аяз ата, Аяз ата!!!
Аяз ата: Сәлеметсіз бе, балаларым,
Балаларым балғыным.
Өмір гүлім, шалғыным.
Тілейтінім жыл бойы,
Сендердің денсаулығың,


Ақшақар:

Шыршаның шамын жағып алайық, қанекей бірге.....
Бәрі бірге: «Қуант бізді таңырқат, Шамдарыңды жарқырат!»



БИ «Гномдар»


Аяз ата: Мені көп күткен шығарсыңдар, мен алыс - алыс жолдардан келемін. Балалар мен сендерге әкеле жатқан сыйлығымды жоғалтып алдым.


Жүргізуші: Аяз ата, сіз қам жемеңіз, біздің балалар бар, жиналған аңдар бар, сізге көмектеседі.

Жүргізуші: Балалар, Аяз атамен ақшақар ортамызға аман - есен келді. Ендеше Жаңа жылымызға ән орындап берейік.

Ән: «Ёлочка».



Елбинұр: Аяз ата ақ сақалды

Ақ ьаяқты паң ата

Асып өтіп асқар тауды

Жеттің бізге таң ата

Талшын: Жаңа жылым мол болсын

Басқан қадам оң болсын

Төрле төрле жаңа жыл

Бізге құтты жыл болсын

Абдужалил:Жаңа жылды қарсы алдың

Мініп алып күймеге

Менде бүгін ән салдым

Араластым биге де

Айсана: Тамаша ғой қыс деген

Қуанады бар бала

Шырша тойын тойлайды

Аяз атамен қосыла

Би: «Снижинка»

ӘН «Жаңа жыл»


Аяз ата: Балақандар, өздерің қандай өнерлі, ақылды, тәртіпті баласыңдар! Әрқашан езулеріңнен күлкі кетпесін, өмірлерің ұзақ болсын, болашақтарың жарқын болсын, денсаулықтарың мықты болсын!


Ата – аналарыңмен ата - әжелеріңнің қызығына ғана өсе беріңдер! Бізді басқа да балалар күтіп отыр, енді кетуіміз керек. Сендерге арналған сыйлықтарды қабыл алыңыздар!
Жүргізуші: Құрметті ата – аналар! Уақыттарыңызды бөліп келгендеріңізге көп - көп рақмет! Жаңа – жыл сіздерге тек қуаныш, бақыт, денсаулық алып келсін!

Түркістан облысы, Кентау қаласы

«Жұлдыз» бөбекжай-балабақшасы тәрбиешісі

Бекенова Асел Мейрамбаевна

Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
0 ұстаз жүктеп алған
9 қаңтар
441
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі