400 000+ дайын материалды
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар және авторлық материалдар
4 990₸/ 1 жыл
🔥Арнайы баға ·10.12.2026 дейін
Одан кейін - 29 990 ₸
Бір рет төлейсіз · Автотөлем жоқ
Тақырып бойынша 31 материал табылды

Ертеңгілік "Келді міне, Жаңа жыл!"

Материал туралы қысқаша түсінік
Жаңа жыл мерекесі туралы түсінік беру; Мерекелік көңіл - күй сыйлау; Шыршаны безендіру, сыйлықтар дайындауға үйрету
Материалдың қысқаша нұсқасы

«Келді міне, Жаңа жыл»

26.12.2019жыл «Құлыншақ » ерте жас тобы Мақсаты: Балаларға мерекелік күй тудыру. Жаңа жылды татулықпен, достықпен, бірлікпен өткізуге баулу. ( Музыка ойналып, залға ата-аналар балалармен бірге кіреді ) Жүргізуші: Барлық жандар бір бірлікке қосқан үн Бақытты боп бастады жыл дастанын Қуанышпен келді той деп жаңа жыл Құтты болсын жаңа жылыңыз достарым Құрметті ата аналар, ұжымдастар,қонақтар «Келді міне, Жаңа жыл» атты ертеңгілігімізге қош келдіңіздер.. Жүрекке жылулық ұялатар алғашқы құттықтау сөзін «Нұрбалапан» бөбекжайының меңгерушісі: Кадимова Мансия Тайрқызына бергелі тұрмыз. Құттықтау сөз : Кадимова Мансия Тайрқызы . (Үйшікте кемпір мен немере қызымен отырады,  музыка қосылып, сағат 12-ні соғады) Әже: Е,тағы бір жаңа жыл келді. Биылғы келетін жыл тышқан жылы емес пе? Лайым, жақсылық көп болғай! Немере:   Әже! Мен сіздің қызық ертегіңізді тындағым келеді  Маған ертегі  айтып беріңізші. Әже: Олай болса, мен саған Аладдиннің сиқырлы шамы туралы ертегіні айтып берейін. Ерте, ерте, ертеде шығыс елінде Аладдин деген жігіт болыпты. Оның сиқырлы шамы және ұшатын кілемі болыпты. Ол онымен ұшып жүріп бүкіл әлемді аралайды екен. Бір күні ол сен секілді бөбектердің бақшасына тап болыпты. Немере: Әже, ертегіңіз қызық екен, сосын не болыпты. Әже: Содан кейін не болғанын кәне мына қонақтармен бірге тамашалайық. (Осы кезде музыка ойналып Аладдин кіреді) Аладдин: Сәлеметсіңдерме, балалар! Жаңа жыл құтты болсын! Жүргізуші: Аладдин, өзің мұнда неғып жүрсің? Аладдин: Мен бәрін Жаңа жылмен құттықтау үшін ел арарлап жүрмін. Сендерді де Жаңа жылмен құттықтау үшін келдім. Жүргізуші: Олай болса қонақ болып, бізбен бірге бол.

Тамаша,тамаша Күн туылды жаңаша Тамсанады барлығы Би билеген Машаға Би: «Маша мен аю» Жүргізуші: Аладдин , біздің балалар шетінен өнерлі. Қаласаң мерекеміздің соңына дейін қалып балалардың өнерін тамашала. Жаңа жылымызда жақындап келеді. Аладдин: Рахмеет, мен кетейін.Сендерді жаңа жылдарыңмен құттықтап, сендерге өзімнің сиқырлы құмырамды сыйға тартамын, қабыл алыңдар. Ал мен еліме қайтайын, сау болыңдыр! (Аладдин шығып кетеді) Жүргізуші: Ал енді мерекемізді ары қарай жалғастырайық. Балалар, мына құмыраның сиқырлы сыры неде болыпты екен әә! ( құмыраның аузын жүргізуші ашады) Джиннің күлкісі естіледі Жүргізуші: Ой, ой, бұл кім? (құмыраны қоя салады, ішінен джин шығады) Джин: Ха- ха! Мен бұл құмырада 300 жыл өмір сүрдім. Сендер маған бостандық сыйладыңдар, сондықтан мен сендердің 3 тілектеріңді орындаймын. Менің қолымнан келмейтін нәрсе жоқ. Қәне айтыңдар, қандай тілектерің бар? 1 ші бала: Біздің шыршамыз жанбай тұр, соны жағып беріңізші. Қәне , біз көрейік, қолыңыздан келе. Джин: Жарайды, сол да сөз болып па? Қәзір –ақ жағып беремін. Бір, екі,үш, Шырша шамы жана түс! (шырша шамы жанады, балалар қуанып шапалақтайды, ) Жүргізуші: Мінеки, шыршамыздың шамы жанды. Олай болса, шыршамызға арнап ән айтайық. Қәне, достар,тұрмайық Қызықтан бос қалмайық , Шырша жыры самғасын Шырша жырын айтайық Ән: «Шырша жыры» Джин: Ал екінші тілектерің қандай? 2 ні бала: Бізге ескі жыл тауықпен келер тышқанды сиқырыңмен шақырып берші. Джин: Енді бәріңіз көздеріңізді жұмыңыздар, мен өзімнің сиқырлы сөзімді айтып тауықты шығарайын. (Осы кезде Джин күбір күбір аузын жыбырлатып) Музыка ойналып доңыз ескі жылмен жаңа жыл тышқан кіреді, балалар барлығы көздерін ашып таңданады



Доңыз: Сәлеметсіңдер ме балалар. Сендердің киімдерің қандай әдемі. Аппақ бүгін қыр далам Ақ дастархан жапқандай, Жасыл шырша жанына Тышқан жылы қош келдің. Жүргізуші: Бүгін бізде Жаңа жыл мерекесі. Енді біз сізбен қоштасамыз, тышқан жылын қарсы аламыз. Бірақ, сіз біздің мерекеміздің қонағысыз, қош келдіңіз, төрлетіңіз.. Тышқан: Мен Жаңа жылмын ғой! Сендердің мерекелеріңе қатты асығып келдім.Жаңа жыл мерекесі құтты болсын. Көңілде көп қуаныш Әр көңілде жақсылық, Доңыз жылға мың алғыс Әкелген көп Жақсылық .

Жүргізуші: Төрлетіңіздер! Балалардың өнерін тамашалаңыздар. Жаңа жыл да келді міне! Кең байтақ менің төріме Шаттыққа бөлеп әр үйді, Шыға қой менің төріме Балалар біздің жаңа жылымыз тышқан , өзімен бірге кішкентай тышқандар ды ала келіпті.Олар бізге әдемі би билеп бермекші екен. Би: «Тышқандар» Джин: Мінеки балалар, көңілді етіп ескі жылмен жаңа жылды қарсыладық. Ал енді 3ші тілектерің қандай. 3ші бала: Біз Аяз атаны көргіміз келеді. Жүргізуші: Ия, Джин! Біздің балалар, Аяз атаны асыға күтіп жүр. Мына Аяз атаны сиқырлап ортаға келтірші.(шыршадан ойыншық аяз атаны береді) Джин: Сиқырлап сәл үлкенірек Аяз атаның ойыншығын шығырыды Балалар: Жооқ, Аяз ата бұдан да үлкеен! Джин: Тағы да сиқырлап одан да үлкенін шығарады Жүргізуші: Жооқ Джин, Аяз ата -ойыншық емес, ол тірі адам. Джин: Енді не нестедім деп ойланып , қәне сендер тыныш тұрыңдаршы , шуламай (өзімен өзі сөйлеп, күбірлеп бірдеңелер айтқан болады) Ал енді, бәріңіз Аяз атаны шақырыңдаршы, келіп қалды. Балалар: Аяз ата ау-ау-ау, деп екі үш рет айқайлап шақырады. Аяз ата келеді



Аяз ата: Амансыңдар ма балғын бөбектерім! Мен сендерге асыға келдім, өздеріңнің маған арнаған өнерлерің бар екенін де білемін. Жүргізуші: Қош келдіңіз аяз ата! Біз сізді қуана тосып отырмыз, біздің балаларға әкелген сыйлықтарыңыз да бар шығар? Джин: Мінеки балалар мен сендердің үш тілектеріңді де орындадым, ал енді мен кетейін, сау болыңдар, жаңа жылды жақсы тойлаңдар! Жүргізуші: Рахмеет, Джин сен өзіңнің сиқырыңмен бізге көптеген жақсылық жасадың. Сау бол деп Джинмен қоштасу. (Джин шығып кетеді) Аяз ата: Сыйлық демекші , мен сыйлықтарды ұмытып кетпейін деп Ақшақарға табыстап едім, ло әлі келмеген бе? Жүргізуші: Жооқ, келген жоқ. Енді не істедік? Балалар сыйлықтан құр қалатын болды ма? Аяз ата: Сендер неге мұңаясыңдар. Саспаңдар, менің таяғым сиқырлы ғой, қәзір сиқырлы сөз айтып, Ақшақарды осында келтіремін! Келші, келші Қарша қыз Күтеміз сені баршамыз! (Музыкамен Ақшақар сыйлықты алып келеді) Ақшақар: Сәлеметсіңдерме, балалар! Аяз ата, кешіріңіз мен адасып кетіппін. Мені бір сиқырлы күш жетелеп, осында әкелді. Жүргізуші: Сәлеметсіңбе , Ақшақар қош келдің. Аяз атамен Ақшақарды бірге көріп көңіліміз көтерілді ғой. Тамаша көңіл күймен сіздермен бірге ән айтайық Дөңгеленіп тұрайық Ойын сауық құрайық Ән шашуы шашылсын Жаңа жылға ылайық Ән: «Шыршаға бардық» Аяз ата: Аяз ата сыйлықтарын таратып болып. Ал қарақтарым мені күтіп отырған қаншама ел мен жер бар. Сонда барайын. Сендерге көөп рахмет. Өнерлерің өрге жүзсін. Биіктерден көрініңдер . Келесі жылға дейін қош сау болыңдар. Әже: Мінеки, құлыным Аладдиннің сиқырлы шамы туралы ертегі осындай. Ал Аладдин мен Джиннің қатысуымен болған балабақшадаға Жаңа жыл мерекесі осылай өтіпті. Жүргізуші: Қәдірлі қонақтар, ата аналар, ұжымдастар Жаңа жылдарыңыз құтты болсын. Осы жыл барлық отбасыларыңызға бақыт пен шаттық әкелсін. Еңбектеріңіз жемісті болсын. Келесі кездескенше сау –саламатта болыңыздар!











Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
0 ұстаз жүктеп алған
12 қараша
305
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі