Ертеңгілік "Келді міне, Алтын күз!"

Тақырып бойынша 11 материал табылды

Ертеңгілік "Келді міне, Алтын күз!"

Материал туралы қысқаша түсінік
Күз мезгілінің ерекшеліктерін ұғындыру. Күз өнімдерімен таныстыру, олардың ағзаға пайдасын түсіндіру. Мерекелік көңіл – күй орнату. Балаларды ән салуға, би билеуге, түрлі іс – әрекеттерге тарту, бейімділіктерін арттыру. Шығармашылық ой – қиялдарының дамуына ықпал ету. Ата – аналар қауымымен тығыз қарым – қатынас қалыптастыру.
Материалдың қысқаша нұсқасы

Мақсаты :  Күз мезгілінің ерекшеліктерін ұғындыру. Күз өнімдерімен таныстыру, олардың ағзаға пайдасын түсіндіру. Мерекелік көңіл – күй орнату. Балаларды ән салуға, би билеуге, түрлі іс – әрекеттерге тарту, бейімділіктерін арттыру. Шығармашылық ой – қиялдарының дамуына ықпал ету. Ата – аналар қауымымен тығыз қарым – қатынас қалыптастыру.


Жүргізуші:


Қарсы алайык бәріміз
Жасымызбен кәріміз
Қырдан кепті қыдырып
Алтын күз бізге нұр беріп


Армысыздар құрметті ата-аналар,ұстаздар және « Балдәурен»тобының бүлдіршіндері. Бүгінгікүзмезгіліндегіеңтамаша  «Алтын күз»   атты ертеңгілігімізге қош келдіңіздер. Ел байлығын арттырған,   сары алтындай сары күз бізге дәмді жемістерін, қамбаға толы астығын сыйлады . Ендеше
« Алтын күз» атты ертеңгілігімізді бастаймыз.
Айя:

Алтын күз бірде шуақ, бірде салқын,
Жер мен көк жалтыраған сап-сары алтын
Ағашта жапырақтар сылдырлайды,
Төгілген алтын теңге сансыз жалқын.
Сары алтын батсайыдай дала мидай,
Үйілген мая-мая қызылмидай
Қырманда қызыл алтын, қызыл маржан,
Жайнайды жаратылыс берген сыйдай.

Жүргізуші:

Алтын күз ,жаңбырлы күз,
Жомарт күз,суығына шыдайтын,
Сұлулығына көз тоймайтын ,
Алтын күздің тойында.


Балалархормен :  

Шаршауды білмейміз
Көңілді би билейміз
Әсем сазды ән салып
Би билеуге дайынбыз

 Жүргізуші :         

 Қызыл жасыл,сары алтындай
Жапырақтар күздің көркі
Ән салайык ,би билейік
Күз әніне қосыла – деп сіздердің құрметтеріңізге

«Алтын күз»     әнін      тыңданыздар.


Жүргізуші:          

Балдырғандар бүгінгі
Еркелігін тастайды
Күз туралы сіздерге
Тақпақтарын бастайды – деп өлең шумактарына кезек береміз.


 Раян:Shape1

Сап – сарымаңай,
Сап – сарытоғай.
Соңғыәнінайтып,
Құскеттіқайтып.


Мирас:

Алақай! Алақай!
Шаттанды балақай!
Күз түсті, дән пісті.
Айтамыз алғысты.


Айзере:

Қамба толды астыққа
Алғыс саған алтын күз.
Бір уыс дән шаштық та,
Қап – қап қауын алдық біз.


Арслан:

Көк майсалы көрікті
Алқаптағы көпегін
Бұл күндері киіпті
Сары жібек көйлегін.

Жансұлу:

Жел тынымсыз гуілдеп,
Болып кетті тым бұзық.
Шуылдайды тал, терек,
Жапырағын жұлғызып.

Музыка әуенімен «Күз ханшайымы» мен ағаш кіреді.
Күз ханшайымы: Сәлеметсіздерме балалар. Мен күз ханшайымымын, мен сендерге күз сыйын алып келдім. Сендерге келе жатып жолда ренжіп тұрған ағашты кездестірдім.

-Ағаш сен неге ренжіп тұрсың?

- Менің жапырақтарым сарғайып түсіп, содан кейін көңіл күйім жоқ. Жел мен жаңбыр мені ренжітті.

Жүргізуші:Күз ханшайымы мен ағаш қош келдіңіздер.Балалардың өнерлерін тамашалап, Ағаш сенің көңіл- күйіңді көтереміз.

Би: Ұлдар биі

Жүргізуші: Балаларымыздың өлең жолдарың қабыл алыңыз.

Тақпақтар:

Айару:

Қарашы күз келді, күз келді
Жапырақ жауыптыі здерді.
Құс біткен керуен тізеді,
Қара бұлт қабағын түйеді.

Айару Н:
Сарғайдытоғай,
Сап-сарымаңай.
Соңғыәнінайтып,
Құскеттіқайтып.

Әділ:

Айнала жым-жырт,
Көк аспан сұрғылт.
Жержыртқантыңда
Трактор қырда.

Айсұлтан С:

Жапырақ ұшты,
Суық та түсті.
Сонда да бізге,
Қызықкөпкүзде.


Жания:

Жетт іжелмен алтын күз,
Жеміс жинау салтымыз.
Жиып – теріп болған соң,
Той жасайды халқымыз.


Дархан:

Қарашы күзкелді, күзкелді
Жапырақ жауыпты іздерді.
Құс біткен керуен тізеді,
Қара бұлт қабағын түйеді.


Владимир:

Көрініп еліме
Күндері мереке.
Келдіғой жеріме
Күз дейтін мереке.


Оркестр

Музыка әуенімен залға жел кіреді.

Жүргізуші: Балалар ағаштың көңіл-күйін көтеріп ойын ойнайық.

Ойын: «Жапырақтарды жапсыру»

Жел: Мында не болып жатыр? Сендер не тойлап жатырсыңдар? Менің көңіл-күйім өте тамаша. Мен барлық ағаштардың жапырақтарын сарғайтып түсіріп тастадым.Ал мына ағашта неге жапырақтары түспеген?
Жүргізуші: Жел біз мында балалармен алтын күз мерекесін тойлап жатырмыз. Бізге мерекеге алтын күз ханшайымы мен ағаш келді. Алтын күз ханшайымы келе жатып жолда ренжіп тұрған ағашты көріп, мерекеге ала келді. Біздің балалар ағаштың көңілін көтеріп, ағашқа жапырақтар ілді.

Жел: Жоооқ мен өз күшіммен барлық ағаштардың жапырақтарын түсіріп жоқ қылуым керек.

Жүргізуші: Жел ашуыңды бас біздің балалардың өнерлерін сенде тамашала. Сенің ашуың басылу үшін біздің қыздар өз өнерлерін көрсетіп, билесін.

Би: «Қыздар биі»

Тақпақтар:

Алема:

Берекесін сыйлауға,
Өлкемізге күзкелді.
Жемістерін жинауға,
Шақырады біздерді


Айсұлтан:

Алтын, сары, қызыл, көк,
Алуан – алуан жапырақ.
Күзгі бақта күлімдеп,
Көз тартады атырап.

Айша:

Күзде дала жаурайды,
Көкте бұлттар аунайды.
Бұтағынан үзіліп,
Жапырақтар саулайды.


Елдана:

Алқаптан бидайды
Қоймаға ел жинайды.
Тырнасы тізілген,
Ұнатамын күзді мен.


Ильжан:

Ән салыңдар күліңдер
Жайнап гүлдей жүріңдер.
Күздің тойын тойлайық
Би билейік, ойнайық.

Інжу:

Берекесі сыйлауға
Өлкемізге күзкелді
Жемістері нжинауға
Шақырады біздерді
Амира:

Құстар қайтты ән салып,
Бұлт шарлады аспанды,
Қыс келеді жар салып
Күзгі суық басталды.

Жел: балалар өнерлерің керемет екен. Менің ашуымды басып, көңілімді көтердіңдер. Ал енде мен өзжұмыстарымды ары қарай жалғасиырайын.

Жүргізуші:Бүгінгі мерекеміз аяқталды. Өнерлеріңе рахмет. Енді жақсы ән шашумен ертеңгілігімді аяқтайық.


Ән: «Күз келді»


Жүктеу
bolisu
Бөлісу
ЖИ арқылы жасау
Файл форматы:
docx
08.11.2021
477
Жүктеу
ЖИ арқылы жасау
Бұл материалды қолданушы жариялаған. Ustaz Tilegi ақпаратты жеткізуші ғана болып табылады. Жарияланған материалдың мазмұны мен авторлық құқық толықтай автордың жауапкершілігінде. Егер материал авторлық құқықты бұзады немесе сайттан алынуы тиіс деп есептесеңіз,
шағым қалдыра аласыз
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Министірлікпен келісілген курстар тізімі