400 000+ дайын материалды шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар, көрнекіліктер және авторлық материалдар - 690 тг-ден бастап
Тақырып бойынша 31 материал табылды

Ертеңгілік "Күз аруы"

Материал туралы қысқаша түсінік
Тəрбиешілерге
Материалдың қысқаша нұсқасы

«Шұғыла» балалар бақшасы







«Күншуақ» ортаңғы тобы





«Күз аруы-»

(Ертеңгілік)





Бекітемін:

«Шұғыла» балалар бақшасының

меңгерушісі Қ.Бектұрғанова



Келісемін:

«Шұғыла» балалар бақшасының

әдіскері Г.Абиева





Өткізген : Н.Тойжанова.









2017 жыл

Зал күзгі табиғатқа сай безендірілген.

Жүргізуші: Құрметті ата-аналар, қонақтар, кішкентай бүлдіршіндер! «Күз аруы » атты байқауды тамашалауға қош келдіңіздер. Ортаға "Күншуақ" тобының тәрбиеленушілерін шақырамыз. (балалар барлығы бірге тақпақ айтады)

Берекесін сыйлауға .

Өлкемізге күз келді,

Жемістерін жинауға

Шақырады біздерді.

Ата-ананың аялы алақанындағы балалық шағымен бірге бақытты, алаңсыз кез. Біз балабақшамыздағы тәрбиеленуші ұлдармен бірге - бір қыздарымыздың да ақылды да,парасатты, тәрбиелі де инабатты ару қыз болып өскенін қалаймыз. Сондықтан, бүгін  балауса қыздарымыздың балабақшада қандай тәрбие алып жүргенін көріп, бәріміз куә болайық.
Әділқазы береді,
Өздеріңе билікті.
Өнерде кім жеңеді,
Алады сол сыйлықты,- деп ең алдымен сіздерді әділ-қазылар алқасымен таныстырып өтейін:
1. әдіскері:

2. ата-ана:

3.Тәрбиеші :

Сайысты бастамас бұрын әдіскерге сөз берейік.

Әдіскер сөзі.

Тәрбиеші:

Уа, халайық,халайық,
Бәріміз назар салайық.
Мерекесі бақшаның,
Сайысты  біз бастайық.
(Ортаға бүгінгі сайысқа қатысушы аруларды шақырамын.Музыка ойналып тұрады)
Тәрбиеші :

Мың бұралған арулар аңдап басып,
Келді міне, ортаға толқып-тасып.
Аруларын сыйлаған халқым менің,
Көңілді қошаметпен қарсы алайық.
Сайысқа қатысушы аруларды реттік белгілері бойынша таныстыру, сайысты бастамас бұрын, сайыстың шарттарымен таныстырып өтейін:
Сайыс шарттары:
1.Менің ата-тегім . (Өзін-өзі таныстыру.)
2.Кім ойға жүйрік (Жұмбақ шешу)
3.Дәрумендер денсаулық сақтаушысы. (Күзгі байлықтардан жарнама)
4 « Шебер қолдар» (Ата-аналармен бірлесіп жасаған қолөнер жұмыстары)
5. «Өнерлі өрге жүзер» (Өз өнерлерін көрсету)
6. «Әсем біздің арулар» (Сән үлгісін көрсету)
Тәрбиеші : «Күз аруы» атты сайысқа қатысушы аруларға арнап, топ бүлдіршіндері өз өнерлерін көрсетеді.

Би: «Листопад»

1.«Менің ата-тегім» .Өзін-өзі таныстыру (реттік санымен аруларды шақыру)
1.
Кенжеғалиқызы Айару

2. Оңбергенова Мерей

3. Амангелді Сезім

4. Базарбаева Ардақ

Сайыстың «Өзін-өзі таныстыру» бөлімі бойынша әділ-қазылардан берген бағаларын көтерулерін сұраймын.

Ән: Нұрдаулет Нұрсая "Балабақша"

2. «Кім ойға жүйрік»(жұмбақ шешу)
Ортаға реттік белгімен аруларды шақырып, ұнатқан жеміс-жидектерін алғызып соның жұмбақтарын шешкізу.

1. Жұдырықтай қызыл шар

Тілді үйірген шырын бал   (Алма)


2.Түрі шар сияқты,

Түсі қан сияқты,

Дәмі бал сияқты. Ол не?  (Шие)


3. Аласы бар, қарасы бар, ағы бар,

Пышақ тисе қып-қызыл болып жарылар  (Қарбыз)


4. Жер  астына түседі,

Сап-сарғыш боп піседі   ( Сәбіз)


5 . Күннен көзін алмайды.

Өзгемен ісі болмайды. (Күнбағыс)


6. Көктемде ерте гүлдеймін, кешігуді білмеймін,

Піспей тұрған кезімде, меннен аулақ жүр!-деймін (Өрік)


3. « Дәрумендер денсаулық сақтаушысы»
( Жемістердің киімін киіп алып, тақпақтарымен таныстырып, мамаларымен бірлесіп дайындаған салаттарын әділ-қазыларға ұсынады)

Би: « Кап-кап,кап»


1.Сезім (Қызанақ)
Тал шыбығым бұралып ,
Бақшаларда қызарып.
Тұрған ол мен-қызанақ,
Күнге қарап ұялып.


2.Мерей (сәбіз)
Өсіретін бойыңды,
Дамытатын ойыңды.
Қоянға да азықпын,
Мен жазықсыз сәбізбін.


4.
Ардақ :(пияз)
Асханадан шықпаймын,
Атым-пияз бұқпаймын.
Көзден жасты шығарып,
Тұмаудан бірақ сақтаймын.


5.
Айару К:(қарбыз).


Ән: Жубашова Айару "Не деу керек"
Әділ-қазылардың берген бағасы.
4. «Шебер қолдар» (ата-аналармен бірлесіп жасаған жұмысы)
Арулар жасаған жұмыстарын әділ-қазыларға ұсынады.


Әділ-қазылардың берген бағасы.
5. «Өнерлі өрге жүзер» (өнерлерін көрсету)
Арулар дайындаған өз өнерлерін ортаға салады. Бірі би билеп, бірі ән айтады. (Жаңылтпаштар айтуға да болады)
Әділ-қазылардың берген бағасы.

6. «Әсем біздің арулар» (Сән үлгісін көрсету )
Әділ-қазылардың берген бағалары.
Тәрбиеші:

Білім,ғылым,өнерге,
Қанат қағар кездерің.
Еліміздің ертеңі ,
Үміт етер өздерің.
-дей отырып, бүгінгі «
Күз аруы» сайысын аяқтаймыз.
Әділ-қазылар қорытынды шығарғанға дейін балаларға ән кезегін береміз.
Хор : «Мен ауылға барамын»
«
Күз аруы» сайысы бойынша аруларға мадақтамалар тапсырылады





























Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
1 ұстаз жүктеп алған
21.12.2017
599
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі